Ақпан, 2012

Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл

Тәуелсіздігімізді алдымен танып, еңсемізді көтере бастаған уақыттарда бауырмалдық құшағын ашып, алғашқы лекте инвестиция құйып қолтығымыздан демеген Түркия болатын. Содан бергі кезеңдерде түбі бір түркіліктің негізінде қос ел президентері ынтымақ пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. Осы орайда 1 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына орай, [...]

КСРО көсемдері қанша жалақы алды?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

21.07.11.
Өткен тарих қызық. Оны жоққа шығаруға болмайды. Десек те, жүріп өткен жолға қараудың да жөні бар. Өйткені өткенді сызып тастай алмайсың. Санадан да… Бірақ әлемдік геосаясаттың арасалмағын таразылап отырған КСРО-дай алып мемлекеттің 70 жыл ғана өмір сүріп барып, тарих қойнауына кетуі кімді де болса толғандырмай [...]

Астана түрік халықтарының медени астанасы

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ:
Ортақ құндылықтарды ұлықтайық
Түбі бір түркі тілдес халық­тар­дың басын біріктіретін бірден-бір ха­лық­ара­лық ұйым (ТҮРКСОЙ) түркі ел­дері ара­сын­дағы достық қа­рым-қа­ты­насты өр­кен­детуді, ортақ мәдениет пен тілді, тарих пен өнерді, салт-дәстүр мен әдеп-ғұ­рыпты сабақ­тастыра зерттеуді, рухани игіліктерді келешек ұр­пақ­қа көз қара­шы­ғындай сақтап жеткізуді, түркі дүние­сінде ортақ тіл мен әліпби қолдану мүм­кін­діктерін қарас­ты­руды [...]

ИРАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕК-ЖАТ ЖҰРАҒАТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Ислам  Жеменей / Ф.ғ.д. Сүлейман Демирел атындағы университетінің профессоры

Иран қазақтары жеті атаға дейін бір атаның баласындай үлкен шаңырақтың мүшелері болып өмір сүреді.
Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалындығын көшеде танысып, қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға мүмкіндік алған.
Қазақ жылқы [...]

«Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар»

24 Şubat 2012, Cuma / ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН — КӘМШАТ АЙДАРХАНОВА,

Алаш жұртшылығы ел үшін аса маңызды саналған үлкен басқосуды «тағанақ жиын» деп атайтын болған. «Қазақстан-ZAMAN» газеті осы ескі үрдісті жаңғырта отырып, қазақ әнінің бүгінгі тағдыры турасында талқы жасаған еді.

«Әннің де естісі бар, есері бар» деп жатамыз. Рас, шынымен де бүгінгі қазақ эстрадасында Абай атамыз айтатын [...]

Түркиядағы Абай атындағы мектеп

15 Ақпан 2012,

Түркия топырағындағы Абай атындағы мектеп бүкіл түрік балаларына қазақтың ұлы ақынын танытып отыр. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбайұлы әлемге танымал екені хақ. Түркияның Ыстамбұл топырағында хәкім Абайдың атындағы мектептің болуы да осының бір айғағы ретінде болса керек.2002 жылы Ыстамбұл қаласының Зейтінбұрын ауданында [...]

АҚТЕҢІЗ… АППАҚ ТОЛҚЫНДАР

Ақтеңіз ай астында ағараңдап жатыр. Көкжиек қызыл жалқын бояумен белдеуленген күйі арайлы күнді тағатсыздана күткен дерсіз. Таңғы сарын тым алыстан уілдей естіледі. Аңқылдаған жел беймаза күйінде белгісіз бір арпалысқан үнді тынымсыз жеткізеді. Шоқ-шоқ пальма басындағы ұзын жапырақтарын сабалаған сыңай танытқан қалып ызалы кейіппен бір әуенді созғылаған болып терезеден қайталайды. Аспандағы тілік ай үзіліп түсердей. Ұлы теңіздің [...]

Түркі жұртының тұтастығын қашан көреміз?

Төрткіл дүние жаһандану дәуірін бастан кешіп жатқан бүгінгі аласапыран уақытта мақсаты мен мүддесі бір, тарихи тамыры тереңнен байланысып жатқан елдер өзара бірігіп, ынтымақтаса тіршілік етуге бейімделе бастады. Тоқтаусыз даму үстіндегі технологиялық прогресс пен сәт сайын алмасып жатқан ақпараттар тасқыны қандай елдің болсын етек-жеңін жиып, сергек болуын талап етуде. Ғаламда орын алып жатқан экономикалық дағдарыс пен [...]

ТАЛАЙДЫ ТАМСАНДЫРҒАН АНТАЛИЯ

Гүлзина БЕКТАСОВА

Анталия – түрiк жұрты үшiн пейiштiң төрi секiлдi. Табиғат оған сұлулықты аямай-ақ берген. Көгiлдiр теңiздi көмкерген тау-тасының өзi ерекше әсемдiк бередi. «Алланың нұрын көргiң келсе, Тауды көр» демекшi, табиғаттың нұрын көргiңiз келсе, Анталияны аралап қарауыңызға болады.
Анталияның сұлулығын, тамаша табиғатымен түрік жұрты талайды тамсантып отыр. Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер келіп, демалып [...]