Іздеу
Қазан 22, 2020
  • :
  • :

КӨЗБЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ПАЙДА БОЛДЫ

КӨЗБЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ПАЙДА БОЛДЫ

27.11.2021 13:28 Дуанабай Жолдасбек

Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясының инженерлері сал болып қалған адамдар үшін EyeCan+ технологиялық жүйесін жасап шығарды. Сал болып қалған адамдар осы технологияның көмегімен монитордан қалаған б
а
ғдарламасын көре алады.

Тек көріп қана қоймай көзбен басқарылатын технология арқылы мәтінді редакциялап, өзгелермен хабарласып, хат та жолдай алады. Бір қызығы, бол жобаны инженерлер өз бастамасымен қолға алған. Яғни, басшылық тарапынан осы жобаға қатысты қандай да бір нұсқау да болмаған, арнайы қаржы да бөлінбеген. 

Негізінен аталмыш технология 2012 жылы қолға алынғанымен осы жылы жетілдіріліп, қолданысқа берілді. Бұл жобаға сал болып қалған Хьюн-Джин Шин есімді студент көп көмектескенін айта кету керек. Samsung компаниясы аталмыш технологияны қайырымдылық қорына аударып үлгерді. Әзірге шектеулі данасын ғана. Ең қуаныштысы, бұл технология коммерциялық жоба болып табылмайды.

 

islam.kz




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir