25-інен 29 сәуір аралығында Чешме қ. (Измир, Турция), Эгей теңізінің жағалауында Түркі әлемінің II Халықаралық мәдени конгресі болып өтті. Бұл шараны ұйымдастырушы Эгей университетіндегі (директор, профессор Фекрет Туркмен) түркі әлемінің мәдениетін қарастыратын Ғылыми-зерттеу институты болып табылады.
Конгрестің мақсаты әлемнің әр бұрышынан жиналған барлық түркі халықтарының өкілдерінің басын біріктіріп, әдебиет, тіл мен аударма теориясы, өнер, фольклор, заманауи мәдениет саласындағы мәселелерді қарастыру.
Түркі халықтарының Құрылтайына Еуропа, Азия, Африканың 37 мемлекетінен 500 қатысушы жиналды. 18 қатысушы-мемлекет (Батыс Еуропаның өкілдері) «қаһарланған» жанартаудың кесірінен конгреске келе алмады.
Конгресс өте жоғары деңгейде өтті. Ашылуына Измир қ. Мэрі қатысты. Назарға алсақ, Измир – Түркияның батыс жағалауының ірі мәдени орталығы, тұрғыны 4 миллион адамды құрайтын, Стамбул мен Анкарадан кейін үшініші орныда тұрған үлкен қала. Сонымен қоса, демеушілік, ақпараттық қолдау көрсеткен және Конгресті ұйымдастырушылардың барлығы ашылу салтанатында болды. Олардың қатарында «Тюрксой» түркі мәденитінің дамуы Халықаралық ұйымының Бас директоры Дүйсен Касеинов және де осы ұйымның Қазақстандық өкілі Асқар Тұрғанбаев, түркі халықтарының мәдениеті мен өнерін насихаттаушы Түркияның Мемлекеттік телеарнысы ТРТ болды. Ғылым, әдебиет, өнер саласындағы белгілі қайраткерлерден Азербайжанның халық жазушысы Анар Рзаев, Түрікменістанның халық ақыны Ораз Ягмур, Қазақстанның белгілі фольклорші ғалымы Сейіт Қасқабасов, Зейнеп Қорқмас (қорықпайтын, Қоркытпен аналогияда) – түріктанушы, тіл маманы, түріктанудың жоғары дәрежелі білгірі, оның кітаптарын Түркияның барлық түркітанушы-тіл мамандары пайдаланады, арқа сүйейді. Тұтастай алғанда ұйымдастырушылар, бұл үлкен топтың мүшелері студенттер, магистранттар, докторанттар аса қомақты жұмыс жасады.
Конгресте 20 секция мынадай бағыттар бойынша жұмыс атқарды: жалпы сұрақтар (заманауи өнер, әртүрлі елдердің түркі халықтарының қазіргі мәдениеті, қазіргі заманғы кино, телеарна, мәдени саясат және т.б. мәселелер); фольклор; түрік әдебиеті, түрік тілі, түрік тарихы (дәстүрлі сенім, әдет-ғұрып сұрақтары және т.б.).
Жалпы конгреске 1000 артық баяндама түскен, оның 421 қатысуға мүмкіндік алды. 337 ғылыми баяндама тыңдалды. Түркі құрылтайының ұйымдастырушылары мен қатысушылары атап өткендей 337 жаңа ыңғай, жаңа көзқарас, тұжырым айтылды.
Пікірталас және ой алмасу барысында өте қызық тұжырымдар айтылып, жаңа идеялар мен интерпретациялар, жас ғалымдардың жаңалықтары ұсынылды. Түркі халықтарының тарихындағы, халық ертегілері мен эпостарындағы, халық әдет-ғұрпындағы ертеден белгілі деректер заманауи тұрғыда тарқатылып, түрік зерттеушілері түркі халықтарының мәдени салттары туралы қызықты хабарламалар жасады.
Конгерсте мынадай ойлар айтылды. Барлық түркі халықтарының өкілдері жиналып, ой алмасуы қуантарлық жайт. Біздің институттар ашып, бірігіп жұмыс жасауға, зерттеулер жүргізуге мүмкіндігіміз бар.
Біз жиі және әдет бойынша өз зерттеулерімізде батыстық ғалымдарға, батыстық деректерге сүйенеміз, бірақ, сөз алғандардың ойлары көрсеткендей барлығына басқа көзқараспен қарау қажеттілігі туындап тұрғандай.
Түркі тілі қазіргі заманғы коммуникация тіліне айналып барады. Қазақ немесе түрік тілі бола ма маңызды емес, бастысы – түркі тілі. Түркі әлемінің, түркі мәдениеті, тілінің тұтастығы.
Халық өнері өнер тарихынсыз болмайды, сонымен қатар, өнерсіз тарихтың да неғайбыл. Біздің ата-бабамыз ауқымды және күрделі мұра қалдырды. Ленаның жағалауынан біздің бабаларымыз, батысқа, Балканға, солтүстік Африкаға дейін кетті. Осы ұлан-ғайыр аймақта бір-біріне жақын, мәдени түбі бір халықтар тіршілік етеді.
Әдебиет, тарих, тркітану, тіл теориясы, әдеби оқулар, фольклор, музыка. Эстетикалық бөлшек бұл конгресті әрлендіріп жіберді, біздің ғалым, профессорлардың жан-жақтылығын көрсетіп, біз терең зерттеулермен қатар, терең философиялық поэтикалық ойлар, өлеңдер тыңдадық.
Конгрестің жабылуында делегация өкілдері алғыстарын білдірумен қатар, өткізілген игі шарадан алған әсерлерімен де бөлісті.
Өз сөзінде қазақстандық делегацияның жетекшісі Сейіт Қасқабасов атап өткендей: «Қымбатты достар, көзі ашық қоғам. Бұл конгресс ең маңызды іс-шараның бірі, Измир қ. мэрі сынды жоғары дәрежелі адамдардың қатысуы осының айғағы. Бұл мемлекеттің, биліктің ғылымға, мәдениетке деген қатынасын көрсетеді. Түркітанушылардың аман-есен болып, жиналғандығы қуантады. Жаңа кездесулерге ризамын. Сулейман Каипов – Манас атындағы Халықаралық Қырғыз университетінің ректоры, менің шәкіртім, Қырғызстанда түркітану бөлімін ашып, түркі мәдениетінің дамуына жаңа серпін берді. Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстаннан келген өзге де шәкірттер. Мен білетін, естіген, бірақ таныс емес белгілі ғалымдар. Конгрестің арқасында мен олармен сұхбаттастым. Кеңестік кезеңде біз бұлай жинала алмайтын едік, бұл бірінші саты, енді екінші сатыны жүзеге асыратын кез келді. Басқаша айтқанда, әлеуметтік-экономикалық байланыстар Үкіметтің, Елбасыларының әрекетінің арқасында дамып жатыр, бірақ, халық, өзіміз әлі де жеткілікті дәрежеде рухани тұтастықты жасай алмай келеміз. Енді түркі мәдениеті, әдебиеті, классикалық әдебиеті, фольклорды басқа халықтарға тарату қажет. Өз студент, шәкірт, оқушыларымызды оқытып, осындай зерттеу тақырыптарын беруіміз керек. Бұл жүзеге асатындығына сенемін. Конгреске көптеген жастардың қатысуы түркітанудың болашағының зор екендігін көрсетеді».
Жабылуында ортақ резолюция қабылданды, бай рухани түркі мұрасын сақтау, дамыту және насихаттаудың келесі аяқ алысы жоспарланып, барша әлемдегі түркі тілді елдерді және халықтарды біріктіру жұмыстарын жалғастыру.
Масалимова Алия
философия ғылымдарының докторы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
мәдени антропология кафедрасының профессоры
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.