Іздеу
Қазан 22, 2020
  • :
  • :

Түркияны түсінде көріп жүр!

Түркияны түсінде көріп жүр!

0111

Түркияны түсінде көріп жүр Түркияда демаламыз деп, тентіреп қалған туристер жалған жолдама сатқан адамды әлі күнге дейін жауапқа тартқыза алмай жүр.
Әккі әйел әр жаз сайын өзін «турфирма басшысымын» деп таныстырып, жұрттан ақша жинап жүріпті деп хабарлайды КТК арнасы.
Алданғандардың арасында Алматы, Шымкент, Атырау мен Ақтау трғындары, тіпті турагенттер де бар. Ашынған олар арманға айналған сапардың ақысын сұрап алдаған әйелдің үйіне барды.
Түркиядағы ең қымбат отельдердің біріне арналған жолдама да айы-күі, тіпті туристтің атына тіркеліп қойған бөлменің нөмірі де жазылған. Тек бір кілтипан ұшақ билеттеріне дейін бәрі жалған. Түркиядағы қонақ үйге хабарласқанымызда онда тізімде жоқ болып ықтық. Тіпті, ақшамыз да төленбепті. Жолдаманың бәрі жалған екен, дейді турист Светлана Айтмұратова.
Светлана жалған жолдамасын былтырғы жаздан бері тастамай алып жүр. Тағы 80 адамның қолында дәл осындай қағаз. Туристерді алдаған әйел биыл жазда ұсталғандай болған. Бірақ жүкті болған соң тәртіп сақшылары босатып жіберіпті. Айы-күні жетіп босанған келіншек енді ұпайы түгел үйінде отыр екен.Сол Шарапова босанып алды. Босанып алғаннан кейін біз тиіспейміз, жарайды сол іс жүргізілетін шығар деп ойласақ, әлі мүлдем қозғалыс жоқ, дейді туристік агенттік директоры Елмира Айтбаева.
Галина Шарапова 60 миллион теңге үптеп кетті дейді алданғандар. Әуежайдан тіке үйіне қайтқан туристер алғашқыда агенттіктерге лап қойған. Бірақ турагенттіктердің де алданғаны белгілі болды. Яғни, бірінен-мәліметтер ұрласа, екіншілеріне жолдама жасап сатқан. Қулығына құрық бойламайтын келіншек тіпті, тәртіп сақшыларын да алдп кетіпті. Оның мекен жайы, тұрғылықты жері қазіргі таңда белгісіз. Яғни ол тергеу орындарынан қасақана тығылу үстінде. Бұл жасаған әрекеттері үшін 10 жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр, дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Тергеуден тығылып жүрген Галина Шарапованы шарқ ұрып іздеген туристер оның үйіне барғанымен, онда да келіншекті таба алмады. Көбі сонау Атырау, Ақтаудан келіп сандалып жүр. Бірақ күдікті көпке бармайтынға ұқсайды. Өйткені, бір емес 5 бірдей қылмыстық іс қозғадық деген тергеушілер жақын күндері оның суретін бүкіл елге жариялап, іздеу салмақ.
КТК арнасы

 

10.12.2015Айқын-ақпарат52

Kaynak: http://aikyn.kz/ru/articles/show/17969-t_rkiyany_t_s_nde_k_r_p_zh_r_




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir