Қыркүйек, 2010

Моңғолия қазақтары білімге құмар

Елбасының «Менің халқым өзге бір ұлттың түсіне кірсе шошып оянатындай ауыр-ауыр тағдырды басынан кешірді» деген сөзі бар. Зобалаң заман кезінде қандастарымыз Қытай асып, Тибет асып, бірі – Моңғолияға, бірі – Түркияға тұрақтап қалды. Біздің Моңғолиядағы сапарымыздың мақсаты – қандас туыстарымызды іздеу, биылғы қыста малдары қырылған аймақтардағы қан-дастарымыздың жағдайымен танысу, қиыншылығымен бөлісу еді.

Тас парақтарда жазылған тарих

Тас парақтарда жазылған тарих немесе «Таңбалы» сапаршы орталығы кешенінде болғандаЖақында Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Қарабастау кентінде «Таңбалы» сапаршы орталығы кешенінің тұсаукесер рəсімі өтті. Кешке Қазақстанның туризм саласының дамуына атсалысып жүрген біраз ғалымдар мен БАҚ өкілдері, өз жобаларын ұсынған кəсіпкерлер мен шетелден келген қонақтар қатысты. Шараның мақсаты — тарихымыздан сыр шертетін «Таңбалы тас» қасиетті мекенін [...]

Кәрістер қазақ фольклорын экрандауға кірісті

Таяуда Алматыда «Корея – Орталық Азия шығармашылық симпозиумы» өтті. Бұл мәдени шығармашылық байланысты ұйымдастыру екі мемлекеттің мәдениет министрлері деңгейінде шешіліп, тең құқықты қарым-қатынаста өту жоспарланса да, негізгі ұйымдастырушы бізге қонаққа келіп жатқан Корея Мәдениет, спорт және туризм министрлігі болды.

Ұсақ банктерді жапқаннан ұтамыз ба?

«Талаптың күшейтілуі салдарынан біздегі коммерциялық банктердің қатары күрт сиреуі мүмкін. Ол, айналып келгенде, еліміздің бүтін банк жүйесіне үлкен зиянын тигізеді». Осы аптада Үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасына осылайша депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысы Аманжан Жамалов: «Ұсақ банктердің жаппай қысқаруының салдарынан банк секторындағы көшбасшылық орын жергілікті банктерден шетелдік банктердің қолына көшуі мүмкін, ал бұл экономикалық [...]

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Астана асқақтай береді

Елорда құрылысын Елбасы ұдайы өз бақылауында ұстайды. Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананы аралап, ерке Есілдің сол жағалауындағы әкімшілік орталықта бой көтерген жаңа нысандармен танысты.
Бұлар Астанаға келген қонақтарды қайран қалдырмай қоймайтын сәулет туындыларының қатарын толықтыруда. Мемлекет басшысы алдымен «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде болды. Кешен 165 бизнес-класты пәтерден тұрады, оның 30-ы ғана бұрын сатылған, яғни үлескерлердің [...]

Атымды Рамазан деп әжем қойған

Қасиетті рамазан айында дүниеге келгендіктен, маған бұл атты өзімнің әжем қойған. Бір жағынан менің үлкен ағамның аты – Ролан, әпкемнің аты Роза болғандықтан, менің атымды оларға ұқсаттырып Рамазан деп азан шақырып қойыпты. Еміс-еміс есімде, бала кезімізде әжеміз таң сәрісінде ауыз бекітетін.

Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?

Əлемнің кез келген елі алтынға мемлекеттің ішкі байлығы деп қана емес, елдің қауіпсіздігін сақтап қалатын құндылық деп қарайды. Себебі, жаһандық экономикадағы алтын бағасының жылдан-жылға қымбаттап бара жатуы небір алпауыт елдерді өз бағыт-бағдарын сол бағалы металлдың бағасына қарай түзеп отыруға мəжбүрлейді. Алтынның басты қасиеті — тауар ретінде айналыстан ешқашан шықпайтындығы. Өндірілген алтын мұнай иə газ секілді [...]