Қоштасу
Саған да, маған да.
Кеудең - құлыптай
Кілтін табам ба?!
Саусағың құлыпты «аш» дейді.
Ерінің «қош» дейді.
Қайтейін, өшем бе, жанам ба?!
Бір өзен арада,
Сен арғы, мен бергі жағада.
Жалғыздық - қираған қаладай
Мұңайған терезе, тұтқалар
Қаншама махаббат күл болған осылай.
Ерінің «қош» дейді,
Көздерің «кетпеші» дегендей
Ертеңге алаңдай.
О, менің жақыным, досым - ай!
Кетсем, келмеймін,
Жыла, өтін, сен мейлі!
Жүрегімнен жеңілгім келмейді.
Естелік жоғалып,
Сағыныш, күтулер тоналып
Алыстай береді аралық.
Бұл бір әдемі роман.
Қоп-қоңыр мұңы бар,
Сыбызғы сыры бар,
Кім ұғар?
Бір күні асқақтық, өрлік те жығылар.
Сарғайған жапырақ шашылып,
Жылаған өлеңдер қалыпты.
Сезгенім анық бұл.
Жанарың жаудырап,
Ерінің «қош» дейді
Сұп-суық қалыппен…
Ахмет Селчук Илқам
Бөлімі: Әдебиет