Іздеу
Шілде 4, 2020
  • :
  • :

Мұстафа Коч: Түркия өсуімен бірге даму жолына да түседі

Мұстафа Коч: Түркия өсуімен бірге даму жолына да түседі
Түрік кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері қоғамы (TÜSİAD) жоғары кеңесінің төрағасы Мұстафа Коч, Түркияның өсу процесіне қол жеткізетіндігіне сенетіндігін айтты. 
TÜSİAD-тың 41 Бас ассамблеясының жиналысы Ыстамбұлда өктізіледі. Бұл жиында TÜSİAD Жоғары Кеңесінің Төрағалық кеңесінің анықталады деп күтілуде. Премьер-Министр Р.Т.Эрдоган қонақта болған бұл басқосуға TÜSİAD төрағасы Үмут Бойнер, кеңес төрағасы Мұстафа Коч, сонымен қатар көптеген кәсіпкерлер де қатысты. Жиналыста сөз алған М. Коч Түркия мен әлем экономикасына шолу жасады.

2008 жылы әлемдік дағдарыстың орын алғандығын тілге тиек еткен М. Коч: «Бұл кезең елімізге айтарлықтай кері ықпал етсе де, биліктің қарқынды жұмысымен қайтадан даму жолына түстік. Бұндай даму қадамдары барлығымызға да жарқын болашақтың кепілдігін бергендей әсер қалдырды. Үміт сөнген жерде ешқандай өзгеріс те болмас еді. Алайда жолымызды дұрыс таңдап, жасау керек нәрселерді алдымызға нақты қою өте маңызды», деп сөзін бітірді. Бүгінде Түркияның экономика саласында 12 орында тұрғандығына баса назар аударған TÜSİAD жоғары кеңесінің төрағасы: «Дәл осындай қарқынмен дамуды жалғастырсақ 2020-2050 жылдары экономика саласында әлемнің алғашқы ондығына кіреміз. Ол үшін кірісімізді екі есеге көбейтуіміз керек.  Ar-Ge, Ür-Ge, инновация мен капиталды өрістетуіміз керек. Түркия экономикасы биік он елдің қатарына кіруімен дамыған ел бола ма?  Әрине, бұл жеткіліксіз. Даму – экономикалық өсумен ғана шектеліп қалмайды. Ұлттық өсім, бәсекелестік пен адам санының да өсуімен өлшенеді. Біз, 16-шы үлкен экономика қатарындамыз, алайда, сатып алу бойынша адам басына келетін жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) жағынан 84 орындамыз. Глобальды бәсекелестік күшінде 61-ші болып тұрмыз. Адам саны жағынан, өкінішке орай, 83-ші орындамыз. Адам санының өсуінің негізгі компоненті орташа өмір сүру кезеңі, кісі басына келетін ұлттық кіріс пен сатып алуда басқа мемлекеттермен арадағы айырмашылықты толықтыру үшін өте жылдам әрі қарқынды түрде даму жолына түсуіміз керек. Әйелдерді жұмысқа тартуда да Еуропаның деңгейіне жетуіміз керек», деді.

Мұстафа Коч, Түркияның адам құқықтарын және сөз еркіндігіне жеткен демократиялық мемлекет екендіктерін айта келе: «Ішінара татулыққа қол жеткізген еліміздің жайлылығын тиімді пайдаланып, оңтүстік-солтүстік пен шығыс-батыс бойлығында экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан біте қайнасуға мүмкіндік беру керекпіз. Мақсаттарын өсу секілді даму үшін де негізге ала отырып, осы мақсаттарға жету үшін дұрыс әрі шешімді стратегияларға бағытталған білім беру реформаларының да демократияландырылуын аяқтап, аймақта татулық пен тұрақтылықты сонымен қатар бейбітшілікті орнатқан Түркия секілді елде өсумен бірге дамуға да қол жеткізеді», деді.

http://www.zaman.com.tr/haber.do?haberno=1081815&title=mustafa-koc-turkiye-buyume-kadar-kalkinmayi-da-saglayacak




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir