Іздеу
Қараша 24, 2017
  • :
  • :

Ыстамбулда оқыған қырғыз-қазақ студенттерінің Осман Үкіметіне жазған баяндамасы

Ергүн Акгедік / Тарихшы

       Ресей империясы І дүние жүзілік соғыста Осман мемлекетіне қарсы Антанта одағында болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс пен 1917 жылдың ең маңызды оқиғалары  Ресейдегі Ақпан және Қазан төңкерістері еді. Төңкерісті Ресейдегі түрік халықтары да қуанышпен қарсы алды. Тек қана мұсылман халықтары ғана емес, өзге ұлтардың да келешектен зор үміті болды. Осы жылғы Мәскеуде 1-11 мамырда өткен Ресей мұсылмандар конгресінде сөз сөйлеген Орыс ұлтының өкілі былай деген болатын: «Жасасын Ресей төңікерісі, жойылсын патшалық.! Бұдан кейін барлық ұлттар достық пен теңдік дәрежесенде өмір сүреді және осы негізде өздерінің алға қойған ақиқат мақсаттарына қол жеткізеді [1]
       Төңкерістің негізгі үш себебін ерекше айтып өтуге болады; Ресейде әртүрлі пікірлердің (плюрализм) орын алуы мен шаруалар және жұмысшылардың ауыр әлеуметтік жағдайы. [2] Бұл мәселелер Француз төңкерісінен кейінгі пайда болған кейбір ағымдардан бастау алғанмен, аталмыш мәселелер мемлекеттің іргесін сөккен көптеген көтерілістерге себеп болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әкелген зардабы, Одақтас мемлекеттердің Уанаккале соғысында жеңіліске ұшырауының нәтижесінде Ресейге көмек қолын соза алмауы, 27 ақпан төңкерісінің ең негізгі себептерінің бірі болатын.[3] Осман мемлекетінің бұл жеңісін Ресейдегі Түріктер де зор қуанышпен қарсы алған еді. Төңкеріске қатысты Османдағы баспасөзде және Ресейдегі Түрік ұлттарының шығарған газеттері мен журналдарындағы хабарларда; бұл жағдай Түркістанның азаттық алуы үшін зор мүмкіндік - деген ұлттық ұрандардың лебі ескен еді. Ақындар Түрік Дүниесі үшін жалынды өлеңдер мен өткір мақалалар жазды. [4]
      Ресей Түріктерінің ішінен шыққан көзі ашық, зиялы қауымның шығуына Осман мемлекетінің ықпалы зор болды. Әсіресе 1905 жылғы Ресейдегі төңкерістен кейінгі еркіндік берілу мен темір жолдың салынуы нәтижесінде Ресей Түріктерінен Ыстанбулда көптеген студенттер оқыған болатын. 1905 жылы тек қана Омбы Дала Губернаторлығының Қалам округынан 500 қазақ қажылық паспортын алған. Ол уақытта қажылыққа Ыстанбул арқылы баратын.[5] Алайда бұлардың көпшілігі Ыстанбулды көруге келетін.
        ІІ Абдулхамид дәуірінде Ресей мұсылмандарынан Мұғалімдік семинарияға әр жылы белгілі көлемде оқушылар қабылдау туралы шешім қабылданды. Мұндағы мақсат оқуды бітіріп мұғалім болған азаматтар түрік халықтар арасындағы рухани жақындықты арттыруы тиіс болатын.[6] Бұның нәтижесінде Ресей Мұсылмандарының әр түрлі қауымдастықтары Түркияға барып оқитын оқушылардың санын көбейтті. 1908 жылы сәуір айында Бұхарада құпия құрылған «Тәрбие Етфал жамағаты» (бала тәрбиесі) Ыстанбулдан бөлім ашып Түркістаннан оқушылар жіберіп  тұрған алғашқы бірлестік болатын.[7] Сондай-ақ, 1908 жылы құрылған «Қырым Оқушылар Жамағаты», 1909 жылы құрылған «Бұхара үшін ілім тарату жамағаты», 1911 жылы құрылған «Ресей Түрік оқушылар жамағаты» да осы мақсатта құрылған атақты ұйымдар болып табылады. [8]
      Төңкеріске байыланысты соғыстан бас тартқан Ресей өзге мемлекеттер секілді Осман мемлекетімен бейбіт келісім жасады. Төңкеріс хабары естіле салысымен Прьемер-министр Талат паша Танин газетіндегі үндеуінде: «Ресейдің бізбен жасаған барлық қарым-қатынастары Патшалықтың Түркияны жою саясатының өнегесі. Жаңа Түркия мен Жаңа Ресей бебіт келісім жасай алады» деген болатын.[9] Шынында да қысқа уақыттан кейін Ресей мен жасалған кездесулер, Брест-Литовск Бейбітшілік  (20 желтоқсан 1917-3 наурыз 1918) келісімімен аяқталды.
      Төңкеріс әкелген еркіндік Ресей мұсылмандары арасында ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттырды. Патшалық Ресей кезінен қалған мәселерді шешу үшін бірнеше жиындар мен конгрестер жасалды. 17 сәуір 1917 жылы Ташкентте Түркістан-Мұсылмандар конгерсі, 14-24 Мамырда Мәскеуде Бүкіл Ресей Мұсылмандар Конгресі секілді басқосулар мен жиындар Ресей Түрік Халықтарының мәселелерін шешу мақсатында жасалған еді. Конгрестердегі  баяндамалардан түсінгеніміз ақпан төңкерісі барлық түрік халықтары үшін азаттық тарихы ретінде қабылданған. Баяндамаларда «Азаттықтан кейін» деген сөздер көп айтылған.[10] Бұл басқосулар пікір алмасу тұрғысынан пайдалы болды.
        Ресейдегі Түрік ұйымдары тәуелсіздік жолында күрескен кезде, Осман империясының астанасы Ыстанбулға білім алу үшін жіберген Қырғыз, Қазақ, Азербайжан, Башқұрт, Қырым, Қазан студенттері де өз жұрттарының тәуелсіздік алу үшін көптеген іс-шаралар жасаған еді. Бұлардың ішінен Мехмет Емин атты Татар студенті медреседен кейін Шейхислам Хайри Ефендінің дәнекер болуымен Харбиеге келіп, Ресейдегі қозғалыстардың бұдан арықарай жалғасын табуына ат салысқан еді. [11]
        Өздерін «Астрахань, Қырғыз-Қазақ түркілерінің өкілдері» деп атаған бұл студенттер үйірмесі Ресейдегі жаңалықтарды Осман Үкіметін жеткізіп және бұл өңірлермен байланыс жасауға септік етуді қолға алды. 1910-11 жылдары Ыстанбулға келген бұл студенттердің жазған бір баяндамасын Харбиеге берді. 2 Шілде 1917 жылғы жазған баяндамасында; Қырғыз-Қазақ түркілерінің тарихи бір перспективасын жасап және бұдан кейін аталған аймақтар үшін не жасалуы тиіс екендігін баптарда көрсеткен болатын. Құжатта; Қазақтардың халық саны, тарихи дамуы, әділетті істер мен әлеуметтік жағдайы және Патшалық Ресей кезеңіндегі халықтың жағдайы туралы мәліметтер берілген. Қырғыз-Қазақ Түркілері өкілдерінің бастауымен жасалған баяндамада мынандай мәселелер айтылған болатын: «Түрік халықтарының бір бұтағы болып табылатын Қырғыз-Қазақ Түркілері он екі миллионнан аса халық және жер көлемі жағынан Ресейдегі Түрік халықтардың басым көпшілігін құрайды. Қырғыз-Қазақ Түркілерінің мекен еткен аймағының батыс өңірі Орал және Каспий теңізі, оңтүстігі Түркістан, шығысы Қытай, солтүстігі Сібірге жалғасып, ұлан-ғайыр аймақты иемденіп жатыр. Қырғыз-Қазақ Түркілері Шыңғысхан кезеңінде қырғынға ұшырап, кейін Құлағу дәуірінде қайта ел болған еді. Осы кезде үлкен алып-елге айналса Бұл дәуір 15 ғасырға дейін жалғасты. Артынан хандықтарға бөлінген болатын. Ресей бұл хандықтарды  бір-бірлеп отарлаған еді.
        Бірақ Ресей қарамағына кіргеннен кейін де өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Керітартпа Ресей отаршылдары алғашқыда бұл ерекшеліктерді бергенмен, келе-келе біртіндеп, бұл еркіндіктерден айырды. Әйтседе, басқарушылықтың кейбір түрлері Қырғыз-Қазақ Түркілеріне берілді. Қырғыз-Қазақ Түркілерінің өз арасындағы дау-дамайларды қарау Қырғыз-Қазақ ақсақалдарына беріліп, Қырғыз-Қазақтың көзі ашық азаматтарының көзқарастары ескерілген болатын. Үкімет тарапынан әрбір болыстықтың салықтарын Қырғыз-Қазақ болыстары ақсақалдардың шешімімен бай мен кедейлердің жағдайына қарай жинайтын. Бірақ Патшалық Ресейдің  зұлым және деспоттық позициясы  Қырғыз-Қазақ Түркілерінің аса еркін болуына жол берген жоқ.
       Қырғыз-Қазақ Түркілерінің бір бөлігі қалаларда, бір бөлігі жартылай көшпелі өмір сүрді. Жартылай көшпелі өмірге келетін болсақ; Қырғыз-Қазақ Түркілері Арабыстан бәдәуйлері секілді көшпенді емес. Жылдың белгілі бір мезгіліндегі бір-екі айда төрт-түлік малын өрістету үшін жайлауға шығып, жылдың қалған басым бөлігін қыстауда өткізеді. Бидай, арпа егіп, саудамен де шұғылданады. Балаларын мектепке береді.
        Соңғы уақыттары бұлар қалада өмір сүруге құмбыл болып отыр. Біртіндеп қалаларда үй салуға күш салып жатыр. Білім алуға маңыз беріп келеді. Балаларын белгілі қалалардағы мектептерге жіберіп, білім алдыртуда. Соңғы кезде тек Ресейдегі оқу орындары ғана емес, Ыстанбул, Мәдина, Мысырға да жіберуде. Біз Қырғыз-Қазақ студентері (Ыстанбул) алты-жеті жылдан бері,  осында келіп, білім алудамыз. Қырғыз-Қазақ жастары Ресейде басталған төңкеріспен бірге Орыс езгісінен азат болу үшін және өз жермізде өмір сүру үшін Үлкен Түркіліктің тарих сахнасына шығуын күш саламыз. Бұл үшін қолымыздан келетін жан-пидалықты жасап, тіпті еліміз үшін өлімге баруға да даярмыз. Осы тұрғыда әрекет етуіміз үшін бірнеше баптардан тұратын мәліметімізді арыз ете отырып Осман үкіметінен  болашақта Түрік туының астында бірігетін Қырғыз-Қазақ бауырлардың тек бір ғана сүйеніші болған үкіметімізден материалдық және рухани көмек берулеріңізді сұранамыз. 
Негізгі мәселелер
1.  Қырғыз-Қазақ түркілерінің өз жерінің ие бола отырып тәуелсіздік алуы үшін күресу
2. Көшпелі өмір сүруді тоқтатып, тез арада отырықшылыққа көшу.
3. Тәуелсіздік үшін шекара мен жерді сақтау үшін әскери жасақ құру.
4.  Қырғыз-Қазақ түркілерін өсіру, дамыту, яғни, өмір сүруін сақтау үшін ағартушылық істерін жүргізу.
5. Халифаттың білім беруі ол жерлерде тез арада таралуы үшін мүмкін болғанынша Осман мемлекетіне оқушылар жіберуге ат салысу.
Арызнамамыздағы бұл бес негізгі бапты шындыққа айналдыру үшін ұлттық комитет құрып, Қырғыз-Қазақ түркілерін топтастырып, үгіт-насихаттар, конфернециялар жасау және Түрік туының астында бірігу үшін күресу және өлу ». [12]
Қазақтардың орыстарға қарсы Осман Империясынан көмек сұраулары бірінші емес еді. Бүл баяндамадан қырық жыл бұрын да осыған ұқсас оқиға болған еді.Орынбор қазақтарынан Мұхаммед Рахым деген бір кісі  1877 жылынан азғана уақыт бұрын Ыстамбулға келіп орналасқан еді.1877жылы Мұхаммед Рахым Ішкі істер министрлігіне құпия түрде жазған өтінішінде Ресей отарындағы қазақтарды Осман империясы көмек көрсеткен жағдайда көтеріліске шығара алатындығын білдіреді. Осы ойын Ішкі істер министрлігіне және империяның әскери басшыларына қабылдатқаннан кейін, Мұхаммед Рахым Шәйхулисламнан кейін міндеттеме хаты мен жол үшін 400 алтын алып Орынборға жолға шығады. Ыстамбулда қалған жанұясына ай сайын 700 Осман курушы берілетін болып шешім қабылданды (30 Мамыр 1877).
Осман-Ресей соғысы кезеңінде билік құрған II Абдулхамит ханның да Мұхаммед Рахымның пікірін қолдағандығы туралы қаусет бар. Құпия түрде Ресейге аттандырылуы көзделген Мұхаммед Рахымның бұдан кейінгі жағдайы жайында мағлұмат жоқ.. [13]
Әсіресе большебиктер жетекшісі Лениннің «Ұлттарға егемендік» уәдесі, Ресей Түрік Халықтарының дербестік алу үміттеріне үн қосқан болатын. Осы тұрғыда 3 желтоқсан 1917 жылы Ленин мен Сталин қол қойған «Ресейдің және шығыстың барлық мұсылман жұмысшыларына» жолдаған үндеуінде былай деген болатын: «Ресейде үлкен оқиғалар болып отыр. Басқалардың жерін басып алу үшін басталған қанды соғыс аяқталу үстінде. Бүкіл әлем жұртшылығын басып-жаншығысы келген алпауыт үкіметтердің билігі жойылуда… Жаңа бір әлем, еңбекшілердің және азаттықты аңсаушылардың өмірі туындап отыр…» Баяндамасы былай жалғасады. «Ресей мұсылмандары, Еділ бойындағылар, Қырым татарлары, Сібір және Түркістанның Қырғыздары мен Сарттары, Кавказ Түріктері және Татарлары (Азербайжандар), Кавказадғы Шешендер мен Дағыстандықтар Ресей патшалығы залымдары тарапынан мешіттері мен діндері жығылып, салт-дәстүрлері құқай-қысым көргендеріңізді біз сізге баяндаймыз. Бұдан кейін сіздердің сенім-нанымдарыңыз бен әдет-ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени барлық ұйымдарыңыздың азат және әртүрлі шабуылдардан сақтайтынымызды жариялаймыз. Яғни ұлттық ғұмырыңызды азат және дербес етіңіз. Бұған сіздер құқылысыздар.[14] Жоғарыда айтылған негізбен Түрік халықтары Қырым-Бақшасарай, Ташкент, Баку, Орынбор, Мәскеу секілді қалаларда жасаған конгрестерде бірлесіп, тәуелсіз Түрік дүниесін құруға күрескен болатын. [15]
      Ақпан және Қазан төңкерістері  кезінде тәуелсіздік мақсатында әрекет еткен және Осман мемлекетінен көмек сұраған тек қана Қырғыз-Қазақ жастары болмағандығы шүбесіз. Түрік Ислам әлемінің оралығына айналған Ыстанбулда осы кездерде Дағыстандық, Қазандық, Азербайжандық, Қырымдық студенттердің өкілдері де келіп Ресей мұсылмандарының мәселелерімен шұғылдану мақсатында өтініштермен келетін.[16] 12 мамыр 1918 жылы Галиф Кемал мырзаның; «Өте құпия» басқаруында Харбиеге барғандығы және Ресей Түркілерімен кездескендігін мәлімдеген телеграфта, Түркістанның қақпасы саналған Бакудің Осман әскерінің аз уақыт бұрын қолына алу керектігін жазған.[17]  Бұның артынша Осман армиясы Әнуар пашаның бастамасымен 15 қыркүйек 1918 жылы Нури паша әскерінің Азербайжанға кіріп,[18] Түркістанға көмек беру мақсатында алғашқы қадамын жасаған болатын. Бірақ бұдан кейін жасалған келісімшарттар  Осман армиясының ілгері жылжуына мүмкіндік бермеді. АҚШ әскерінің соғысқа араласуы нәтижесінде өзгерген жағдайлар Осман мемлекетінің және одақтастардың соғысты тоқтатуына әкеп соқты. Артынша Осман мемлекетінің 30 қазан 1918 жылы Мондрос Атешкес Келісімшартына қол қоюының нәтижесінде өз әскерін Анадолыға шегіндіруге мәжбүр болды.
        Ресей билігі большевиктердің қолына өткеннен кейін әрбір ұлттың басына қара бұлт үйірілді. Ресей Түрік халықтары өз жерлерінде автономиялық үкімет құруға кірісті. Әсіресе Түркістанда Қоқан автономиясы, Алаш-Орда үкіметі тәуелсіздік жолында маңызды істер атқарды. Бүкіл Түркістанның бірігуіне 27 қараша 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясының бастамасы үлкен жетістіктер көрсетті. Бұл мемлекет 1919 жылдың шілдесіне дейін өмір сүрді. Бірақ Большевиктердің қысқа уақыт  ішінде мұндағы жағдайды өз бақылауына алуы, Түрік халықтарының тәуелсіздік күресін тоқтатқан еді.

В этой статье говориться о письме,которое было представленно военному департаменту .
Группа учеников из Истамбула «Представители астраханско казахо – киргизских турков» хотели отметить развитие России что–бы известить и привлечь внимание  министров вооруженных сил. Спустя время 2 февраля 1917 года оригинал этого письма был найден в военном архиве Турции.

In this article it is saying about a letter that was sent to representators of Military service by a group of students from Istanbul on the behalf  of the astrahan kazakh-kyrgyz turks,pointing out the development in Russia. June 2, 2021 the genuine letter was found in military achieves of Turkey.

Makalenin yayınlandıgı dergı: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің хабаршысы. -2008, №1(48) б. 112-116




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir