Іздеу
Мамыр 27, 2017
  • :
  • :

Түркияда қазақ ақынының мерейтойы аталып өтеді

Алыс-жақын туыс елдер де ұлы ақынның ғасырлық тойын атап өтіп, оның шығармаларының прогрессивті қырларын жарыса жазды. Осындай туыстық лебіз білдіріп, Қасымның ақындығын насихаттаған елдің бірі түрік ағайындар еді.

Түркиядан «Кардеш калемлер» (туыс қалам) атты айына бір шығатын әдеби журналдың қыркүйектегі саны «Даңқты Қазақ шайыры Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл» деген атпен жарық көрді. Журналдың бас редакторы Али Акбаш өзінің алғы сөзінде: «Биыл Қазақстан Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. «Кардеш калемлер» журналы да бұл қуанышқа ортақтаса отырып, Қасым Аманжоловты Түркияға таныстыру мақсатында, басылымның осы санын қазақ жырының құдыретті үнін естуге арнайды»,— деп ағынан жарылыпты. Сондай-ақ, Нұрлан Оразалин, Сырбай Мәуленов, Серік Қирабаев, Төлеген Қажыбай секілді  әдебиет алыптарының ақын жөніндегі жазған еңбектері түрік тіліне тәржімаланып беріліпті. Қасымның қилы ғұмыры, жанұясы, қызметі, ақындығы һәм әдебиеттегі орны хақында талай-талай естеліктер мен игі ойлар айтылыпты. Қасымдай аяулы ақынымыздың қысқа да мағыналы ғұмырын байытып бере біліпті. Түрік туысқандардың мұндай ағайындық ақжарма пейілін көріп, дән риза болдық. Сондай-ақ, Түркияның Ыстамбұл, Анкара және басқа да қалаларында ақынның мерейтойы аталып өтпек.

15.09.2011
Мұхан Исахан



Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir