Ергун Акгедик
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
ізденушісі
Түрік халықтарының ішінде Орыстардың отарлауының бастапқы кезеңінде-ақ, өздерінің бірліктері мен ұйымшылдықтары күшті емес еді. Түрік халықтарына тәуелді болған Пенттер тек қана Түрік және мұсылман деп білінетін. Бұлардың түбі бір емес, тіл бірлігі[1] және мұсылман болғандарының ішінде дін бірлігі де бар еді.
Түрік тектес елдер: Қырым Татарлары, Кабардиндер, Дағыстандар, Түркістан түріктері (Өзбектер, Қазақтар, Қырғыздар, Түркімендер, Қыпшақтар, Қарақалпақтар және Тәжіктерде) тіл, әдет-ғұрып және дін жағынан, бір-бірлеріне өте жақын елдер. Осы қасиеттеріне қарамай, араларында ешбір іс-бірлігін жасаған емес. Олардың осындай келіспеушілігі, Орыстардың кеңінен таралуына жол ашты. Дегенмен, Орыс Үкіметі де ұйымшыл түрде саясаттарын жүзеге асырмады. Орыстардың ішінде де саяси себептерінен осыған жол бермегендері де болды.
1905 жылы Орыстардың дағдарысы Ресей Императорлығының кезеңінде өмір сүрген кейбір мұсылман зиялылары, өз замандарында бірінші рет Ислам конгресін жасау мүмкіншілігне қол жеткізді. 1905 жылы 15 мамырда Нижний Новгородта мұсылмандардың І-конгресі ашылды. Бұл конгресте Түркістаннан ешқандай мүше болған жоқ. Бірақ Қазан, Әзербайжан және Қырымнан 150 адам қатысты. Конгресс – саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға жету, Орыс халқымен тең құқылы болу, халықаралық қатынастар негізінде құрылған бір атазаң монархиясының құрылуы, баспасөз бостандығы және т.с.с. Орыс Императорлығының ішіндегі мұсылмандарды бірлікке шақырды.[2] Осы конгресті, 1906 жылы 13-23 қаңтарда Петербургта жасалған ІІ-конгресс жалғастырды. ІІ-конгресте де Түркістаннан (Жалпы Түрік Әкімшілігі және Жалпы Дала Әкімшілігі) ешкім болмады. ІІ-конгресте де мұсылмандардың халқын қайтарып алу және халықты өз тілінде оқыту деген мәселелерге тоқталды. Ерекше осы мәселемен айналысатын бір құрылымның болуын талап етсе де, қорытынды нәтиже алынбады.[3] Мұсылмандардың ІІІ-конгресі 1906 жылы 16-21 тамызда «Үлфет» газетін шығарған Абдуррашид Ибрахим (татар)-нің бастауымен Нижний Новгородта жасалынды. Осы конгресте алғаш рет Астрахань жақтан келген Түркістандықтар Шах Мардан Құмайғұл (қазақ) және Еминжан Илхамжанов (өзбек) – қатысты. Еминжан Илхамжанов (өзбек) Наван Хазретінің адамдарынан болған Шахмердан Молда, мұсылман бірлестігінің бағдарламасында, Қазақ жеріне көшпенділердің орналаспауын, керекті қаулылардың қабылдануын талап етті. Башқұрттардан Шах Хайдар Сыртланов, «Башқұрттардың жер мәселесі де Қазақтардікі сияқты» дей отырып, Шахмердан Молданың ұсынысын қолдады. Осы мәселені де бағдарламаға енгізді.[4] Ибрахим конгреске Мұсылмандардың әл-ауқытының ауырлығын сезіне отырып, осы мәселелерді қозғады.[5] Алғашқы рет «Социализм» сөзі қолданылды. Ибрахим: «Социализм, дініміздің тірегі. Қараңыздар, Пайғамбарымыздың достарының өзі де, оның алған шешіміне наразылық білдірмеген.»[6] Шейх Ибрахимнің социализмге деген ынтызарлығы қайдан келгенін таңырқаумен қатар, басшылыққа қарай дамыған ой-пікірлерден әсерленді деген тұжырым жасаймын. Бұл пікірге ешкім де қарсы келген жоқ. Когрестің ең маңызды мәселелерінің бірі, «Ресей Мұсылмандары бірлестігінің» құрылуы еді. Конгресс, осы Бірлестіктің 72 бөлімнен тұратын бағдарламасын қабылдады. [7] Осы бағдарламаның құрамында адам құқығын қорғау, ауылдық, халықтық әкімшіліктен бастап, жұмысшы проблемаларына дейін барлық нәрсе бар еді. Осы бағдарлама, Ресей Императорлығындағы мұсылмандардың ІІІ-конгресі, алғашқы конгрестерге қарағанда, халық мүдделеріне байланысты болды. Конгресс, «Ресей Мұсылмандары Бірлестігінің бағдарламасының» негізінде іс-шаралар жасалып, Абдуррашид Ибрахимнің басқаруымен 15 адамнан тұратын «Орынбасар комиссиясын» таңдады. Комиссия мүшелері: Юсуф Акчура, Саид Гирей-Акин, Исмаил Гаспыралык, Али Мұрат Топчубашы, Абдуллах Афанай, Әлімжан әл-Баруди, Садри Максуди, Шах Хайдар Сыртханаф, Мұса Бегиев, Абдуллах Бұ Хади Максуди, Мұстафа Давудович, Шах-Марден Құшчығұл, Селим Гирей Жантурин[8] Мұсылман комиссиясының талабы, Орыс Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілмегені үшін заңды түрде жүзеге аспаған.
Осы себепті, комиссияның екі мүшелері: Абдуррашид Ибрахиммен Юсуф Акчура І-Дүниежүзілік соғыстан бұрын мұсылмандардың қалауын шетелдермен жұмыс жасап, қабылдануға тырысқан. 1915 жылы Брелинде, Юсуф Акчураның басшылығымен «Түрік-Татар Қауымдастығының Халықтарын қорғау Бірлестігі» құрылды. Бұл жиналысқа Әзербайжандық Хусеин Заде, Қырымнан Мехмет Есат Челеби Заде және Түркістаннан Бұқаралық Мукимуддин Бекжан да қатысқан еді. Абдуррашид Ибрахим, Орыс Императорлығындағы Орыстан тыс мемлекеттердің мүшесі І-Дүниежүзілік соғыстың бас кезеңінде Стокгольмда құрылған «Ресейдегі Шет елдердің Бірлестігінің», Ресей Мұсылмандарының мүшесі болды. Бұл бірлестік, 1916 жылы 9 мамырда Америка президенті Уилсонға бір жеделхат жіберілді. Жеделхатта, Ресейге шағым жасалынды. Көптеген кісілердің құқығы тапталған, тағы да төмендегі сияқты жағдайлар айтылған:
«Біз 25 милион Ресей Мұсылмандары, бізге қарсы заңсыз әрекеттерден шағымданамыз. Дініміздің шарттарының орындалуында, бұл жақта заңды түрде тосқауыл қойылып тұр. Саяси түрде қатты бақылауға алындық. Жеріміз, дүние-мүлкімен, керек десе халқымен қоса, Ресейге тарту болып отыр. Мәдениетіміздің дамуына қысым бар. Барлық жерде құқықсыз шектеулерге кездесудеміз. Соғыс кезеңінде әр түрлі әділетсіздіктер болып жатыр. Бақылаудамыз және жаман қарым-қатынасқа тап болдық. [9] Ресей Мұсылман Түрік-Татар Қауымдастығының халқының қорғау Министрлігінің мүшелері, 1915 жылы Будапештте, Вена, Берлин және Софияны барып көріп, Ресейдің саясатына тап болған Түрік қауымының шағымдарын кейбір Европа еліне жеткізді. 1915 жылы 8 желтоқсанда Акчура комитеті және түрік халқының атынан: Түрік құқығының Ресей Үкіметінен құтқарылуымен байланысты Европа Мемлекеттерінің Орталық Үкіметіне жеделхат жіберілді.
Комитет мүшелері, 1915 жылдың желтоқсан айында Австралияның президенті, Сыртқы істер министрлігімен кездесті. Бұлардан басқа 1916 жылы 18 мамырда телеграфтың көмегімен АҚШ Президенті Уилсонға да басқа хаттар жіберілді. [10]
Комитет 1916 жылы, Ресей императорлығының ішіндегі Түрік халқтырының мәселесін ерекше түрде талқылап, шешім көрсететін тағы бір жеделхат жіберілді. [11]
Жеделхатта қысқаша төмендегідей жағдайлар айтылып өтті:
«ХІХ ғасырда Ресей патшалығының әскерлері, Түркістанды жаулап алу үшін дайындалу барысында, Европадан алған тұрмыстық мәдениетін пайдаланып, бір-біріне дұшпандықпен қарайтын Түркістанның кішкене хандықтарын өздеріне айдап салумен жеңіске жетті».
Комитет болса, түрік елінің соғысқа байланысты барлық жағдаяттарды хабардар етті.
Осылайша: «ХІХ ғасырдың соңғы кезеңінде орыстарға қатаң түрде тыным бермейтін Хазар теңізі мен Амудария және Иран шекарасындағы Түркімендер, Орыс Үкіметі тарапынан әлі күнге дейін үстемділік етіліп отыр.» [12]
Комитет, ерекше Бұқара және Хиуаның тәуелсіздігі үшін де күресті. Жеделхаттың жалғасында төмендегі нәрселер бар еді: «Жартылай тәуелді Бұқара мен Хиуа хандықтары, Амударияның оң жақ бөліміне бойлады. Ресейдің өзіне зорлықпен қабылдатқан келісім шартының негізінде Бұқара мен Хиуа хандығы, Сыртқы істерін толығымен Орыстарға табыстады. Ішкі істерінде болса, халқының дамуы және өркендеуі жөнінде ешбір мүмкіншілік бермеу ерекшелігіне ие еді… Осындай жағдайларды қарастырғанда мына нәрсеге көңіл бөлген дұрыс. Тарихта , өте жоғары мәдениетке ие болған осы халықтардың, Ресейдің саяси және экономикалық пайдасына беру, Ресейдің мәдениетінен де жоғары бұл елдердің жойылуына ризашылық білдіру болып есептеледі. Адамзат нәсілінің табиғатымен байланыспайтын бұл қозғалысқа кедергі болу үшін, Бұқара және Хиуа хандықтарын Орыс Үкіметінен құтқару және бұлардың өз егемендіктеріне қол жеткізу керек». [13]
Комитет, ерекше Бұқара және Хиуаның, Түркістан Жалпы Әкімшілігіне тәуелді болған аймақтарын қайтадан халықтарына қайтарып беруін талап етілді.[14] Бұдан басқа, Акчура өзінің конференцияларында ерекше Түрік қауымы үшін әкімшілік орнауын талап етті және Түрік Халықтарының жағдайын және тілектерін білдірді.[15]
Комитет, 1911 жылы Брюссельде құрылған «Халықтардың Бірлігі» деген атаумен 1916 жылы жұмысқа кірісті.[16]
Бұл құрылым, Лозанна конгрессіне дейін Ресей Түріктерінің мәселелерімен айналыспағандығы үшін, Түркістан мәселесіне де тоқталған жоқ еді. Түркістандықтар және басқа Түрік қауымдары, «Халықтардың Бірлігінің І және ІІ-конгресстеріне қатыспаған.[17] Бұл мүмкіндіктерді пайдаланбаған соң, 1916 жылы 27-29 маусымда Лозаннада жасалған ІІІ-ші халықаралық конгреске қатысты.
Түркістан келген елшілер, Микуммиддин Бекжан және Ахмет Сафар, Түркістан мәселесімен байланысты барлық жағдайларды баяндады. Бекжан Шағатай халқының, Ахмет Сафар болса қазақ қырғыздарының мүшесі болып сөз сөйледі. Бекжанның көзқарасы – Бұқара және Хиуа хандықтарымен Түркістан Жалпы Әкімшілігі, Шағатай халқын құрастыруы еді.[18]
Бекжан, Бұқараның толығымен тәуелсіздігімен егемендігін қайтадан алу үшін, конгресте былай деп сөз сөйледі:
«Орыстар, бұл мемлекетті заңсыз түрде жаулап алды. Мемлекетімізді және халқымыздың көзін жою үшін келді. 1866 жылы Сасықкөл келісім шартында Орыстар, Бұқараның ішкі істерінде егемендігімізді қабылдаған болатын. Келісім шарттың жасалғаны аты ғана. Орыстарға әмір беру жалпыға тән қасиет екен. Бұқарада жарты ғасыр бойы келе жатқан Орыс Үкіметі, Бұқараның экономикасымен мәдениетіне балта шауып отыр. Орыс Үкіметі, мұсылмандар арасында мазхаптардың арасында қақтығысына себеп болды. Сунниттер мен шииттер арасында 1909 жылы болған ұрыс-керістер, тура Орыстардың арқасында болды. Осы себепті, ішкі аумақтарға әскерлерін жіберіп, маңызды әскерін шоғырланған жерлерін басып алды. Орыс Үкіметі, ұлттық баспасөздерге мүмкіншілік бермеді. Бұқараға көрші мемлекеттермен байланыс жасауға тыйым салынды. Орыстар өздерін мәдениетті дамытушы, жасаушы деп танытса да, шынында ұлттық мәдениетіміздің дамуына балта шауып отыр. Осындай себептерге байланысты, бізден алынып отырған қадыр-қасиетімізді, орыстардың отарлап алған, топырағымыздың қайтарылуын сұраймыз »[19]
Ахмет Сафар, қырғыз-қазақ халықтарының атынан 4 беттік сұхбатында: «қазақтарға әкімшілік және 1735 жылында Әбіл-Хайыр Сұлтан мен Ресей арасында жасалған Келісім-Шарт негізінде мәселелердің шешімін тауып беруін талап етті».[20] 1735 жылғы келісім шарттың негізінде алынған қаулылар қысқаша төмендегі бөлімдерден тұрады.
1. Қазақ хандығының автономиясының құрылуы.
2. Әскерліктің мәжбүрленбеуі.
3. Хандықтың топырақтарына тиіспеуі.
4. Дін еркіндігі (Бірақ Ресей бұл шарттың құқығын бұзып тұрғандығы байқалады. [21]
Кіші жүзбен Ресей арасында 1735ж жасалған келісім шартқа байланысты, Ресей кіші жүз топырағын өзінің пайдасына алуға және содан кейін қайтадан қазақтарға беруді ойластырған. Келісімнің шарттарын бұзған Ресей, қазақ жерлерін орыстың қамаудан шыққан бұзақыларына берді. Бұл оқиға қазақтардың орыстарға қарсы шығуының бастапқы кезеңі еді.
Ахмет Сафа мырзаның бастауымен қазақтардың арыздары төмендегідей еді.
1. Қазақстан автономиясы.
2. Жер су мәселесі, 1735 жылдың келісім шарты бойынша шешілді.
3. Орыстармен құқығын тепе-теңдей құқыққа ие болды.
Қазақтардан алынған салымның, қырғыз-қазақ халқының, денсаулық ағартушылыққа байланысты керек нәрселерінің жұмсалуын, және ағартушылық, жұмыс істеу, дінде орыстармен тең құқықта өмір сүру.[22] Конгрестен кейін Акчураоғлу және Азщ Мекер, Зурике барып, орыс социалистерінен Ленинмен кездесіп, Ресеймен байланысты ұсыныстарын жеткізген. Ленин, «Сіздің қалаған құқық, біз үстемдік етуге толық мүмкіншілік алғанда болады». Бұл арыздарды оқып, егер мүмкін болса, газетті баспаға береміз.[23] Содан кейін, Алманияның үстінен Станбулға қайтқан. Лозан ұйымының іс-шаралары, Ресейде әжептеуір әсерлі болыпты. Думада халықтар өкілеттінің бастығы Кутлукай мырза Тевкилев те, жағдай туралы өз пікірлерін айтып өткен.
Makalenin yayınlandığı dergi: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің хабаршысы. -2007, №3(46) , б. 98-101