Іздеу
Қараша 23, 2017
  • :
  • :

Мақсатымыз – Қазақстанға сапалы абитуриенттер даярлау

Мақсатымыз – Қазақстанға сапалы абитуриенттер даярлау

Атам қазақ бала тәрбиесіне қашанда ерекше көңіл бөлген. Қарыштап дамып жатқан дүние еліне елеулі, халқына қалаулы ұл-қызының тәрбиелі болумен  қатар білімді әрі зерек болуын талап етеді. Ғылымға бет бұрған елдермен иық тіресуге бел буған жас еліміз де жастарына жақсы білім беріп оларды бәсекеге қабілетті қылып тәрбиелеу ісін мықтап қолға алған. Елбасының «Сапалы білім Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық дамытудың негізі болуы тиіс»  деген сөзі бұған нақты дәлел бола алады.

Еліміз жоғары оқу орындарына оқушылар дайындап, оларға қосымша дәрістер өткізетін «Достық» Білім орталықтары да еліміз үшін аса маңызды бұл іске өздерінің қомақты үлестерін қосып жатқанына аз уақыт болған жоқ. Алғаш 2003 жылы ашылған «Достық» орталығының қазіргі таңда әрбір облыс орталығында бір бөлімшесі жұмыс істеп жатыр.

Осы орайда жақын арада Қазақстанның барлық қалаларында «Қабылдау емтиханын» өткізгелі жатқан «Достық» Қазақстандық білім беру орталығының Бас директоры Бағдат Есембековті әңгімеге тартқан едік.

–         Бағдат мырза, біз әңгіме қылып отырған «Қабылдау емтиханының» ерекшелігі неде, атауына да қысқаша тоқталып өтсеңіз?

–         Иә, бұл емтиханның «Қабылдау емтиханы» деп аталуы кездейсоқтық емес. Біріншіден, бұл емтихан келесі оқу жылында өз білім шаңырағының ең үлкен тәрбиеленушісі атанғалы отырған 10-сынып оқушыларына алдымыздағы үш ай жазғы демалыс кезінде алдын ала жоспар жасау керектігін еске салатындай жағдай жасауымен ерекшеленеді. Яғни қыркүйек айында мектепке келген 11-сынып оқушысының «11 жылдық білімімнің нүктесін қалай қоям? Мектепті ойдағыдай абыроймен бітіріп шығуым үшін не істеуім керек?» деген сауалдарын өз ойына түйіп, соңғы жылдың жауапкершілігінің маңыздылығын сезінуіне себепкер болуды жетістіктің бірі деп білеміз. Екіншіден, бұл емтихан келесі оқу жылында дайындық курсына келетін оқушылардың білім деңгейін алдын ала бір өлшеп, соған қарай жоспарымызды дайындайық деген ниетпен жасалып отыр. Сонымен қатар, бір мезгілде және Қазақстанның барлығы дерлік қаласында өткізгелі жатқан бұл емтихан арқылы біз оқушыларды тестілеудің салмақтылығы мен оған психологиялық дайын болудың алғышарттарын үйретпек ниетіміз бар. Бұл емтиханның нәтижесінде «Достықтың» келесі оқу жылына тіркеу де қатар жүреді. Яғни емтихан нәтижесі бойынша оқушыларға келесі оқу жылына арналған жеңілдіктер қарастырылған. Атап өтетін бір жайт, «Достық» орталығында бұл емтихансыз-ақ жетім балаларға, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларға жеңілдіктер мен тіпті тегін оқу қарастырылған. Бұл емтиханның тағы бір «жаңалығы» бар. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізгелі жатқан бұл жаңалықпен әңгіме барысында таныса жатармыз.

–         Аталмыш емтиханға қанша оқушы қатысады деп жобалап отырсыз?

–         Қазақстанның барлық қалаларын қамтығымыз келеді. Астана, Алматы және өзге де қалалардағы «Достық» бөлімшелері емтиханды өткізуге сақадай сай дайын отыр. Санмен айтар болсақ, 20 мыңға жуық оқушы бұл тестілеуге қатысады деп жобалап отырмыз.

–         Сонда бұл емтиханды кішігірім ҰБТ деп атауға болады екен! Емтихан сұрақтары ҰБТ сұрақтарына қаншалықты сай келеді?

–         Біздің ұстаздарымыз орталықта сабақ берумен қатар сұрақ дайындаумен де айналысуда. Бұл емтиханның сұрақтары мектеп бағдарламасына сай құрастырылған. Бір жауабы бар тест, ашық тест, логикалық тест, суретті, диаграммалы және графикті тесттер ҰБТ-ның спецификациясы бойынша деңгей-деңгейімен құрастырылған. Жалпы сұрақтардың басым бөлігі «құрғақ» емес, керісінше оқушыны қызықтыратын, тәрбиелік мәні бар, мағыналы болып келеді.

–         Емтихан нәтижесінде оқушылар қандай әсер алады деп ойлайсыз?

–         Оқитын, білімге құштар баланы бұрын еш жерде кездестірмеген бұл сұрақтар қызықтырмай қоймайтынына сенімдіміз. «Достықтың» табалдырығынан аттаған әрбір баланың көңілінен шығатындай етіп білім беруге тырысамыз. Жоғарыда айтқандай тест сұрақтары да міндетті түрде оқушының көңілінен шығады деген үміттеміз. Жай әншейін келген баланың өзі жағымсыз пікір айтар болса, оны да тесттеріміздің ұтымдылығынан деп білеміз.

–         Жоғарыда сіздер өткізгелі жатқан емтиханның бір жаңалығы бар деп айтып қалдыңыз, ол қандай жаңалық?

–         Бұл емтиханның бір жаңалығы – емтихан біте сала барлық сұрақтардың жауаптарымен қоса шешімдері біздің сайтта орналастырылатын болады. Дұрыс шешімдермен оқушының лезде танысуы ол үшін үлкен ғанибет, өйткені нанды ыстық күйінде жеудің ләззаты қандай болса, оқушының үш сағат бойы еткен еңбегінің жемісін тері қатпастан беру – кімге де болса пайдалы әрі тиімді.

–         Қолымызда ұстап отырған парақшада емтиханға қатысқан ешбір оқушы құр қол қайтпайды деп жазылған. Сыйлықтармен қоса оқушыларға тағы қандай жүлделерді дайындап отырсыздар?

–         Қазір барлық мектептің 10-сынып оқушыларын осы емтихан туралы ақпараттандыру мақсатында арнайы парақша әзірленді. Сонда барлық жүлделер ашық жазылған. Берілетін жүлделердің алдын ала жазуымыздың себебі – оқушыны ынталандыру. Емтиханда барлығы 100 сұрақ болады. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Осы емтихан нәтижесі бойынша келесі оқу жылында оқушы мынадай жеңілдіктерге ие бола алады: қала бойынша 1-ші орынға ие болған оқушыға 70%, 2-орынға 60%, 3-орынға 50%, 4-орынға 40%, 5-орынға 35%, 6-орынға 30%, 7-орынға 25%, 8-орынға 20%, 9-орынға 15% және 60-тан жоғары ұпай жинаған оқушыға 10% жеңілдік жасалады. Республика бойынша 1-ші орынға iPad 4, 2-ші орынға Samsung Galaxy Note, 3-орынға HTC Mobile Phone беріледі.

–         «Достық» білім беру орталығының негізгі мақсаты қандай?

–         Республиканың оқу-ағарту саласының дамуына, білім беру деңгейінің артуына, бәсекелестік қабілетінің жетілуіне үлес қосу, нарықтық экономикада өз орнымызды белгілеп, «Достық» сауда белгісін жаңғырту – біздің негізгі мақсатымыз.

–         Әңгімеңізге рақмет. Жұмыстарыңызда сәттілік тілейміз.

Автор:  Рахат Ахмет




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir