Іздеу
Желтоқсан 11, 2017
  • :
  • :

Тарихы мұражайға бай қала- Едирне

Тарихы мұражайға бай қала- Едирне

Жалпы мәліметтер:

 

Жер көлемі: 6.276 km²

 

Халқы: 402.606 (2000)

 

Облыстық жол номері: 22

Түркияның Греция және Болгариямен шектесіп жатқан Едирне жылдар бойы Осман Империясының астанасы, он сегізінші ғасырда Еуропаның ең үлкен жеті қалаларының құрамында болған еді.  Жүз жылдай Османлылардың астанасы болғандықтан  бұл қалада тарихи және сәулет туындылар қаланған. Едирне, мешіттер, діни кешендер, көпірлер, ескі базар жерлері, керуен сарайлары мен елгілі мұражай қала.

Аудандары:

Едирне облысының аудандары: Енез, Хавса, Ипсала, Кешан, Лалапаша, Мерич, Сүлолу, Узункөпрү.

Хавса: Хавса, Едирненің солтүстік жартысында және Лалапаша шалғынының үстінде орналасқан. Хавсаға Хавса Хатун бір қонақүйі (хан), Садразам Сокколу Мехмет Паша бір күмбез, өз уақытының жылнымашысы бір мешіт қалаған, Халықтың көп жиналатын жері күмбез болса Мимар Синанның туындысы.

Ипсала: Ипсала, Едирненің оңтүстік жартысында жер алады. Қазіргі күнге дейін сақталып қалған  Алажа Мұстафа Паша Мешіті. Бір күмбезі және бір мұнарасы бар. Ағаш өңдеу ерекшелігімен өнер тарихында  маңызы зор.

Кешан: Едирненің оңтүстігінде орналасқан аудан. Тарихи құндылығы бар Херсекзаде, Ахмет Паша мен ИбрижеКешан керуен жолындағы үш тас көпірбұл ауданның маңызды мекендері. Узункум деп аталатын жағалау туристлік үшін қолайлы жер. Ауданның іш туризмінің ұйымдастырған жәрмеңкесі мен Хыдыреллезде әр жыл болатын көктем  науқаны өңірде маңызды орын алады.

Лалапаша: Единенің солтүстік жарысында орналасқан. Аудандағы маңызды тарихи туындылар көбінесе тас дәуірінен қалған табыну жерлері. Аталмыш орындар Таблаташ, Капаклыкайа, Перикызы Еви деп аталады. Табыну жерлері Улыташ атауымен аталады. Дүниеде оларға ұқсас жерлер өте аз. Синанкөйдегі бекініс бұзылған.

Мерич: Едирненің орта бөлігі мен Лалапаша шалғынының оңтүстік батыс бө лігігінде орналасқан. Ішкі туризмнің ұйымдастырған Бейкөй және Майалар деп аталған көктем  науқандары белгілі.

Сүлолу: Едирненің солтүстік жартысында және Лалапаша шалғынының үстінде орналасқан. Бараж көлінің қасы демалу аландарымен қызығушылық арттыруда.

Узункөпрү: Аудан Едирненің орта бөлігінде және Тракиа жартасының жоғарғы жағында орналасқан. Ең атақты тарихи туынды, Мимар Муслихиддиннің Ергене көпірі. Көпірдің ұзындығы мың екі жүз метр. Басқа маңызда туындылар қатарына, Екінші Мұрат діни құрылыс кешенінің тек мұнаралы  және  шатырлы Мурадие мешіті, Екінші Бейазыт замнында сәулетші Хайреддиннің қалаған Халисе Хатун мешіті, Діни құрылыс кешенінің қоры болған Чифте моншасы, көпірлерге жалғасиырылған бұлақтар жатады. Көпірдің қала ұшына дейін жететін Хурриет бұлағы белгілі. Басқада көне тарихи бұлақтар Гази Махмут, Халисе Хатун және Теллі бұлақтары. Ішкі туризм тарапынан ұйымдастырылған Бұлбұл өзенінін жағасында өткізілетін көктем, аңшылық және жәрмеңке науқандары өте маңызды.

 

 

Тарихы

Едирненің ең ескі халқы, Тракиалықтар бойынан таралған Одристердің жері, Мерич пен Тунжа өзендерінің ұштасқан Македондықтар кезеңінде қала Одрис немесе Одрисиа атымен өзгертілу  нәтижесінде, Орестиа, Орестас бүгінгі Едирне  орналасқан жерде қала тұрғызғандары білінуде. Одристерден кейін егемендікке қауышқан, Македондықтар кезеңінде қала Одрис немесе Одрисиа атымен өзгертілу  нәтижесінде, Орестиа, Орестасатауымен атала бастайды.  Б.э. екінші ғасырында Рим императоры Хадрианус (117-138) Орестиа аймағының стратегиялық маңыздылығы себебімен бұл жерге қала статусы беріліп, қалаға өзінің атыны койды. Сөйтіп, Рим дәуірінде қала Хадрианополис, Хадриануролис, Адриануполис, Адрианаполис атауымен таныла бастады. Адриаоролис уақыт өте Адрианопле, Адрианопел болып өзгерді.

Осман дәуірінің басында Едринус, Едруне, Едринаболу, Ендрие деген атпен танымл еді. 1476 жылында жазылған Ачыкпашазаде Тарихында қаланың атауы Едрене деп аталды. Он бесінші ғасырдың басында қаланың атауы Едирне болғаны мәлім. Едирне 1361 жылы Бірінші Мұрат тарапынан жаулап алынып, Станбұлдың алынуына дейін тоқсан екі жыл Осман Империясының астанасы болды.

Тарих бойынша әртүрлі лақаптармен аталынған. Едирне, бақытты кезеңдерінде «Дер и Саадер (Бақыт Есігі) «Науқандар қаласы» болды. ІІ. Мұраттан ІV.Мехметке дейінгі кезеңде жеңіс күндері, сүндет тойлары, ІІ. Мехметтің үйлену тойы «Станбұлды қызқандыруға» дейін баратын. Едирне жалғыз «Дер и Саадет» атауымен есте қалмады. Бұл «Серхат қаласы» Евлиа Челебидің айтуынша «Бір Ислам Дуваны» тарихинде бірнеше апатқа душар болды. Ең бастысы соғыстардан зардап шекті. Қалада ұйыдастырылған науқандармен  есте қалған «Бақыт Есігі» аталмыш Едирне қаласымен бірге «Әрқашан бауыры жанған қаланы» да тыс қалдырмау қажет.

Едирне әрқашан да мәдени іс шаралар көп ұйымдастырылған қала болды. Сәулет өнеріндегі жаңалықтар бұл қалада салынған туындылармен бірге келген; жол және безендіру өнерінің ең көркем үлгілері осы жерде қаланған; маңызды дау даламайларға куәгер болған медреселер; медицина тарихында ең алғашқы тәжірбиелер өткізілген қала Едирне еді.

Болмысыны Осман дәуірінде иеленген және империяның екінші астанасы болған Едирне мәдени мирастың сақталған қаласы болып табылады. Едирне, мешіттері, базарлары, көпірлері, тарихи үйлерімен белгілі және «Керемет» Селимиемен өлкеге келгендерді бірінші болып қарсы алған шекара қаласы.

Табиғаты

Едирне, Мармара бөлігінде Тракиа қысымында жер алады. Оңтүстікте Эгей теңізі, солтүстікте Болгариямен, батысында Грециямен, шығысты Текирдаг, Кырыкларели және Чанаккалемен шектесіп жатыр.

Мармара бөлігінің Тракиа кысымында орналасқан Едирненің теңізден қырық бір метр биіктікте орналасқан. Едирне тегіс аланда орналасып, кішігірім төбешіктері бар географиялық негізге ие. Климаты континентальды. Қысы, Жерорта теңізін әсерінен кей уақыттары жылы, жаңбырлы, қарадан әсер етсе суық, жаңбырлы болып келеді. Жазда құрғақ, ыстық болса, көктем уақыты жаңбырлы болады.

Түркияның батыс шекарасының ішіне кірген облыстың Болгариямен сексен сегіз километрлік шекарасы бар. Болгариямен шекара сызығы  Кыркларелі облысының шекарасындан бастап, Тунжа өзеніні қиып, оңтүстік батыста Мерич өзенінінің бойында бітеді. Осы жерде, Болгар, Түрік, Гректер шекарасы қиысуда.

Мерич өзені, облыстың Грециямен шекарасы болып табылады. Өзеннің шығыс жағасы Едирнеде, батыс жағасы  Грецияда орналасқан. Едирне Греция шекарасының ұзындығы 204 км. Шекара Енезде бітуде.
Облыстың ең ыстық айлары Маусым, шілде, тамыз болса, ең суық желтоқсан, қаңтар айлары, Жаз айларында орталама термометр дәрежесі 23.4 cc.

Мұражайлар мен тарихи жерлер

Мұражайлар

Едирне мұражайы

Адресі: Селимие мешітінің жаны Едирне

Телефоны: (284) 225 11 20

Едирне Археологиялық және этнографиялық мұражайы

Қалада ең алғашқы мұражай 1925 жылынан Селимие мешітінің күмбезінде Дарүлсүбианда қойма Edirne болып құрылған. 1971 жылында жаңа ғимаратына көшіп, Археологиялық және этнографиялық мұражай ретінде ашылды.

Екі бөлімден құралған мұражайда біздің эрамызға дейінгі дәуірлерден басталып Осман дәуіріне дейінгі экспонаттар қойылған.

Едирне Түрік Ислам Туындылары мұражайы

Мұражай, Селимие мешітінің ауласында Дарүлкүр медресесінде жер алады. 1569-1575 жылдарында Селимие мешітімен бірге Мимар Синан тарапынан салынған. Медресенің он төрт бөлмесі және аулада Осман дәуіріне жататын біршама туындылар бар.

Лозан ескерткіші мен мұражайы

Лозан және дүние бебітшілігі мағынасыны берген ескерткіштің жанында «Лозан және Исмет Инөнү» деректеріні ұсынған бұл мұражайының маңызы өте зор.

 

Тракиа Университетінің Сұлтан ІІ.Бейазыт Күмбезінің Денсаулық мұражайы

Сұлтан ІІ. Бейазыт күмбезінің емхана бөлігі, Денсаулық мұражайы болып құрылды. Мұражайда медицинаның дамуы мен өзгеше денсаулық алаңында атқарған қызмеииері жайлы мағлұматтар алуға болады.

Енез Антика Қаласы: Енез (Айнос) тарихи кезеңдерде өте маңызды порт болған. Қазір жағалаудан 3.5 км ішке кіріп тұр. Тарих бойынша бірнеше рет реставрациядан өткен Енез қорғанысын көру абзал. Бұнымен қатар б.э.д. алтыншы ғасырға жататын шіркеу, ойылма мазарлары және мөлдір суымен әйгілі пляждары бар.

Шүкрүпаша Ескеркіші және Балқан Соғысының мұражайы: Ескерткіш 26 наурыз 1913 жылында Балқан соғысы және шехиттердің еске алу үшін салынған кешен. Соғыс барысында Едирнені қорғаған Шүкрү Пашаның Кыйык Табиа мазарына мәйіті әкелтіліп  ескерткіш қаланды. Ескерткішпен бірге Балқан соғыстары жайлы деректер мұражайдың негізгі бөлімін құрайды.

Тарихи жерлер

Едирне бекінісі

Б.э. 123-124 жылдарында шығысқа жасаған саяхатында Император Хадрианус, Едирне қаласына көркем бір бекіністі сый тартыпты. Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін өз қалыпын сақтап келген бекініс тастары 1866-1870 жылдарынан кейін емхана, мектеп, мемлекеттік ғимараттардың құрылысында қолданылды. Бекіністің бір бұрышындан сағат мұнарасын қаланды.

Сарайлар

Сұлтан І.Мұрат бірінші сарайын қалағаннан кейін, ІІ. Мұрат дәуірінде Тунжаның батысында, үлкен бір алаңда 1450 жылы Едирне сарайының құрылысы басталды. Сұлтанның 1451 жылы өлімінен кейін ұлы Фатих Сұлтан Мехмет тарапынан құрылыс аяқтатылды. Бекініс орналасқан жерде Жиханнүма сарайы, Кум сарайы, моншасы, Бабуссеаде, Матбахи Амире және Адалет сарайларының қалынтылары бар.

Мешіттер мен шіркеулер

Селимие мешіті: Едирненің ең маңызды, Мимар Синанның ең үздік туындысы, Осман сәулет өнерінің көркем үлгілерінің бірі болып табылады. 1569 – 1575 жылдары арасында ІІ. Селим тарапынан салынды. Тас өңдеу, керамика мен безендіру жағынан оған тең түсетін туынды жоқ.

Қаланың басқа маңызын жоймаған мешіттер мен шіркеулер қатарына Үш балконды мешіт. Мурадие мешіті, ІІ. Бейазыт мешіті мен күмбезі, ескі мешіт, Фатих мешіті (Енез Айасофиасы), Сокуллу күмбезі, Светый Георге шіркеуі, Еврей синагогасы жатады.

Үш балконды мешіт:

1443-1447 жылдары арасында, ІІ.Мұрат тарапынан салынған. Мешітте  Осман өнерінің , ерте және классик кезеңіне тән стилі кездеседі. 24 метр көлемі бар орталық күмбез алты бағанаға тұрғызылған. Қасында екі кішігірім күмбез және жабық төртбұрышты бөлімдер бар. Туындының өзгешелігі квадрат етіп қалануы. Бұл өзгешелікті Мимар Синан, Стамбұл мешіттерінде одан әрі дамытып жалғастырған. Тағы бір айтарлық, Османлы сәулетінде ең алғаш рет ревак ауласы бұл мешітте салынған екен. Ауланың төрт бұрышында мұнаралған орналасқан.

Мурадие мешіті

Қаланың Мурадие деп аталатын бөлігінде орналасып, Сұлтан ІІ. Мұрат тарапынан салынған. Қашан қаланғаны жайлы деректер жоқтың қасы. Қасындағы орналасқан  мешіттердің ең әдемісі. Мешіттің ішкі бөлімінің өрнектері он бесінші ғасырға тән.
Йылдырым Байезит Мешіті

Едирненің ең ескі мешіті болып, қала орталығынан үш километр ұзақтықта. 1400 жылында Йылдырым Байезит тарапынан Шығыс Рим шіркеуінің үстіне қаланған күмбезді, бір мұнаралы мешіт. Сәулетшісі Хажы Алааддин.

Сокуллу діни кешені (Kasım Paşa Külliyesi)

Хавса ауданында Едирне жолында орналасқан. 1576-1577 жылдарында Сокуллу Мехмет Пашаның ұлы Касым Пашаға арналған Миамр Синанның туындысы. Діни кешен; екі керуен сарай, мешіт, медресе, монша, қор, текке, көпірден құралады. Бүгінде тек қана мешіт, дұға күмбезі және он сегізінші ғасырға тән бұлақ сақталынып қалған.

Светый Георге шіркеуі

Едирненің Кыйык өңірінде, 1880 жылында қаланған.  1889 жылында қайтадан қалпына келтірілген жазулар болгар тілінде жазылыпты. Дәл осы жерде Рим шіркеуінің кейбір қалдықтары әлі бар.

Кері қайтпа!

Едирне мұражайы, Түрік Ислам Туындылары мұражайы, Денсаулық мұражайы, Балқан соғысының мұражайы және Караағашты өз көзіңмен көрмей,

Селимие мешітіні, Ескі мешітіті, Үш балконды мешітті және ІІ. Байезит кешеніні серуендемей,

Мерич өзенінің жағасынан ас жемей Едирненің әйгілі өкпеден жасалған тамақтың дәмін татпай,

Бадам езмесіні, дева и миск шекеріні, аңқыған сабын және ақ ірімшігін сатып алмай,

Али Паша Жабық базары мен Селимие орталығынан сауда саттық жасамай,

Әр жылдың маусым айының соңғы аптасында ұйымдастырылатын Кыркпынар күрестеріне және Мәдени іс шараларға қатыспай Едирнеден…

Кері қайтпа.




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir