Іздеу
Қаңтар 22, 2018
  • :
  • :

ӘДЕБИ АЙТЫСТАР, ДАУ-ДАМАЙЛАР

Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Екі мыңыншы жылдардың рухани өмірінде қазақ әдебиетінің түрлі мәселелеріне қатысты бірсыпыра қызу айтыстар болып өтгі. Әдеби пікірталастардың өріс алуына елімізде кеңінен қанат жая бастаған демократиялық үрдістер, сөз бостандығы, ең бастысы рухани қүндылықтарға деген көзкарастың өзгере бастауы сияқты факторлар тікелей әсер етті. Өткенде жасалынған әдеби мұра ғана емес, көзі тірі каламгерлердің шығармашылыктары да тәуелсіздік тұрғысынан қайта сарапталып, жаңаша пікірлер айтыла бастады. Мұндай пікірлердің кейбіреулері дау-дамайларға, әдеби айтыстарға ұласып жатты.

«Қазақ әдебиеті» (29.03.2022) газетінде «Мен» мен «Ол»-дың арасы» деген тақырыппен «Жетеудің» - А.Әшімовтің, К.Ахметбекұлының, Қ.Салғараұлының, К.Сегізбаевтың, Қ.Құрманғалидың, С.Әбдірайымұлының, Ж.Әбдіхалықтың «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мұхтар Мағауинге ашық хаты жарияланды. Мүнда «Жетеу» «Жұлдыз» журналының соңғы жылдары баскаша сипат ала бастауына, дәлірек айтсақ, жеке бастың пендешіл пиғыл-ниетін жүзеге асыратын трибунаға айналып бара жатқанына, әсіресе, қазақ зиялыларыньщ арасына іріткі салатын, сөйтіп коғамдық-ұлттық пәтуа-бірлікке зиян келтіру қаупін тудырып отырған және мұндай жағымсыз үрдіске Сіздің тікелей мұрындық болып отырғаныңызға үлкен өкінішпен алаңдаушылық білдіреміз» -дей келіп, осы журнал беттерінде Әз-Тәуке хан, С.Сейфуллин, С.Мұканов, Ж.Молдағалиев, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Қ.Жұмалиев, Ш.Мұртаза, М.Базарбаев, С.Мұратбеков, Н.Жанділдин, С.Имашев, Қ.Закирьянов. А.Сейдімбек хакында жағымсыз пікірлердің айтылып жатқанына наразылық білдіреді. Ашық хат «Қысқасы Мұхтар Мағауин мырза, ұдайы «Мен!», «Мен!» деп кеуде каға бергеннен гөрі бір мезгіл «Ол!», «Ол!» деп, тым болмаса, «Біз!» деп, өлі-тірімен де санасып отыру әрі әділдік, әрі имандылықтың жөні, әрі былайғы жұртқа үлгі-өнеге болады демекпіз» («Қазақ әдебиеті», 29.03.2022) - деген жолдармен аяқталған.

М.Мағауин жауабын кешіктірген жоқ. Осы газеттің келесі санында «Мен»-нен «Ол»-ға дұғай сәлем» («Қазақ эдебиеті», 05.04.2022) деген «Мұхтар Мағауиннің жетеуге жауапхаты» жарық көрді. М.Мағауин өзіне айтылған сындармен келісе бермейді. Ол «Өтірік пе, Сейфуллиннің кызыл белсенді болғаны? Жанділдиннің қазақ рухын қудалағаны? Мұқановтың Алаш қайраткерлерін айыпатағаны?.. Әр жерден үзіп алған, зорлықпен тіркелген жарым сөзбен ақты қараға айналдыра беріпсіз. Әз-Тәуке… Менің белгілі кітабымда тұтас бір тарау арналған, ірілігін айта отырып. хандық билікте жіберген ғапыл істерін де жасырмадық сонда. Сіздіңше, «Колбиннің көреген саясаты» деп, сыпырта беру керек пе еді? Сіз Әз-Тәуке ханмен қатар қойып отырған Әбдіжәміл Нұрпейісов… Мен үшін ортадан төмен ғана жазушы. Басқаны былай койғанда, қарапайым оқырман, қатардағы қазақ ретінде өз пікірімізді айтуға болмай ма?.. Баяғы бала кезімізде Мені ұлтшыл деп, айыптаушы еді. Сіз жікшіл деп, қорқытқыныз келеді… Мені тайғақ кешулі қанды-терлі большевизм жолына түсіре алмайсыз» - деп, өз көзқарастарын тағы да нығарлай түсіп, алған бағытынан кайтпайтындығын ашық айтқан. «Жетеудің» жасы үлкені, әрі тізімде бірінші тұрған А.Әшімовке бағышталып жазылған жауапхатта Асанәліні «бауырым», «қазақтағы бір тұлғасыз», кейін «жақсылап тұрып бір шай ішейікші» дей отырып, оның өзін де желтоқсан оқиғалары, демократиялык таңдау қозғалыстары кездерінде тайғақтық көрсеттіңіз деп, қағыта кеткен. Осы жолы да мені айыптаған топқа қосылып кетіпсіз дегенді қадай айтқан.

Осы жылдардың әдеби сынында Бегділда Алдамжаров белсенділік танытты. Оның қаламынан шыққан әрбір мақала әдеби жұртшылық арасында кызу пікірталастар туғызып жатты. «Соңғы парыз» - қай парыз?» («Жұлдыз», 2001,№4), «Күлдібадам күлше» («Жұлдыз»,2002,№11), «Евгений Онегинді» Гоголь неге жазбаған?» («Жұлдыз», 2003,№9), «Өмірге өрелі өлең келетін кез» («Жұлдыз», 2003,№10), «Жампоз жанр көтерер жүк» («Жұлдыз», 2004,№1), «Өткінші өлең өрісі: магнит өрісіндегі сол қол заңы» («Жұлдыз», 2004. №8), «Басқа ел неге «бесбармақ аса алмайды, немесе ұлттың екі нышаны» («Ана тілі», 2006,№34-38), т.б. мақалаларын жазып, жалпы казақ әдебиетіне деген өзінің өзгеше пікірін танытты.

Жалпы, Б.Алдамжаровтың сын мақалаларына тән басты ерекшелік:  бетің бар, жүзің бар демей, катты айтушылық, кейде туралығын батыл айтамын деп, артық кетіп қалушылық. Осындай себептерден Бегділданың макалаларының арты қызу пікірталастарға ұласып, дау-дамайлар туындап жатты. Даулылық - оның барлык мақалаларына тән қасиет десе де болғандай. Мысалы, сыншының бүгінгі қазақ поэзиясы хақындағы «Өмірге өрелі өлең келетін кезінде» сыналмаған ақын, қазіргі қазақ хикаялары жайындағы «Жампоз жанр көтерер жүк» сын-зерттеуінде сынға ұшырамаған прозашы жоқтың қасы. Осыны ескергендіктен де болу керек, мақалалардың соңында «пікір алмасу ретінде беріліп отыр», «даулы, таласты пікір болуы мүмкін. Біраз (көпшілік, бірталай) мәселенің жаңсақ айтылуы да ыктимал» дегенді де ескерте кетіпті.

Б.Алдамжаров «Басқа ел неге «бесбармак» аса алмайды, немесе ұлттың екі нышаны» атты көлемді мақаласын «Ана тілі» (2006, №34-38) газетінің бес нөміріне жариялады. Көлеміне орай, мақала көтерген мәселелер де аукымды. Мұнда ұлттық тілден бастап, рухани өмірдің әдебиет. Мәдениет, діл, дін сияқты көптеген салаларын өмірдің өзгеруімен қабат туындаған өзекті өңірлеріне батыл барушылық бар. Кей мәселелерді кеңінен қамтып, енді біреулерін келтесінен қайырып отырған автордың қаттылау айтқан да, кем түскен жерлері де жеткілікті. Мысалы, оның «Шын мәнінде, әр түрлі халықтың өкілдері атсалысқан орыстың 19-ғасырда жасалған әдебиетін оның ұлтының әдебиеті деуге негіз жоқ», «…Р.Ғамзатов, Д.Кугульдинов, Қ.Құлиев, М.Кәрім, т.б. секілді қолдан жасалынған   «классиктер»   пайда   болды»   («Ана   тілі»,   14.09.2021)   - деген   сияқты пікірлеріне қол қою қиын. Сол сиякты, автордың қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, үлттық идеология, дін жайында айтқан кейбір пікірлерінде де даулы мәселелер баршылық.

Бегділда баспасөз бетінде мақталған Ә.Нұрпейісовтін «Соңғы парыз» романын сәтті туынды қатарына жатқызбайды; одан көптеген кемшіліктер тауып, сынға алады. Қазақ әдебиетінін соңғы жылдардағы табысы саналып жүрген романды, оның авторы белгілі каламгер Ә.Нұрпейісовті ақтаған Ш.Елеукеновтің (Адамзат, енді сен оян. «Қазақ әдебиеті», 06.07.2001; Бір қайғыдан жүз кайғы. «Қазақ әдебиеті», 17.08.2021), Д.Исабековтің («Қазақ әдебиеті», 19.04.2022) пікірлері жарияланды. Алған бетінен қайтпаған Б.Алдамжаров Шерияздан мен Дулаттың пікірлерімен келіспейтіндігін айтып, тағы да жауап (Күлдібадам күлше. «Жұлдыз». 2002, №11) жазды.

Б.Алдамжаровтың «Шерхан шынын айтты ма?» («Азат», 11.08.2021), «Отырсаң -опақ, тұрсаң - сопақтың кері» («Жұлдыз», 2005, №2), «Қабдештің қырық қалталы қулығы, немесе ол Президент Н.Ә.Назарбаевты калайша қаралауға тырысты?» («Ана тілі», 8-15.06.2006), «Әзіржауап Әзілхан ақсақал… тым ауытқып кетіпті» («Ана тілі», 06.07.2021), «Байботаның батпағы» («Ана тілі», 9.10.2021), т.б. сияқты мақалаларында негізгі әңгіме көркем шығарма төңірегінде өрбімей, каламғердің жеке басына тиісушілік басым. Жалпы, сынның семсерін көркем туындыдағы жетіспеушіліктерге карай емес, оның авторының жеке бас кемшіліктеріне қарай сілтеу - әдеби сынға жат құбылыс.

Сынағанын сындырмай қоймайтын Бегділда атақты ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығын сын тезінен өткізіп, оқырман әдетте байқай бермейтін кемшіліктерін ашуға біраз күш жұмсады. «М.Шахановтың «варианты» немесе механиканың алтын заңы қалайша қара бақырға айналды» («Жұлдыз», 2003, №2), «Шахановтың монологы» («Алтын орда», 10-16.2004), «Құзға құлар кос мұңлық немесе Ш.Айтматов не деп аңырайды, М.Шаханов не деп шарылдайды» («Жұлдыз», 2005, №6), «Шаханов депутат па. «жепутат» па?» («Азамат», 7-13.11.2005), т.б. макалаларын жазып, ақынның бүкіл шығармашылығынан іске аларлық ештеңе таппады, онымен коймай, оның жеке басына тиісті. Ол Шахановты ғана қоймай, онымен біраз жыл шығармашылық байланыста болған Ш.Айтматовты да біраз жерге апарып тастады.

Б.Алдамжаровтың сынындағы осындай өрескелдіктерді сынаған С.Дауымовтың «Некрасовшыл сыншының аузын білеміз… Ал, беті қандай?» («Қазақ әдебиеті», 21.11.2021), М.Есмағамбетовтің «Әдебиетті Алдамжаровша ревизиялау» («Қазақ әдебиеті», 28.11.2021), К.Құныпияұлының «Әдепсіздік пен ұятсыздыктың чемпионы, немесе қазақ әдебиетіндегі жосықсыз киллерлік хақында» («Жалын», 2004,№1), М.Кенжебайдың «Дарақылыктың түрі көбейді-ау» («Азат». 16.03.2022), Қ.Біләлдің «Әдеби қауымның соты» («Қазақ әдебиеті». 12.09.2021), т.б. мақалалар жарық көрді.

М.Мағауиннің «Ешкі жетектеген екеу, немесе Зор мен Шоң ақыл айтады» («Жұлдыз», 2003, №1), «А.А.» ашуланып жатыр» («Жұлдыз», 2005,№5) мақалаларында да қазақ акыны М.Шаханов пен қырғыз жазушысы Ш.Айтматов бірге сыналып, сынның көрігін қыздыра түсті. Мұның аяғы екі Мұхтардың Шыңғыс хан туралы ымырасыз айтысына жалғасты.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік кезеңде жасалынған рухани қазынамызды қайта саралау басталды. Ұлттык мүдде тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің барысында бір кездерде әлемді тітіркенткен Шыңғысханның тұлғасы хакында да өзгеше пікірлер естіле бастады. Бұрындары ол еуроцентристік көзқарас түрғысынан қанішер, басқыншы аталып келсе, енді басқаша көзқарастар бой көрсете бастады. Шыңғысханның қазаққа қатысы, дала тарихындағы орны туралы айтыс қыза түсті.

Қ.Данияров (Шыңғыс хан - қазақ. «Жас қазақ», 22.04.2022), Қ.Закириянов (Еще раз о происхождении Чингизхана. «Алма-Ата ИНФО», 02.08.2005; Тағы да Шыңғысханның тегі туралы. «Жас қазақ» 03.03.2022), Т.Омарбеков, Т.Әбенайұлы (Шыңғысханның қазаққа қатысы қанша? «Қазақстан-Заман», 09.12.2021), Ғ.Есім (Шыңғысхан вирусы. «Егемен Қазакстан»,08.05.2001), М.Бұлұтай (Әдептен озбайық, Отырарды қорғайық. «Қазақ әдебиеті»,07.12.2001), т.б. сиякты тарихшы-коғамтанушылармен қатар Ә.Балқыбек (Шыңғысхан жайлы шындық неге біржақты бейнеленуге тиіс. «Қазақ эдебиеті», 25.05.2001; Шыңғыс хан - далалық тұлға. «Қазақ әдебиеті», 30.11.2021), Т.Ахметжан (Рухсыздық апатынан сақтандыру. «Қазақ әдебиеті», 15.06.2021), Х.Әдібаев («Қара күйе жақпайық, Отырарды сақтайық. «Қазақ әдебиеті», 14.12.2001; «Отырар ойраны» Шахановтың шайпауына көнетін шығарма емес. «Қазақ әдебиеті», 01.02.2022), Д.Досжанов (Отырарды біз қорғадық па, алдық па? «Жас қазақ үні»,                         15-17.07.2005), т.б. әдебиетшілер де кызу дауға кірісіп, пікірлерін білдіріп жатты. Пікіралысу барысында пікір екіге жарылды. Бір топ Шыңғысханды бұрынғыша «қанішер» қазаққа қатысы жоқ десе, екінші бір топ ол «ұлы» қайраткер, керек десеңіз, ол - қазақ деп, оның руына дейін таласып жатты. Өкінішке орай, осы бір дабырлы дау-дамайдың барысында екі Мұхтар -Шаханов пен Мағауин қарама-қарсы жақта калып. бір-бірімен ымырасыз айтысқа көшті.

Осы бір даулы мәселеге орай М.Шаханов «Құлдық сана формуласы, немесе Шыңғыс ханды пір тұтушылар әлегі» («Қазақ әдебиеті», 05.01.2022), «Шыңғысханшылар, немесе гуманистік бағыттағы және адамды мезі ететін ұзын сонар, сыңаржақ пікірлерге байланған үштаған-толғау» («Жалын», 2006, №5), «Шыңғыс хан төңірегіндегі пенделіктер» («Қазақ эдебиеті», 01.02.2022), т.б. мақалаларын жазып, Шыңғысханды даланың қатыгез, қанішер ханы десе, М.Мағауин «О дүниеден жеткен дабыл» («Жұлдыз», 2005, №7), «Отырарды «ҚТ»-дан қорғайық» («Қазақ әдебиеті», 01.07.2021), «Ешқашан бітіспейміз» («Жұлдыз», 2005, №12), т.б. деп, аттасының пікірлерін теріске шығарып, оны шығыстың ұлы қайраткері деп бағалады.

Шыңғысхан туралы пікіралысудың аяғы бір-бірін қаралаған, топ жинаған, қол жинаған дау-дамайға айналды. «Қазақ әдебиеті» (15.07.2021) газетінде М.Шаханов пен М.Мағауинды қолдаушылардың бірін-бірі қаралап, жоғарғы жаққа жазған ашық хаттары жарияланды. М.Шахановты қолдаған Қ.Қайсенов бастаған барлығы 15 адам қол қойған, Елбасы назарына жолданған хаты М.Мағауинның «рухани басбүзарлығына тоқтау қоюды» талап еткен.

Ал Ә.Нұршайықов, С.Мұратбеков, Қ.Ысқақов, Қ.Жұмәділов, О.Сәрсенбаев, Г.Бельгер, С.Қасқабасов, Ж.Ысмағүлов, Б.Мұқай, Б.Тоғысбаев, Ә.Сығай, А.Жақсыбаев, М.Қожахметова, Қ.Омаров, Н.Дәутайұлы, З.Тілеужанов  М.Мағауиннің пікірін қорғап, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е.М.Қосыбаевқа ашық хат жолдапты. Мұнда демократиялық қоғамға тән өзгеше пікір айтқандығы үшін М.Мағауинді қудаламауға шақырған.

Осындай бір дау-дамай Ә.Нұрпейісов пен Қ.Жұмәділовтің арасында туындады. Дау Қ.Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» кітабында және баспасөз беттерінде Әбдіжәміл жайлы айтқан кейбір пікірлерінен басталған. Өзін жағылған күйеден тазарту мақсатымен Ә.Нұрпейісов арнайы мақала жазып, онда қойылған кінәлардың теріс екендігін дәлелдеумен бірге Қабдештің өзінің де жетісіп тұрмағандығын айтып, енді оған тиісті (Қалай ойлайсыңдар, жазушы адамға жалған сөйлеу лайық па. «Жас алаш», 08.07.2021).

Бұған Қабдеш те қарап қалмады. «Қазына каржысын қашан қайтарасыз, Әбеке?» («Жас алаш», 13.07.2021) - депг карсы мақала жазды. Ол да есесін жібермеді; тілінің жеткенінше өзін ақтап, қарсыласының пенделік, шығармашылық болмысынан кемшіліктер іздсп, қазбалады. Қ.Жұмәділовтің мақаласына Ә.Нұрпейісов тағы да жауап жазды. («Жас алаш», 15.01.2022). Мұнымен де тынбай, іс аяғында сотқа кетті. Қабдеш тағы да «Ар-намысыңыз қанша тұрады?» («Қазақ әдебиеті», 10.06.2021) - деп, кекете сұрап, мақала жазды.

Сөйтіп, екі жылдай уақытқа созылған дау-дамайдың соңы сотпен аяқталды: Алматы қалалық соты Ә.Нұрпейісовтің пайдасына К.Жұмәділовтен 1000 000 (миллион) теңге өндірілсін деген шешім шығарды. Сот шешімі шыккан соң. Ә.Нұрпейісов тағы да «Шындықтың аты - шындық» («Ана тілі», 03.08.2021) атты көлемді мақаласын жазып, Қабдешті одан сайын тұқырта түсті. Қайта соттасқан екеуінің дауы Ә.Нұрпейісовтің 50 мың теңге, Қ.Жұмәділовтің 150 мың теңге берешек болуымен аяқталды («Жас алаш», 27.02.2022).

Қ.Жұмәділов Ә.Нұрпейісов екеуі әбден шатысып, соттасып жатқанда, Жәди Шәкенұлының «Халық жазушысы халыққа не деп ақталады?» («Ана тілі», 18.05.2022) атты мақаласы шықты. Мұнда Қ.Жұмәділовтің «Тағдыр», «Таңғажайып дүние» атты романдарындағы тарихта белгілі қайраткерлердің бұрмаланып берілді деп, қатал сынға алынды. Қабдеш те көп ұзатпай, жауабын берді (Аспанға тас лақтырма, төбеңе түседі. «Қазақ әдебиеті», 26.05.2021). Автор Жәди мақаласының рушылдық тұрғыдан қаскөйлікпен жазылғанын айта келіп. өзіне таңылған кінәларға нақтылы жауаптар берген.

Мәселе мұнымен бітпеді. «Ана тілі» (22.06.2021) газеті Жәдиді жақтап, Қабдешті қаралаған үш окырманның (Ш.Күнгейұлы, Д.Күнгейұлы. Әкемізді корлағанын кешіре алмаймыз; Қ.Әскерманұлы. Қабдеш те өзі даттаған сол халықтың ортасынан шықпады ма?; Ж.Оралхан. Өтірік өрге сүйрелемесе, шындық шырылдамас еді.) үн қосуын жариялады. Қабдештің өзінің шығармашылығының төңірегінде болып жатқан әртүрлі әңгімеге ағалық, араағайындық сөз айтқан Ә.Нұршайықовтың «Қабдеш және оның «достары» туралы сөз» («Әдебиет айдыны», 29.06.2021), С.Әсіпұлының «Жақсыға жаңсақтық жараспайды. «Ана тілі», 13.07.2021). Б.Нұржекеевтің «Қабдеш, қайда барасың?» («Жас алаш»), Қ.Ілиясүлының «Халық жазушысы және оған жабылған жала, жағылған күйе» («Алтын Орда»,01.09.2006), Е.Мергенбайұлының «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» («Алтын Орда», 24-30.11.2006), Б.Алдамжаровтың «Қабдештің кырық калталы қулығы немесе од президент Н.Ә.Назарбаевты қалайша қаралауға тырысты» («Ана тілі», 8-15.06.2006) мақалалары жарық көрді.

Ескерте кететін бір жәйт: осы бір келеңсіз дау-дамайдың барлығы дерлік Қ.Жұмәділовтін 70 жылдық мерейтойы карсаңында, тұсында өтті. Қазакстанның халық жазушысының шығармашылығы жайлы жылы сөздер айтылып, бағасын берудің орнына етегінен тартып, жазғандарының ішінен артық-кем кеткендерін іздестіріп, шу шығарып жатқаны көңілсіз ойларға жетелейді. Әдеби сынның негізгі мақсаты көркем шығармалардағы кемшіліктерді көрсету болса, оған ешкімнің таласы жок. Ал енді сынды жазушының жазғандарын емес. өзін сынауға, мұқатуға пайдаланса, бұл - пендешіліктің көрінісі.

Екі мыңыншы жылдардың әдеби сынында Ә.Нұрпейісов, М.Шаханов, М.Мағауин, Қ.Жұмәділов сияқты қабырғалы қаламгерлердің төңірегінде шығармашылықтан гөрі пендешілік сындардың көбірек болғандығы назар аударады. Тырнақ астынан кір іздегендей, олардың көркем туындыларынан кейбір кемшіліктерді тауып алып, тасты тасқа ұрып, айқайлатып, шу көтеріп, оның аяғын жазушының жеке басына тиісу үшін пайдалану сын мәдениетінің төмендігін көрсетсе керек. Сынаған дұрыс. Бірақ, қалай сынау керек? Мәселе осыған келіп тіреледі. Ол сыншы өресінің биіктігіне, азаматтық болмысына байланысты болса керек.

Ә.Нұрпейісов Қабдешті «соттап». енді тынышталды-ау дегенде, тағы да сын садағына ілінді. Кезінде «Қан мен тер» трилогиясы баспадан шығарда редакторы болған Байбота Қошым-Ноғай «Қан мен терге» төгілген арам тер» («Қазақ әдебиеті», 01.02.2022) атты көлемді макала жариялады. Онда кітапты редакциялау кезінде жазушымен жұмыс барысында орын алған түсінбестіктер, үштомдықтың тіліндегі түйткілдер әңгіме болған. Осы кітапты талапқа сай редакциялаймын деп, өзінің нақақтан жұмыстан шығып қалғанын тілге тиек еткен.

Байботаның мақаласы да үлкен дүрбелең туғызды. Қазақ түгілі, әлемдік оқырмандарға кеңінен танымал, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық М.Шолохов атындагы сыйлықтың лауреаты, стилист Ә.Нұрпейісовтің бас кітабының тіліндегі селкеуліктер жағынан сыналып жатуы кімнің де болмасын, назарын аудармай қоймады. Десек те мықтының аты мықты ғой; екі аптадан соң осы мақаланы жариялаған «Қазақ әдебиеті» (15.02.2022) газетінің бас редакторы Ұлықбек Есдәулетов Б.Қошым-Ноғайдын мақаласын жариялағаны үшін «Ұлылығыңыз ұлтымызға керек» деп, Ә.Нұрпейісовтің алдында кешірім сұрады. Газеттің осы санында С.Елубай «Әдебиет-ардың ісі» мақаласында «Жариялылық дегеніміз осылай жаға жыртуға айналғаны ма?» -деп, Байботаны Құлагерге шоқпар сілтеген Батырашқа теңеген. Б.Қошым-Ноғайды айыптаған, Ә.Нұрпейісовті жақтаған Т.Мансұровтың (Нұрпейісов менің қорғап-қолпаштауымды қажетсінбейді. «Қазақ әдебиеті», 15.02.2022), А.Арцишевскийдің (Нұрпейісовке тас лақтыру тағы да басталды. «Ана тілі», 20.03.2022), Д.Исабековтің («Қазақ   әдебиеті»   қазақ   әдебиетінің   кемеңгерін   кемсітпек   болыпты.    «Ана   тілі», 20.03.2022). В.Бадиковтің (Ұлттық мәдениеттің киесін қорлау. «Ана тілі», 20.02.2022), т.б. макалалар жарық көрді.

Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабына жазылған сын мақала ақыры оны жариялаған «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Ұ.Есдәулетовтің кешірім сұрауымен, ҚР Жазушылар Одағы секретариатының мәлімдеме жасауымен, белгілі бірнеше каламгердің наразылық білдіруімен аяқталғандай болған. Десек те осындай шаралар колданылғанына қарамастан, кейіннен бұл мақала орыс тіліне аударылып, «Дайджест.кz» газетінде жарық көрді…

Осы кездің әдеби сынында әдеби қауымды елең еткізген тағы бір оқиға болды. Жазушы Д.Досжанның «Жан тәтті» атты кітабында Мұхаммед пайғамбардың сүйікті жары Айшаны зинақорлық жасады деп суреттеуіне байланысты оған катты сындар айтылды. Қайрат Иса, Өтеген Махмұт, Қалиоллла Маджанов, Жабал Шойынбет, Қалдыбек Құрманәлі құраған топ «бұл - мұсылман әлеміне жабылған жала», сондықтан да бұл кітап, өртеліп, оның авторы Д.Досжан, оны «Жұлдызда» жариялаған, оның кітап болып басылуын мақұлдап рецензия жазған М.Мағауин, арнаулы редактор Т.Сәукетай барша мұсылмандардан баспасөз бетінде кешірім сұрауын талап етті («Қазақ әдебиеті», 29.09.2021).

Ғ.Қабышұлы да Дүкенбайды айыптап, оның өмірде де жасаған пендешіліктерінен бесеуін нақтылы айтып, оның жеке бас кемшіліктерін тізбеледі («Қазақ әдебиеті», 29.09.2021). Белгілі дінтанушы Мұртаза Бүлұтай да «Дүкенбай Досжан жазған нәрселер өте жиіркенішті нәрселер, өте ұятты нәрселер, адам ауызға ала алмайтын, көре алмайтын, көрсе оқи алмайтын, әрбір өзін иманды санайтын мұсылманның ар-намысына тиетін сөздер. Тарихты бұрмалаушылық» санап, «касиетсіз кітап жойылуға тиіс» («Президент және халық», 29.09.2021) - деді.

Осы шығарманы журналда жариялап, кітап болып басылуына оң пікір берген М.Мағауин бұл жағдай туралы «Дүкенбай Досжановтың абыройсыз «атақ-даңқы» дәуірлеп тұр… Фәнидегі қалған тіршілігі - азап, бақидағы барлык көрешегі - тозак болмақ» («Әдебиет айдыны», 05.10.2021) - деп, қатты кетті. Осы мазмұнда «Жас алаш», «Түркістан», «Заң», «Ана тілі», «Жас қазақ» газеттері де материалдар берді.

М.Мағауиннің осы мақаласына орай Қ.Құрманәлі карсы макала жазды. «Құрметті Мұхтар Мағауин көке!» - деп тіл қатқан Қалдыбек «Мұндай сорақы былыққа өзіңіздің қатысыңыздың жоқтығы жөнінде қысқаша ғана аныктама берудің орнына «Ғайбат пен былық» деп, көлдей мақала жазғанын, онда Дүкенбайды барынша балағаттағанын, халық  жауынша қарғап-сілегенін үлкен жазушының этикасына жат қылық санап, сынға алыпты. «Дүкенбай адам өлтірген жоқ, бар болғаны қателесті» (Ғайбат па, айбат па? «Қазақ әдебиеті», 13.10.2021) - ғой деп, Дүкенбайға араша түседі. Д.Досжановтың жеке басына соншалықты ауыр сөздер айтатын сіз кімсіз дегендей, оның өзінің де періште емес екендігін, былықтары толып жаткандығына мысалдар келтіреді.

Д.Досжанов өзі туралы айтылып жатқан сындарға жауап жазды. Ғ.Қабышұлының «Өтірікті жазу - өзіңді  өзін сыйламау»  («Қазақ әдебиеті»,  29.09.2021)  мақаласында айтылған айыптауларды негізінен теріске шығарып, нақтылы айғақтар ұсынады. Ал «Жан тәтті» кітабындағы пайғамбардың жары Айша анаға қатысты жазғанын өкініш санайды. Өзінің 49 жыл бойы әдебиетте еңбек жасап, 11 роман, 20-дан аса хикаят, 100-ге жуық әңгіме жазғанын, басты мақсаты - «адамнан жақсылық іздеу, кісіге жүрек шамының жарығын түсіре жүру… ұлтыма жан аямай қызмет ету!» болғанын айта келіп, «кейіпкерлерді көркемдеймін деп, кейде бояу қалыңдау, баз бірде солғындау жағылып кетуі мүмкін» - деп, өзіне тағылған кінәні мойындайды.

Дүкенбай «Алла жолындағы ораза ұстаған үмбеті ретінде өсек-ғайбат айтпасын деп тілге, әдепсіз нәрсені көрмесін деп көзге, ұятты сөзді естімесін деп құлаққа, теріс пиғылды ойламасын деп ойға, басы артық бояуға бармасын деп қаламыма ораза бұйырттым…

Шын мәнінде өкініштімін. Сол үшін тәуба-истиғфар етіп, Алла-Тағаладан мені ғафу етуін тілеймін!.. Сонымен катар, рухани кұқықтарына қол сұғылған пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің, Хазіреті Айша анамыздың, Хазіреті Сафуан сахабаның және де басқа сахабалардыц рухани тұлғаларының алдында кешірім тілеймін» (Дүние тіршілігі емтихан ғана. «Қазақ әдебиеті», 06.10.2021) - деді.

Осыдан бір апта өткен соң, Д.Досжанның тағы да бір кешірім хаты жарияланды. «Мұсылман қауымға ғарызда» («Қазақ әдебиеті». 13.10.2021) ол өзінің қателігін толық мойындайтынын айтып, бүкіл мұсылман қауымнан кешірім сұрайды. 6 пункттен тұратын Алла-Тағаладан кешірім сұраған хатта мынадай жолдар бар: «Хазіреті Айша анамызға жала жапқанымды мойындаймын»; «Аталмыш кітаптың жалаға толы беттерін түгел жойғызып, ҚМДБ-ның құзырына мәлімдеймін»; «Бұдан кейінгі өмірімде ислам дінінің құндылықтарымен салыспайтынымды, қалған ғұмырымды бүгінге дейін жіберген қателіктерімнің орнын толтыратын кайырлы да сауапты амалдар жасаумен өткізетінімді жария етемін!»

Баспасөз бетінде аяусыз сынға ұшыраған Д.Досжан осы мәселеге қатысты үшінші мақаласын - «Ғүмырымды сауапты амалдар жасаумен өткіземінді» («Қазақ әдебиеті», 20.10.2021) жазды. Мұнда да ол өзінің үлкен қателік жасағанын, оны мойындайтынын айта келіп, М.Мағауиннің өзіне телефондап, арада ымыра болғанын, сол келісім бойынша бар жауапкершілікті өз мойнына алғанын, бірақ кейіннен Мұхтардың уәдеде тұрмай, «Ғайбат пен былық» («Қазақ әдебиеті», 06.10.2021) мақаласын жазып, оны 6 бірдей газетте жариялағанын жұртшылыққа хабарлапты.

Осы мәселеғе орай республикалық «Қазақ әдебиеті»(13.10.2021), «Жас алаш» (12.10.2021) газеттерінде ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Ә.Дербісәлінің «Дүкенбай бауырымыздың қателігі өзгелерге ғибрат болса екен дейміз» атты үндеу хаты жарық көрді. Онда Д.Досжанның «Жан тәтті» кітабында Мүхаммед пайғамбардың жұбайы Айша анамызға білместікпен тұрпайы жала жапқаны, осыған байланысты кешірім сұрағаны айтыла келе, қазақ мұсылман қауымының арасына жік түспеуі үшін қаламгерді кешіріп,  дауға нүкте қоюға шақырды.

Бас мүфтидің төрелігінен кейін Д.Досжанға катысты дау-дамай басылғандай болды. Бірақ та рухани өмірдегі, оның ішінде әдебиеттегі ислам тақырыбы өрістей берді. Мысалы, Н.Нұртазина жазушы Д.Исабековтін «Діннің өзгеруі мүмкін, мәдениет өзгермесін» («50 де 50», 13.10.2021) деген пікіріне дау айтты («Қазақ әдебиеті», 20.10.2021). Ішінде Қ.Біләл, Ж.Шойынбет сияқты әдебиетшілер бар 12 адам қол қойып, Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғайдың «Тәңірі таразысы» кітабына кірген «Аруақ қашты біздерден» деген өлеңінде аллаға, ислам дініне қарсы айтылған пікірлерді сынап, жұртшылыққа жария етіпті («Қазақ әдебиеті», 20.10.2021).

2007-жылы қаңтар айының 25-і күні орыс тілінде шығатын «Свобода слова» газетінде Ербол Құрманбаевтың «Қарасай батыр - қазақтың Илья Муромеці» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада Карасай батыр деген өмірде болмаған, ол - аңыз, Қарасай батыр туралы аңыздын негізі 1993-жылы жарық көрген Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» кітабында қаланған деген пікір айтумен бірге Жамбылдың да үлкен ақын болғандығына күмән келтірді. Демократияға, сөз бостандығына арқа сүйей отырып жазылған мақалаға орай түрліше пікірлер бой көрсетті. Т.Аязбаев мұны «Жамбылға жабылған жала, яки «мен не деймін, домбырам не дейдінің» кері» («Қазақ әдебиеті», 09.03.2022) - деп бағалады. Төлеуханның мақаласына қарсы өз пікірін дәлелдеп, Е.Құрманбаев тағы да мақала жазды (Ұлылығы үшін кінәлі емес. «Қазақ әдебиеті», 14.04.2022).

Е.Құрманбаевтың Жамбыл туралы айтқан пікірімен келіспейтін Б.Әшірбаевтың «Жамбыл туралы ақиқат пен аңыз, немесе әркім өзінің ақыл-ойы жеткен жеріне дейін әділетті болады» («Қазақ әдебиеті», 13.04.2022) макқласы шықты.

Қазақстан Жазушылар Одағы поэзия кеңесінің мәжілісінде осы мәселе талқыланды. Жиында сөйлеген Ә.Қайырбеков, А.Әлім. Қ.Ілиясұлы, Ш.Сариев, Қ. Құныпия, С.Иманасов, Ғ.Жайлыбай, Р.Ниязбек, Ж.Аманұлы, О.Асқар, Т.Молдағалиев, К.Ахметова сөз сөйлеп, бірауыздан бұл макаланы қатаң айыптап, халқымыздың ұлы тұлғаларына неғізсіз тиіскен жосықсыз әрекет деп бағалады. Е.Құрманбаев осы жиында айтылған әр пікірге нақтылы жауаптар бере отырып, өз пікірін нығарлай түсетін тағы да бірсыпыра қосымша мағлұматтар ұсынды («Свобода слова», 29.03.2022).

Е.Құрманбаевтың пікірін колдаған С.Әсіптің (Недостаточный иск. «Свобода слова», 14.06.2021), Касинаның (За правдивого Джамбула. «Свобода слова», 14.06.2021). Я.Упоровтың (За правдивого Джамбула. «Свобода слова», 14.06.2021), А.Әлімқұловтың (Рассказ очевидца. «Свобода слова», 14.06.2021), М.Әленовтің (Лучше о предках спорить не в суде. «Свобода слова», 05.07.2021). т.б. макалалары, композитор Е.Брусиловскийдің «Нағыз Жамбыл 1936-жылдан басталады» деп пікір айткан ақын туралы естелігі (Брусиловский - О Джамбуле. «Свобода слова», 05.07.2021) жарық көрді.

Жамбыл туралы пікірталас бір мәмілеге келе алмай, акыр соңында сотқа кетті. Қарасай батыр мен Жамбыл ақынның ұрпақтары Ж.Жамбылов, А.Жамбылов. Қ.Әбдіқалықов мақала авторы журналист Ербол Құрманбаев пен оны жариялаған «Свобода слова» газетін сотқа беріп, келтірген «ауыр моральдық шығын» үшін 800 миллион теңге талап етті. Іс сотқа кетсе де жауапкер Е.Құрманбаев «бәрінен де шындық қымбат» деп,  өзінің жеңіп шығатындығына сенімділігін байқатқан мақалалар жазуын тоқтатпады (Джамбул святой? Но, истина дороже. «Свобода слова», 14.06.2021)…

2007-жылы аталып өткен казақтың біртуар жазушысы М.Әуезовтің 110 жылдығына байланысты, баспасөз бетінде бірсыпыра мақалалар жарияланып, ғылыми конференциялар өтті. Осы айтулы датаға орай Николай Анастасьевтің Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар» сериясымен «Мұхтар Әуезов» (2006) деген ғүмырнамалык кітабы жарық көріп, әдебиетсүйер қауымның жылы лебізіне ие болды. Ғалым Т.Жұртбай осы кітапқа байланысты көңілге кірбің ұялатар түйткіл ойын бүкпесіз жайып салыпты. Автор А.Анастасьевтің бұл еңбегінің шығуын «қуанышты іс» санай отырғанымен де «сол кітаптын 27 жерінде мазмұндалған, 13 жерінде жолма-жол тәржімаланған өз сөзімді көргенде де сабыр еттім. Ал ең соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімінен, не сілтемеден өз атымды көрмегенде, қорланып-ақ кеттім» (Жаңа төралқаға түйметағар, немесе сілтемесіз сілтемеңдер, ағайын! «Қазақ әдебиеті», 22.06.2021) - деген ренішін де жасырмапты. Тұрсын Қазақстан Жазушылар Одағында «Жазушының жеке басы мен авторлық хұқын қорғайтын комиссия құру» мәселесін көтереді.

Б.Серікбайұлы Қошым-Ноғай өзінің «Тіл ұшындағы тарих» атты еңбегін түкке алғысыз еткен Б.Тәжиевтің «Құмға түскен ізінде» («Жүлдыз», 2003,№10) айтылған пікірлермен келісе бермейтіндігін білдіріп, «Ақын жүрегін жаралау - оңайдың оңайы» («Жұлдыз», 2004,№4) атты мақаласын жариялады. Автор өзіне қойылған «Бәрі де бұрыннан таныс, ана кітап, мына мақаладан көшіріліп алынған» деген кінәға «Мен «Тіл ұшындағы тарих» атты кітабымда ештеңені де «ана кітап, мына мақаладан» көшіріп алған жоқпын» - деп, жауап берген және де осынысын дәлелдеп көрсетуге тырысқан.

Байботаның «Ал бұл кімнің батпағы» («Алтын Орда». 24-30.11.2006) мақаласы кезінде «Байботаның батпағы» деген сын мақала жазған Б.Алдамжаровқа жауап түрінде жазылған. Ол өзіне айтылған сындардың барлығын жоққа шығарып, Бегділданы жалақор деп айыптайды.

Осы сияқты Т.Бейісқұловтың «Сыпыра сынау ма, сес көрсету ме?» («Қазақ әдебиеті», 23.07.2021), Н.Шәкеевтің «Шындықтың бетін шимайлауға бола ма?» («Қазақ әдебиеті», 02.03.2022) тақырыбындағы қарсы мақалалары жарық көрді. Мұның алғашқысында А.Брагиннің «А король-то голый» («Сөз», 20.01.2022) атты мақаласында қазақ зиялылары, оның көрнекті өкілдері хақында айтқан пікірлерінен «ішін мысық тырнап жатқан кесірлі пиғылды. менмендік білгіштік сыңайды» байқап, қатты сынға алса, Н.Шәкеев жазушы Қ.Тоқмырзаұлының «Жазушылар Одағында тыныштық па?» («Қазақ әдебиеті», 22.12.2021) – деп, мазасыздық білдірген ойларына шүйілген.

Бұл кездегі әдеби сынның бір ерекшелігі сыналмаған, атына артық-кем сын айтылмаған белгілі каламгер қалмады десе де болғандай. Бұрынғыларды былай қойғанда, Ә.Нұрпейісовтен бастап, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Жүмәділовтердің барлығы да сынның ащы дәмін татып жатты. Өз жазушысын көтермелеу, өзгені тұқырта түсу сияқты келеңсіз   қүбылыстар   да   орын   алды.   Сондай   бір   келеңсіздік   Әбіш   Кекілбаевтың төңірегінде өрбіді.

Әсіресе, тарихи такырыптарға қатысты туындылары арқылы қазақ әдебиетінен өзіне тиесілі биік орнын алған Ә.Кекілбаевтьщ шығармашылығы хақында «Жас алаш» (29.1,3.2.2004), «Жұлдыз» (2003,№9). «Алтын Орда» (2004), т.б. басылымдарда қатты сыни пікірлер айтылды. Осыған орай Әбішті қолдап, сынағандарға қарсы дау айтқан М.Болатовтың «Кие мен күйе» («Үш киян», 11.03.2004; «Жұлдыз», 2004,№4), Д.Әріповтің «Орынсыз «сынға» орынды жауап» (08.04.2022) мақалалары жарық көрді. Бұларда қызды-қыздымен артықтау кеткен жерлері де болды. Екі автордың дара стильді суреткер ретінде атақ-даңқы жер дүнияға кеткен Ә.Кекілбаев, «Аты мәңгілікке кететін Әбіштей алып біздің корғауымызға зәру болмас!», «Әбіштің жазушылық құдіретіне көлеңке түсіргісі келгендерге құлаққағыс: бұрынғы-соңғы қазақтың өлеңінде - Абай! Жазушылығында -  Әбіш! Біріншілік осы екеуінде ғана!» деген сияқты көтеріңкі пікірлеріне қарсы Д.Нұрмұхамет «Кімнің «мәңгілік», кімнің әңгүдік екенін бір алла біледі» («Азат», 12.05.2022) деген мақала жазды.

Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде жарық көрген Қадыр Мырзалиевтің «Жазмыш» (А.,2001), «Иірім» (А.,2004) кітаптары окырмандар арасында әртүрлі пікірлер туғызды. Алдымен «Жас алаш» газетінде жариялана бастаған естеліктердегі қазақтың көрнекті қалам кайраткерлері, өнер иелері жайлы боямасыз, ащылау жазылған жағдайларды түсінгендер де, қабылдамағандар да болды. Осы газетте жарияланған Әлия Бейсенованың мақаласында «Иірімді» «елдің өсегіне сүйеніп жазылған», «ойға сыймайды» деп сыналды. Ал М.Мағауин «Өтірік қостым ішіне…», яғни, Қадыр Мырза Әли кейіптеген Ілияс Есенберлин» («Жұлдыз», 2004,№6) деген атпен көлемді мақала жазды.

Мұхтардың мақаласы хат түрінде жазылып, «Құрметті Қадыр!» деп, басталған. Автор «Жазмышты» «мұнда ешқандай жазмыш жоқ, арғы-бергі. әрқилы халық ортасынан шыққан жазармандар туралы деректі-дерексіз, өтірік-шынды, дүмбілез-күмәнді, өсек-аяңды, кайткенде де өзі де қалам ұстаған азаматтың тергіштеп жинақтауы колайсыз, әнтек, шетін жағдайлар жиынтығы ғана… Жалғыз-ақ қорытынды - бұрын-соңғы ақын, жазушы атаулы түгел азған, тозған жұрт екен-ау деген түңіліс емес, жиреніш қана» - деп, бағалаған. Әсіресе, «қазақ халқьның ұлттық рухының бірден-бір айқын көрінісі, әлемдік деңгейдегі әулие Абай есіміне көлеңке түсірмек былғаныш әрекетіңді калай бағалау керек?.. Өнері ғана емес, өмірі де мәңгілік үлгі, адамдық пен адалдықтан ғана жаралған, мінезі кесек, болмысы мінсіз ұлы Абайға соншама күйе жағып отырып, артың қуыс, «Жазмыш» деген дерексіз, жалғыз сөзбен құтылып кеткің келеді» - деп, Қадырдың Абай туралы «арағыңды да ішкен», «наша тартса, қайтіп кінә тағасың?» - дегенін «жалалы өтірік» санайды. Осындай жолдарды жазып отырған авторға «Сонда сенің осыншама имансыздығың да «жазмыш» па?» - деп, қатты кетеді.

«Иірім» туралы «Кітаптың жалпы құрылымы туралы айтар болсақ, мұнда не хронологиялық, не тақырыптык жүйе жоқ, әлденендей композициялық желі де байқалмайды, әйтеуір мыйдай араласып жатқан қойыртпақ» - деген.

Мұхтар «Иірімді» осылай бағалап алған соң, ондағы жәйттерді санамалап жатпай, бірден тек І.Есенберлин туралы айтқандарына шүйіледі. Ілияс туралы кітаптың 9 жерінде айтылғандарды түгелдей үзінді ретінде келтіре отырып, осыларда артық-кем санайтын тұстарын нақтылы дәлелдермен теріске шығарады. Қадырға «ең басты қателігің - Ілияс Есенберлин туралы айтылған мынау тоғыз бөлек әңгімең - түгел өтірік. Жай ғана емес, бықсыған өсек емес, көпе-көрнеу жала. Түгел ойдан шығарылған. Бұрмаланған,әсіреленген, теріп алынған емес, бастан-аяқ дүмше қиялдан туған қисынсыз өтірік» -дейді.

М.Мағауин Қадырдың І.Есенберлин туралы жазғандарына тым катал баға берген: «Ал енді, І.Есенберлин турасындағы мына, жеке өзіңе ғана тиесілі жазбаларың баяғыдан он,, жүз есе артық күнә. Адам алдындағы ғана емес, әдебиет алдындағы, қазақ халқының XX ғасырдағы рухани тарихы алдындағы. Сыпайылап айтқанда, елден ұят болды… Бүлінген істі түзеуге болады. Ол үшін басқасын көре жатарсың, дәл осы «естеліктің» Ілияс Есенберлинге катысты баптарын кері айналдырып, қайта жаз. Қайыра капсырып, жаңадан жазарда мынау қазақ деген халкыңнан, Ілекеңнің кім екенін білетін қаламгер қауымнан кешірім, ең бастысы - ардагер ақсақалдың өшпес рухынан кешу сұрап, жаздым-жаңылдым мақала шығар… Өйткені, сенің кітабыңда… бәрі былығып, бәрі былғанып жатыр!».

Өзіне айтылған ауыр айыптарға Қадырдың жауаптары «Әулие Есенберлиніңе адами Есенберлинімді айырбастағым келмейді» («Жас алаш»,19.08.2004) деген тақырыппен жарық көрді. Бірден аңғарылатын нәрсе: Қадыр өзіне тағылған кінәлардың бірде-бірін мойындамайды, сондықтан кешірім сұрамайды; өз пікірлерінде қалатындығын дәлелдейді. Тіпті М.Мағауиннің айтқандарын терістеп. оған қарсы «шабуылға» шыққан.

Қадыр да мақаласын «Құрметті Мұхтар!» - деп бастап, бірден «Сен маған өмір бойы өкпе артумен келесің. Қит етсең болды, себепсізден-себепсіз кінә тағасың» - деп, мәселеге тура кіріскен.

М.Мағауиннің қойған негізгі кінәсі І.Есенберлинге қатысты болса, Қадыр оған «Ілияс Есенберлин туралы менің пікірлерімнің қалыптасуына ақиқат қана себепкер. Өзің айткандай, мен ол кісіден ешқандай зиян көрген жоқпын. Бірақ солай екен деп, шындықты қалай айтпай, калай жазбай тұра аламыз?.. Замандас әріптестерімнің шынайы портретін жасау - негізгі мақсатым. Біржақты болмау, сыңаржақ болмау - принципім. Сөйте тұра көргенімді көрмеген болып, естігенімді естімеген болып, қалай жәдігөйлік істей аламын?! Қалай қабылдасам, солай суреттедім… Мен шындықтан жалтармайтын, сыннан қорқа қоймайтын қазақпын. Тек, дұрысын айт. Ал Сен бұрмалайсың» - дей келіп, «Менің Есенберлинге байланысты каламымнан шыккан әр сөз, әр сөйлем - жүз пайыз ақиқат. Тұнып тұрған шындық. Бұл үзінділердің растығына Құран ұстап тұрып ант-су іше аламын!» - деп, жауап берген. Бұл сөздердің шынайылығына сенгіңіз келеді. Сонда оқырман І.Есенберлин туралы айтылған Мұхтар мен Қадыр пікірлерінің кайсысын қабылдайды? Екеуі де мен ғана шындықты айтып отырмын деп„ айтқандарынан қайтпайды. Бұл жердегі шындық осы екі пікірдің арасында жатса керек. М.Мағауин І.Есенберлинді пір тұтса, Қ.Мырза-Әлі қарапайым, жұмыр басты пенденің бірі ретінде қабылдайды. Бұл турасында Қадыр «Ал, сен ол кісіні пайғамбар тұтады екенсің - тұт! Әулие көреді екенсің - көр! Солай жаз!.. Саған да, маған да өз Есенберлинімізбен калған дұрыс шығар. Сенің әулие Есенберлиніңе мен өзімнің адами Есенберлинімді айырбастағым келмейді» - депті.

М.Мағауиннің мақаласы бастан-аяк қатқыл тонмен, Қадырды «имансыз» атап, тұқыртумен жазылса, Қ.Мырза Әлі де «есесін» жібермейді. І.Есенберлинге катысты жауабын беріп алған соң, енді оның өзінің жеке басына тиіседі. «Жұлдыз» журналына редактор бола отырып, қазақ әдебиеті үшін ештеңе тындырған жоксың, «тапқаның -жалғыз Бекділда! Оның өзі жаңа дарын емес, «Жұлдыздың» босағасында жүрген әдеби бомж» - дейді.

«Жас алаштың» тұтас бір бетін алған «Қарсы мақаланың» жартысы М.Мағауиннің жеке бас кемшіліктерін қазбалауға арналған. Сөйтіп. сен біреуге акыл айтпақ түгілі, өз жөніңді жөндеп ал дегенді аңғартқан. Сөздің салмағын сезе білетін Қадыр да Мұхтар хақында айтқанда, аянып қалмаған; қызды-кыздымен кызыл тілді еркіне жіберіп, жіберіп алады: «Ал сен не істедің? …сен кара бастың камымен кеттің. Сенің негізгі творчествоң -жұртпен, өзің жек көретін адамдармен есеп айырысуға арналды.

Сенің журналың, өзің ұсақ-түйекті (рушылдықты, жүзшілдікті) қоздырғанша, ұлтқа қадау-қадау мәселелерді неге көтермейді?.. Айтайын дегенім, ұсақ-түйекті тергіштеп, өсектің отын көсегенше, қазаққа ортақ әңгімені неге айтпаймыз?.. Уақыттың бәрін ұзыннан - өш, қысқадан кек алуға жібергенше. журналыңды тірілтуді ойламайсың ба?.. Сен «Жұлдыз» журналын және өз қолындағы абырой-билікті сол жалпак табан техникаға айналдырып, асфальтты емес, әріптестеріңді таптадың. Өйткені, сенің қаупің - дарынды тұлғалар! Сенің ішің - өте тар. Біреудің табысына ағынан жарылып, бір қуанғаныңды көргем жоқ! Керісінше, жаксы нәрсе байқап калсаң, өртеніп кете жаздайсың!» Осы пікіріне дәлел ретінде М.Мағауиннің А.Сейдімбек, Қ.Салғарин, М.Шаханов сияқты қаламгерлердің шығармашылықтары хақында айткан сыни пікірлерін алға тартқан.

Қыза-қыза келе Қадыр тізгінді мүлдем еркіне жібереді; «Мұхтар! Сен болмысыңмен диктат жігітсің. Өте өзімшілсің! Мен - сөздің жақсы мағынасында кешірімпаз адаммын. Өз болмысыңа байланысты кесіп-пішесің, жұрттың бәрін менің көзіммен көріп, менің кұлағыммен естіп, менің акылыммен қорытынды жасасын деп, талап етесің. Сонда маған көз бен құлақты және ақылды Құдай не үшін берді? Екінші Мағауин болу үшін бе? Жоқ, бауырым! Екінші Мағауинді айтамыз, екінші Абай да болғым келмейді. Өйткені, екінші болу деген кайталау. көшірме болу деген сөз. Сондықтан не болса да, өзім боп қалғаным абзал».

Қашан да екпіні катты, мысы басып тұратын М.Мағауинді осылайша тұқыртып алған соң барып  «Әйтсе де бұл мәселеге үлкен кісілік, байсалды парасатпен қарайтын болсақ, біз екеуміз жағаласа кететін ештеңе жоқ… Алды-артымызға көз жүгіртіп, ойланайық. Ашу - дұшпан. ақыл - дос… Қай кезде сырласқың келсе, мен сол кезге дайынмын. Бір ғана тілегім - тырнақ астынан кір іздеп керегі не? …мен - сенің дұшпаның емеспін…  Артық кеткендері  болса,  өзіме қайыра сал.  Мен оларды ақылдың алауына лақтырып, өртеп жіберемін» - деп, өзін де, карсыласын да сабырға шақырып, арада болған іске өкініш білдіргендей күй танытады.

Қазақ әдебиетінің көшбасшыларының, аксакалдарының біріне айналған М.Мағауин мен Қ.Мырза Әлінің І.Есенберлин туралы пікірталасы туралы осылайша бірін-бірі мұқатуға, жеке басқа тиісушілікке дейін барып, дөрекілік сипат алды. Кемшіліксіз адам болмайды. Оны сынау да керек шығар. Әсіресе, не айтар екен деп, халық аузына қараған қалам кайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің кемшіліктерді ортаға салып, сынап жатса, мұның пайдадан басқа зияны жоқ. Бар мәселе - сол кемшіліктерді тігісін жатқызып, келістіріп айта білуде жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, біз әдейі тоқталыңқыраған Мұхтар мен Қадырдың пікірталастарында айтысу мәдениеті жетісіңкіремей, оңды-солды сілтенген сөзсойылдан екі жақтың да жанын жараланып жатқаны байкалады.

Қадырдың тағы бір айтыс мақаласы - «Арқа сүйер акиқатың болмаса, айтысып керегі не?» («Жас алаш», 10.07.2021). Бұл мақала Ғаббасқа хат түрінде жазылды. Мұның алдында Ғ.Қабышұлының «Әнуардын түбіне жеткен Ілияс емес» («Жас алаш», 18.03.2022) атты Қадырдың «Иірім» кітабына сын айтқан мақаласы жарық көрген болатын. Қадыр «Иірімдегі» пікірлерінен кайтпай, өз бағытын табандылықпен қорғап, дұрыс екендігін нақтылы деректермен дәлелдейді. Ол «Егер біреу-міреудің жағымсыз әрекеттері туралы бірер ауыз сөз айтсам, өзің ескерткендей, көргендерді айттым» - деп, С.Әшімбаевтың М.Мақатаев туралы жазған сын мақаласы, Ә.Әлімжанов пен І.Есенберлиннің бірі Жазушылар Одағының басшысы, екіншісі орынбасары болып тұрған кездеріндегі арасындағы қызметтік карым-қатынастары хақындағы өзі жазған жәйттерді тағы да нақтылай түскен.

«Өкінішке орай, «Иірімді» оқыған ағайындардың бәрі бірдей болмағанмен, біразы замандастарымның күнгей жақтарымен бірге көлеңкелі, күңгірт жактарын қоса суреттесем, дұрыс түсінгілері келмейді. Кейде тіпті жек көрудің нышаны деп қалатын да сияқты… Жоқ, ағайын, мүлдем олай емес. Акиқаттың алдында алдымен жауап бере алам. Бұл - тек объективті баяндау. Тарихтың екі басын тең ұстау…

Менің тек өзіме ғана берілген көз, тек өзіме ғана бұйырған құлақ және тек өзіме ғана лайық ақыл-парасатым бар. Сен неге олай етесің, сен неге олай көресің, сен неге олай ойлайсың деуге кімнің кандай хақы бар?! Мен өзім ұстанған позицияма сенемін, өз көзқарасыма берікпін. Біреулер қосылар, біреулер қосылмас, ол - оның шаруасы» - деп, осы кітапты жазу барысында ұстанған негізгі принциптерімен де таныстыра кеткен.

Қ.Мырза Әлінің әріптесін «құрметті», «құрдас» дегендей, «көпшік» қойып отырып, әзіл айтып отыруы да сәтті шыққан. «Сынау да, сыналу да - әдеби өмірде заңды құбылыс. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, мұндай майданнан ешбір қаламгер қашып құтыла алмайды» - дей отырып, Ғаббастың өзінің де қателіктері бар екенін Сағи Жиенбаев туралы жазған естеліктерінен мысалдар келтіріп айта кетуді артық көрмепті.

Осы мақаланың соңынан «Кұрметті Қабдеш мырзаға» хаты да қоса берілген. Мұнда «Сен менің Мұқағали туралы әңгімелеріме күдік келтіріпсің. Бекер» - дей отырып, бұған келіспейтіндігін білдіріпті. Кұрдасының мұны  сараң дегенін еске түсіріп, «мен канша мақтансам да қатардағы карапайым ғана сараңмын. Саған жету кайда! Сен суперсің!» - деп, мақтамен бауыздағандай, әңгіменің соңын әзілге айналдырып жіберген. Мақаланың соңындағы «Сенің қай-қай жағынан да алдыңа жан салмайтын сегіз қырлы, бір сырлы талантыңа таң қаламын» - деген сөйлемде де құрдастықты алға тартқан мысқыл, ащы әзіл жатыр.

Қ.Мырза Әлі «Жазмыш», «Иірім» кітаптарына қатысты сыни пікірлерге берген жауаптары арқылы айтыс мақаланың нағыз шебері ретінде керінді. Хат түрінде көркем тілмен келістіре жазылған мақалалар композициялық шебер құрылымымен, деректерді, дәлелдерді орынды қолдана білуімен, пікір дәйектілігімен, қажетті жерінде әжуа, мысқыл сияқты ирониялық, юморлық тәсілдерді оңтайлы қолдана білуімен де ерекшеленеді. Сол себепті де оқырманын жалықтырмай, жеңіл оқылып, өзіне тартып отырады.

«Иірімнің» дауы мұнымен бітпеді. Өмірдің ащы шындығының айтылуы, белгілі адамның пендешілік жағының қазбалануы, өзі көрген, араласқан жандар жайлы артық-кем айтылған объективті пікірлер осыған тікелей катысы барлардың карсылығын туғызуы да заңды болатын. Әсіресе, бірге жүрген замандасың туралы кара қылды қақ жарып, әділ пікір айту - қиынның қиыны. Автордын өзі жазып отырған замандасы жайында симпатиясын, не болмаса антипатиясын білдірмей, естелік жазуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан келгенде, өзі араласқан ағалары, замандастары жайлы есте қалғандарын, ойларын ортаға, көптің көзіне жайып салған Қадырдың кейбір пікірлері оқырмандар көңілінен шықпай жатса, оған таңдануға болмайды.

«Иірімге» дау айтқан кейіпкердің бірі жазушы С. Мұратбеков болды. Сайынның «Иірім» туралы жалпы бағасы - теріс: «Жалпы естелігің туралы пікірім оң емес еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің іргетасын калаған, халқымыздың тарихында айтулы іздерін қалдырған ұлы тұлғалармен қалай пікірлес, аралас-құралас болғаныңнан бастайсың да, әркайсысының іс-әрекеттеріне, жүріс-тұрысына, айтқан сөздеріне, тірліктеріне бүгінгі тұрғыңмен бірде бойың мен ойыңды олардан биіктете тұрып сөйлеп, бірде жымысқылана күліп, өзің білмеген, көрмеген өсекті көсіле әңгімелеп, жерлегендей етіп жазуың, әрине, қанша «жолдас» болсақ та маған мүлде ұнаған жоқ еді. Әсіресе, көзі жоқ адамдар туралы «олар солай еді» деп, олардың айтқан-айтпағаны мәлімсіз пікірлерін ортаға салуың, сөйтіп оларды ұрпақ алдында кемсітуің көңілге сыймайды. «Өлген адам туралы жаман айтуға болмайды, ал жақсы сөз айтқың келмесе үндемей-ақ қой» деген қағиданы ертеден-ақ ескерткен еді… Бәріміздің де қолымызда қаламымыз бар, бәріміз де ептеп жаза білеміз. Күні ертең өлгендерімізді өстіп мұқатып, кек қайтару үшін естелік жариялай бастасақ, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің күні не болады» (Әдебиет - конвейер емес. «Жас алаш», 20.01.2022). Кітапты осылай бағалай отырып, оның өзіне қатысты кезінде «Жазушы» баспасындағы басшылық қызметі жайлы жазғандарының шындыққа сай келмейтіндігіне түсініктемелер берген.

Екі мыңыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихына қатысты тың деректерді игеру жалғаса түсті. Араб тілін жетік меңгерген Ә.Дербісәлиев, парсы тілінде ана тіліндей сөйлейтін    И.Жеменей,   «кытай»    Д.Мәсімхан,    М.Оразбай    сынды    ғалымдар    қазақ әдебиеттану ғылымын тың деректермен байыта түсті. Қазақ әдебиетінің жат жұрттардың мұрағаттарында сақталынып қалған мұраларын іздеп тауып, оны ғылыми айналымға салу, сөйтіп ұлттың рухани казынасын байыта түсу үдерісі де қатар жүріп жатты. Десек те, жаңаның жолы - әрдайым тайғақ. Жаңаның бірден қабылданып кетуі - қиын құбылыс.

Кегменер ақын жөніндегі зерттеулер жаңалығымен бірге шу да туғызды. Алғаш Дүкен Мәсімханның «Сарай» (А.,2001) кітабына кірген «Көне Қытай жазбаларындағы түрік ақындары» (1996) атты зерттеу мақаласынан бастау алып, кейіннен өлеңдері «Екі мың жылдық дала жыры» (А.,2000) антологиясына, «Қазақ эдебиетінің қысқаша тарихына» (А., 2001) кірген Кегменер ақын жайлы С.Сұңғатайдың «Кан-Ман-Эр деген қандай ер?» («Қазақ әдебиеті», 22.02.2022) мақаласы жарық көрді. Осы жерде осы автордың тура осы мақаласы басқа атпен «Ақжол Қазақстан» (09.01.2022) газетінде жарық көргенін, кейіннен, бір жыл сегіз айдан соң өзгермеген калпы «Біздің «Қытайтанушылар» ғылымды неге былғайды? Немесе, қазақ әдебиеті тарихына еніп кеткен жалған ақын туралы бір ауыз сөз» такырыбымен «Қазақстан» (05.11.2021) газетінде тағы жарияланғанын айта кеткен жөн.

Мақала авторы осы акынды зерттеп, өлеңдерін қазақ тіліне аударып, насихаттап жүрген Дүкен Мәсімхан мен Мұхтархан Оразбайды айыптап, мұндай ақын өмірде болмаған деген пікір айтты. Оның ойынша, «Исі түркі тарихында Кегменер Үлгеұлы деген ақын болған емес. Бұл - кезінде жүңге елінде түбі түрік деп (шындығында, көне ұйғыр деп) қолдан жасалған ақын. Қытай ғалымдары саясат үшін ойлап тапкан. Осы өтіріктің антологияға еніп кетуі - сүйекке таңба».

Сағынтай Кан-Ман-Эрдің Қытайдағы «мәдениет төңкерісі» кезінде саяси мақсатпен қолдан қалай жасалғандығы жайлы өз нұсқасын ұсынған. «Бұл ақын Қытайдағы саяси науқанның таптырмас құралы болды. Ұлттардың «тарихи ынтымақтастығын» дәріптеу, шағын ұлттарды ассимиляцияға бейімдеу, советтік шовинизмге қарсы тұрудың қаруы болғандығын» алға тартты. Дей тұрғанымен де «Тарихқа жүгінсек, ерте және орта ғасырларда Қытайға коныс аударып барған, қытай тілінде шығарма жазған түркі ғұламалары мен ақындары көп болған» дегенді де ескерте кеткен.

С.Сұңғатай айтқан пікірлердің жаңсақтығын дәлелдеген Дүкен Мәсімханұлының «Кан-Ман-Эр» деген қарлұқ ақыны Кегменер» («Қазақ әдебиеті», 14.03.2022) атты қарсы мақаласы жарық көрді. Дүкен «Қысқасы бір ақиқат бар, ол - Кегменер атты түркі тайпасынан шыққан, шығармаларын қытай тілінде жазған ақын тарихта болған. Оған дәлел - оның артында қалған, бізге жетіп отырған өлеңдері» - екендігін шегелей айтқан. Ол Сағынтайдың Кегменер туралы жазғандарының негізсіз екендігіне өз деректерін ұсына отырып, «олай болса, онсыз да әр істе мың өлшеп, бір кесетін қытайларды бір жақтағы түркі халықтарына «ойдан ойдырып, ақын жасап берді» дегенді кандай кисынға сиғызамыз» - дейді. Сөйтіп әріптесінің пікірлерін ғылыми негізсіз, ойдан шығарылған, сын көтермейді деп, түгелімен теріске шығарған.

Мұхтархан Оразбайдың Қытайдың классик ақыны Ли Бао хақындағы мақаласының «Қазақ әдебиеті» газетінің 2007- жылғы 13-19 және 20-26 сәуірдегі нөмірлерінде жарық көруі оқырман ойын селт еткізіп, қоғамдық пікір туғызған елеулі окиға болды. Мұхтархан қытай ғалымдарының зерттеулеріне, ақынның өлеңдеріне сүйене отырып, батыл пікір айтады. Оның ойынша, Елдібай (Ли Бао) түрік текті ақын, ақынның туған жері -Қазакстан, ежелгі Шу қаласы, сондықтан да бұдан мың үш жүз жыл бұрын жасап, артына өшпес мұра калдырып, Қытай, одан қалды, әлем әдебиетінің классигі атанған Елдібайдың казаққа да қатысы бар, сол себепті де ұлы ақынның шығармаларын қазақ әдебиетінің тарихы ауқымында зерттеп, қазақ тіліне аударып, бүгінгі оқырманның рухани мұрасына айналдыру — перзенттік парызымыз.

М.Оразбай «Елібай - тарихта кытайша жыр жазған қазақ ақыны. Біздің ертедегі тарихи ұлы жерлестеріміздің бірі. Елі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің бойындағы Щуе қаласы деп айтылады…

Елібай - өз өмірінде тоғыз мың өлең жазған кұдіретті ақын… Қазіргі күнге ақынның жиырма бес томдық қытай тіліндегі жыр жинағы қолымызға тиіп отыр…

Елібай шамамен 701-жылы туылып, 762-жылы қайтыс болады «Қазақ әдебиеті», 13.04.2022) - дей келіп, оның ақындық болмысымен қазақ оқырманын алғаш рет таныстырды. Өлеңдерін талдай отырып, ондағы далалық, түркілік, қазақтық сарындарға назар аударады. Ақын поэзиясының негізі туған жерге, елге деген сағыныштан, адамзаттық асыл идеалдарды жырлаудан тұратындығын дәлелдейді. Сөйтіп, ерекше дарынымен, өлмес туындыларымен кытай әдебиетінің классигі. «жыр періштесі» атанған ақынды қазақ еліне алып келді.

Мұхтарханның осы макаласы «Егемен Қазақстан» (Қытайды қайран қалдырған қандасымыз Елібай ақын туралы не білеміз. «Егемен Қазақстан», 05.02.2022) газетінде де жарияланып, 2008 - жылы оның «Елімен кауышкан Елібай ақын» атты кітабына кірді. Осы кітапта Елібайдың (Ли-Бо) өлеңдері алғаш рет қазак тілінде сөйледі.

М.Оразбайдың мақаласын оқыған халық жазушысы Шерхан Мұртаза «көне заманда өмір сүріп, қытай классиктерінің қатарында жүрген қандас бабамыздың өлеңдерін өз ұрпақтары қазақша окыса, Құдай тілекті бергені емес пе? Білсін, әлем, қазақ тілінің ұлылары қайда жатқанын» («Егемен Қазақстан», 06.02.2022) - деген лебіз білдірді.

«Егемен Қазакстан» (07.10-11.04.2009) газетінде С.Абдрахмановтың «Жыр жүлдызы» атты көлемді зерттеу мақаласы шықты. Сауытбек Ли Бо мұрасының зерттелуі, оның әлемдік әдебиетте бағалануы, поэзиясының сыр сипаты жайлы айта келіп, «Мұндай тұлғаларды біз қазаққа атымен катысы болмаса білуге, бағалауға тиіспіз. …оның Олжас Сүлейменов сөзімен айтқанда, «Тағдырдың талайымен үұы Қытай ақынына айналған түркі жұртының перзенті» екенін дэлелдеуге бір қадам болса жасауға әрекет еттік» - депті.

Ө. Күмісбаев (Ұшпақка шыққан акын. «Егемен Қазақстан», 08.05.2022), С.Досанов (Еңбекті бағалау елдікке сын. «Егемен Қазақстан», 01.08.2021) Елібай жайлы жазылған зерттеулерді қолдай отырып, «Ұлыларымызды түгендеу ұлтты ұлылыққа бастайтын алтын баспалдақ болғай» дегендей тілектестік білдірді. Сенатор Ө.Бәйгелді де («Қазақстан», 02.04.2022) Елібайды зерттеуте кіріскенін мэлімдеді.

Осылайша қазақ еліне бет бұрған Елібайды қабылдағандар да болды. «Алты алаш» (03.07.2021) газеті «Қайдағы қазақ ол 701-762- жылдары өмір сүретін? …бас ақынымыз Қытайды таң калдырған екен деп, бүгінгі қазақтың арты жыртылуы керек пе?.. Бас ақының қытай болса, жетіскен екенсің, казағым» - деп, күмән келтірді.

Белгілі қытайтанушы, тарих ғылымының докторы Клара Хафизова «Қазір біздегі Ли Бай туралы айтылып жатқанның бәрі - көзбояушылық!.. Ли Бай казақ, не түрік болса, сірә да жақсы. Алайда оның хань екені тайға таңба басқандай анық кой» («Алаш айнасы», 16.09.2021)-деді.

Тарих ғылымының кандидаты Әлімғазы Дәулетханның «Қазақстан» (01.10.2021) газетінде «Пікірталас» айдарымен берілген «Тарих түйінін сізше тарқату күнә» деген тақырыппен жарияланған сенатор Өмірбек Бәйгелді мырзаға ашьгқ хаты отқа май құйып жібергендей болды. Әлімғазы Ө.Бәйгелдінің «Қазақстан» газетінің тілшісі Сәуле Қабанбайға берген сұхбатындағы Елібайға катысты айтқан пікірлерін түгелдей жоққа шығарады. «Құрметті Өмірбек Бәйгелді мырза» деп, сөз бастаған ол алдымен, «тарихи сауатыңыздың соншама шалалығы мен балаңдығына көзім жеткен соң», «сіз осы аралықта тіпті шектен шығып, өзіңіз шатасқаныңызбен қоймай, тарихи санасы мен білім-білігі жаңа ғана қалыптасып келе жаткан жас ұрпақ пен қарапайым қазақты да шатастыратын ақпараттық әуейілікке ұрынған үстіне ұрынып кеттіңіз» - деп, қатқыл үнмен әріптесінің мысын басып, содан кейін барып, өз ойларын дәлелдеуге кіріседі. Автор: «Қырғыздарға тиісіп нең бар еді?», «Абайды қойып, Абылайдан да безейін дедіңіз бе?», «Ех, Александр, Александр», «Қай кырғынды айтып отырсыз, сенатор мырза?», «Қиялдаудың да шегі болатын еді», «Ештен кеш жақсы» деген, ойланыңыз, сенатор мырза» деген тараушаларға бөліп, нақтылап айтыпты.

Ә.Дәулетхан түрлі тарихи деректерге сүйене отырып, «Ли Бай ақынды еш жерде де, уақытта да қытайлар өз халқының ұрпағы емес деп айтқан да, жазған да емес. Ал туылған жері туралы өткен ғасырдың екінші ширегінде, әсіресе, 60-70 жылдардағы коммунистік авантюра кұтырынған кезеңде партиялық әрі ұлы хандык шовинистік идеология қажеті үшін Орталық Азияға, Шу өңіріне қарай бейімдейтін зерттеусымақтар бой көтергені болмаса, Қытайдың Ли Бай зерттеушілері акын Таң патшалығына қарасты Шу өлкесінің Шаңмин өңіріндегі Шиңман кыстағының адамы, жанама аты Тай Бай, лақабы «Шиңлиандық кісі» деп жазудан еш жазылған емес» («Қазақстан», 01.10.2021) -дегеы корытынды жасайды.

«Ақиқат пен аңыз» («Қазақстан», 15.10.2021) мақаласында да Әлімғазы бұл мәселені кеңінен қопарды. Ол Д.Мәсімхан мен М.Оразбайдың Кан-Ман-Эрдан бастап, Ли Бай туралы да айтылып келе жатқан пікірлерінің негізсіз екендігін Қытай тарихының деректеріне сүйене отырып дәйектейді. Өзінің бұрынғы айтқандарын кеңейтіп, тереңдете түскен. Мұны «бос әурешілік, тіпті халықты арандатып, адастыруға бастайтын жат қылық»,«еліміздің тэуелсіздігі мен аумақтың тұтастығына қатер төндіретін, қазақ-қытай қарым-қатынасына сызат түсіретін әрекет» санайды. Ли Бай турасындағы «сенатор Өмірбек Бәйгелді мырза мен доктор Сауытбек Абдрахмановтың және Мұхтархан Оразбайдың айтқандары - құр далбаса» («Қазақстан», 15.10.2021) - дейді.

«Жас алаш» (03.12.2021) газетінің тілшісі Әмірхан Меңдекеге берген сұхбатында Ә.Дәулетхан бұл мэселені «Жалған тарих жасау - жалған ақша жасағанмен бірдей сорақы кылмыс» санады. Сұхбатқа редакция атынан жасалған қорытындыда «Естуімізше, М.Оразбайдың сөзіне сенген бір топ қазақ азаматтары Ли Бай ақынға Таразда ескерткіш орнатып, көп сериялы фильм түсірмек көрінеді. Көршілес елдерге, қала берді күллі әлемге масқара болмас үшін бұл дау-дамайға нүкте қоюымыз керек-ақ сияқты. Асқынбай, ушықпай тұрғанда!» - деген ескерту бар.

Елібай (Ли Бай) «мәселесін» көп жазған «Қазақстан» газеті болды. Басылым бетінде Ә.Дайырбаевтың «Либэй - қазақ емес!» («Қазақстан», 12.11.2021), Т.Омарбектің «Жалған ғалымның жетегінде кетпейік» («Қазақстан», 2009), И.Қошқаридың «Үй артында кісі бар» («Қазақстан», 21.01.2022), Б.Шыңғыстың «Жойқын шабуыл басталар» («Қазақстан», 08.10.2021), К.Жұмағұлдың «Шопан қой бағып, ғылыммен ғалым шұғылдану керек» («Қазақстан», 08.10.2021) мақалалары, К.Хафизованың «Біздің елде Қытайтанумен көбіне Қытайды білмейтін адамдар айналысады» («Қазақстан», 08.10.2021) сұхбаты, т.б. жарық көрді. Осы мәселеге орай «Абай.кz» интернет газеті Ли Байды қазақ әдебиетіне қатысы бар деген пікір білдірген М.Оразбай, Ө.Бәйгелді, С.Абдрахмановтарды айыптап, Ә.Дәулетханды қолдаған 22 адамның пікірлерін жариялады.

Осындай қарсылықтарға қарамастан Ли Байдың өлеңдерін қазақ оқырмандары оқи бастады. Алдымен Мұхтархан Оразбайдың «Елімен қауышқан Елібай ақын» (Алматы, 2008), сосын «Елібай. Ли Бай. Ли Бо» (Алматы, 2009) кітаптары жарық көрді. Бұларда М.Оразбай мен С.Абдрахмановтың Ли Бай туралы зерттеулерімен бірге ақынның казақ тіліне аударылған өлеңдері молынан берілді. Соңғы кітаптың таныстырылымында ақын туралы түсірілген кұжатты фильм көрсетілді. Сөйтіп кытай әдебиетінің, әлемдік әдебиеттің классигі Ли Бай түрік тектес ақын ретінде Елібай деген атпен қазақ тілінде сөйлеп, қазақ даласына қарай жол тартты. Оның тегі қытай ма, түркі ме - оны алдағы уақыттар анықтай жатар, белгілісі - қазақ оқырманы әлемдік әдебиеттің тағы бір өкілі Ли Бай - Елібай ақынның өлмес өлеңдерімен танысып, рухани сусындай бастады.

Екі мыңыншы жылдардағы елеулі бір пікірталас атақты Сегіз сері хақында болды. Ол жөнінде осы уақытқа дейін 252 мақала, 43 кітап жарық көріпті. Сегіз сері хақындағы зерттеулер 1970-жылдардан бастап көріне бастады. Осы кездерде серінің өмірбаянын, шығармашылығын зерттеген тарихшы И.Кенжалиевтің бірнеше мақалалары жарық көрді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Сегіз сері жайлы зерттеулер қанат жайып, түрліше пікірлер бой көрсетті. Сегіз сері туралы пікірталастың өрши түсуіне 18 жылдан соң И.Кенжәлиевтің бұрынғы айтқан пікірлерінен өзгеше - серінің өмірде болғанына, оның шығармашылығына күмән келтірген «Сегіз сері деғен кім?» атты мақаласының «Жалын» журналында жариялануы себеп болдвы. Сөйтіп 2006-жылы Сегіз сері туралы пікірталас бұрқ ете қалды.

И.Кенжалиевтің жаңа пікіріне алғаш дау айтқан Д.Кәпұлы болды. Дәулеткерей Сегіз сері жайлы жазылған зерттеулерді, түрлі деректерді алға тарта отырып, оның өмірде болғанына, өлмес туындылар туғызғанына күмән келтірмейді. «Сегіздің шығармашылық қыры  әлі  де  болса  айшықтала түсетініне  мен  имандай  сенемін»   («Қазақ  эдебиеті», 10.03.2022)-деп, үкілі үмітін алдан күтеді.

Осы кездерде Сегіз сері хақында Ш.Керім (Өкінішті әрекет. «Ана тілі», 05.04.2022), Т.Қараменде тегі (Сегі сері - халқымыздың ұлы тұлғасы. «Қазақ әдебиеті», 20.06.2021), Қ.Омаров (Серілерді жайпап, жырауларға ауыз салған қаскөйлік пе, жетесіздік пе? «Қазақ әдебиеті», 03.11.2006; Жалған ойға жармаскан топ. «Қазақ әдебиеті», 29.06.2021), Б.Кәртен (Сергелдең бітпейді. «Қазақ әдебиеті», 21.04.2006; Сегіз сері ертегісі. «Ана тілі»,                         07-08.12.2000; Тірегіміз - архивтік деректер мен нақты айғақтар. «Қазақ әдебиеті». 11.08.2021), А.Сатаев (Ізденіс іздері. «Қазақ әдебиеті», 11.08.2021), С.Қосан (Әдебиет -ардың ісі. «Ана тілі», 18.04.2002; Ғасыр жұмбағы. «Қазақ әдебиеті», 08,15,22.09.2006), Б.Нұржекеев (Қазақ тарихына билік айтатын Могильный мен Шостакович және соған қуанатын қазақтар туралы. «Жас алаш», 27.02.2007; Ғылыми мекеменің ғылыми үлгісі осы ма? «Әдебиет айдыны», 04.10.2021), А.Бегенов (Атамыздың жазығы не? «Қазақ әдебиеті», 29.06.2021), т.б. баспасөз бетінде Сегіз сері жайлы түрліше пікір білдіріп, айтысты қыздыра түсті.

Сегіз сері хақында «Асылында, Сегіз серінің айрықша өмірбаяны бар. ғажайып тағдырлы адам болғаны енді-енді айқындалып келеді» (А.Сатаев); «Түрлі ғылыми әдістемелер мен текстологиялық, типологиялыкқ салыстырулар нэтижесінде Сегіз сері Баһрамұлының көптеген шығармаларының жасанды туынды екеніне көз жеткізді» (С.Қосанов); «Айта кетелік, «Сегіз сері» деген кейіпкерді ойлап шығарып, ол турасындағы жалған деректерді алғаш жұртқа таратушылар - Қаратай Биғожин мен Сейітқали Қарамендин дегендер еді» (Б.Кәртен); «Демек, Б.Кәртен мен С.Қосанды рухани қазынамызға балта шаппақшы болып, зерттеушілерге күйе жағып, ар-намысына жала жапқаны үшін ҚР Қылмыстық Кодекспен сотқа беру керек. Әйтпесе, жүйелі сөзге олардың тоқтамайтыны анық» (Т.Қарамендетегі) деген мазмұнда ой өрбіп, пікір екіге жарылды. Пікірталастың ушыққаны соншалық – мәмілеге келмейтін қарама-қарсы екі топ пайда болып, бірінің үстінен бірі жоғары жақтарға арыздана бастады.

Сегіз сері жайындағы айтыста аса белсенділік танытып, бірнеше мақала жазған Бөрібай Кәртен осы мэселеге төрелік айтуды сұрап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бірғаным Сарықызы Әйтімова ханымға, Білім және ғылым саласындағы кадағалау, аттестациялау комитетінің төрағасына хат жолдады. Хатта «Соңғы жылдары қазақ тарихы бұрмаланып, ғылымда өрескел жағдаяттардың орын алып жүргені жасырын емес» - деп бастап, соның мысалы «Сегіз сері, яғни «Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы» деген жалған тұлғаға байланысты. Аталған кейіпкер тарихта болмаған. Бұны ойлап табушы әдебиетке де, тарихка да катысы жок Қаратай Биғожин деғен біреу» - дей келіп, «осы жан төзгісіз әдепсіз әрекетке, тарихты бұрмалап қиянат жасап жүргендерге тыйым салып, «Сегіз сері», яғни «Мұхаммед-Қанапия Баһрамұлы» деген күмәнді кейіпкер турасындағы даулы мәселенің түбегейлі шешіліп, нүктесі қойылуына ықпал етуін» сұраған («Жұлдыз», 2007, №3,901-бет).

Баспасөзде осы хатқа жауап жарияланды. Оған Білім және ғылым министрлігінің комитет  төрағасының   орынбасары   В.Могильный   қол   қойған.   Министрліктің   берген жауабында  негізінен   Б.Кәртенұлының  Сегіз  сері   хақындағы  пікірлері  қошталып,   5 пункттен тұратын қорытынды жасаған:

«1. Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың XIX ғасырда (1818-18 54) өмір сүрген тұлға екендігі әлі де дәлелдеуді кажет етеді.

2.     Сегіз серіні тарихи тұлға ретінде карастырып, жеке бір руға телу асығыстық.Ол- фольклорлық, немесе эпостык кейіпкер.

  1. «Гауһартас»,   «Ақерке»,   «Қарғаш»,   «Жылыой»,   «Тілеу-Қабақ»,   «Мақпал»,«Ғайни», «Илигай» сынды бірқатар халық әндерін, ақын-сазгер Б.Тәжібаевтың Ақбұлақ»әнін Сегіз сері шығарды деу орынсыз.
  2. «Қыз  Жібек»,   «Айман-Шолпан»,   «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»,  т.б.  эпостықжырларды Сегіз сері шығаруы мүмкін емес. Сегіз сері шығарды деген мәтіндер еш сын көтермегендіктен әдеби мұра ретінде жариялауға болмайды.

5.     ӘӨИ қолжазба қорына Қ.Биғожин мен М.Болатұлы өткізген Сегіз сері мұралары(766, 801, 853, 863-бумалар) негізінен алғанда, ешбір оқу бағдарламасынада,жоғары және орта оқу орындары студенттері мен мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарынада енгізу жарамсыз деп есептейміз («Қазақ әдебиеті», 02.02.2007; «Жұлдыз», 2007,№3,206-бет).

