Наурыз, 2011

Иранда Қасым хан туралы қолжазба табылды

Қазақстанның Ирандағы елшілігі ұйымдастырған шығыстанушылардың Тегеранға ғылыми іссапары барысында ел тарихына қатысты қолжазба деректерге қол жетті.
Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітап­ха­на­сы­нан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп ата­лады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек  деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да [...]

Нұх пайғамбар тойлаған Əз-Наурыз хақ дінге қайшы емес

Көшпенді Қазақ өркениетінің ұлы нышандарының бірі ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі екені баршамызға аян. Алайда, соңғы жылдары Наурыз мерекесі жөнінде кейбір фундаментальді түсініктегі діни оқымыстылар ел ішінде жағымсыз пікір қалыптастырып отыр. Олардың пікірінше, Наурыз мерекесі — бүгінгі күнге əзер жеткен көне зороастризм сенімінің сарқыншағы-мыс. Ал, зороастризм отқа табынуға үндейтін кереғар сенім болғандықтан, бұл діннің [...]

«Наурыз келгенде жер бетін нұр шалады» деген ұғым исламнан әлдеқайда бұрын пайда болған…

Шәкір ЫБЫРАЕВ, Халықаралық түркі академиясының президенті, филология ғылымының докторы, профессор:
– Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің тарихы тереңде жатқанын ғалымдарымыз айтып жүр. Халқымыздың байырғы салт-санасы мен өмір үрдісінің, дүниетанымының көрінісі – ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, түркітанушы ретінде Наурыз мейрамына қатысты өзіңіздің ойыңыз қандай?
– Наурыз мерекесі – табиғаттың өзінен алынған ең ежелгі мерекелердің бірі. Мұны [...]

Ататүрiк:ТҮРIКПIН ДЕГЕН АДАМ ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ!

 Түркия Республикасының президенті Абдолла Гүлдің Қазақстанға жасаған сапары сәтті аяқталды. Түркия президенті Қазақстанның Мемлекет басшысын Түрік әлемінің лидері ретінде танитынын ресми түрде мәлімдеді. Түркия президентінің сөздерінде түрік әлемін жақындастыруда Ата Түріктің ой мақсаттарының жүзеге асқанын баян етті. Біз осыған орай, Ата Түріктің кезінде жасаған сөздеріне екпін түсіріп, ой қорытып отырмыз.

Қоштасу

Қоштасу қиын-ау,
Саған да, маған да.
Кеудең - құлыптай
Кілтін табам ба?!
Саусағың құлыпты «аш» дейді.
Ерінің «қош» дейді.
Қайтейін, өшем бе, жанам ба?!