Іздеу
Тамыз 9, 2016
  • :
  • :

Түрқияның Тәуелсіздік гимні

Қорықпа, сөнбейді таң шапағына боялған қызыл байрақ.

Ол құламайды, құламай түрікте ең соңғы шаңырақ

Ол менің елімнің жұлдызы, жарқырап жанған көгімнен

Ол менің ұлтымдікі тек менікі болып қалмақ

 

Садағаң кетейін ей, ерке айшық мәңгі ашық болсын қабағың

Бұл неғылған қатулық қаһарман халқыма жарқырап күліп қара бір

Зая кетер әйтпесе сен үшін төгілген қанымыз

Хақысы, Хаққа табынған қаһарман ұлтымның бостандығымыз

Мен ежелден еркін өстім, еркін боп мәңгі қаламын

Қай нақұрұыс кісендеп ұстамақ болса таң қаламын

Буырқанған өзенмін, бөгеуді бұзып өтетін

Туласам егер тауды да талқандап жаншып ағамын

Темір сауыттылар кеулеген анау күн батыс аспаны

Қасиетті менің жеріме баса алмас олай ұлттың қастары

Ұлысын, қорықпа! Тұңшықтыра алмайды осындай күшті иманды

“Өркениет” деген бір тісі қалған әлемнің арсыз тажалы

Бауырым киелі топыраққа ашкөз қорқауларды жолатпа

Арам тобырға ар иман толы еліңді тонатпа

Хақ тағала уәде еткен сағанда туады ерлік күн

Бүгін бе, ертең бе елім деп ертемен қорықпай қон атқа

Топырақ таразы табаның астында арыңды салмақтар

Жатыр оның қойнында кебінсіз мың сан аруақтар

Ей, шахит ұрпағы күңірентпе көрде жатқан ата-бабаңды

Отаның үшін опат бол есіміңді елің ардақтар

Естісе егер ел үшін мерт болған жүректің әмірін

Қара жер қойнынан шәйттер шығады жарық қабырын

Жанымды, сүйген жарымды алсаң-ал саған ризамын

Тек мына пәни жалғанда отансыз қалдырма тәңірім

Шыбыным шырқырап, сұраймын сенен сілкілеп сананы

Баспасын ешқашан киелі жерімді арсыздар табаны

Таң алдында тәңірге сыйынып, айтылған осынау азандар

Көгілдір аспан төрінде жаңғырып боп мәңгі қалар.

Есімім тасқа жазылар кірген соң суық көріме

Қанды жасым сорғалап төгілер туған жеріме

Өлі денемнен тірі рухым кетеді мүлде бөлініп

Сонан соң барып жайғасар ғарыштың ұлы төріне

Желбіре таң серісі қасиетті айшық даңқтан жаралған

Болсын тек сен үшін төгілген қанымыз біздің адал қан

Саған да түрік нәсіліме жоқ енді мәңгі өлу

Хақысы еркін өмір сүрген туымның дербестік

Хақысы, Хаққа табынған қаһарман ұлтымның тәуелсіздік

 Түрік тілінен сөзбе сөз аударған: Абдулвахап Қара 

Өндеген: Ақын Мұқаш Қожахметұлы

İstiklal Marşı

Korkma, sönmez bu şafaklarda yüzen al sancak

Sönmeden yurdumun üstünde tüten en son ocak.

O benim milletimin yıldızıdır parlayacak!

O benimdir, o benim milletimindir ancak!

Çatma, kurban olayım, çehreni ey nazlı hilal!

Kahraman ırkıma bir gül… ne bu şiddet, bu celâl?

Sana olmaz dökülen kanlarımız sonra helal.

Hakkıdır, Hakk’a tapan milletimin istiklal.

Ben ezelden beridir hür yaşadım, hür yaşarım;

Hangi çılgın bana zincir vuracakmış? Şaşarım!

Kükremiş sel gibiyim, bendimi çiğner, aşarım.

Yırtarım dağları, enginlere sığmam, taşarım.

Garbın âfâkını sarmışsa çelik zırhlı duvar.

Benim iman dolu göğsüm gibi serhaddim var.

Ulusun, korkma! Nasıl böyle bir imânı boğar,

‘Medeniyet!’ dediğin tek dişi kalmış canavar?

Arkadaş, yurduma alçakları uğratma sakın;

Siper et gövdeni, dursun bu hayâsızca akın.

Doğacaktır sana va’dettiği günler Hakk’ın,

Kim bilir, belki yarın, belki yarından da yakın.

Bastığın yerleri ‘toprak’ diyerek geçme, tanı!

Düşün altındaki binlerce kefensiz yatanı.

Sen şehid oğlusun, incitme, yazıktır, atanı.

Verme, dünyâları alsan da bu cennet vatanı.

Kim bu cennet vatanın uğruna olmaz ki feda?

Şühedâ fışkıracak toprağı sıksan, şühedâ!

Cânı, cânânı, bütün varımı alsın da Hudâ,

Etmesin tek vatanımdan beni dünyâda cüdâ.

Rûhumun senden İlahî, şudur ancak emeli:

Değmesin ma’ bedimin göğsüne nâ-mahrem eli!

Bu ezanlar-ki şehâdetleri dinin temeli-

Ebedî yurdumun üstünde benim inlemeli.

O zaman vecd ile bin secde eder -varsa- taşım.

Her cerîhamdan, İlâhî, boşanıp kanlı yaşım;

Fışkırır  rûh-ı mücerred gibi yerden na’şım;

O zaman yükselerek arşa değer belki başım!

Dalgalan sen de şafaklar gibi ey şanlı hilâl!

Olsun artık dökülen kanlarımın hepsi helâl.

Ebediyyen sana yok, ırkıma yok izmihlâl;

Hakkıdır, hür yaşamış, bayrağımın hürriyet,

Hakkıdır, Hakk’a tapan milletimin istiklâl!

Turik tilinen avdargan: Abdulvahap Kara

Olendetken: Aqin Muqash Kocakmetuli 

 

 




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir