Іздеу
Мамыр 27, 2017
  • :
  • :

М.Ә. АҒДЖА: «ПАПАҒА ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАУ – ВАТИКАН БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ»

Түрқияның ТРТ Хабар Қаналында Рыдван Мемидің ұсынған Космос палатасына қатысқан түрік террористі Мехмет Әли Ағджа, Папаға астыртын жасалған қастандыққа қатысты  тергеулерге таң қаларлық жауап берді. Оның  айтуы бойынша Рим Папасын өлтіруді оған 1981 жылы Ватикан басшылығы тапсырған. «Ватикан басшылығы Папаға қастандық жасауға шешім шығарған. Нақтырақ айтар болсақ, «кардинал Августино Казаролли  оған қару жұмсауымды жүктеді»,-деді террорист.  Ағджа өзінің Казароллимен байланысын Падр Мишель есімді Ватикандық қызметкері арқылы орнатқандығын  айтады. Бұнымен қоса Ағджа былай деді: «Бастапқыда Ватикан басшылығы Папаны өлтіруді жоспарламаған. Маған тек қана оның  қарнына ғана қару жұмсап, жаралауды ғана бұйырды. Егер де ол мерт болған жағдайда біз сені арашалай алмаймыз. Сондай-ақ, мені екі жыл  бойы басқа мемлекетке жіберетінін айтқан еді.  Ал қастандықтан кейін дереу қашып кетуім керек болатын.  Ватикан басшылығы осы қызметім үшін 40-50 мың доллар ұсынды.  Қаруды өзім бір досым арқылы Австралиядан алдырдым».  Рыдван Мемидің : «Сіз кардинал Казароллимен оңаша кездескен бе едіңіз…? »,- деген сұрағына Ағджа: «Жоқ, ол мені көруді  қаламады және меніңше бұның керегі де жоқ еді»,-деп жауап берді. Қастандықты сәуір айына жоспарланғанын айтқан Ағджа, 1981 жылы 11 мамырда жүзеге асқандығын, әрі бұл қылмысқа өзінен  басқа бірде- бір түріктің қатыспағандығы туралы «Папаға неге қол жұмсадым?» атты кітабында нақты деректермен баяндаған. Ағджа осы оқиғадан кейін, яғни 1983 жылы 27 желтоқсанда Папаның өзімен 22 минутқа созылған бетпе-бет кездесуде олардың тек қана діни әңгімелер төңірегінде сөйлескендіктерін, әңгіме барысында Папа өзіне жасалған қастандық туралы тіс жармағандығын  айтты. Сондай-ақ,  ол қастандықты ұйымдастырушылар тарапынан Христиан дініне кірмегендігі үшін 19 жыл тұтқында болғандығын да жасырмады.




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir