1917 ЖЫЛҒЫ ТҮРКІСТАН МҰСЫЛМАНДАР ҚҰРЫЛТАЙЫ

Ергүн Акгедик

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

 университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ізденушісі.

                       1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерсін Мұсылман халықтары қуанышпен қарсы алды. Бірақ ол қуаныштары ұзаққа созылған жоқ.(1) Бұл аласапыран жағдайды тиімді пайдаланғысы келген Мұсылмандар, Думадағы Мұсылман фракциясының бюросына келіп, Ресейдегі Мұсылман халықтарының ахуалына мән беруді және Мұсылмандар үшін жаңа стратегияның жасалуын талап етті (2).
Бұдан кейін іле-шала Думаның Мұсылман фракциясының бюросы 15-17 Наурызда Петроградта болған алқалы жиында 1-11 Мамыр 1917 жылы Мәскеуде Бүкіл Ресей Мұсылмандар конгресінің болатынын жариялады(3).
Ресей Мұсылман қайраткерлері өздерінің Уақытша Орталық Бюросын құрып оның құрамына Ахмед Салихов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Заки Валиди, Сәлімкерей Жантөрин, Несіп Құрбанғалиев, Исмайл Лимановтар сайланды. Уақытша Орталық Бюро өз жұмысын тиянақты жариялап отыратын ақпараттық басылым ашуға шешім қабылдады (4).
 Петроградта болған бұл алқалы басқосу, Мұсылмандардың отаршылдыққа қарсы бірігіп күресе алатынын көрсеткен мен, Мұсылман қайраткерлерінің саяси ұстанымында, қарама-қайшылықтар орын алды. Фракция мүшелерінің арасындағы пікір айырмашылығы, жәй жүрдім-бардым қарайтын мәселеле емес, болашақ Мұсылман қауымы үшін шешуші рол атқаратын маңызды мәселе болатын. Бюро төрағасы Ахмед Салихов пен Ибрагим Ахтямов, Исмайл Лиманов, Мұстафа Шоқай Ресейдің демократиялық Республика болғандығын қалады (5).
Кадет және Социал-Демократиялық Партиялардағы зиялылар федерациялық жүйеге қарсы келді. Оның себебі партиялардың саяси ұстанымында қана емес, Мұсылмандар өмір сүретін әрбір өлкенің өзіндік ерекшеліктері болды. Мұсылмандар азшылық ретінде өмір сүріп жатқан аймақтар жүйеге қарсы шықты. Бұл топтың жетекшісі Ахмет Салихов федерациялық жүйенің қауіптілігін ескертіп, орнына Ұлттық Мәдени автономияны құрудың маңызды екендігін, федерациялық жүйенің Мұсылмандарды бөлшектеп тастайтынын, федерациялық жүйе орнаған кезде Ресей Мұсылмандарының бірлігінің орнына Қазандық, Қазақстандық, Қырымдық, Башқұрттық, Тәжіктік, Әзербайжандық секілді бөліктер туындап, Мұсылмандардың бөлшектенуіне себеп болатынығын алға тартты (6). 
 Федерациялық жүйеге қарсы шығушы тарап Мамырдың 1-ші жұлдызында болатын Ресей Мұсылмандарының Конгресінде федерациялық жүйені жақтаушылардың пікірінің қабылдауынан сескеніп,  өз аймақтарынан конгреске делегаттардың көп қатысуын қалады. Федерациялық жүйені жақтаушылар қарсыластарының әрбір шабуылын еңсеріп тастауға әрекет жасап бақты. Әзербайжан, Башқұртстан, Түркістан, Қазақ даласынан келген федерациялық жүйені жақтаушы өкілдер өз пікірлері басымдыққа ие болу үшін Ташкент және Мәскеу Конгрестеріне қызу дайындық жүргізді (7).   
 Петроградтағы конгресте басталған саяси пікір айырмашылығы 13-15 Сәуір 1917 жылы Түркістан жалпы конгресі және 16-23 Сәуір1917 жылы Түркістан Мұсылмандарының бірінші Конгресінде де күн тәртібінен түспеген мәселелеге айналды. 
         Түркістандық орыстар, жергілікті халыққа қарағанда, шапшаң ұйымдасып, өз мүддесіне сай әрекет жасап бақты. Орыстар Ақпан төңкерісінен кейін Наурыздың 3 күні Ташкентте Орыс Еңбекші Өкілдері Кеңесін құрды. Бір күннен кейін Орыс Әскери Өкілдерінің Кеңесі ұйымдастырылды. Наурыздың аяғында бұл екі ұйым Еңбекшілер және Әскер Өкілдері Кеңесі болып бірлесті. Бұл ұйымға қатысушылар Түркістандықтардың 5 пайызын ғана(8). Уақытша Ресей Үкіметі  Түркістан және Дала Генерал-Губернаторлығын жою туралы шешім шығарып  Орнына Түркістан Комитетін құрады(9).
            Түркістан Комитеті Самархан, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Закаспий өлкелері және Хиуа мен Бұқара хандықтарының мәселелерін қарауы тиіс болды(10). Дала Генерал-Губернаторлығы тікелей Уақытша Үкіметке бағынды(11).
 Түркістан Жалпы Конгресіндегі қаралған маңызды мәселелердің бірі Түркістанның басқару формасы және Ресейдің басқару формасы федерациялық па, әлде унитарлы басқару болсын ба деген мәселелер еді. Бұл мәселелер бұдан кейін болған Түркістан Мұсылмандары Конгресінде де қаралды .(12)
 Бұл Конгресте Мұсылмандар мен Орыстар ортақ пікірге келе алған жоқ. Орыс Монархистері мен Кадеттері Түркістанды  Мұсылмандармен бірігіп басқаруды қаламады. Социал-Демократтар мен Эсерлер болса Түркістандықтардың қолдауын ие болуды көздеді. Сайлау демократиялық негізде жүретін болатындықтан, қолдаушылары аз орыс партиялары ол жолмен билік басына келе алмайтын-ды.Олардың қолдаушылары орыстар Жетісу губерниясында ғана көбірек орналасқан еді. Басқа өлкелерде  олар өте азшылық санда болатын (13). 
           Түркістандағы Орыс басшыларының көпшілігі Кадеттер еді. Кадет партиясының Түркістандағы өкілі, бұрынғы Ташкент уалаятының Н.Б.Маллицкий болатын. Ол Орыс отаршылдығын жақтаған әсіре ұлтшыл еді. Маллицкий өз ұстанымынан таймай, кезекті саясатқа оң ықпал жасағысы келді. Түркістанның басқару ісінде орыстардың ықпалды топ болып қалуы үшін мынандай жоспар құрылады: Түркістан Парламенті мен қалалардың мәслихатын Орыс палатасы және жергілікті ұлттардың палатасы деп екіге бөлу ұсынылды. Мұндағы мақсат, басқару ісінде орыстардың басшылығын сақтап қалу еді. Сондай-ақ, Түркістанның Жалпы Мәжілісінде сайланатын мүшелердің көпшілігін  Орыстардан болуын көздеген болатын. Бұл ағылшындардың Үндістан және өзге де отарланған елдердегі жымысқы саясатының Түркістандық нұсқасы болатын. Кадеттер бұл жобаны  Мұстафа Шоқай, Ташбулатбек Нарбутабеков, Пашабек Пулатханов,Ш.Шаяихмедов секілді зиялылармен бірлесе отырып, қабылдатпақшы болады (14).
Алайда олар бұл жоспар  табанды қарсылық көрсетеді. Түркістандықтардың көп болуынан қорқудың қажеті жоқ. Жергілікті әйелдер орыс әйелдері секілді сайлауға қатысады, мұнда тұрғын соншалықты бір үлкен қауіп жоқ» деді олар (15).
 Махмудқожа Бехбуди және Заки Валиди секілді қайраткерлер «Түркістан Парламентінде тек қана орыс тілінде сөйлеу керектігі туралы пікірдің негізсіздігін айтып, түрік тілі  мен орыс тілі құқықтық тұрғыдан тең болуы жөніндегі  өз ұстанымдарын түсіндірді (16).
       Маллицский 15 сәуірдегі отырыста: «жергілікті халықтардың санының көп болуы, бұдан кейінгі өлкелік басқару ісінде өз өкілдерін кеңінен пайдалануды арттырмаса, кемітпейді, бұл ақиқат нәрсе» деп айтқан сыни сөзіне, Заки Валиди: «тәуелсіздік дәуірінің келгендігін сайлау құқығының ешкімнен алынбайтындығын» айтып қарсы шықты. Мемлекеттік басқару ісі біліксіз кадрлардың қолына өтетінді деген қауыптың негізсіз екендігін, мемлекеттік қызметкерлерге қойылар жоғары білім шарты, бұл мәселені оңтайлы шешеді» деді. Заки Валиди бұдан арықарай: «Түркістанды отарлаған үстіне отарлай түсу үшін Англияның Үндістандағы отарлық әдіснамасын игеру үшін мына қалың кітаптарды ағылшын тілінен орыс тіліне аударыпсыздар, бұның орнына отар елдердегі билеуші ұлт пен қаналушы ұлттың сайлау құқығының теңдігін паш ететін шығармаларды Орыс Түрік тілдерінде  шығарсаңыздар әбден дұрыс болар еді» еді деп сөзін аяқтады. (17).
           Мұсылман зиялылары Түркістан Мұсылман Конгресінде бұл мәселені күн тәртібіне енгізіп, Кадеттер, орыс шовинизміне тән бұндай шешім шығаратын болса,  оған қарсылық танытуға дайын екендігін мәлімдеді.(18)
       Мұсылман зиялылары әртүрлі орыс партияларының құрамында, Мәселен Мұстафа Шоқай-Кадет, Санжар Аспандияров-Социал- Демократ, адвокат Серәлі Лапин-Монархист, Заки Валиди-Эсер  болатын. Орыс партиясына мүше болудан зәрезап болған жергілікті ұлт өкілдері  «Түркістан Ұлттық Партиясын» құру жөнінде әрекет етті.Алайда олар кейбір мәселелерде ымырасыздық танытты(19). 
     Түркістан Жалпы съезіне қатысушылар ешнәрсенің өзгермегенін, орыс империалистік пиғылының жалғасын тапқандығын айқын сезінді. Түркістан халқының мәселелерінде азшылық сандағы орыс ұлтының мәселелері Конгрестің күн тәртібінен түспегеннен кейін, Түркістанның түкпір-түкпірінен жергілікті ұлт өкілдері 16-23 Сәуір аралығында Ұлттық бағытта Конгерс ұйымдастырылды (20).
 Сәуір 13-15 аралығында Ташкентте Түркістан Орыс және Түрік ревлолюциялық комитетінің жалпы отырысының артынша болған бұл Конгрес «Түркістан Мұсылмандарының бірінші құрылтайы деп аталды. Бұл бас қосуға 450 адам қатысты, олардың 93 орыс өкілдері болды. (21).
Конгресте қаралған негізгі мәселер мыналар еді:
1. Ресейдің болашақтағы басқару формасы.
2. Түркістанның Ресейдің  басқару формасындағы орны.
3. Жер және көшіп-қону мәселелрі.
Бұл жиын Мәскеуде Мамыр айының 1-11 аралығында болатын Бүкіл ресейлік Мұсылмандарының съезіне  дайындық іспетті еді (22).
Конгрестің күн тәртібінде қаралған мәселелердің ішінде  ең көп тартыс туғызғаны Ақпан төңкерісінен кейінгі Ресейдің болашақ басқару формасы және Түркістанның ондағы орны қандай болмақ, деген мәселе еді. Ресейдің жаңа басқару формасының демократиялық Республика тұрпатында болуын бүкіл Конгрес мүшелері қолдады. Бірақ басқару формасы унитарлы ма. әлде федерациялық болуы керек пе деген мәселе, талас тудырды. Түркістанның автономия алу мәселесі, осы мәселенің шешілуіне байланысты еді. Зиялылар екі пікірдің негізінде топтасты. Біріншісі жерге байланысты автономия құру пікірі болса, екіншілері бұған қарсы ұлттың мәдени автономия құру жағында тұрды.Ұлттық мәдени автономияны жақтаушылар тегеурінді топ емес еді. Ақырында Махмуд Қожа Бехбуди және Қоқандық Абиджан Махмудовтың бастамасымен федерациялық жүйені жақтағандар басым көпшілік дауыспен өз шешімдерін  қабылдаттырды. (23)
         Конгресте Убайдуллаһ қожа Түркістан Ұлттық  орталығын  құру ұсынысымен Конгреске қатысушылардың басым көпшілігі  21 сәуірде «Түркістан Мұсылман Орталық Кеңесін» құрады(24) .
          Конгерс  Орталық Кеңеске  мына адамдарды сайлады: Мұстафа Шоқай (төраға), Убайдулла қожа, Абиджан Махмуд, Мір Әділ, Шали Ахмед Шах-Ислам, Қожа Махмуд Бекбуди, Муфти Садруддин Хан және Заки Валиди Тоған (хатшы). Заки Валидидің басқаруымен Ұлттақ Орталықтың басылым болып табылатын «Кеңес» атты газет шығару туралы шешім алынды (25).
 Ұлттық Орталықтың құрудың ең маңызды мақсаты әртүрлі негіздерде құрылған ұйымдарды бір тудың астына біріктіріп, мұсылмандардың біртұтастандыру еді. Осылайша, Түркістан Комитеті мен Еңбекші және Әскери Өкілдер Кеңесі секілді басқару құрылымдарға қарсы, жергілікті халықтың құқықтарын қорғай алатын үлкен ұйым құрылған болатын.
  Ұлттық Орталық  Түрік халықтары өмір сүріп жатқан өлкелерде тез арада уақытша өкілдіктер ашып, ұйымдастыру жұмыстарын қалыптастыруға көшеді олардың арасында, Мәселен Заки Валиди (башқұрт), Кебеир Бекир (татар, Ташкентте шығатын «Ұлуғ Түркістан газетінің иесі), Эфенди Заде (әзербайжан, Ташкентте шығатын «Түрік елі» газетінің иесі) секілді өзге өңірлерден келген өкілдер Ұлттық Орталықта қызмет еткендердің тек бірпарасы ғана болатын. Жаңа Түркістанның шайыры Сүлейман Шолпан және Мір Мухсин, Орынборда шығатын «Вакт» газетінде қызмет жасайтын. Бұқара Халық Республикасының Қорғаныс министрі Абдулхамит Ариф  Ұлттық Орталықпен қарым-қатынас жасап тұрды. Зиялылар брін-бірі алаламай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол щығарып дегендей, түрік халықтары үшін қызмет еткен еді (26).
         Ұлттық орталық өздерінің мүшелерін әр түрлі ұйымдар мен конгрестерге жіберіп мәлім бола бастады. Түркістан уәләят бөліміне Мустафа Шоқай, Убейдулла Қоджат,Нарбутабеков және А.З. Вәлиді өкіл ретінде жіберілді (27). 1-11 мамырда Мәскеуде өтетін Ресей Мұсылмандары Конгресіне он екі адамдық  делегация қатысты (28).
         Бірінші  Түркістан Мұсылмандар Конгресі жер және көші-қон мәселесін талқылады. Уақытша үкіметтен жергілікті халықтан тартып алынған жерлердің иелеріне қайтарылуы талдап етілді  Өкінішке орай, тартып алынған жерлер иелеріне берілмеді (29).
         Конгрестің  жұмысы жергілікті халықтың мүддесін сай жүргізілгенмен,  қабылданған шешімдер жалпы құрылтайдың шешіміне орай қалдырылды.Жалпы алғанда Ташкент жиыны  Мәскеудегі Мұсылмандардың Жалпы съезіне дайындық іспетті болды.
Ташкенттегі Конгрестің бір ерекшелігі Түркістан зиялыларының көзқарастарындағы үлкен айрмашылықтардың орын алуы болатын. Оларда Ресей саяси партияларының идеологиялық көзқарастарының  айтарлықтай ықпалы көрінеді.  Бұдан кейінгі болған басқосуларда да партиялар арасындағы күрестердің орын алуы байқалған-ды. Дегенмен Ұлттық Орталықтың құрылуы бүкіл Мұсылмандардың бірігуіне оң ықпал етті(30).                  
Конгресі, мұсылман зиялыларына Түркістан халықтарын бір саяси күшке топтастыру керек екендігін аңғартты. Бұл пікірдің қалыптасуы үлкен жетістік еді. Бұл саяси қозғалыс осы жылдың 10 желтоқсанында Түркістан (Қоқан) автономиясы мен 13 желтоқстанда Орынборда құрылған Алаш-Орда автономиясының құрылуына өз септігін тигізді.  Бұл екі туысқан Республиканың болашақ мұраты -  бірігу болатын. Ташкент Конгресіндегі қайраткерлердің бұл екі үкіметте де болуы, осының жарқын дәлелі бола алады (31).
       Түркістан Мұсылмандары Конгерісінде қабылданған автономия құру шешімінің түпкі мұраты, 15.673.680 халық ( % 82 мұсылман),мен 4.010.139 шақырым жерді алып жатқан аймақта Түркістан Федерациылық Мемлекетін құру екендігі мәлім. Федерацияның құрамына Қоқан хандығы, Бұқара әмірлігі, Хиуа хандығы, ескі Қазақ хандығы мен Башқұрт және Орынбор Казактарының енуі көзделді (32). Бірақ Ресейдің жаңа басқару жүйесі бұған жол бере қойған жоқ. Тәуелсідік жолындағы бұл қозғалыс көп ұзамай күшпен жаншылды.

Bu makalenin yayınlandığı dergi: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-і, отан және әлем тарихы XXI ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция МАТЕРИАЛДАРЫ (22 - 23 Қараша), Алматы 2007, б. 178-181

Пікір жазу