Іздеу
Маусым 15, 2016
  • :
  • :

«Аңыз- әңгімелердегі Бекет ата бейнесі»

«Аңыз- әңгімелердегі Бекет ата бейнесі»

Бекет әулие –ел қорғаған  ерен ерлігімен, жер асты мешіттерін  салдырған, сәулетшілігімен әлемге  танылған, ұрпақтың көзін ашқан ұстаздығымен,  алдына келген адамға дұғасын оқып, емшілік қасиетімен , болашақты болжап, алысты аңғарар,  әулиелігімен аты  аңызға айналған көреген абыз, көріпкел пір. «Мәдинада -Мұхаммед, Түркістанда- Қожа Ахмет, Самарханда- Сайд Ахмед, , Бұхарада- Шейх Ахмед, Маңғыстауда – Пір  Бекет»- деп  басталатын қанатты сөз әр  мұсылман қазақтың аузында жүргені мәлім.  Атағы алты алаштан асып, Маңғыстаудың қасиетті жерін мекен еткен үш жүз алпыс екі әулие топырағынан туған қандай ақын- жазушы болмасын Ата қасиетіне бас иіп, өлең- жырларына  арқау етіп, Ата рухымен тілдеспеген жан жоқ болар . Соның бірі Бейнеулік Сабыр Адайдың:

….Бекетім- құдайлардың арысындай,

Жасылы – ерлерімнің намысындай

Әйтеуір мен білетін Маңғыстаудың

Иті де басқалардың барысындай ,- деп жүрегінен жан сырларын ақтарып төгілсе, қазақтың қайсар ұлы Мелс Қосымбаев :

… Ақтауға келсең , ақ тілек айтып тойлап кел,

От басы емес,  Орданың қамын ойлап кел,

Адайдың бірі әулие Бекет атаның

Аруағымен ойнап көр! – деуі тегін болмаса керек. Маңғыстау  тарихқа толы мекен. Талай ғасыр қойнауында жатқан ақиқат аңызға айналып,ел аузында  сақталып келеді.

Мұхтар Әуезов қазақ аңыздарын екі топқа бөлді: «Бірінші топқа тарихта болған адамдар жайындағы аңыздар, екінші топқа  күй аңыздары жатады »десе біз Бекет ата жайындағы әңгімелерді бірінші тобына жатқызар едік. Сондай - ақ белгілі әдебиеттанушы ғалым Ғазиз Райыс «Сөз өнері» кітабында аңыздарды бес топқа бөліп қарастырса  Бекет ата аңыздарын екінші топқа жіктеп көрсетер едім. Жалпы  «Аңыз - дегеніміз шындық, нақтылап айтсақ, рух шындығы » десек қисынға келеді.

Аңыздарда ең әуелі шындық, сол шындыққа негізделген қиял әрекет етеді. Қиялдың өзінің астарында қисынға негізделген астарлы ой, ишаралы мән бар. осы тұрғыдан келгенде Бекет ата туралы аңыздарды әдеби таным тұрғысынан бірнеше қабаттардан тұратын,  мұра ретінде қабылдаймыз.  Сол көп қабаттың  бірі - мифтік таным.

Мифтік таным арқылы санаға сіңісіп,ойлау жүйесімен тұтасқан, содан көркемдік шындықпен үйлескен мифопоэтикалық қабат. Ата туралы айтылған әңгімелердің барлығы дерлік мифопоэтикалық құрылыммен дараланады. Жалпы аңыз атаулының бір сипаты осы десек қателеспейміз.[1 – 107]

«Ниетің құбыла болмаса» аңыз әңгімесіндегі оқиға Бекет атаның әулиелігінің тағы бір айқын  көрінісі  іспетті. Аз уақытқа  атамекенін аңсап келген Канадалық қазақтар Маңғыстаудың  жерінде болып бірнеше мазар - ескерткіштерді зиярет етеді. Ата басына арнайы бара алмаған  жерлестеріміз, аттанар алдында «Асығыс болсақ та Бекет ата басына соға кетелік » деп  түйген олар өз ұшақтарымен Оғланды тауының  үстімен ұшып бара жатып жерге қонуға әрекет жасайды. Алайда алапат дауыл көтеріліп, көз көрсетпес құм дауыл боран болып, көз алдарын көрсетпей , көп әуреге түсіреді. Бұл аңыз талай уақыт өтсе де Атаның текті, қасиетті күш  иесі екенін көрсетіп тұрғандай. Арнайы келмей атүсті қабылдап саяхат көріп, жөнді- жосықсыз келе салғанды Ата әруағы қабылдамаса керек .Бекет ата әруағының жаман ырым бастап жақтырмағанын сезінген қандастарымыз аттарының басын елдеріне қарай бұрса керек. Бұндай оқиғалар қазір де кездесіп жатыр. Ата басын ермек етіп көру зияратке жатпайды. Ата басына баратын жалғыз айдау соқпақ қана бар. Төрт құбыласы түгел адам болмаса да, ең қиын жағдайда  барарға жері басарға тауы қалмай, соңғы үмітпен ниетпен барған адам ғана шипасын алып ауруынан құлан таза  айығып, күш- қуат алып  кетері сөзсіз. «Атаның қасиеті не үстінен, не жанынан қарекет жасағандарды қасиет иесі қабыл алмайды» деген қағиданы растай түссе керек. Сөзімізді түйіндей келе Түрік халқының перезенті ғалым Фетхуллах Гүленнің : «Әулие хикмет даналық иесі…. Қарапайым адамдардың түйсігі жете бермейтін ерекше сый алған бұл ұлы тұлғалар пайғамбарлық ақиқатының  көлеңкесі сияқты. Міне біз бен олардың айырмашылығы.»[2,]

«Өсиет»  аңыз әңгімесінде атаның тағы бір ерекше қасиеті көрініп тұрғандай . көзі тірісінде көпшілік ықыласына бөленіп,  бүкіл бір рудың  әрі пірі, әрі ұранына айналған Бекет Ата пайғамбар жасына жетіп, алпыс үш жасында дүниеден озыпты.  Өлер алдындағы өсиетінде  өзін Оғландыға жерлеуді тапсырып Бекет Ата былай депті:

-Қарқараға жандарың келіп, қашан қиын жағдайда қалғанша атымды атамаңдар. Ондай ауыр халде ауыздарыңа алсаңдар, әруағым жар болып жүрер, - деп көз жұмса керек. Шындығында  Бекет атаның мына өсиет аңызында қадап айтқандай  жанымыз алқымға тығылғанда, әлсізге медет  іздеп, зарыққанға жебеу іздеп жетер жеріміз екенін ескерсе керек.  Ақын Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай:

Түн құшып жатыр бұл маңда…

Жарқ етер екен таң қашан?

Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам?

Ал , менің әлі сапарым қанша алдымда,

күш құяр жанға жолымды сәуле- барма шам?

Әлі де біраз жолым болмайтын секілді – ау,

Оғланды тауда бір түнеп қуат алмасам – дегендей  жалпы Ата әруағын осындай қиын қыстауда болмаса мазалай берудің дұрыс еместігін көруге болғандай. Бұл аңызда қазақ халқының ежелден ата- баба әруағын құрмет тұтқаны , ел тыныштығын сиыну арқылы сақтағаны, дінімізге берік болғанымызды дәлелдегендей. Заманының ұлы ұстазы атанған  Ибн- аль- Араби «Әулелер жатқан жерде ерекше энергия болатынын» айтады, ал Ашраф  Джахангир Симнани  «Қайда жүрсең де  әуелі  әулиелердің басына барып зират етіп,  дұға оқы », деп жазады.[-51]Маңғыстаулық ақын Ғалым Әріптің:

О, әруақ, демей гөр,

О, Бекет желеп- жебей гөр!

Оғландының басында -

Ордабасын тіккен кемеңгер!- деп халық сеніміне айналған  Пір  Атаның қасиеттері керемет болып, өзге ұлт өкілдерін де таңдай қаққызғаны барша жұртқа аян. Жастайынан ел сенімін алып Ахмет  есімін иеленген пір әулие даналығы мен даралығын , ақылы мен парасатын жұмсайтын кемеңгер күш  иесі еді. Атаның басқа да ел аузында жүрген бірнеше аңыз әңгімелері бар.

Татулық тағлымы атты аңызында  бекет Ата  Хорезімдегі намазға Оғландыдан ұшып барады екен. Ата кемпірі екеуі сәл нәрсеге келіспей қалса керек. Кемпірі:

Сенің таң намазына үлгеріп жүргенің  менің арқам, бойыңды тазалап жіберген менмін ,- дейді. Сонда :

Қолыңнан келсе жібермей гөр!- деген Бекет Ата дәретін алып, ұшайын десе дәрмені жоқ. Қалжыңға бола ұстазынан ұятты болған  Ата кемпіріне ренжісе керек.  Кемпірі тазалық жасап, Бекет Ата Хорезімдегі сәске намазға үлгерген деседі.[39] Бұл аңызда адам санасы жете бермейтін рухани бір құбылыс байқалады. Ф.Гүленнің бұл туралы нақты ойы былай өріледі: «Рухтың елес денесі кәдімгі дененің бейнесіне ұқсайды. Әулие кісілер бір мезетте әр түрлі жерлерде осы елес денесімен көріне береді. Мәселен, олар түрмеде отырса да, таңғы намазда мешітте, әрі дәл бір мезгілде қағбада да бола алады. Хазірет Абдулхамид қажылыққа еш бармаған, бірақ, қажылықта көргенін ант етіп отырып айтқандар бар.Тіпті, «келіп мына үйге түсіпті» дегендерді де көрдік. Ел арасында «Пәлен соғыста пәлен деген әулие кісі әскерлерге көмектесіпті» деген көптеген оқиғалар айтылады. Алысқа барудың қажеті жоқ, Кипр шайқасында бір әулие кісі ұшқыштың жанында отырып «Балам, бомбаларды анда таста: мұнда таста» деп жол көрсеткенін айтқандар бар. Олардың кәдуілгі денелері жерленген қалпында жатқанымен, рухани болымысы әр жерде болу қабілетіне ие», [,-91]­- деп жазады. Сондай – ақ отбасындағы татулықтың  да маңызы ерекше екенін көрсетіп, рухани байлықтың кемелденуіне де жол ашса керек.

Бекет ата аңыз әңгімелерін оқи отырып,  оның рухани кемелденген биік жан екенін дәлелдесе, болашақ ұрпақтың  білімді , ғылымды игеруіне зор көңіл бөліп, болашақ қамын ойлаған Ұлы ұстаз ретінде бағалауға болады.  Сөзімізді түйіндей келе Ресей  жаратылыстану ғылымдар академиясының мүшесі , Құранды  орыс тіліне тәржімалаған аудармашы имам Валерия  Прохорованың Бекет Атаның мерейтойына айтылған сөздерінен  сыр шертелік: « Бекет Ата ерекше жаратылыс. Ол рухты тәрбиелеуші. Бәрімізге белгілі , бір кездері әруақты сыйлауға , сыйынуға, тіпті дінге тыйым салынды. Бұл қате көзқарастар бізді біраз рухани тоқырауға әкелді. Әйтсе де қазіргі Атаны қайта танып, дінді қайта мойындауымыз қуантады. Сондықтан әруақ сыйлауды, сенуді жастарға үйрете түсуіміз қажет.  Ұрпақ адаспауы тиіс,» - деген  өзге ұлт өкілінің жылы лебізі таңдай қаққызып, қайран қалдырары  сөзсіз.

Мамедалиева Айман Илясқызы

Маңғыстау қазақ -түрік лицейі / СДУ-нің магистрі




One thought on “«Аңыз- әңгімелердегі Бекет ата бейнесі»

  1. Ұстаз

    Бейсенбі, 27 Ақпан 2014 21:11
    СОВЕТ-ХАН ҒАББАСҰЛЫ: “75 жас дегеніміз - аса үлкен жас емес”

    Совет-Хан Ғаббасов, Жазушы, фантаст, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Медицина және Педагогика ғылым. докторы, профессор, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Халықаралық М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі -Академик - 75 жасқа толды!
    −Армысыз, Совет-Хан аға! Міне, бүгін 75 жасқа келіп қалдыңыз. 75 деген жас қандай екен? − Армысың, бар бол… балам!…
    35 пікір Толығырақ …
    Жұма, 07 Наурыз 2014 12:53 жазған проф. Совет-Хан Ғаббасов

    Көшеде балалары - “МАМА” - деп жүрген ҚАЗАҚ әйелдеріне; - МАМА - деген не сөз?-деп сұрадым.
    - Е-е, ШЕШЕ - деген ғой.
    - Жоқ ! САҚ тілінде - “СЫЙЫРДЫҢ ЕМШЕГІ” -дейді екен.
    - Қойыңыз шы ?!?..
    - Рас айтамын. Қазақтағы - МАМА СЫЙЫР - дейтін сөз содан қалған. Мұның шығу тегі, бүкіл ЕВРОПА УІ-шы ғасырға дейін САҚ ТІЛІНДЕ сөйлеген ғой. ОРЫСТАР ДА содан қалған із. Ал мұның ең қыйыны ;
    - Балаларың күнде - МАМА, МАМА - дей берсе… ӘЙЕЛ атаулы бірте-бірте СЫЙЫР МІНЕЗДІ бола бермек ! Міне бүгінгі ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНДЕГІ сыйыр мінезділік осыдан!?! СОНДЫҚТАН БАЛАҒА - Анасы - дегізу ауадай қажеттілік…

    •Сенбі, 08 Наурыз 2014 23:09 жазған ҰЛЖАН АНА
    Қазақ әйелдерінің намыстары оянып, балаларына - “мама…мама” - дегізіп маңыратпаса жөн болар еді…
    • Сенбі, 08 Наурыз 2014 13:46 жазған Ғалия
    Совет-Хан ағамыздың айтқандарын бүгін туыстармен талқылап дұрыс деп шештік.
    Мен шешемді “Тәте” деуші едім… балаларға солай ататын сияқтымын.
    • Пікір жазуСенбі, 08 Наурыз 2014 13:43 жазған АЙША
    Үш балаларым да кешеден бері “Анасы” деп атауда, өзім де балаларым да риза.

Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir