Іздеу
Тамыз 10, 2016
  • :
  • :

ПОЛЬША ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ДОНАЛЬД ТУСК: «ТҮРКИЯНЫҢ ЕУРООДАҚҚА МҮШЕЛІГІ ДАУ ТУДЫРМАЙДЫ»

ПОЛЬША ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ДОНАЛЬД ТУСК: «ТҮРКИЯНЫҢ ЕУРООДАҚҚА МҮШЕЛІГІ ДАУ ТУДЫРМАЙДЫ»

Польша Премьер-министрі Дональд Туск, Түркияның Еуропа Одағына мүшелігінің толық қолдайтынын айтты.
Кездесулерден кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Премьер-министр Тайип Эрдоган мен Польша Премьер-министрі Дональд Туск тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Польшамен 600 жылдық тарихи қатынасы бар  Түркияға аяқ тіреуі өзі үшін де үлкен маңызға ие екенін айтқан Д. Туск, Польша мен Түркия арсында алауыздық тудыратын мәселелерден ада екендігіне, екі елдің достық қарым-қатынаста болуына  ризашылығын білдірді.
Туск, басқосуларда екіжақты қарым-қатынастарды назарға алғанын айта келе, Түркияның «ядролық әрекеттерге қадам басқанын және осы тәжірбиелерді бөлісуге дайын екендіктерін» сөз етті.
Басқосу барысында «инфрақұрылымның күрделі объектілерін» талқылағандықтарын тілге тиек еткен  Туск, «Алдымыздағы он жыл ішінде күрделі инфрақұрылым объектілерін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Өздеріңізге мәлім болғандай, Варшавада жасалатын екінші метро желісін де Түрік фирмасы қолға алды» - деді.
Польша Премьер-министрі Туск, Түркия мен Польша арасындағы виза тәртібінің де реттеліп жатқанын айта келе, «Виза тәртібінің өзгеруі үшін кездесулер өткізілетінін, Польша өз тарапынан формалдылықтардың азайтылуы үшін қолдарынан келгенін аямайтынын» да ескертті. Бұл өзгерістердің, Еуропа Одағының заңдылығына сәйкес екенін де естен шығармаған Туск, визаларға қатысты мәселелердің бітетінін сөз қылды.
Туск, «Еуропалық одақтастарымызды осы мәселеге бей-жай қарамауға шақырамыз» - деп айтты.
Түркияның, халықаралық бірлестіктерде көрсетіп жатқан еңбектерін де мойындайтындықтарын айта келе Туск, Ауғанстанда Түркияның  маңызды одақтас болғандығын да еске салды.
КИПР МӘСЕЛЕСІ
Польша Премьер-министрі Туск, 2011 жылдың екінші жартысында Еуропалық Одаққа (ЕО) төрағалығын алға тарта отырып, Польшаның Кипр мәселесіне қатысына қатысты, «Бұдан алдын да айтқанымдай, біз үшін Түркияның ЕО мүшелігі дау тудырмайды »
Түркияның жетістіктерінен сөз қозғаған болуы Туск, келіссөз шарттарының  Кипр мәселесінің шешілуіне себін тигізгенін  баса айтты.
Туск, «Мәселені шешу үшін қолымда алтын кілт болса да сіздерден аянып қалмас едім» деді.
Премьер-министр Туск, Польшаның ЕО жолында көптеген мәселелермен бетпе-бет келгенін, сол себептен оптимист болу керектігін, Польшаның төрағалық кезеңінде мәселені шешуде әрдайым қол ұшын беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Бұл мәселенің «ақ/қара мәселе емес екенін» айтқан Туск, «Кипр үшін жанжалдасушы мемлекеттер ешкімнің де құқықтарының жүз пайыз еместігін білетін болса, Кипр мәселесінің оң шешім табатыныа сенімдімін» - деді.
Польша Премьер-министрі Туск, Полшалық бір тілшінің, «Түркияның Еуропалық Одаққа кіруі жөнінде, Армения иддеяларының талқыланып-талқыланбағандығы мен осы мәселенің шешілместен Түркияның ЕО-қа қалай кіретіні» тектес сұрағына, Польша мен Түркия арасында «Талқыланбайтын мәселе қалмайтындығымен» жауап берді.
Бұл мәселенің, «ғылыми, заңды әрі шынайы түрде қарастырылуына аса мән бергендіктерін» білдірген Туск, ұлт тарихында трагедиялық оқиғалар орын алуы мүмкін екендігін, алайда бұл оқиғалардың көп уақыт өткесін, «екіжақты келісім аясында қарастырылуы» керек екендігін баса айтты.
Дональд Туск, «Бұл мәселелердің шешілуінде екіжақты ынтымақтың мәні зор» - деді.




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir