Іздеу
Қаңтар 22, 2018
  • :
  • :

ТҮРКИЯҒА ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫҒА 60 ЖЫЛ

ТҮРКИЯҒА ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫҒА 60 ЖЫЛ

16 Mart 2012 15:36
Иә, айтулы құжатқа қол қойылған күн 1952 жылы 13- наурыз.

Сол күні Демократиялық Партияның төрағасы және Басминистр Аднан Мендерестiң басқаруында жиналған Түркия Республикасы Министрлер кабинеті Пәкстан, Үндістан және Кәшмірдегі 1850 қазақтың Түркияға қоныс аударуын қабылдаған шешімді мақұлдағанды.

Осы құжатқа 60 жыл толуына байланысты Түркия қазақтары 17 Наурыз 2012 сенбі күні сағат 14.30-да Топкапы ауданындағы Басминистр Аднан Мендерестің кесенесіне барып оның аруағына Құран оқып түрік халқына деген алғыстарын тілге тиек етеді.

Осы іс-шараға бір қатар саяси партиялардың өкілдері, Қазақстан елшілік және консулдықтың қызметкерлері, жергілікті қазақтар, олардың ұйымдары, журналисттер, ғалымдар және көптеген адам қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар бұл іс-шарада Түркияның 16 желтоқсан 1991 күні Қазақстанның тәуелсіздігін әлемде тұнғыш таныған ел болуы сондай-ақ 2 Наурыз 1992 жылы екі елдің дипломатиялық қарым-қатнастарының басталуының 20 жылдығына байланысты қазақ халқының алғысы айтылады. Сол үшін Басминистір Аднан Мендерестің кесенесінің қасындағы Президент Тұрғыт Өзалдың да бейітіне барып аруағына Құран бағышталады.

Жасасын түрік – қазақ халықтарының достығы, жасасын Түркия мен Қазақстан Республикалары.

Абдулуахап Кара / Ыстанбул

http://abdulvahapkara.com/yayinlari/bildirileri/159—-60-.html




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir