Ергүн Акгедік
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасының ізденушісі
Ресей Түркістанды басып алғаннан кейін, әр түрлі аймақта шы-ғып жатқан азаттық көтерілістерді түрлі тәсілдермен басып, жан-шып отырды. Бұл тәсілдер негізінен Европалылықтардың отарлаған елдеріне қолданған айла,шаралары болатын. Англия, Франция секілді империалист елдер дүние жүзі елдерінің алдында қиын жағдайда қалғанда жаулап алған жерлерін мәдениеттендіріп жатқандықта-рын айтып немесе отар елдердің халқына әртүрлі кінә тағып ақталатын. Жалпы империалист елдер бір бірімен келісіп алғандай бірдей отарлау саясатын жүргізетін.
XIX ғасырдың соңында Ресей Түркістанды толығымен отарлап, өз саясатын жүргізе бастады. Ханзада Горчаков 1864 ж 21 қара-шада жариялаған декларациясында Ресейдің Орта Азиядағы ұс-танымын былай түсіндіреді; «Ресей де өзге өркениетті елдер се-кілді,Орта Азияда жартылай жабайы , көшпелі халық алдында өз позициясын берік ұстануда(1) Ресейдегі көпшілік шығыстанушы-лардың пікірі де; «Біз мәдениеттен артта қалған елдерге Европа мәдениетін жеткізудеміз» еді. Негізінде мұнымен батыс елдері шығыстың сан жылдар бойы қалыптасқан өзіндік құрылысы мен жүйесін тозығы шыққандай көріп, өз қадір-қасиеттерін мәдениет жемісі ретінде ұсынды (2) Батыс елдерінің мәдениеттендіру иде-ологиясының алдамшы екендігінің және мұндай ортақ мақсатының жоқ екендігін Guy Wint (Гай Уинт) мына сөздерінде келтіреді; « Батыстың қолындағы қандай бирлік? Ағылшын, Латын елдерінде, Германия және Ресейде қоғамдық ортақ құндылықтар нелер?
Әрине ортақ құндылықтар бар, алайда мұны өзге елдің терісіне қаптай ала ма , яғни ол өлкелердің көзқарасымен сай келе ме? немесе батыс елдері мәдениет апаралық дей отырып , өз жүйе-лерін , басқармаларын апаруға тырысып жатыр ма?(3) Нәтижеде бүкіл сұрақтардың жауабы отаршыл елдердің айтқанындай бол-май отыр.Себебі отарланған елдер әлі күнге дейін ішкі және сыртқы проблемаларынан арыла алмай отыр. Мұның ең жарқын мысалы бүгінгі Африка елдері болып табылады.
Герчаков, әскери іс-қимылдардың шындығын мына сөздерімен түсіндіреді, « Егер қарақшыларды жазаландырмай әскер кері қай-татын болса,берілген дәріс тез ұмытылып кетеді. Әскердің кері кетуі әлсіздік ретінде қабылданады. Азияттықтардың ерекшелігі- көзбен көрініп, қолға ұсталынатын қуаттан басқа ешнәрсеге бағынбайды» (4)
Патшалық Ресей кезіндегі отарлау саясатының бір моделі Боль-шевиктік Ресей кезінде де өз жалғасын тапты. 1917 жылғы көтеріліс Түркістан халқына азаттық әкелетініне қаншалықты үміттендірсе де бұл қуаныш ұзаққа бармады. Большевиктер көтерілістен кейін азаттыққа ұмтылған Түркістан халқын құрғақ уәдемен алдап отырды. 1917 ж 3 - Желтоқсанда шыққан Ленин мен Сталиннің қолы қойылып «Ресей мен Шығыстың барлық пролетариаттарына» деп үн қатқан баяндамада, «Сіздердің тағдырларыңыз, өз қолдарыңызда» (5) деп халықты тағы да алдай түсті.
Кеңестік Ресей тұсында Түркістан халықтарының қамын жеп, «елім» деп еңіреген азаматтар аз болмады, алайда олар жа-зықсыз кінәланып , жазаландырылып отырылды. Қазақтың біртуар перзенттері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаммеджан Тынышбайұлы ,Халил Досмухаммед ,Мыржақып Дулатұлы ж.т.б зиялы қауым өкілдерінен Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Смағул Садуақасов , Меңдеш т.б. тулғалар жазықсыз өлтірілді. Басқа түрік халықтарынан шыққан зиялы қауым өкілдерін де дәл осылай жазықсыз кінәла жазаланды. (6)
Көзі ашық, «Халқым» деген жандардың көп бөлігі 1936-1939 жылдары өлтірілді,бірақ бұдан кейін де Сталин тазалық шарала-рын жалғастырды. 1951-1952 жылдардың өзінде ғана тек Қазақ-станнан 40 адам жазған еңбектеріне байланысты «түрікшілдік», «Түркістанды Ресейге өз еркімен қосылғандығын ашып айтпайды және өз өткені мен тарихын мақтап пропаганда жасайды» - деген сияқты жалалармен ату жазасына кесілді.(7)
Бұл айыптаулардың астарында Пантюркист, Пантуранист, Пан-исламист, Ағылшын агенті, Шығыс халықтарының жауы, Халық жауы, Шовинист, Антиреволюционер, Саботажшы, Империализм, Шоқайшыл, Буржуазиялық және Капиталистік Үкімет құруды жос- парлайтындар ж.т.б. мыңдаған кінәлар тағылды. Көбінің айыбы бір адам өмірінен де көп болатын. Мұстафа Шоқай сияқты шетел-де жүрген тұлғаларды халыққа жау етіп, қаралап көрсетті. Көпшілігіне тағылған айып Пантюркизимді талдап көрейік :
Пантюркизм – «Пан» және «түрік» сөздерінен құралып, Пан –белінен жоғары адам деген мағынадағы көне Грек тәңірінің аты болып табылды.(8) Пантюркизмнің мағынасы « Осман империясының соңғы дәуірінде Османшылды қ және Ислам-шылдық ағымдарына бай-ланысты бүкіл түрік халықта-рының бір ту астында бір жерге бірі-гуін мақсат тұтатын ағым. (9)
Пантюркизм - ең алғаш Ресейдің Үндістанға баруына кедергі болу үшін 1860 ж Европалы Арминиюс Вамбери тарапынан шығарылған идея. Оны Англия Ресейге қарсы Осман империя-сын өзіне тарту үшін жоба ретінде қолданысқа түсірген.
Панисламизм Европалы империалистердің қалыптастырған үрейі. Пантуранизм болса Панжерменизм, Панславизмге қарсы Европадағы венгерлердіңшығарған ағымы (10)
Түріктер арасында ұлтшылдық идеясы Осман империясының сансыз соққыға ұшырап,әлсіреуінен; Кавказ,Түркістан халық-тарының Ресей қол астында қалып Түркі халықтарының бас көтерулерге шығуынан туындап отыр. Осман империясында өмір сүретін түрік ұлтынан өзге ұлтардың көтерілістері де түрік зия-лылырының Ұлтшылдық сезімінің ұлғаюына әкеп соқты.(11)
Түрік халықтарының ұлшылдық идеясын танытуы - қуатты дұш-пандарына қарсы бірігудің, текетіресудің нәтижесі. Бұл-империа-лист елдердің жасап жатқан пропагандасындағыдай басқа елді жаулап алу немесе қорқыту мақсатында жасалған әрекет емес. Тұтқында отырған ел қалай басқаларға күш көрсете алады? Бұл- Түркістанның азаттыққа ұмтылысынан қорқу және дүниежүзі елдері алдында Ресейдің бағытын дұрыс етіп көрсету болып табылады. Негізінде күш Ресейдің қолында, Пан-Ресей саясаты жүргізілуде генерал Самсоновтың мына мәлімдемесі мұның ең үлкен дәлелінінің бірі, « Орыс мұжы-ғынан шыққан ұрлықшы қандайда болсын Түркістандық әулиеден артық» (12)
Түркістан зиялыларының барлық түрік халықтарын бір ту асты-на біріктіру секілді мақсаттары болмаған, сондай-ақ ол кезде бұ-ған ешқандай жағдай болмады. Мұстафа Шоқайдың мына сөзде-рінен олардың арманы тек егемендік алу екенін анық аңғарамыз: «Бүгін біздің бір ғана жолымыз бар, ол – ұлттық азаттық жол. Ұлт-тық және егемен Түркістан орнату біздің мақсатымыз».(13)
Түркістан зиялыларының ұлтшылдығы , басқа елдерді жұтып, отарлап отырған Шовинист елдердің көзқарасынан мүлдем бөлек еді.Шовинист болу үшін билік қолда болуы керек. Түркістан халқын «Ұлтшыл Шовинизммен» айыптаудың еш негізі жоқ еді. Шовинист ел тап кеңестік Ресейдің өзі болатын. Орыс емес ұлттарға деген орыстардың көзқарасын 1916 ж айтылған генерал Куропаткиннің мына сөздері анық көрсетеді; «Түркістандықтар өз ұлттық және басқарма құқықтарын, Ресей және ұлы Орыс хал-қының құқықтары мен тең көрмесін. Ресей-орыстар үшін» Боль-шевиктер де бұған байланысты былай деген: « Сіздер ұлттық және басқарма құқықтарыңызды, Революциялық комитетпен яғни Ресейдің құқығы мен бір көре алмайсыздар. Орыс революционер пролетариаттарының құқығы барлықтарыңыздан маңызды». Бұл Ресейдің Түркістандағы Орыс Шовинизмінің айқын көрінісі.(14)
Орыстардың Қазақстанға көшірілуіне қарсы болған қазақтарға Голощекин; « Қазақ жолдастар. Орыстардың қоныс тебуіне қарсы тура алатындай әскери күштерің бар ма?»- дей отырып басқаруда тек өз дегендерінің болатындығын және орыстан өзге ұлттарға құл ретінде қарағандығын көрсетеді.(15)
Түркістан зиялыларының « Ұлтшылдығы» елді азаттық жолында біріктіретін бауырмашыл ұлтшылдық. Басында «Пан» сөзі қойылса ол дұшпан деген сөз емес. Біз мұны «Ұлтжандылық» десек дұрыс болады . М. Шоқайдың « Түркістандықтар түрікшілдер, өйткені олар-түрік. Олар өз елдерінде бірлікпен әрекет етсе, дәл солай басқа өлкелердегі бауырларымен де солай бірігеді. Олар қайғы мен қуанышты бір бөлісуде». (16) деген сөздерінен тек бауырлас халықтардың бірлігі байқалады және мұнда түріктерді біріктіріп өзге елдерді басыну секілді ой жоқ.
Түркістандықтардың, Большевиктер кінәлағандай Шовинистік, Панисламистік т.б. мақсаттарының жоқ екендігін өздері де білетін. Түркістан ұлттық бірлік мүшесі және мәшһүр тарихшылардың бірі А. Зеки Велиди мен Түркия Кабил елшісі және Мәдина қорғаушысы ретінде танылған Фаһреддин Паша, арасында өткен сұхбат мұның дәлелдерінің бірі болып табылады. Фаһреддин Паша Ислам мемлекеттеріндегі ішкі қайшылықтар мен соғыстарды негізге ала тырып Зеки Велидиге: «Сен тарихшысың», дәптеріңе жазып қой; « Фаһри Паша Ислам мемлекеттері бірікпейді деді,- деп» дейді.Сонда Зеки Велиди оған , « Сіздің Мәдинада бастап және Кабулда жалғастырғыңыз келетін Ислам бірлігі пікіріңіз бастан негізсіз болатын. Мұсылман халықтары арасында тек Дін тұрғысынан ғана емес, экономикалық жағынан да бірлік болуы қажет, одан да маңызды фактор-Европалықтардан үйреніп жатқан ұлтшылдық мәселесі. Қазіргі кезде біз үшін ең маңыздысы дүниедегі үлкен күрес болып табылатын қоғамдық ревалюция мен реакциялық әректтерді үйрену, өз бағытымызды таңдау. Барлық халықтар құқығын құрметтеу , зорлық зомбылықсыз күрес түрік халқының будан кейінгі саясатындағы негізгі қағида болуы керек».(17) Өзіміз көріп отырғандай түрік зиялыларының көзқарасы. Франция көтерілісінен кейін шыққан Европалықтардың көпшілігі тарапынан қабылданған ұлтжандылық мәселесі,бүкіл халықтардың өз бағыттарын, келешектерін таңдаумен орындалатын іс.(18) Сондайақ Ислам елдері арасындағы қарым-қатынас тек діни орталық ретінде ғана емес, Европа елдерінің бірлігіндегі сенілді экономикалық орталық болуы пікірінде. Большевиктердің қаралау мақсатында таққан айыптарының бірі де «Шоқайшылдың», яғни Мұстафа Шоқайды қолдаушылық болатын. Мұны асыра сілтегендіктері сонша, «Руснай» газетінің большевик жазушыларының бірін қорқытқан Еврейлерге де «Шоқайшылар» деген айып тағылған. Мустафа Шоқайға қарсы қаралаған әр түрлі мақалалар жазған, « Өзбекістанға Орыс басшылығының қажеті жоқ» деген Рахим Инамұлы да « Шоқайшыл» атанды. Самарқанмен пен Байрамали мектептерінде оқитын өзбек және түрікмен жастары, Кеңестік Ресейдің Түркістандағы саясатына қарсы протест жарияламақшы болды. Кеңес баспасөздері буларға да берді;-«Шоқайшылар» Көптеген адамдар Мұстафа Шоқайды көрмей естімей тұрып-ақ «Шоқайшыл» болып кетеберетін еді.(19) Мұндай атаққа ие болған мемлекеттік қызметкерлерде бар еді. Сондай кісілердің бірі – Тәжікістан мемлекетінің жоспарлау құрылымының басшылығына дейін көтерілген Камил де осы айыппен кінәланды.Тәжікстан Большевик партиясы орталық комитеті және тексеру орталығы комитетінің бірлескен отырысында, Ленин ұлттық саясатының Тәжікстанның дамуына қосқан үлесі жайында баяндама жасады. Бұл баяндамадан кейін Камил, большевиктердің ең үлкен жауы М.Шоқай қатарына қосылып,олардың айтуынша «Шоқайшыл» болды. Камил М.Шоқайды тануы былай тұрсын М.Шоқайдың өзі де бұл кісінің атын осы оқиғадан бірінші рет естиді. Ақпан айында жасалынған бұл баяндамадан 2 айдан кейін, «Правда» газетіндегі мына мақалада «Камил ашық түрде империализм саясатын Кеңестік саясаттан артық көріп, Кеңестік Тәжікстандағы Социолизм билігінің жетістіктерін жоққа шығара отырып, империялизмнің Шығыстағы отарлау саясатын қолдап, діни империализм және буржуазия ұлтшылдарының агенті екенін анық көрсетті .Камилді, Тәжікстан комунист партиясы зиялыларының, бізге душпан буржуазиялық тобымен бірлесе отырып, партия қатарындағы ұятшылдыққа ауып кеткендерді табушылар ұйымына қарсы шығуға тырысты.(20)Негінде Камилдің ең үлкен кінәсі халқын қорғап,шындықты бетке аитқандығы еді. Башқұртстанның бұрынғы қорғаныс министрі Евһад Исимурзиннің де кінәсі башқұрт ултынан болғандығы Зеки Велидидің тараптары яғни « Велидовшы» болуы еді.(21)Түрікменстандағы мемлекеттік Қызметкерлер Нефесоғлы Ашур Хожа ,Байрамоғлы Құдайназар, Режепоғлы Мұхтар және Салимоғлы Абдулшүкірдің кейбір қисыны келмейтін кінәларын айталық ; «Атқарып жатқан іс-шаралары жұмысшы және ауыл басшылығын әлсіздендіріп, қулату және таратылған дұшпандардың басын қосып Кеңес үкімет құлатуға және буржуазия мен капиталисттердің үкіметін жаңадан құруға бағытталған әрекеттері және «Түркістан ұлттық ревалюциялық топтардың мушелері болып, дұшпандардың әдіс-тәсілдерін үгіттеушілер болатын».(22) Бүгінде мазары белгісіз Әлихан Бөкейханов, Қазақ тілінің жанашыры Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ» секілді өлеңдерімен елді империализмнің уына қарсы ескертуден еш тайынбаған қаһармандардың өз халқын сүю және қорғаудан басқа мақсаты болмады. Тарих профессоры Санжар Асфендияровтың да ең үлкен кінәсі тарихтың шындық беттерін ашу, халыққа жеткізу еді. Осы жолда аянбай еңбек етулері, Кеңестік империялизм негізіндегі ең үлкен кінә еді. Ату жазасына кесу үшін бұл жеткілікті болды.(23)
Түркістан зиялыларының кейбір бөлігі, большевиктердің құрған режимінің бақыт әкелетініне сенді. Оның артында жатқан империализмдік саясатты көре алмаған еді. Хиуада әдебиет және тарих мұғалімі болып жұмыс істеген Молла Бекжанда өзін ерікті түрде «интернациолист» деп санағандардың бірі еді. Ол 1918 жылы Мәскеудің «көмегімен Хиуа хандығын» қулатып Кеңес үкіметін қуруды армандайтын.1924 ж Орыстар Бекжан армандағандай Хиуа хандығын қулатып, Кеңес үкіметін орнатты. Бірақ бұл жыл Бекжан үшін соңы өлім, айдау, абақтыға жабылу секілді қиындықтардың басы болды. Бекжанды «бізденсін» деп қабылдамады. Ол шындықтарды түсінгенде кеш болған. Абақтыда «Түркістанның азаттығына пайдасын тигізе алмағандығына» өкініп жылағанының да пайдасы жоқ еді. Кеңестің қиялы дұшпаны ұлшылдық оны да соққыға алып жықты. (24)
Әліби Жангелдин болса атын, дінін өзгертіп, християн болып, коммунизмнің айтқанын бұлжытпай орындайтын. Мәскеу тарапынан Кеңестік Қазақстан мемлекетінің басшылығына ойланды. 1938 жылға дейін Кеңестік Ресей үшін аянбай қызмет жасады. Бірақ неге екені белгісіз ол да Шовинистік Ресейге жақпады. Оның өліміне не себеп болғанын ешкім де білмейді. Мүмкін оның түрі,Пан-орыс стандартына сай болмаған шығар. Істің Троги-комедиялық жағы 1956 ж «Ең отты комунист» деген, «атағы» қайта оралды.(25)
М. Шоқайдың басынан өткен мына оқиға Кеңестік баспасөздің қаншалықты бір жақты және жаңсақ пікір де болғанын көрсетеді.Газетте МысырдағыАлександрия кітапханасының Әзіретті Омардың әмірімен өртелгендігі туралы жазылады. М. Шоқай бұл тарихи қателікті түземекші болып,хат жазып, кітапхананы Әзіретті Омар емес,Епископ Феофилдің қол астындағы христиандар өртегенін айтады. Газет редакциясы жауап ретінде мынаны қайтарады; «Кітапхана Әз. Омар тарапынан өртелген деп ел аузындағы әпсаналарға сүйене отырып жазған едік. Мұнымен ,Пантуранизм сезімдерін ренжітетіндіктеріміз ойларымызға да кіріп шықпағанеді» (26) Большевиктер Түркістанның егемендігі үшін күрескен лидерлерді халық алдында төмен түсіру үшін қарсы пропагандылық компаниялар құрды. Энвер Пашаның Түркістандағы абырой және қолдауы большевиктерді үрейлендірді. Бұған қарсы 1922 ж 18 мамырда Ресей комунистік партиялық Орталық комитеті,» Энвер Паша «Англия агенті» және Шығыс халықтарының жауы» деген шешім қабылдап, жария етуге буйырды.»(27)
Комунистік партияның секретары Брежневтің Қазақстан Кеңестік мемлекетінің қурылуының 50 жылдығында 28 тамыз 1970 жылы Алматыда сөйлеген сөзінде; «Буржуазия ұлтшылдарын» «буржуазия өтірікшілер» етіп көрсетті. Бұдан әлі де комунизм алдында үрей бар екендігі байқалады.(28)
Түркістан жазушылары Түркістанның азаттығына титтейде келетін зарардан сақтануға тырысты. Большевиктердің пропагандасына дәлел болатын әрбір іс-әрекетке қарап шықты. Мысалы; Түркістан азаттығын қолдайтын «Жаңа Түркістан» журналының 27-сонында шыққан «Болашақ» атты төрт шумақ өлең М.Шоқайдың протестіне себеп болды.Тіпті журналдың шырарылуына басшылық жасап журген Осман Қожаұлылының жұмыстан шығарылуына себеп болды. Осман Қожаұлының 1930 жылдардың басында жазған бұл өлеңі; «Асығамыз біз саған ұлы болашақ,піріміз Мустафа Кемал,Туымыз Мемлекет, Мақсатымыз халықтық ,бұл идеал мәңгілік қалады».(29) Айтылғандай Мустафа Кемалді Мадақтауы өлеңнің мұншалықты реакциямен қабылдануына себеп болды.Түркістан ұлттық бірлігінің Европа өкілі М.Шоқай журналдың секретары Междеддин Демилге хат жазып протест жариялады.Хатында; « Абдуллах Тевеккулге Жаңа Түркістанның 27(5) сонына байланысты қарсылығымды білдірдім. Мұны Осман Қожаұлына беріңіз.26 және 27 сандары ТМБға қабылданбайды. Біздің Түркиямен достығымыз ерекше. Түркияның қуатты болуы әлбетте маңызды, бірақ Ататүрік лидеріміз деу, Түркістанның азаттыққа әрекетін Түркия туының астына байланыстыру дұрыс емес. Біздің азаттық әрекетіміз Мустафа Кемалдің басшылығымен емес, өз ұлттық күшіміздің әрекетімен болады. «М.Шоқайдың буған қарсы болуы егемендігін жаңа алған Түркия еліне зиянын тигізбеу екенін былай түсіндіреді; «Түркияның дұшпандары М.Кемалға Пантуркист ойлармен және түріктерді біріктіруге тырысудасың деп айыптар тағып жатқанда,біз оған қарсы күресудеміз.Ал, қазір Түркия дұшпандары өз ойларының дұрыстығына дәлел етіп осы өлеңді көрсетсе біз не деп жауап береміз?»(30)Шоқайдікі дұрыс болатын,себебі Кеңес үкіметі Түркияға осы өлеңге байланысты күш көрсете бастады.Чичериннің 1925 жылдың басында Баку де өткен төртінші Кеңес құрылтайындағы ескертуі және 1931 жыл «Жаңа Түркістан» журналын Түркия министрлерінің шешімімен жабу Шоқайдың сөздерінің дұрыстығындәлелдеді(31)
Мұндай ортада жұмыс істеу Түркістан зиялылары үшін өте қиын болды. Достар жағынан сатқындықпен,дұшпан жақтан «Пантюркист» болып айыпталатын. Мұның ең жаман жағы айыптаудың ені түрі де ішкі, сыртқы себептер нәтижесінде жақын адамдар тарапынан келуі еді. Зеки Велиди Тоғанның достары арасында болған мына оқиға осындай жағдайлардың бір ғана көрінісі еді. Велиди 1932 ж шілдедегі тарих конгресінде, «түрік халықтарын бөлуші» болып айыпталды.Бұл оның Түркиядағы қызметінен бас тартуына себеп болды. Ал,1944 ж басшылық тарапынан «Түріктердің бірігуін қамтамасыз етуші» деген айып тағылды.(32)
Комунистік Партия және мемлекеттік басқарма ішінде болған және Мәскеудің саясатына қарсы «тірескен» және «сенімсіздік» білдірткен, Қазақстан министрлер құрылымының басшысы Сәкен Дауренов сияқты, «ұлшылдық принциптеріне» байланысты көптеген кісі қызметінен босатылды. 1937-39 жылдар арасында бұл кісілердің көпшілігі әр түрлі айыптармен ату жазасына кесілді.Бірақ бұдан кейін Кеңес үкіметінде түрлі қарама-қайшылықтар басталды,себебі Түркістандағы комунизм өкілдері халықтың ішінен шықпаған еді.Бұл жағдайды түзету үшін Мәскеу басшылығы 1956 жылдан кейін саясатын өзгертті.Ату жазасына ұшыраған Түркістан зиялыларын ақтап , «Шығыстағы комунизм жұлдыздары « және « халқының ең ардақты ұлдары» деп жариялады.Бұлардың арасында Түркістан халық Комиссариатының басшысы болған,Тұрар Рысқұловта бар еді. Не өзгергені белгісіз кейінгі кезеңдегі Кеңес баспасөздерінде оның жасаған қызметтерін мақтаумен жеткізіле бастады(33)
Мұнынң барлығы бізге өткеннен бүгінге дейін империялист ойлар өз мақсаттарына жету үшін алдарына шыққан барлық кедергілерді әртүрлі жолмен жоқ етіп отырғандығыннан хабар бередіды.Копитализмді қолдаған батыс империалисттерімен Социолизмді қорғаған Кеңес бірлігінің елдері арасында тек ғана форма жағынан ғана айырмашылық болды. Ал мақсаттары мен тәсілдері бірдей еді. Тарих мұның ең үлкен куәгері.
Bu makalenın yayınlandığı Dergi: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің «Тарихи дерек: археология және деректану мәселелері» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материялдары; Алматы, 30 қазан, 2007, б. 377-384