Осы жауаптың соңынан «Сіздің 2006-жылғы 8-желтоқсандағы ҚР Президентінің Әкімшілігіне жолдаған арызыңызды қарап, нәтижесі туралы өзіңізге жауап қайтару үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына жолдағанымызды хабарлаймыз» деген ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарламасы коса беріліпті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жауабы «Қазақ әдебиеті» (20.07.2021) газетінде «Тағы да Сегіз сері хақында» деген тақырыппен жарияланды. Оған институт құрған комиссия мүшелері филология ғылымының докторы, профессорлар Ж.Ысмағұлов (төраға), С.Дәуітов, филология ғылымының кандидаты Т.Әлібеков қол қойған. Комиссияның қорытындысы да министрліктің жауабымен сарындас: «Сегіз сері Баһрамүлы Шақшақов XIX ғасырда өмір сүрген адам дейді, бірақ артына мол мұра қалдырған тарихи тұлға екендігі әлі де ғылыми тұрғыдан дәлелдеуді қажет етеді. …Сегіз сері Баһрамұлына телініп жүрген шығармалар түпнұсқа болып саналмайды …фольклорлық шығармаларды С.Баһрамұлының мұрасы ретінде танығысы келетін мақалаларды ғылыми тұрғыдан негізсіз деп есептейді. Сол сияқты халықтың ән-күйлері санатындағы көптеген жәдігерлерді С.Баһрамұлына телу әрекеттері де негізсіз, ғылымға жат тұжырым болып саналады».

«Ана тілі» (01.02.2022) газеті «Айтысқан азар, тартысқан тозар» деген тақырыпта «Сегіз сері төңірегіндегі дау-дамайды доғаратын уақыт жетті» - деп жазды. Б.Кәртеннің Білім және ғылым министрлігіне төрелік айтуды сұрап жазған хаты, оған ресми берілген жауап «Қазақ әдебиеті» (02.02.2022) газетінде «Сегіз сері сергелдеңіне нүкте қойылды» деген ортақ тақырыппен шыққан еді. Бірақ, ңүкте қойылмады. Ресми органның ресми жауабынан кейін де Сегіз сері мәселесі күн тәртібінен түспеді. Көп ұзамай-ақ Б.Нұржекеұлының «Қазақ тарихына билік айтатын Могильный мен Шостакович және соған қуанатын қазақтар туралы» («Жас алаш», 27.02.2022) атты тақырыбынан-ақ көрініп тұрғандай, ресми жауапқа таласы бар, келіспейтіндігін білдірген, дау айтқан қарсы мақаласы шықты. Бексұлтанның уәждері төмендегіше: «Сегіз серіге катысты менің де өз пікірім болғандықтан, Могильныйдың бұл айтысқа калайша нүкте қоя білгендігіне бірден қайран қалдым. Байқағаным: оның жауабы түгелдей дерлік ғылыми дәлелді емес…

Менің білуімше, «көркемділік құндылығы төмен» шығармалар Сегіз серінің өмірде болмағанына дәлел бола алмайды.

Мұның бәрін (Сегіз сері туралы жазылған пікірлерді.Д.Ы.) Могильный оқыды ма, жоқ па, ол жағын білмеймін, алайда осының өзі де Сегіз серіні Могильный айтып отырғандай, «тарихи тұлға ретінде карастырып, жеке бір руға телу асығыстық» емес екенін дәлелдейді. Және оның Могильный айтып отырғандай, жеке рудың ғана адамы емес, жалпы қазақтың мақтанышы болуға ылайық перзент екенін айғактайды. Меніңше, Сегіз серіні жақтаушылар оны белгілі бір руға теліп жүрген жоқ, қайта оған қарсылар рудың намысы мен жоғын жоқтап жүр. Ал Сегіз сері - рулық деңгейден әлдеқайда және әлдеқашан биікке көтеріліп кеткен тұлға…

Сонда деймін-ау, бұл казақ Жаяу Мұсаға, Біржанға, Сәбитке, Ғабитке, Нұржан Наушабаевқа, Әлікейге сенбей, Могильныйға неге сенуі керек. Кезінде патша өкіметі қудалаған Сегіз серіні енді неге Могильныйға қудалатуға тиіспіз?..

Тіпті орыс Могильный тұрмақ, қазақ Әйтімова да Сегіз серінің тағдырына нүкте коюы мүмкін емес. Өйткені, ол - қазақ халкының ғажап ұлының бірі, біздің бэріміздің ортақ асылымыз, халыктық казынамыз» («Жас алаш», 27.02.2022).

Бексұлтан мақаласында «Мен Могильныйды түсінсем де Могильныйдың солай жазғанына қуана кеткен «Ана тілі» мен «Қазақ әдебиетіндегі» казақ бауырларымды түсіне алмадым» десе, «Қазақ әдебиеті» (23.06.2021) өзінің бағытын аңдатып, тура осыған жауап бергендей «Иә, қыңыр комиссияның кисынсыз «үкімінен» кейін оған наразылық білдірген хаттар бізге көптеп келді. Шындықты жоққа шығаруға тырысушылардың әрекеттерін айыптаған хаттар… Сегіз серідей тарихи тұлғаның аруағын сыйлау - исі қазақтың парызы. Шындыққа қарсы шабу, кұйтырқы алыпқашты сөз, өсек-аяң тарату, әдейі өтірік долбар жасау мына ақиқат әңгімелерден кейін тәмам болсын дейміз» - деп, Сегіз серінің шөбересі Амантай Бегенов пен Қосыл Омаровқа сөз беріпті.

А.Бегенов «В.Могильный дегеннің қолымен шығарылған «қорытынды тұжырым» қазақ әдебиетінен хабары барларға күлкі болса да, бізді күйіндіреді» - дей келіп, оның өмірде болғанын, шын аты Мұхамед-Қанафия екенін, кейін Сегіз сері атанып кеткенін, артында жеті ұл, бір кыз қалғанын, үлкен ұлы Мұстафа Кенесарының інісі Наурызбайдың кызы Меңсұлуға үйленіп, одан әкесі Беген туылғанын, өзінің шөбере болып келетіндігін баяндаған.

«Соңғы жылдары Б.Кәртен, С.Қосан, Ш.Керім, И.Кенжәлиев… бар, бір топ халыққа кең тараған «Елім-ай» жырының авторы Қожаберген жыраудың, оның шөбересі Сегіз серінің (Мұхамед-Қанафия) аруағына қайта-қайта шүйлігіп, екеуін тарихтан сызып тастауға арпалысуда. Оңды-солды жазып жүрген мақалаларында Қожабергеннің «Елім-айды» жазғанына күмәнданады, Сегіз серіні ауыз әдебиетінің кейіпкері, ол шығарды деген өлең-жырлардың авторы Қаратай Биғожин» («Қазақ әдебиеті», 29.06.2021) - дей келіп, Қосыл Омаров олай емес екендігін нақтылы мысалдармен дәлелдейді. Автор «аруақтың сауда затына айналғанын» батыл айыптайды.

Сегіз серіге катысты ҚР Білім жэне ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кұрылған комиссияның (Ж.Ысмағұлов-төраға, С.Дәуітов, Т.Әлібеков-мүшелері) шешімдерінің шығуына байланысты Б.Нұржекеұлының «Ғылыми мекеменің ғылыми үлгісі осы ма?» деген көлемді мақаласы («Әдебиет айдыны», 04.10.2021) жарияланды. Автор «Енді мына комиссияның Сегіз серіні қалай талқандамақ болғанына токталайық» - деп, ондағы эрбір түжырым мен дәлелдерді жоққа шығарып, пікір таластырады. Үш ғалымнан тұратын тексеру комиссиясының қорытындыларын терістеп, «Бұл комиссия мемлекеттің мүддесін қорғай ма, ғылымның ба, шындықтың ба, әлде әдекімдердің бе - не үшін, немесе кім үшін шырылдап жүргенін түсіне алмадым» -деп, жалпы жұмысына сенімсіздік танытады.

Осы мәселеге қатысты өзінің азаматтық ұстанымы «Ғылымның табиғаты-жойымпаздық емес, жасампаздық. Барымызды бағалап, жоғымызды үнемі іздеп тауып отырмасақ, мәдени жағынан да, рухани жағынан да жұтай береміз. Онымыз өткен бабалардың алдында да, келер болашақтың алдында да өзімізге ұят» - екендігін ой тұжырымы ретінде ұсыныпты.

Екі мыңыншы жылдардың әдеби өмірінде әдеби айтыстардың туындауына қоғамда демократияландыру бағытында жүріп жатқан өзгерістер, жаңарулар тікелей әсер етті. Сын қоғамдық дамудың бірден-бір шарты десек, осы кездердің әдеби өмірінде орын алған әдебиеттің бүгінгісіне, кешегісіне қатысты туындаған пікіралысулар кейбір кемшіліктеріне қарамастан рухани өміріміздің жетіле, ширай түсуіне айтарлыктай септігін тигізгені анық.

Жаңаның өмірге жол тартуы қашанда ауыр, оның үстіне кемшіліксіз де болмайды. Сол сияқты жаңа ғасыр көгіндегі қазақ әдеби сынындағы қызу пікіралысулар барысында пікір айтудың орнына сынампаздыкка ұрынған, көркем шығарманы сынаудың орнына оның авторының жеке басына тиіскен, қыза-қыза келе есе кайтарысып, соттасуға дейін барған жағдайлардың да көрініс табуы бір жағынан, әдеби өмірге жаңа бір лептің, өзгерістің келгенін, екінші жағынан, әдебиеттің де күрделене түсіп, оны түсіне білудің өзі де қиындай түскенін байқатты. Оның үстіне демократиялық коғамда плюрализм, яғни әртүрлі пікірлердің болуы заңдылық болса, сол көп пікірліліктің қазақ әдеби сынында да орныға бастағанын аңғартты. Сонымен бірге мұндай келеңсіз құбылыстардың көрініс табуы әдеби өмірде сөз бостандығын пайдалану ісінде сыншылық мәдениеттің жетіспей, яғни, менікі ғана дұрыс деп, өзге пікірлердің де өмір сүруге хұқы бар екендігін мойындамай,    кеуде    қақкан    пендешілік    пиғылға    беріліп    кетудің    қалмай    келе жатқандығынан да болса керек.

Қалай десек те: осы кездерде әдебиеттің түрлі салаларында жүріп жатқан әдеби айтыстардың әдеби өмірді жандандырып, жаппай жаһандану үдерісі жүріп жатқан заманда ұлттық әдебиетіміздің дұрыс бағытта, тура жолда дамуына, әдеби ой-пікірлердің жетіле түсуіне айтарлықтай септігін тигізері анық. Мұндайда дана қазақ «көре-көре көсем боларсың», «қорқа-қорқа батыр боларсың», тағы да «көш жүре түзеледі» деген.




One thought on “ӘДЕБИ АЙТЫСТАР, ДАУ-ДАМАЙЛАР

  1. Дәуір

    Тынысы кең мақала екен. Бұған қосарым: 1. Қадыр Мырзалиевтың “Иірім” жинағында қажетсіз әңгімелер бар.Ғалым Әлия апайдың ренжуі орынды. Марқұмдардың от басы, ошақ қасындағы кейбір мінез-қылықтарын жалпақ жұртқа жария ету Қадырға абырой әкелмегені анық. Ғабит- Күләш “оқиғасы” туралы “жаңалығы”, Мұқағалиды Сағаттың сыны өлтірді, Сабырхан қырсыз еді,т.б. сөздері мүлде қисынсыз,өсекке жуық болды. 2.Дүкенбайдың Ғаббас сынын теріске шығаруға тырысқаны - кәдімгі бетсіздік. Ғаббас болса, өзіне ешқашан “әй-шәй” деспеген Дүкенбайдың жаманшылық жасағанын Дүкенбайдың арына тапсыра тура өзіне айтты ғой? Жалпы Дүкенбайда сыдыртып жаза беру көп болды. Оның Абай туралы кітабын оқыған Ищағы апай - Абай шөбересі - қатты ренжіп: “Мына кітапта өтірік көп! Ұялмай қалайша жаза берген?!” деді. “Соны жазсаңызшы!” дегеніме: “Мен жаза алмаймын, егер журналист келіп әңгімелессе, бәрін айтып берер едім” деді. Мен ол тілегін “Қазақ әдебиеті” гәзетіне хатпен жолдап, Ищағы апайдың телефонын жазып, тілшісін жіберуді өтіндім,бірақ аяқсыз қалды.

Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir