ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті өз жұмысын қорытындылады
Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) саммиті өз жұмысына нүкте қойды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, басқосу соңында « Саммитке қатысушы мемлекет басшылары ЕЫҚҰ-ның құндылықтарына баса назар аударуда» деді.
Екі күнге созылған ЕҚЫҰ Астана саммитінің қорытынды мәжілісін ашқан Қазақстан президенті Н. Назарбаев ЕҚЫҰ-ның одан әрі дамуымен, маңыздылығының артуымен, қатысушы тараптардың ортақ жауапкершілігінің қуатталуымен саммиттің жоғары дәрежеде өткенін тілге тиек етті.
ЕҚЫҰ-ға мүше елдер делегацияларының күні бойғы пікірталасы бір мәмлеге келіп, Нұрсұлтан Назарбаев Астана декларациясы ЕҚЫҰ-ның өміріндегі жаңа кезеңге бастау болып отыр деп бағалады.
Декларацияда саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ың құндылықтарының маңыздылығын атап, орын алуы мүмкін халықаралық шиеленістердің де алдын алуда Молдавия, Грузия секілді ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы түйіндердің шешілгенін сөз етті.
Түркия президенті А. Гүл Исламофобиямен күресуге үндеді.
Еуропа Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана Саммиті кеше өз мәресіне жетті. Қорытынды декларациясында Грузияның аумақтық тұтастығына қолдау көрсетілгенмен, Таулы-Қарабах шиеленісін бейбіт реттеу мәселесі қаралмады. Жиында сөз алған Түркия Президенті А. Гүл бүгінде Исламофобияның белең алып тұрғанына алаңдаушылық білдірді.
Араға 11 жыл салып Астанада өткізілген Еуропа Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) саммиті кеше аяқталды. Қабылданған Астана Декларациясында «Грузиядағы шиеленіске» назар аударған қонақтар, Оңтүстік Осетия мәселесін кейінгі отырыстарға қалдырды. Сондай-ақ, Таулы-Қарабах жөніндегі мәселе де қараусыз қалды.
Жиын соңында Түркия Президенті А. Гүл, әлемде белең алып жатқан Исламофобияның қауіптілігіне тоқталды. Демократияның, құқық үстемдігі мен азаттықтың әрдайым назардан тыс қалмау керектігін баса айтқан А. Гүл өз кезеңінде, «Исламофобия, антисемитизм, дискриминация, нәсілшілдік секілді ағымдар қоғамда шиеленісті өрістетуде. Бұнымен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірігіп күресуіміз керек. Түркия да өз тарапынан бұған атсалысуда» - деді.
А. Гүл жиынның 11 жылдан кейін ұйымдастырылғанын айта келе, Қазақстан төрағалығы барысында ЕҚЫҰ-ының баршамызға ортақ мүддесі жолында көп еңбек сіңірді әрі Орта Азия мемлекеттерінің теңдігінде маңызды рөл атқарды. Ал Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселелері шешілмесе аймақта тұрақтылықтың орнауы мүмкін емес екенін жариялады. Аймақтық тұтастығының сақталуы үшін барлық мемлекет басшыларын ауызбіршілікке шақырғын Гүл, әсіресе, Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы-Қарабах кикілжіңінің шешілуі үшін ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің күш салулары керек екендігін ескертті.
Саммиттің соңғы отырысында Таулы-Қарабах кикілжіңі сөз болды. Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Арменияның Әзербайжан жерінің 20 пайызын басып алғанын, Қарабах мәселелерінің әлі күнге дейін бітпегенін, осы себептен аймақтың ынтымақтастығына нұқсан келіп отырғанына тоқталды. И. Әлиев, « Армения біздің қалаларымызды, ауылдарымызды, қасиетті жерлерімізді басып алумен қоймай, тіпті ата-бабамыздың мазарларын да жермен жексен етті» - деді. Армения Президенті Серж Саргсян бұған жауап ретінде Қарабах мәселесін шешуде ортақ ымыраға келмеуге Әзербайжанның кедергі болғанын және бұл қателікті Арменияға жауып, үнемі кіналайтынын, Әзербайжанмен қатынасын өзгертіп «Жоғары Қарабах Мемлекетін» деп танитындықтарын және қатынас беделінің артуы үшін аянбай күш салатынын айтты. 2011 жылы өткізілетін ЕҚЫҰ-на төрағалық ететін Литва президенті Даля Грибаускайте Жоғары Қарабах мәселесіне нүкте қойылатынына сенім білдірді.
Тəубе! Əлем қазақтың даналылығын мойындады. Ұзағынан сүйіндіргей!
ДК: http://www.zaman.com.tr/haber.do?haberno=1060229&title=gulden-islamofobi-ile-mucadele-cagrisi