Іздеу
Маусым 24, 2016
  • :
  • :

Талдықорғанда бір мезетте 5 мың адам «Қаражорға» биін биледі

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)ытайлық қандастарымыз көздің қарашығындай сақтап, осы күнге дейін жеткізген қазақтың «Қаражорға» биі Қазақстанда да кеңінен танылды. Қазір елімізде бұл бисіз бірде-бір думанды той, дүрілдеген кеш өтпейді десек, артық айтқанымыз емес. Жуырда Алматы облысының орталығыТалдықорған қаласында бес мың адам бір қимыл, бір деммен «Қаражорғаны» билеп шықты.Сәрсенбінің сәтті күнінде қарасы 30 мыңнан астам адам Талдықорған қаласының орталығындағы «Жетісу» стадионына жиналды. Стадионда ине шаншар жер қалмады. Алаңда бас құраған азаматтардың басым көпшілігіжастар. «Қаражорғаны» билейтінін естіген халықта тағат жоқ. Көрермендер қатарынан «қалай билер екен, қандай әсер қалдырар екендеген сұраулы жүздерді ғана байқауға болады. Дәл осы сәтте алаңға бес мың адам шығып, мың бұрала «Қаражорғаны» билей жөнелді. Әсем әуен ырғағына қарай жастардың бір деммен, бір қимылмен қозғалғаны соншалықбұл бидің тіпті маңызы арта түскендей болды. Қазақтың белгілі батыры, бегі Қазыбек Тауасарұлы әйгілі «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітабында Аңырақай шайқасындағы қазақ қолының жеңісін баяндай келе: «Осы күні маған жер бетінің бәрі қазақ болып кеткендей көрінді», – деп жазады. Ал «Жетісу» стадионында бізге бүкіл Талдықорған халқы «Қаражорғаны» билеп, қара жорғаны тайпалтып мінгендей әсер қалдырды. Әрине, шара осымен біткен жоқ. Биден кейін облыстағы барлық аудан, қаладан келген жастар арнайы киім үлгісін киіп, өздерінің дайындап келген тақырыптарын әспеттеп, арнайы безендірілген көліктермен сап түзеді. «Нағыз қазақдомбыра» дегендей, екі мыңға жуық жас қазақтың қара домбырасын қолына алып, өз өнерлерін паш етті. Жалпы, бұл шара «Елім менің, жерім менің – Қазақстан» атты жастар фестивалінің аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсатыЕлбасының сындарлы саясатын, қазақ халқының бірлігі мен берекесін, ұлттар татулығын насихаттау, жастарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін, туған тілі мен Отанын құрметтеуге үйрету. Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай фестиваль осыған дейін барлық аудандар мен қалаларда өткізілген. Аталған шара соның қорытындысы ретінде ұйымдастырылды. Жиыннан соң облыс әкімі құттықтау сөз айтып, фестиваль жеңімпаздарына «Газель» автокөліктерін сыйға тартты. Сонымен «Елім менің, жерім менің – Қазақстан» атты фестивальда бірінші орынды Талдықорған қаласы, екінші орынды Қарасай ауданы, үшінші орынды Еңбекшіқазақ ауданы жеңіп алды. Сондай-ақ облыс әкімі ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Светлана Подобедова мен Мая Монезаға, әлем біріншілігінде кіші алтын медальды жеңіп алған Владимир Седовқа, жасөспірімдер олимпиадасының күміс жүлдегері Зүлфия Шиншайлоға ақшалай сыйлықтар табыстады.

Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысы әкімі:

– Елбасының тапсырмасына сәйкес, елімізде, соның ішінде Жетісу жерінде жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Облыста жаңадан бой көтерген спорт, мәдениет сарайларысоның дәлелі. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баршамыздың ортақ, ең басты құндылығымыз Қазақстан екенін, оны қорғап, көркейту әрқайсымыздың азаматтық парызымыз екенін баса айтты. Сондықтан жастарға айтарымОтанға қызмет етіңдер, абыройлы болыңдар, үмітті ақтаңдар. Гүлжиян СҮЛЕЙМЕНОВА,Алматы облысы ішкі саясат басқармасының бастығы:

– Бүгінгі күні облыста халықтың үштен бірі, яғни 633 917-сіжастар. Биыл жастар саясатын жүргізуге жергілікті бюджеттен 66 177 000 теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларға 15 миллион теңге қарастырылды. 2007 жылдан бастап Талдықорған қаласында студенттердің қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесі шешілді. Биылғы жылы бұл мақсатқа 138,8 миллион теңге бөлініп отыр. Сонымен бірге жетім және жағдайы төмен отбасылардан шыққан 349 бала жоғары оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алуда. Бұл мақсатқа 80,6 миллион теңге бөлінген. 2010 жылы 702 кәсіпорын мен мекемеде 1822 жас түлек жастар тәжірибесінен өтті. Облысқа жұмыс істеуге келген 295 жас маманға 29 104 000 астам көтерме ақы мен басқа да коммуналдық жеңілдіктер берілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық ішкі саясат басқармасы биылғы жылы 18 жастар фестивалін жоғары ұйымдастырушылық жағдайда өткізді. Оған барлығы 365 мыңнан астам жастар қатысты. Дархан МЫҢБАЙ,Р Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі:

– Бүгінгі мереке Елбасымыздың жастарды қолдау саясатының нақты жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Талантты жастарды мемлекет әрқашан қолдайды. Тек мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек. Ол үшін білікті, білімді, білгір болу қажет. Бүгінгі жастар білім жағынан болсын, спорт жағынан болсын бәсекеге қабілетті болуы керек. Алматы облысында білімді, ақылды, талантты жастардың көп екеніне көзіміз жетіп отыр. Азамат ТҰРҒАНӘЛИЕВ,медицина колледжінің студенті:

– Мұндай шара бізге үлкен мүмкіндіктер береді. Жастар осындай фестивальдар арқылы өздерінің шеберлігін, талантын шыңдай түседі деген ойдамын. Облыс әкімі қазір жастарға үлкен қолдаулар көрсетіп келеді. Сол үшін Серік Үмбетовке ризамыз.Қ

 

Қ

Автор: Нұрмұхаммед Мамырбеков

ДК: http://www.alashainasy.kz/culture/14197/




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir