Іздеу
Маусым 1, 2016
  • :
  • :

ТҮРКІЛЕР ТҮП БІРЛІККЕ ТҮРЕН САЛДЫ

Өткен аптада Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің  (Түркі кеңесі) I Саммиті болып өтті. Төрт Республиканың Президенттері бас қосқан жиын соңында «Алматы декларациясына» қол қойылып, түбі бір түркі елдері арасында виза алу ісін жеңілдету, кәсіпкерлерге  түркітілдес мемлекеттер арасында қолайлы жұмыс істеу тағы да басқа күрмеуі көп ең өзекті мәселелер сөз болды.

Түркі кеңесін құру туралы шешім 2009 жылғы 3 қазанда Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Нахчыван сам-митінің қорытындысы негізінде қабылданғаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда Түркі Кеңесіне төрт мемлекет – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болып келеді. Аталған саммиттен бір күн бұрын 4 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері «Анкара» қонақүйінде бас қосып, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін I Саммитке қатысты соңғы дайындық жұмыстарын пысықтады. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов алдымен Түрік Республикасының оңтүстік–шығысындағы лаңкестік әрекет құрбандарына байланыс-ты Түркия үкіметі мен түрік халқына, қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына Қазақстан жұртының атынан көңіл айтты.

— Орны толмас қасіретті бауырлас түрік халқымен бөлісе отырып, терроризмге қарсы түркі халықтарының бірлескен әрі табанды күресін одан әрі жандандыру қажет деп санаймыз, — деді ҚР Сыртқы істер министрі. Сонымен қатар ол: «Түркі кеңесі қандай да болсын үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын, біздің елдеріміз өкілдік ететін Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаттарын, халықаралық құқық нормаларын, сондай–ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдар шең-берінде қабылданған міндеттемелерін толық қолдайтындығын да атап өту маңызды», — деді Ержан Қазыханов. Ал Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Халиль Акынжы: «Анкарада өткен дайындық кездесуден кейін міне, бүгін Алматыда I Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесінің жиыны өтті. Жаңа құрылымның негізін қалаған құжатқа ұлттық Іскерлік ұйымдарының басшылары қол қойды. Осы айтылған кездесулер арқылы біздер мемлекет басшыларының тапсырмасын орындаудамыз. Мемлекет басшылары Алматы Саммитін «Экономикалық ынтымақтастық» тақырыбында өткізуді шешкен болатын. Бішкекте өтетін келесі Саммиттің тақырыбы «Білім, ғылым және мәдениет сала-сындағы ынтымақтастық», — деді.

Келесі күні Алматыда тұсауын кесіп, алғаш рет өткізіліп отырған саммит жұмысына төраға ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жүргізіп отырды. Біздің мемлекетпен қатар алқалы жиынға кеңеске мүше елдердің басшылары Әзірбайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Түркия Республикасы премьер–министрінің орынбасары Бекир Боздағ қатысты. Ал Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары белгісіз себептермен саммитке келмеді. Алқалы жиынды ашқан Елбасы Н.Назарбаев ең алдымен, кеңес мүшелері атынан Түркияның оңтүстік – шығысындағы лаңкестік әрекет құрбандарына байланысты Түркия үкіметі мен түрік халқына, қаза тапқан азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз әлемдік дағдарыс

дауылына қарсы тұруға бағытталған ортақ әрекеттердің тиімді тетіктерін қалыптастыру жайын талқыладық

Қазақстан үшін Түркі кеңесінің тұңғыш төрағасы болу — өте үлкен мәртебе. Кеңестің басты мақсаты — елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық, білім және ғылыми-техникалық өзара ықпалдастықты жаңа әрі серпінді деңгейге көтеру. Түркі кеңесі — кез келген түркітілдес мемлекеттің мүше болуына ашық түркітілдес елдердің бірлестігі. Түркі кеңесі – қандай да бір үшінші елдің мүддесіне қарсы бағытталмаған бірлестік. Біз әлемдік дағдарыс дауылына қарсы тұруға бағытталған ортақ әрекеттердің тиімді тетіктерін қалыптастыру жайын талқыладық. Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық көпжақты байланыстарды дамыту жолдарын қарастырдық. Елдеріміздің транзиттік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану жолдарын айқындадық. Мақсат – туыс түркі әлемінің әлеуетін арттырып, оның орнықты дамуына мүмкіндік жасау. Біз бауырлас елдерді жақындастыру үшін мәдени-гуманитарлық өзара байланыстарды тереңдетуге уағдаластық. Кеңестің толыққанды халықаралық құрылым ретінде қалыптасып кетуіне барлығымыз да мүдделіміз. Бұл үрдіске өзге түркітілдес елдер де, атап айтқанда, өзбек пен түркімен бауырларымыз да, біраздан кейін қосылады деген үмітіміз бар. Қазіргі кезге дейін түркітілдес елдер арасында инновация мәселесінде еш нәрсе жасаған жоқпыз, ешқандай қарым–қатынасымыз да жоқ. Біз бір-бірімізге көмектесіп, екі жақты қарым-қатынастарды, сауда-саттықты нарық жүйесіне сай нығайтуымыз керек. Қазір дүние жүзінде елдің бәрі дағдарыстың екінші толқыны келе жатыр деп болжам жасауда. Осыған байланыс-ты түркітілдес мемлекеттердің ішінде қандай талдау бар? Не істеуіміз керек бірігіп? Қандай қорлар құруымыз керек? Әзірбайжан тарапы көлік жүйесі жөнінде нақты мәселелер айтты. Біз оны іске қосуымыз керек. Тауарлар Еуропаға кетіп жатыр, енді өз ішімізге бұрмасақ, ол жолдармен не тасимыз? Біз Қазақстанда құрылған Түрік академиясы, ақсақалдар алқасы, мәдени қарым – қатынастарымыз бар дейміз. Осының бәрі дұрыс. Бірақ түркітілдес елдер үшін инновацияға, экономикалық қарым-қатынасқа шын мәнінде көңіл бөлетін кез жетті.

«Бұл басқосу бұрынғыдан өзгерек» демекші, саммит барысында Нұрсұлтан Әбішұлы негізгі үш мәселені қадап тұрып айтты. Біріншісі – түркі әлеміне ортақ рухани, тарихи тұлғаларымызды бірлесіп дәріптеу, ортақ әдеби, мәдени кеңістік құрып, ортақ ғылыми зерттеулер мен альманахтар шығару. Екіншісі – ортақ экономикалық сауда – cаттық саласын дамытып, кеңеске мүше елдер арасындағы тауар айналымы көрсеткішін арттырып, инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Үшіншісі – бүгінгі әлемнің бас ауруына айналған діни-экстремистік, лаңкестік топтармен күресте күш біріктіріп, өзге де мемлекеттердің жаппай қырып-жою қаруларынан бас тартуына қол жеткізу. Саммит барысында тараптар халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді талқылап, түркітілдес мемлекеттерге ортақ сау-да-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту жолдарын қа-растырды. Осының алдында ғана 12 қазан күні түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, жандандыру мақсатында экономика саласындағы министрлік өкілдерінің отырысы Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтың төрағалығымен өткен болатын. Енді саммит нәтижесі бойынша кеңеске мүше елдердің іскер топтарының кеңесі құрылып, төрт бірдей тарап жаңа қабылданған Алматы декларациясы бойынша бірлесіп жұмыс жасамақ. Жиын соңында Түркітілдес мемлекеттердің ынты-мақтастық кеңесі бірінші саммитінің Декларациясы қабылданды. «Алматы декларациясы» деген тарихи атауға ие болған құжатқа қол қойған төрт тарап бұдан былай әр саладағы іс-әрекет жоспарларын бірлесіп жүзеге асыратын болып келісті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Түбі бір туыс елдерді

бір-біріне жақындастыра түсу үшін атқарылар іс-шаралар әлде де ұшан-теңіз

Бүгінгі саммит түркі кеңесінің мәртебесін қалыптастыру жолындағы ортақ әрекетіміздің нығая түсетіндігі анық. Былтыр Түркиядағы Саммитте бекітілген түркі кеңесінің Бас Хатшылығы Стамбұлда жұмыс істей бастады. Кеңестің тиімді қызмет атқаруының құқықтық негізін қалайтын құрылтай құжаттар бекітілді. Сонымен қатар, түркі кеңесі хатшылығының қызметіне бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Менің ұсынысыммен құрылған түрік парламентаралық және ақсақалдар кеңесі ынтымақтастығы қо-мақты үлес қосуда. Жаңадан ашылған түрік академиясы тамырлас тарихымызды зерделеп, ортақ мәдениетімізді дамытуға күш салуда. Мен түркітанудың өркендеуіне баршаны осы академияның жұмысына белсенді араласуға шақырамын. Түркі дүниесі кең байтақ, Еуразия аумағындағы 40-тан астам ұлт пенен ұлыстың басын біріктіреді. Халқының саны 2 миллионға жуықтай түркілер адамзат тарихына ерекше үлес қосқаны белгілі. Даңқты бабаларымыздың әлемдік сәулет өнерінде, поэзия мен ғылымда өшпес із қалдырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан түбі бір туыс елдерді бір-біріне жақындастыра түсу үшін атқарылар іс-шаралар әлде де ұшан–теңіз. Түркі әлемінде-гі кесек туындыларының онтологиясын құрастыру, ортақ альманах шығару қажет. Тарихта із қалдырған әйгілі тұлғаларды бір–бірімізге таныту үшін кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруымыз қажет. Жас-тар арасында спорт ойындары мен театр фестивальдарын жиі ұйымдастырған жөн деп санаймын.

Бас-аяғы 49 баптан тұратын Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі I Саммитінің «Алматы декларациясы» мынадай маңызды мәселелерді қарастырды:

Экономикалық мәселелер:

— Теңдік пен өзара тиімділік қағидат-тарына негізделген сауда және экономика салаларындағы қарым–қатынасты дамытуға және өнеркәсіп, ауыл шаруа-шылығы, көлік, коммуникация, су және энергетика мәселелерін, балама энергетика және туризмді қоса алғанда, барлық салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

— Өзара тиімді экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында мүше мемлекеттер арасында инвестиция ахуалын жақсартудың маңыздылығын жақсарту.

— 2011 жылғы 13 қазанда Астанада өткен экономикаға жауапты министрлердің 1-оты-рысы барысында қабылданған шешімдерге толық қолдау көрсетті, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс топтарын құру туралы шешімді, экономиканы диверсификациялау-ды шараларын, көлік тасымалдауды дамыту, кәсіпкерлікті экономикалық қатынастардың негізі ретінде қоштады және министрлерге келесі мемлекет басшыларының отырысына қол жеткізген жетістіктер туралы баяндауға нұсқау берді.

— Инвесторларға кері әсерін тигізетін жылжымайтын мүлік сатып алу тосқауылдарын жою үшін жылжымайтын мүлік сатып алу жөніндегі заңнаманы үйлестіру жолындағы күш-жігерлерді атап өтті.

— Сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді дамыту мақсатында, атап айтқанда, кәсіпкер-лерге виза және жұмыс істеуге рұқсат беруді жеңілдетуге күш жұмылдыруға келісті.

Халықаралық жобалар:

— Каспий өңіріндегі энергетика ресурстарының Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамта-масыз етудегі арта түскен ролін атап өте оты-рып, Баку – Тбилиси – Жейхан стратегиялық мұнай құбыры және Баку-Тбилиси – Ерзурум табиғи газ құбырларының тек әлемдік энергетика қауіпсіздігіне үлес қосып қана қоймай, сонымен бірге өңір мемлекеттеріндегі тұрақты экономикалық дамуға қолдау болатынын растады. Осы тұрғыда Баку-Тбилиси-Жейхан құбырының өткізу мүмкіндігін ұлғайтудың маңыздылығын және Түркі мемлекеттерінің қазіргі және болашақтағы порттары мен мұнай терминалдары және Әзірбайжан аумағынан бастау алатын Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбыры мен өзге тасымалдау жүйелерінің арасындағы байланыстың маңыздылығына баса назар аударды.

Қауіпсіздік мәселелері:

— Шекараларды күштеп өзгертуге жол бермеу туралы өз ұстанымдарын қайта растап, бейбітшілік пен тұрақтылыққа, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтың тұтастығына қауіп төндіретін басқыншылық әрекеттеріне қарсы халықаралық қоғамдастықтың күресін күшейту жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шешуші фактор болып табылатынын атап өтті.

— Күш қолдануға жүгінетін терроризм, экстремизм және сепаратизм, сондай-ақ, адам сау-дасы және заңсыз көші-қон, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, сондай-ақ, қару-жарақтың заңсыз айналымы сияқты нақты қатерлерге қарсы күресте ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын атап, халықаралық ұйымдармен осы бағыттағы ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.

— Халықаралық қауіпсіздікке және орнықты дамуға қол жеткізу мақсатында жаһандық және стратегиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролін нығайтуға ерекше назар аударатындарын атады. БҰҰ-да жүргізілетін реформалар халықаралық-құқықтық тәртіп үшін жаңа қауіп-қатерлерге қарсы жедел әрі тиімді түрде пайдаланылуға бағытталуы тиіс екендігі айтылды.

— Ауғанстанның егемендігі, аумақтық тұ-тастығы мен ұлттық бірігуіне қолдау көрсетті және өңірлік иеленуге үлкен көңіл бөлумен бірге, Ауғанстанның пайдасы үшін өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетуге жәрдемдесетін 2011 жылғы 2 қарашада Түркияда өтетін «Ауғанстан бойынша Стамбұл Конференциясына» және 2011 жылғы 15 қарашада Астанада өткелі жатқан Ауғанстан бойынша Халықаралық байланыс тобының отырысына қолдау білдірді.

— Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және Ирак халқының барлық бөліктерін, соның ішінде Туркоман қауымдастығының негізгі құқықтары мен бостандығына кепілдік жіберу қажеттігіне назар аударды.

Әлеуметтік және мәдени мәселелер:

— Ортақ құндылықтарды айқындау, байыту, өрістету және ілгерілетуге және түркі әлеміндегі мәдени қатынастарды тереңдету жөніндегі міндеттері шеңберінде Түркі мәдениеті халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) күш-жігерлерін бағалады.

— ТҮРКСОЙ-дың Ескішехирді 2013 жылы Түркі мәдениетінің астанасы ретінде жариялау туралы ұсынысын қолдады.

— Түркі Университетаралық Одағының құрылуын құптады, сол секілді жобалар ғылыми мекемелер, оқу орындары және ғалымдар арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ, университет студенттері тәжірибесін байытуға жәрдемдесетінін атап өтті.

— Климаттың өзгеруі саласындағы және қоршаған орта мәселелеріндегі, соның ішінде халықаралық тұғырнамалардағы ынтымақтас-тықты арттыру ниетін мәлімдеді.

— Су ресурстарын жан-жақты және кешенді пайдалануға бағытталған халықаралық ын-тымақтастықтың қажеттігін атап өтті.

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық:

— Түркияның ЕО-ға кіруі Еуразия үшін және оның шеңберінде мәдениаралық диалог пен түсіністікті ілгерілету жолында маңызды болатын оң нәтижеге алып келуі тұрғысынан бұл үрдіске толық қолдау көрсетті.

— Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) шеңберінде ортақ құндылықтар негізінде ынтымақтастық пен ниеттестікті күшейту қажеттілігін атап өтті.

— Түркі кеңесінің БҰҰ Бас Ассамблеясындағы байқаушы мәртебесі екі ұйым арасында жемісті ынтымақтастыққа үлес қосатынын атап, бұған қол жеткізгенге дейін аталған аталған мәселемен бірлесіп айналысуды ұйғарды.

— Еуропа Кеңесімен диалог пен ынты-мақтастықта болуға ортақ ынта білдірді.

— Осы орайда Түркі кеңесі Хатшылығы арқылы халықаралық ұйымдарға және лауазымдарға, сондай-ақ, халықаралық іс-шараларға кан-дидатураларға әрекеттесуге және үйлестіруге ниеттерін білдірді.

— Түркі кеңесі мен Экономикалық ынты-мақтастық ұйымы арасында орнаған инс-титуционалды ынтымақтастықты құптады және екі ұйымның өңірлік ынтымақтастықты дамытуды күшейтуге жәрдемдесетінін атап айтты.

Ортақ мәселелер:

— 2010 жылғы 10 қазанда Қырғызстанда өткен парламенттік сайлаудың сәтті аяқталғанын қоштады және биліктің парламенттік формасын тағы да демократиялық өзгерістер орнатуға байланысты Қырғызстан-ға тұрақты қолдау көрсететіндерін растады.

— Қазақстанды 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ саммитін және 2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-кездесуін, сонымен қатар, Түркияны 2010 жылғы 23 желтоқсанда ЭЫҰ 11-саммитін және 2011 жылғы 9-13 мамырда Стамбұлда аз дамыған елдер бойынша БҰҰ 4 саммитін сәтті өткізуімен құттықтады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ғаламдық дағдарысқа қарсы тұруда түркітілдес мемлекеттерінің өзара іс – әрекетінің ортақ

механизмдерін жасау қажет

— Біздің рухани жақындығымыз өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға негіз болуға тиіс. Бұған түркі әлемінің табиғи байлығы, құнарлы жерлері мен су ресурстары, көлік энергетикалық әлеуеті жеткілікті. Ең бастысы, өздеріміздің бірлікке деген, ынтымақтастыққа деген ерік- жігеріміз керек. Сонда ғана біз әлемнің алдыңғы қатарлы бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер санатына қосыла аламыз. Кеңесіміздің алғашқы саммиті бүгін ғаламдық экономикалық дағдарыстың жалғасуы жағдайында өтіп отыр. Осы орайда, ғаламдық дағдарысқа қарсы тұруда түркітілдес мемлекеттерінің өзара іс–әрекетінің ортақ механизмдерін жасау қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін мына мәселелерді айтқым келеді: Біріншіден, саммит қарсаңында Астанада өткен экономика министрлерінің кездесуі іскерлікке ұйытқы болуға тиіс. Түркі тілдес мемлекеттерінің іскерлік кеңесінің құрылуы сауда–экономикалық қатынастардың дамуына қозғау салады. Бұл орайда өзара сауданы тиімді жүргізуге, кедергі туғызатын тосқауылдарды жою мәселелерін қарастыру қажет. Екіншіден, тараптардың арқасындағы өзара инвестициялардың көлемін ұлғайтуға әлеуетіміздің өте жоғары екендігіне күмән жоқ. Мәселен, 1993-2011 жылдар арасында кеңеске мүше елдерден Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың көлемі 1,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал Қазақстаннан аталған түркі кеңесінің елдеріне 2004 жылдан бастап, құйылған тікелей инвестициялардың көлемі 1 миллиард АҚШ долларына жуық. Осыған байланысты түрік елдерінің арасындағы сауда–экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруымыз қажет. Осы мақсатта кеңеске мүше елдердің басым жобаларын қаржыландыруды қарастыруын ұсынамын. Үшіншіден, тиімді байланыс пен қатынас болмаса, қандай бір керемет бастама да аяқсыз қалары анық. Бұл ретте біз мемлекеттеріміздің геостратегиялық орналасу жағдайын естен шығармағанымыз жөн. Осы ерекшелікті пайдалану арқылы көлікпен жүк тасымалдау және транзит мәселесіне жіті көңіл бөлуіміз қажет. Биылғы алғашқы жартыжылдықта түркі кеңес елдерінің біздің теміржолдар арқылы транзиттік жүк тасымалдау көлемі 173 мың тоннаны құрады.

Саммитке қатысқан жоғары мәртебелі меймандар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммитінің жұмысын сәтті аяқтағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақ халқы мен Үкіметінің жылы қонақжайлылығы және саммитті жоғары деңгей-де ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. 2011 жылғы 21 қазанда «Алматы дек-ларациясына» әзірбайжан, қазақ, қырғыз және түрік тілдерінде қол қойылды.

P.S. Түркі халықтарының тұтастығын, бірлігін ойлап, оған түрткі болған Қазақ елі ірі халықаралық жиындарды өткізуде алдына жан салмайтынын тағы бір рет дәлелдегендей. Аумалы-төкпелі замандар өтсе де, түркі халықтары әркез ынтымақтастық жағдайда бірігуді мақсат тұтқан. Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Баку қаласында үлкен басқосулар өткен. 1920 жылы 1-8 қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде Шығыс халықтарының бірінші съезі өтті. Съезге көптеген шетелдіктер де шақырылған. Бұл тарихи жиынның жоғары деңгейде өтуіне Мәскеуде Сыртқы істер комиссариатының Күншығыс бөлімін басқаратын, Әзірбайжан халқының ардақты ұлы Нариман Наджапұлы Нариманов көп еңбек сіңірген екен. Сол съезге қазақтың ардақты ұлы Тұрар Рысқұлов Түркістан, Бұхара, Хорезм республикаларының делегаттарын бас-тап барған. Съезге 37 ұлттың 1275 делегаты ат басын бұрған. Арадан біршама уақыт өтіп, заманауи уақытқа қадам басқан түркі мемлекеттері де тұтастықтың ұлт үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді, ұғынды. Тәуелсіз қазақ елінің жетекшілері «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақылдың бүгінгі таңдағы қажеттілігін сезінді десек, артық айтқандық емес.

27.10.2021
Сейілбек Асанов

DK: http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=54446




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir