Іздеу
Мамыр 31, 2016
  • :
  • :

Түркияның Премьер-министрі Р.Т.Эрдоганның «Ғажайып жобасы»

Осылайша премьер-министр  Р.Т.Эрдоган бірнеше айдан бері ел назарын аударған «ғажайып жобасын» мәлімдеді. «Ыстанбұл каналы» деп аталатын бұл жоба арқылы Ыстанбұлға екінші тараптан тағы бір бұғаз жолы ашылмақ. Бұл каналға танкер тасымалы, жаңа тұрғын кешені, көпірлер және жолдар салыну да жоспарлануда. Түркия республикасының 100 жылдығына арналған бұл жобаның негізінде жаңа аудандар, әуежай және кемежай да тұрғызылмақ.

Премьер-министр халыққа бұл жоба туралы егжей-тегжейлі баяндады. Тек қана Ыстанбұлдың ғана емес, Азия мен Еуропаны жалғастырушы әрі халықаралық қатынастарды реттеуге бағытталған жобаның аты «Ыстанбұл каналы». Р.Т.Эрдоганның «Панама мен Суец каналдарымен де салыстыруға келмейтін, жаңа ғасырдың ең керемет жобасына білек сыбанып кіріуге дайынбыз»  дегеніне қарағанда Қаратеңізден Мармара теңізіне  тағы бір бұғаз жолы ашылмақ.

Чаталджа мен Силиври қалаларында салынатын каналдармен Ыстанбұлдың Еуропа тарапы екіге бөлінеді. Осылайша, каналдың Ыстанбұлдағы аумағы бұғазға дейін үлкен арал болып қалмақ. Азия жағалауының жанынан каналдың Тракия аймағында қалған бөлігі де түбек болмақ. Ыстанбұл трафик жүктері осы каналға бағытталмақ.  Премьер-министр Ыстанбұл Конгресс орталығында жасаған бейнежобасымен таныстырған бұл жобаның тек  зерттелу жұмыстары екі жылға созылмақ. Каналды пайдалануда негізінен халық қоныстанған жерлерден тыс «қазыналық  жерлер» қолданылып, кемежай және әуежай салынады. 2023 жылы заманауи бір шаһар бой көтеруі әбден мүмкін.

Премьер-министр Т.Р.Эрдоган кеше Ыстанбұл Конгресс Орталығында «Түркия Хазыр хедеф 2003, Ыстанбұ хазыр хедеф 2023»  деп атаған «ғажайып жобаны» бейнежобаның көмегімен таныстырды. Премьер-министр Кануни Сұлтан Сүлеймен кезеңінен бері жоспарланған осы жоба туралы. «Панама, Суец каналы,  Грекияда Коринф каналынан да озық үлгіге ие ғасырымыздың ең алапат каналының бірі боп саналатын бұл жобаға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», - деді. Р.Т.Эрдоган бұл жобаны қаржыландыруда анау айтқандай қиындықтардың болмағандығын айтты. Ол бұл жобаның тек қана Түркияға ғана емес,  бүкіл әлемге де зор ықпал тигізетінін айта келе: «Бұл — энергия жобасы, яғни көлік, қоғамдық жұмыстар, ауылшаруашылық, білім, урбанизм, отбасы, тұрғын үй, мәдени, туризмдік жоба. Ыстанбұл мен оның қоршаған ортасын, табиғатын, теңізін, су бастауларын,  хайуантаттармен өсімдіктер әлемін қамқорлыққа алатын жоба», - деп мәлімдеді. Жобаның тек қана зерттеу жұмыстары шамамен 2 жылға созылмақ. Бұдан қазба жұмыстарының 2 жылдан кейін жүргізілетіндігінің белгісі. Басты мақсат — Республиканың  құрылғанына 100 жыл  толуына орай 2023 жылға дейін істі біржақты ету. Жоба социолог, биолог сияқты көптеген ғалым-мамандардың көмектерімен  іске асырылмақ.

Жоба әлемді дүр сілкіндірді

Associated Press (АР) агенттігі Түркия премьер-министрінің жоғарыдағы мәлімдемесі туралы хабарды жан-жақты таратуда. Аталмыщ агенттік «…Премьер-министр150 шақырымдық су каналының құрылысын салуды жоспарлап отыр» деп  хабарлады. Реутерс агенттігі де жоба туралы хабарлады. Ағылшын ақпараты ББС «Ғажайып жоба, Ыстанбұлдағы екінші бұғаз» деп жариялады. Бұл жоба туралы Ресей де бейтарап қалмады. Ресейдің мемелекеттік хабар агенттігі  «Риа Новости»:  «Түркия премьер-минитрі Ыстанбұлда салынатын екінші су каналы туралы мәлімдеді»  деп үндеді. Риа новости Түркияның құрылысын бастамақшы каналдың Ыстанбұл бұғаздарынан кеме жолдарын реттеген 1939 Монтро келісім-шарты мен байланысты халықаралық келісім-шарттардың бұзылатынына қатысты пікірталастарды да назардан тыс қалдырмады. «Регнум» ақпарат агенттігі «Эрдоганның ғажайып жобасы» деген жаңалық жариялады. РБК газеті болса ғаламтор сайтында бұғаздардың көлік тасымалын жеңілдету үшін Ыстанбұлда канал құрылысы салынатындығы туралы жазды. «Лента.ру.» хабар агенттігі «Түркияның Ыстанбұл бұғазының көшірмесін жасау ниеті бар», деп хабарласа, Комсомольская правда басылымы ғаламтор сайтында жариялаған мақалада: «Ыстанбұлда жаңа түбек салынбақ» деді. Украйна баспасөзі де хабарды соңғы жаңалықтар топтамасы ретінде жариялады. «Ыстанбұл каналы» хабарларын орыс және украйна тілдерінде «XXI ғасыр жобасы» ретінде таныстырды.

Бұғаздың көлік тасымалы алдағы уақытта осы канал арқылы өтпек

Жобаның ең негізгі дәйектемелерінің бірі Бұғаз трафигін азайту және Бұғазда қауіпсіздік орнату. Р.Т.Эрдоган: «Әлемдегі осындай басқа каналдардан әлемнің 250-260 тонналық ең үлкен кемелері өте алатын болса, салынғалы тұрған бұл каналдан 300 мың тонналық  кемелердің өте алатындықтарына кепілдік бере аламыз. Ыстанбұл каналнан күніне 130-160 тонна аралығындағы кемелердің өтуін қамтамасыз етпекпіз. Ыстанбұл бұғазынан күніне шамамен 149 кеме өтетіндігі ойластырылғанда каналдың кеме трафигін жеделдететіндігіне сенімдіміз , - деді. Сондай-ақ, «Осылайша бұғазды Түркия, Ыстанбұл арқылы қайтадан  жүзеге асырмақпыз, енді Ыстанбұл бұғазы болашақтың су жолдарын реттеуші, қалааралық тасымалдауды жөнге салатын табиғаттың  бір тамашасы болып қалмақ» деді.

Жаңа бір кемежай, әуежай құрылыстары да бой көтермек

Каналдың құрылысы үшін миллиондаған м2 қазба жұмыстары жүргізілмек. Қазба жұмыстарынан шыққан топырақтар алып кемежай мен әуежай құрылысына, шахталардың бір бөлігін болса да реттеуге, тартылған көл орындарын толтыруға пайдаланылмақ. Бұл әуежайды Силивриде салу жоспарлануда. Премьер-министр Р.Т.Эрдоган: «Ыстанбұлдың ең алып әуежайын осы аймақта салмақпыз. Мақсатымыз — 60 миллион/жыл потенциалға ие болатын әуежай тұрғызу» деді. Әсіресе, «каналда тұрғызатын көпірлермен жаяу және теңіз көлігі транспорттары еш кедергісіз орнатылады. Сәйкесінше бұл көпірлер де каналға ажар береді. Үшінші көпір де осы каналдың үстінен өткізіліп, үшінші көпірдің құрамдасы ретінде жолдар да салынбақ» деген сықылды мағлұматтар берді.

Заманауи қала тұрғызылмақ.

Премьер-министр сөзін:  «Канал тек қана транспорт жобасы, каналдың төңірегінде заманауи тұрғыш үй кешенін де саламыз. Конгресс, фестивал, көрме орталықтары, қонақ үйлер, спорт нысандары Ыстанбұлда жаңа бір тұрғын кешенінің пайда болуына себеп болмақ. Ыстанбұлдың қалалық  даму үрдісі канал төңірегінде орнатпақ болып отырған жобаларымен де жүзеге аспақ» деп сабақтады.

Зілзалаға дайындықсыз үйлердің тұрғындары осында көшіп келмек

Премьер-министр: «Ыстанбұл Каналының Мармараға бастайтын жерде тұрғызылатын қаланы алдымыздағы аптада мәлімдейтін боламын. Бұл қала қандай да  болмасын зілзалаға қарсы тұра алатын қала. Сондықтан да отандастарымызға осы жерлерге қоныс аударуды ұсынамыз. Анадолы төңірегіндегілерге Анадолыдан, Еуропа төңірегіндегілерге Еуропадан  тұрғын жай….деген секілді.  Яғни, сол жерлерден оларға жер береміз. Алайда, «Жоқ, мен ол жерде тұрғым келмейді» дегендерге: «Бұл жерде құрылыс салуға мәжбүрміз, кейін салынған үйлерде сіздер тұрыңыздар» деп басқаша ұсыныс, жол көрсетеміз. Мақсатымыз: осы екі жағалауда 2.5-3 миллиондық екі жаңа қала салу» деді.

http://www.zaman.com.tr/haber.do?haberno=1127084&title=basbakan-cilgin-projesini-acikladi-bogaza-kardes-geliyor&haberSayfa=2




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir