Іздеу
Маусым 2, 2016
  • :
  • :

Тұғыры берiк туыстық

Қазақстан мен Түркияның арасындағы екiжақты ресми байланыстың орнағанына биыл 20 жыл толды. Түркия – Қазақстан тәуелсiздiгiн алмай тұрып, болашақ iргелi ел ретiнде бағалап, мойындаған бiрден-бiр мемлекет. Әлемде дипломатияның ағайынгершiлiк пен бауырмалдықтың ерекше үлгiсiн Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Озалдың бiр-бiрiне деген сонау жылғы екеуара ықыласынан танимыз.

Екi елдiң ортасында өстiм

Тұрғыт Озал 1991 жылы ресми сапармен түркi елдерiн аралады. Қазақстанға наурыз айында келдi. Нұрсұлтан Әбiшұлымен жүздесiп, кең пiкiр алмасқан. Екеуара әңгiме-дүкен барысында дәуiрдiң бағыты мен заманның лебi өзгерiп, түркi дүниесiн тұмшалаған түнектiң түрiлiп келе жатқанын сезiндi. Мән-жай ұғысқан соң, екiжақты экономикалық-саяси және мәдени шараларды iске асыру жөнiнде тұңғыш келiсiм-шартқа ресми түрде қол қойылды. Бұл – бiр ел тәуелсiздiгiн алмай тұрып тәуелсiз бiр елмен келiсiм-шартқа отыратын болса, онда сол мемлекет оны тiкелей қабылда-ғаны, яғни тәуелсiздiгiн мойындағанының көрiнiсi. Халықаралық саясатта солай түсiнiледi. Солай қабылданады. Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялағанда Түркия Республикасы араға сағат салмай, егемендiгiн танығаны – соның айғағы. Түркияның сол кезгi Президентi марқұм Тұрғыт Озал қазақтың азаттығына шаттанып, сол сәтте-ақ Назарбаевты құттықтады. Бұл – наурыз айындағы келiсiм-шарттардың халықаралық деңгейде атқарылатынын әлемге баян еткенi. Екi елдiң сол кезеңге дейiн кеудесiне сыймай, лықсып тұрған бауырмалдығы, бiр-бiрiне деген қылаусыз ықыласы сол сағаттан бастау алған.

Көп ұзатпай Қазақстаннан Түркияға делегация аттанды. Соңыра, Қазақстанның iзiмен түркi елдерiнiң барлық басшысы Түркияға келiп, Түркi елдерiнiң тұңғыш Саммитiн өткiздi.

Түркия 1992 жылы Қазақстанда ең алғашқы Елшiлiгiн ашқан ел ретiнде тарихта қалды. Наурыздың 2-сiнде Қазақстанға тағайындаған тұңғыш Ел-шiсiн аттандырды. Елшi Қазақстан Президентiне Сенiм Грамотасын бiрiншi болып тапсырды. Араға 1,5 айдай уақыт салып, Қазақстан тарапынан тағайындалған тұңғыш Елшi Қанат Саудабаев екiжақты қарым-қатынас қайнарын ашты. Саяси институттарды жетiлдiру бағытында қа-рымды iстер қолға алынды. Мәдениет саласындағы ең алғашқы шара – екi ел арасындағы студент алмасу басталды. Соның нәтижесiнде 1992 жылы Қазақстанға Түркиядан оқуға келген алғашқы он студенттiң бiрi болдым. Каһраман Мараш деген қаладан әке-шешемнiң, туысқандарым мен атамның ықыласты ақ батасымен келiп, КазГУ-дiң журналистика факультетiне түстiм. Құдайға шүкiр, алған бiлiмiмнiң арқасында ақпарат саласында қызмет етiп келемiз. Бүгiнде халықаралық iргелi «Қазақстан-Zaman» газетiн басқаратын дәрежеге жеттiк. Қазақстаннан Түркияға барып, екi елдiң ортасында өскен мен сияқты азаматтар Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардың күшеюiне елеулi үлес қосып жатыр.

Сызатсыз сый-құрмет

Қазақстан мен Түркия арасындағы достастықтың басталғанына 20 жыл толуына орай Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшiлiгi мен Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi бiрiгiп, наурыздың 1-iнде халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция ұйымдастырды. Конференцияда екi ел арасындағы келiсiмдер мен сапарлар хақында және оның нәтижесi турасында Елшi Лале Үлкер ханым кең көлемде баяндады. Құдайға шүкiр, Қазақстан мен Түркияның мәдени-саяси, экономикалық байланыстары қарқынды дамып келедi. Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, жиырма жылдың iшiнде Қазақстан мен Түркия арасында бiрде-бiр кедергi, жанжал болмай, барлығы да жоғары дипломатиялық деңгейде келiсiлiп, екi елдiң мүддесiмен санаса отырып шешiлген екен. Бұл – бiр жағынан ағайынгершiлiк түсiнiстiк болса, екiншiден, екiжақты сый-құрметтiң белгiсi.

Түркия Қазақстанға шет елден келiп, өзiнiң университетiн ашқан ең алғашқы ел ретiнде тарихта қалды. Университеттiң ерекшелiгi тек қазақ пен Түркияның ғана емес, күллi түркi елдерiнiң балалары бiлiм алатын ордаға айналған. Бүгiнде шамасы 40-қа жуық түркi ұлысының өрендерi оқиды. Бұл – болашақта бiр-бiрiне қолдау көрсететiн ағайындардың балаларын бiр ұядан түлетiп отыр деген сөз.

Түркия – Қазақстанға ең алғаш инвестиция құйған ел. Қазақстан тәуелсiз-дiгiн алған кезде экономиканың тоқырап, фабрика-зауыттар тоқтаған кезi. Түркия Президентi Тұрғыт Озал болсын, Премьер-Министр Сүлеймен Демирел атамыз болсын, ешбiрi көмектен аянып қалған жоқ.

Екi жыл бұрын бiрқатар қазақ журналистерi Түркияға арнайы барып, Сүлеймен Демирелмен сұхбат өткiздiк. «Ол кезде Түркияның өзi де экономикалық жағынан оңып тұрған жоқ едiк. Өзiмiзде жоқ болса да, тәуелсiздiгiн алған Орта Азиядағы бауырларымыз үшiн өзгеден несие алдық. Ол кезде 1 миллиард доллар аз қаражат емес, бiрақ, бiз қаржының бетiне қараған жоқпыз. Ол ақша қайта ма, қайтпай ма, оны ойлаған жоқ-пыз. Ел қатарына iлiгiп кеткенше көмек берудi парыз деп санадық» дегенi бар.

Ең алғаш Елшiлiгiн ашып, ең алғаш халықаралық бiлiм ошақтарын ашып, ең алғаш инвестиция салған, Астанада да, Алматыда да ең алғашқы бес жұлдызды мейманхана салған ел Түркия болып отыр. Оған, әрине, зор мүмкiндiк жасалды. Түркия компанияларының Қазақстанға келiп, емiн-еркiн жұмыс iстеп жатқанын көрген өзгелер де Қазақстанға инвестиция құюға, Қазақстанда жұмыс жасауға сенiмi артып, бiртiндеп келе бастады. Ол да болса, Түркия iскер адамдарының тарихи миссиясын орын-дағанының бiр көрсеткiшi болса керек деп ойлаймын. Әсiресе, Қазақстан жаңа астана салған кезеңде күнi бүгiнге дейiн Түркияның iскер адамдары құны 15 млрд долларға пара-пар келетiн тұрғын үй және өзге де ғимараттар салды. Астананың ажарлануының 65 пайызы Түркия құрылыс компанияларының үлесiнде екен. Бұл – бiз үшiн үлкен мақтаныш. Өйткенi, ағайынды екi елдiң өзара үйлесiмдiлiгi – жиырма жылдық сабақтастықтың нәтижесi. Мiне, осындай сындарлы жылдар iшiнде iрге ажыратпай, ара суытпай, екi ел басшыларының тәуелсiздiктен бұрын жолға қойған сенiмiн жалғап келе жатқанымыз – ағайынгершiлiкке сызат түсiрмегенiмiздiң көрiнiсi.

Бүгiнде екi ел арасындағы сауда қарым-қатынастары 2 миллиард доллар-дың аясында. Түркияның Қазақстанға жасаған экспорты небәрi 365 миллион доллар болатын болса, Қазақстанның Түркияға жасаған экспорты 1 миллиард 350-400 миллион долларға жеттi. Яғни Түркияның экспортынан Қазақстанның экспорты төрт есе артыпты. Қазақстан Түркияға көбiне шикiзат өнiмдерiн және бидай сияқты дәндi дақылдар сатады.

Орта есеппен алғанда, Түркияның 600-650 фирмасының Қазақстан эконо-микасына жиырма жыл iшiнде құйған инвестициясы 4 миллиард доллардың көлемiнде екен. Ал, Қазақстанның Түркияға салған ин-вестициясы 550-600 миллион доллардың шамасында. Түркияның алда тұрғаны – мұндағы фирмалар санының көптiгi. Әрi капиталистiк ел болғанының артықшылығы шығар.

Барыс-келiс ширады. Былтыр Түркияға қазақ елiнен 316 мың адам ба-рыпты. Яғни шет елге шыққан Қазақстан азаматтарының 50 пайызы Ана-жұртта демалған. Демек, Түркияны жақын тұтып, ол жерде өзiне бiр ыстық ықылас тапқаннан деп бiлемiз. Астананың 2012 жылы түркi дүниесiнiң мәдени астанасы ретiнде жарияланғаны – Қазақстанның түркi әлемiнде беделiнiң жоғарылығының белгiсi.

Халықтық дипломатияны алғаш бастаған – «ZAMAN» газетi

Кеңес құрамындағы түркi елдерi егемендiгiн алған соң, Түркиядағы «ZAMAN» газетi өрiсiн одан әрi ұлғайтты.

Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң, екi елге ортақ қуаныш – мәдени-ақпараттық саладағы байланыстарды күшейту жолында «ZAMAN-Қазақ-стан» газетi қос президенттiң батасымен дүниеге келген. Қалтай ағадан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Мырзатай Жолдасбеков, Ислам Жеменей ағаларымыз зор еңбек сiңiрген. Бiр қызығы бұл газет Қазақстан тәуелсiздiгiнен бiр ай, бiр күннен кейiн дүниеге келген. Яғни Қазақстандағы ресми Түркия елшiлiгi aшылмай тұрып, газет ашылды. Алғашқы редакторы – ардақты ақсақалымыз Қалтай Мұхаметжанов 1992 жылы қаңтардың 12-сi күнi қол қойып, тұңғыш нөмiрiн жарыққа шығарды. Бұл газеттiң Қазақстанда дүниеге келуi екi ел басшыларының үлкен қуанышына айналды. Түркия Президентi Тұрғыт Озал, Премьер-министрiмiз Сүлеймен Демирел және Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегi Премьер-министр Сергей Терещенконың құттықтау сөздерi басылған. Солайша, екi ел арасындағы халықтық дипломатияны ең алғаш бастаған ұйым – Түркиядағы «ZAMAN» газетi болған. Газет екi ел арасында бейресми елшiлiктiң ролiн атқарды.

Рас, еларалық газет бiрден қанаттанып кете алған жоқ. Өкiнiшке қарай, 1993-1994 жылдар аралығында алты айдай тоқырап барып, 1994 жылдың екiншi жарты жылдығында баспа жүзiн қайта көрдi. Тiзгiндi Жұмабай Шаштайұлы ағамыз алды. Бұл кезде газет қазаққа етене танымал болып, қазақтың жоғын жоқтап, сөзiн сөйлейтiн дәрежеге жеттi. Соның арқасында 1994-99 жылдары нағыз зиялы қауымның газетiне айналды. «ZAMAN» өзiнiң миссиясын дұрыс жолға қойғанын байқатты. Газет басшылығы және Қазақ зиялыларының ұсынысына орай, 2000 жылы «Қазақстан-Zaman» болып өзгердi. Оған Түркиядағы басшылық бiрден келiсiм бердi.

Қайта күш алған газет бүгiнде қазақ баспасөзiнiң бiр тiрегiне айналды. Еларалық газет Америка, Германия, Франция сияқты Еуропа елдерiнде, Австралияда, Әзербайжанда, Түркiменстанда, Қырғызстанда және Балкан елдерiн қосқанда, бүгiнде 26 елде шығады.

«ZAMAN» газетi ең алғаш 1986 жылы жарық көрген. Бұл кезде сол кездегi Түркия халқының оңшыл және солшыл деп, екi бөлiкке бөлiнген зиялы қауым өкiлдерiнiң арасында оңшыл топтың iшiнде шыққан, ұлттық құндылықтарды жақтайтын және оны қорғайтын газет болып есептеледi. Басылым алғашқы санынан бастап халық ерекше ықыласпен қабылдаған. Тұңғыш нөмiрi он мың дана таралыммен шыққан болса, 1992 жылы небәрi бес жылда таралымы 350-400 мыңға жеткен.. Бүгiнгi таңда күн сайын миллион тиражбен таралады. Қарамағында 4 мыңға жуық қызметкерi бар. Әлемнiң 76 елiнде арнаулы тiлшiлерi жұмыс жасайды. Дүние жүзiнiң 26 елiнде бөлiмшелерi ақпар, мәлiмет жолдап отырады. Немесе бiз сияқты, екiжақты келiсiм-шартпен жұмыс жасап жатқан офистерi де бар. Газеттiң жанында «АКСИОН» деген атпен шығатын журнал да Түркиядағы әлеуметтiк-экономикалық, саяси өмiрдiң белортасында жүредi. Түркия қоғамындағы бiраз құбылыстың өзгеруiне елеулi үлес қосып, ықпал етiп келедi. Елдегi әртүрлi саяси топтардың, әртүрлi идеологиялық топтардың қоғам мен ел iшiндегi мәселелерге қатысты қасақана немесе әлдебiреулердiң ықпалынан туындаған құйтырқы әрекеттерге тосқауыл қойып, шиеленiстi ахуалды ауыздықтауға беделi жететiн, дуалы ауыз газетке айналды. Газеттiң ең алғашқы «ZAMAN»-ның кiтапханасынан» деген сериямен шығарылған кiтабы өзге газеттердегi өтiрк-өсек пен жаладан тұратын ақпараттарды дәйектi түрде жоққа шығарған кiтап болды. Мұндағы дүниелер – газет бетiнде жарияланған мақалалар легi.

Бүгiнде Түркияда осы газеттiң ықпалының арқасында бопсалау опера-циялары және әлдекiмге жазықсыз жала жабу, жалпы, қолдан ұйымдасты-рылған материалдарды басқа баспасөздер бұрынғыдай бере алмайтын күйге түстi. Бәрi «ZAMAN»-ның ақиқатшылдығынан сескенiп тұратын болды. Өйткенi, газет-журналдардың бiр-бiрiне деген ықпалы, баспасөз нарығындағы тенденцияның үлгiсiн көрсететiн деңгейге көтерiлдi.

Бұл, әрине, «ZAMAN» газетiнiң оқырмандарының белсендiлiгiнен. Себебi, егер газетiңiздi оқырманы қолдамайтын болса, тiлшiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiне сүйенiп, шеберлiгiне сүйiспеншiлiк танытпаса, сiз де мұндай мәселеге бел шешiп кiрiсе алмайсыз. Бүгiнде «ZAMAN» өзiне бәсекелес газеттердiң арасындағы таралымның айырмашылығы шамамен, 400-450 мыңдай. Яғни өзiңнен кейiнгi тұрған газетке осыншама бедел таныту және осынау турашылдығымен, кәсiпқойлығымен елдiң бiрiншi газетiне айналуы – басылымның халық алдындағы, мемлекет пен қоғам алдындағы қызметiн адал атқарып жатқанының айғағы. Сондай-ақ, сол елдi басқарып отырған басшылықтың ұстанған саясатының мүддесiмен үндесiп, елдiң үдесiнен шығып отырғаны.

Ахмет АЛЯЗ,

«Қазақстан-ZAMAN»

халықаралық қоғамдық-саяси

газетiнiң және «Мөлдiр бұлақ»

балалар журналының бас

директоры

06.03.12

http://www.astana-akshamy.kz/index.php?uin=1230028208&chapter=1331007097




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir