Monday, June 15, 2021

Түркітілдес елдердің Кедендік одағы құрылуы мүмкін бе? 

Жуырда Түркітілдес халықтар кеңесінің бас хатшысы Халил Ақынджы Бакуға жасаған іс-сапары барысында «болашақта Түркітілдес халықтар кеңесі Кедендік одақ құрып, визасыз кеңістік орнатып, ортақ тіл қалыптастырады» деген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл құрылым бұрынғы Кеңес Одағы секілді, бір ұлт ағалық ететін жүйеде емес, барлық мүше мемлекеттердің мүддесі тең ескерілетін сипатта болады. Бұған дейін түркі елдерінің саяси- экономикалық одағын құру жөніндегі бастаманы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Бұл ұсыныстың игілік боларына келісетіндер көп, дегенмен оның жүзеге асуына күмән келтіретін сарапшылар да аз емес болып шықты…

Ахмет АЛЯЗ, «Қазақстан-Заман» газетінің бас директоры:

Иә

– Түркі халықтары өзара қарым-қатынасты барынша күшейтуге дайын отыр деп есептеймін. Мысалы, қазір Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасында осындай Кедендік одақ жұмыс істеп жатыр. Ша¬ма¬мен осындай құрылымды түркі ха¬лықтарының арасына да орнатуға болады. «Мұндай одақтан өндірісі дамыған мем¬лекеттер көп ұтып кетеді» деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл — тек бастапқы кез¬де ғана көрініс беретін, уақытша құбы-лыс. Мысалы, біз бүгінгі Еуроодаққа назар салып қа¬райық¬шы. Әу баста Германия, Фран-ция, Англия мемлекеттерінің эко¬но¬ми¬ка¬сы Испания, Италия сынды және одан да тө¬менгі деңгейдегі мемлекет¬тер¬ден көш ілгері жатқан еді. Ал қазір қарап отыр¬саңыз, ол¬ардың арасында айтар¬лық¬тай үлкен ауыт¬қулар мен айырма¬шы¬лықтар байқал¬майды.

 Олар территориялық одаққа біріккен соң, өздерінің ортақ қиындықтарын бірігіп шешіп, деңгейлес елдер дәрежесіне жетіп қал¬ды. Сондықтан біріккен экономикалық одақ түркі халықтарына зор қызмет жасай алады деп ойлаймын. Дегенмен оған түркі ха¬лықтарының территориялық әр¬қи¬лы¬лығы, алшақтығы кедергі болады деп ой¬лай¬мын. Түркия мемлекеті Әзірбайжанмен шектеспейді. Яғни кедендік одақтың басты шарты болып табылатын тасымал мә¬се¬ле¬сін жеңілдету қиынға соғады. Дегенмен Өз¬бекстан, Түрікменстан, Қазақстан, Әзір¬бай¬жан елдері өзара байланыс орната ала¬ды. Ал Түркияның мәселесін басқалай ше¬шудің жолдарын іздестіруге болады. Сон¬дай-ақ визалық режимді жою, же¬ңіл-дету мәселесі де аса қажет. Қазір көптеген түр¬кі елдерінің арасында бір айға дейін, ал ТМД елдері арасында үш айға дейін емін-еркін жүруге рұқсат берілгенімен, жұмыс жасауға рұқсат жоқ. Яғни осы мәселені де қа¬растыру керек.

Негізі, Түркі халықтарының одағы мә¬се¬лесін әу баста Қазақстан Прези¬ден¬ті Нұр¬сұл¬тан Назарбаев көтерген еді. Бірақ Өз¬бек¬станның қолдау көрсет¬пеуі себебінен уа¬қытша ысырылып қал¬ды. Яғни бұл та¬қы¬рып түбі көтеріліп, жеңіске жетеді деп ой¬лай¬мын. Себебі мұндай экономикалық одақ түркі халықтарының әл-ауқатын кү¬шей¬туге себеп болар еді. Ал экономикалық жағ¬дайымыз көтерілсе, интеграциямыз арт¬са, мәдениетіміз де күшейеді. Ха¬лық¬та¬ры¬мыздың аралас-құраластығы, қарым-қа¬тынасы артады. Және басты ма¬ңыз¬ды-лы¬ғы – геосаясатта түркі халықтарының саяси мүддесі де ортақ қорғалады.

Сұлтан ӘКІМБЕКОВ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры, саясаттанушы:

Жоқ

– Нақты прагматикалық көзқараспен қарағанда, мұндай одақтың орнауы — өте қиын нәрсе, мүмкін емес деуге де болады. Қазір біз Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кедендік одақтың талай ма¬шақатын көріп жүрміз. Соған қарап-ақ, түй¬ін¬дей берсек бо-лады: қандай да бір мекеме жасақтау үшін оның алғышарттарын, оның қалай боларын елестете алуымыз керек. Және де мұндай одаққа бірігетін аймақтың өзін¬дік сәйкестігі болуы керек. Ал біздегі түркі мемлекет¬тері¬нің әрбірі әртүрлі деңгей¬де тұр. Мысалы, Түркияның қазіргі қалпын Әзірбайжан, Түр¬ікменстан, Өзбекстан мем¬лекеттерімен са-лыстыруға келмейді. Олардың кейбірін на¬рықтық экономика жайлаған болса, енді біреулерінде мемлекеттің эко¬номикаға ба¬қылауы тым күшті. Түркияның эко¬номикасы мықты, өндірісі дамыған.

 Сондықтан теориялық тұрғыдан қа¬ра¬ғанда, бұл одаққа мүше болатын өзге ел¬дер Түркияның қарқынына төтеп бере ал¬мауы мүмкін. Оның үстіне, түркітілдес мем¬лекет¬тер территориялық жағынан бір-бірімен то¬лық шектесіп жатқан жоқ қой. Сондықтан осын¬дай құрылымды жа¬қын болашақта жа¬сақтай аламыз дегенге кү¬мәнмен қараймын. Қа¬зір түркітілдес мемлекеттер арасындағы экономикалық одақ¬тың орнауына, негізінен, Түр-кияның кы¬зығушылығы басым тұр. Түр¬кия ислам әле¬мінде, түркі әлемінде белсенді рөл ат¬қа¬рады. Осы уақытқа дейін Батысқа қарай көп тартылған Түркия қазір шығысқа бет бұра бастады. Сондықтан олардың атал¬ған ин¬теграцияға құмар болып отырғанын тү¬-сінуге болады. Екінші жағынан, түріктер түр¬¬кітілдес халықтардың арасында ли¬дер¬лік та-нытқысы келеді. Яғни осындай бір құ¬ры¬лым пайда бола қалған жағдайда өзі¬нің же¬тек¬ші ел болатындығын сезеді. Се¬бебі өзге түр¬кі елдерімен салыстырғанда ерек¬ше қуат¬ты болып саналатын Түркия бір құрылымның ас¬тында өзгелермен тең құ¬қыққа ие болып отыра алмайды. Түркия әкім¬шілігі бір кездері осындай бастама кө¬терген, бірақ бірқатар ел¬дердің тарапынан қол¬дау көрмеді. Әри¬не, туыстық қатынасты да ескеру керек, біздің тегіміз бір. Бірақ нақты экономика, нарықтық заңдылықтар өз дегенін істейді ғой. Сауда дегеніміз көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын нәр¬се. Мысалы, «сатушы кім?», «алушы кім?» деген сұрақтарға жауап іздесек бол¬ғаны, жеңіліс табатын та¬рап¬ты анықтап алу¬ға болады. Әрине, Түр¬кия ештеңеден ұтыл¬майды. Оған біз тың та¬биғи ресурстар кө¬зі бола аламыз. Қыс¬қа¬сы, Түркиямен екі¬жақты қарым-қа¬ты¬нас¬ты дамыта беруге бо¬лады, бірақ Ке¬дендік одаққа бірігу жос¬па¬рына күмәнмен қараймын.

Бейтарап пікір

Қандай да бір ұжымның, отбасының, одақтың бірлігін қамтамасыз етуші фактор ол – сенім категориясы. Тек прагматикалық формадағы қарым-қатынасқа сүйенетін Беларусь немесе Ресей мемлекетімен орната алған экономикалық одақты түркі халықтарының өзара жүзеге асыруына теориялық тұрғыдан қайшылық жоқ екенін сарапшылар мойындайды. Ендеше, М.Шоқай, М.Рысқұловтар, татардың Зәки Валидовтары арман еткен идеяларды жаңа заманда, жаңа дәуірдің ұстанымдары бойынша жүзеге асыруға әбден болады.

Автор: Сәкен КӨКЕНОВ
DK: http://www.alashainasy.kz/one_theme_two_opinions/16866/

Пікір жазу