Əлемнің кез келген елі алтынға мемлекеттің ішкі байлығы деп қана емес, елдің қауіпсіздігін сақтап қалатын құндылық деп қарайды. Себебі, жаһандық экономикадағы алтын бағасының жылдан-жылға қымбаттап бара жатуы небір алпауыт елдерді өз бағыт-бағдарын сол бағалы металлдың бағасына қарай түзеп отыруға мəжбүрлейді. Алтынның басты қасиеті — тауар ретінде айналыстан ешқашан шықпайтындығы. Өндірілген алтын мұнай иə газ секілді жағылып, тұтынылып кетпейді. Сосын, доллар мен евроның сатып алу құны əр кезде əрқалай жағдайға сəйкес сəт сайын құбылып отырса, алтынның сатып алу құны грамдап өлшеніп, грамдап бағаланады.ҚР Статистикалық Агенттігінің мә-ліметі бойынша, 2009 жылы елімізде 10,336 келі таза алтын өндірілген екен. Бұл осының алдындағы жылмен салыстырғанда, 26 пайызға артық. Ал, жартылай өңделген, қоспа түрінде өндірілген алтын көлемі 22,525 келіні құрапты. Соған қарамастан, Қазақстанның ішкі нарығындағы ал-тын мөлшері азайып барады. Өйт-кені, біздің елдегі алтынды өндіру жүйесі өнімді сыртқа шығарып сатуға бейімделген. Содан да болар, оны ел ішінде сатқаннан гөрі сыртқа шығарып пұлдаған анағұрлым тиімді. Себебі, ішкі нарықта сатылған алтын үшін салық төленеді. Ал, сыртқа сатылатын алтын салықтық алымнан босатылған. Бір қызығы, елімізде өндірілген ең жоғары сапалы (999, 9999 пробалы) алтын Швейцарияда біздегіден 2,5 есеге дейін арзан. Сондықтан да жергілікті өнім өндірушілер жоғары сапалы саф алтын өндіруге құлшына қоймайды. Керісінше, құрамында күміс тәрізді бағалы металл түрі араласқан, бірақ 95 пайызы алтыннан тұратын «доре» деп аталатын қоспаны шикізат түрінде жеделдетіп өндіріп, тезірек пайда табуға ниетті. Қазіргі таң-да әлемдік нарықта инвестиция үшін алтын ең белсенді актив болып тұрғанын ескерсек, оған тек құнды металл деп қа-на қарау қателік болары анық. Бірқатар мамандар айтқандай, ішкі нарықта ал-тын саудасын жүргізу жүйесі құрылса, оның қандай өнім түрінде өндірілгеніне қарамастан ішкі нарықтық айналысқа түсуіне, Қазақстанның жаһандық алтын нарықтан тыс қалмауына жағдай жасап, халықаралық деңгейде өзге елдерді бізбен есептесуге мәжбүр етер еді. Бірақ, мұндай жүйе құруға әлгі алтынның ішкі нарықтағы сатылымына салынатын салық кедергі келтіретін көрінеді.
2008 жылы әлемдік нарықтағы ал-тынның 1 унциясының (31,1035 г.) бағасы 700 доллардан асса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1130 долларға жетті. Сол себептен де, алтыннан қор құру, сақтау — жеке адам мен компания үшін де, банк пен мемлекет үшін де аса қолайлы. Әр ел бағзы замандардан бері-ақ мемлекеттік сақтандыру мен қосалқы қорын алтынға сеніп тапсырып келген, бұл үрдіс қазір де жалғасуда. Себебі, алтынның уақытқа төзімділігі оның құндылығын арттырмаса, кемітпейді. Ал, стратегиялық маңызға ие мұнай, газ, уран қоры күн өткен сайын азайып, ақыры түгесіліп, сарқылып бітуге бейім. Рас, қазіргі күні алтынды ашық әдіспен оңай өндіру жоқтың қасы болса, әр түрлі қоспалардың құрамынан алтын-ды ажыратып алу да қиындап, күрде-лене түсті. Сол себепті, алтын бағасы қымбаттаған сайын, Қазақстандағы алтын өндіру көлемі де арта түсуде, бұл — заңдылық. Бірақ, жылына 10 тоннадан астам алтын өндіргенмен, бізге оның қара тырнақтың көлеміндей сынығы да бұйырмайды екен: елде өндірілген таза, саф алтынның біраз бөлігін Ұлттық банк сатып алса, басым бөлігі Лондон биржасына пұлдап сатуға, жартылай шикізат күйінде өндірілген өнімдер Германияның қайта өңдеу зауыттарына жіберіліп, қалған-құтқандары Қытай асып кетеді екен.
Сырттан көз сүзгендер көп Есесіне, қазақ алтынына сырттан көз сүзгендердің есебі түгел. Мәселен, 2005 жылы Гонконгтың Ivanhoe ком-паниясы біздегі Бақыршақ алтын ке-нішін бірлесіп игеруге ұсыныс жасап, сол бойынша жасалған келісімге сәйкес, бірлесіп өндірген өнімнің 70 пайызы шетелдіктердің, 30 пайызы ел Үкіметінің үлесіне тиетін болды. 2006 жылы Британияның Hambledon Mining компаниясы Қазақстанның екі кен орнында алтынды ашық әдіспен өндіруді қолға алды. Ресейдің «Полиметалл» компаниясы Қазақстандағы ең ірі алтын кен орны — Варваринск кенішін сатып алды. 1979 жылдан бері өнім өндіріле бастаған бұл кен орнының бүгінге дейін тек 10 пайызы ғана игерілген. Оның қоры — 370 тонна. Қазақстан алтын қорының көлемі жөнінен (800 тонна) әлемде алғашқы ондық қатарына енсе, өнім өндіру бойынша тек 25-і орында. Көршілес елдер ішінде алтын өндіру жөнінен біз Қытай мен Ресей және Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды еншілейміз. Бұл жағынан өздерінде алтын өндірмейтін, тек оны алып-сатумен ғана айналысатын Түркия мен Үндістан бізді шаң қаптырып кетеді. Осы іспен 90-ы жылдардан бері ғана айналыса бастаған Түркия жыл сайын әлемдік рынокқа 120 тонна алтын шығарады екен. Бұл жағынан өзінде алтын өндірмейтін елдер ішінде Түркия Үндістаннан кейінгі екінші орында тұр. Еліміздегі екінші бір ең ірі алтын өндіруші кен орны — Бақыршақ (оның қоры 326 тоннаны құрайды деседі). Ақсу, Жолымбет, Бестөбе кен орындары да өзінің қоры жөнінен тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия өңірі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Алтын өндіруді өткен ғасырдың 30-ы жылдарынан бері бастаған бұл кен орындары жылына 1 тоннаға дейін өнім өндіре алады. Бұлардың бәрі «Қазалтын» компаниясының құрамына кірсе, ал, оның өзі бүгіндері күллі әлемге танымал болған KazakhGold Group компаниясының бір бөлімшесі болып табылады. Аталған компания 2005 жылы өз акциясын алғаш рет Лондон биржасына 15 доллардан орналастырған болатын. Кейін бұл баға екі есеге дейін өсті (бір акцияның құны 26,5 долларға дейін көтерілген-ді). Аталған компания Ресейдің ең ірі алтын өндіруші «Полюс Золото» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуге байланысты келісімшартқа отырған. Оның Қазақстан үшін қанша-лықты тиімді боларын алдағы уақыт көрсетеді.
Алтынға қатысты айтуға тиісті компанияның тағы бірі — «Алтын-Алмас», ол 1993 жылы құрылған. Бұл акционерлік қоғамның құрамына Ақ-бақай мен Свектинскоe кен орындары кіреді. Дегенмен, жекеменшік компания болғандықтан, оның қанша өнім өндіретіні мен өнімін қайда сататыны жайлы мәлімет алу мүмкін емес, оның бәрі — жеті қат жер астына жасырылған коммерциялық құпия. Қазақстан эко-номикасының қарқынды дамуына үлес қосады-ау деген кен орындарының қатарына Карьер, Ақсақал, Бескемпір (қоры — 95 тонна), Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы Үшшоқы, Мыңарал, Шашубай, «Пустынноe» кеніштерін де жатқызуға болады. Соңғыларын күні кешеге дейін «АБС Балқаш» кен-руда комбинаты игеріп келген-ді. Осыдан 7 жыл бұрын жылына 2,5 тоннаға дейін алтын өндіріп келген бұл комбинат 1985 жылы шағын артель ғана еді. Экономиканың жұлынын үзіп, әбден қиратқан 90-ы жылдарда-ғы қиындыққа бел алдырмай, нағыз кластерлік әдіске қол жеткізген бұл комбинат бертінде рейдерліктің құрбаны болып кетті. Келешекте өнімді сатудан түскен қаржымен қарыздың орнын жабамыз деген үмітпен банктен несие алған комбинатты белгілі бір мүдделі топтар қасақана банкротқа ұшыратты. Сөйтіп, қаржылай ес жиюына уақыт пен мұрша бермеген өндіріс орны 2005 жылы банкрот деп табылып, ақыры ол бар-жоғы 20 миллион долларға сатылып кетті (канадалық «Килборн Инжиниринг» компаниясы сонау 90-ы жылдардың өзінде комбинатты 105 миллион долларға бағалаған еді). Ал, өндірістің банкке берешегі 30 миллион ғана доллар тұғын. Өндірісті арзан бағаға қолға түсірген жаңа қожайындар оны әрі қарай қалай жұмыс істетуді білмеді. Кен орны біреудің, байыту комбинаты екіншісінің, электр жүйесі үшіншісінің иелігіне көшкеннен кейін комбинат ісінде бірлік болмай, ақыры ол тоқтап тынды. Нәтижесінде 4 мыңдай адам жұмыссыз қалып, жан-жаққа жұмыс іздеп тентіреп кетсе, жергілікті тұрғындар алтын өндірісі тарапынан көрсетілетін әр түрлі қаржылай көмектен айырылды. Ақтоғай, Мойынқұм аудандарындағы салық комитеттері үздіксіз түсіп тұратын салықтан қағылса, республикалық бюджет те айтарлықтай зиян шекті. Бұдан ешкім ұтқан жоқ, керісінше, ұтылғандар саны көп.
02.09.2021
Ермек Сахариев