Негізгі жаңалықтар

Ориентализм және ұлттық таным жүйесі

Ғалым Жүсіпбек

Тәуелсіз мемлекет болуымыздың жиырма жылдығын атап өтуге жақындап қалсақ та, елімізде «Отаршылдықтан кейінгі зерттеулер» саласы мен осы саланың ең алдымен методологиялық жағынан дамуында үлкен роль ойнаған еңбектердің қазақ тіліне аударылу ісі әлі де қолға алынбай келеді. Аталмыш саланың дамуы тәуелсіздігіміздің баянды болуына айтарлықтай үлес қосар еді. Ең алдымен, біздерге отаршылдықтың ең үлкен зардабы болып саналатын «тәуелсіз емес», «бізге тән емес» ойлау жүйесінен арылудың жолдарын анықтауға көмектесер еді.

Біздің өзіндік ұлттық ойлау жүйеміз Кеңестік тоталитарлық дәуірде мүшкіл хәлге жетті. Сондықтан тәуелсіз ел болсақ та, бізге сырттан таңылған, жат ойлау жүйесінің шырмауынан құтыла алмай жүргендейміз. Бұл ойлау жүйесін «бізге жат шаблондарға сүйеніп ойлау» жүйесі деп де атай аламыз, көпшілігіміз бұл шаблондарды аңғара да бермейміз. Мұның көркемсөз өнеріне де тікелей әсер ететіні мәлім. Яғни біздің жазушыларымыз, ақындарымыз, драматург пен суретшілеріміздің өз шығармаларында қолданып жүрген образдары мен көркемдік түсініктерінде «бізге жат шаблондардың» азды-көпті әсері байқаалады. Сол себепті бүгінде бабалар сөзін, тіпті Абайдың, Шәкәрімнің, алаш зиялыларының еңбектерін толық түсіне алмай келеміз.

    Әдебиет

    Тарих

    Мәдениет

    Туризм

    Экономика

   Түркі әлемі

    Баспасөзде Түркия

    Түркия баспасөзінен