Іздеу
Желтоқсан 9, 2018
  • :
  • :

ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ «ҚҰРАН КӘРІМ» АУДАРМАЛАРЫ

(Немесе Құранды қазақ тіліне аудару жұмыстары

жүз жылдан бері жалғасып келе жатқандығы туралы шағын шолу)

 Әрине, «Барлық мақтау бүкіл әлемді жаратқан құдіреті күшті Аллаға тән» екендігін, ал пайғамбарымыз Мхаммед с.ғ.с. Алланың елшісі һәм әлемнің соңғы пайғамбары екендігін асқақ сезімде айта отырып, әлемнің ақыл кітабы «Құран Кәрімнің» күллі жаратылысқа және адамзат үшін шексіз тура жолға бастаушы құдіреті күшті білім кәусары екендігін, адамзат баласын тек Алланың кәламы Құран ғана берекелі өмір сүру, білім мен ғылымның жолына бастайтындығын шынайы мақтаныш етеміз. ХХІ-ғасырдың басына дейін әлемдегі дамыған елдер мен іргелі ұлттардың әр алуан тілдеріне аударылған «Құран Кәрім» шамамен үш жарым мың рет әр тілде әр алуан баспалардан шығарылуымен әлемнің ақыл кітабы шын мәнінде адамзаттың ақыл-ойы мен парасатының таусылмас кені екендігін, сондықтан да Алладан ғана Мұхаммед пайғамбарымызға уахи болып түскен киелі кітап  «Құранға» беріле сенген ата қазақ әуел бастан:

Алла мінсіз әуелден, Пайғамбар хақ,

Мухмин болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ.

Құран рас, Алланың сөзі-дүр ол –

Тахиліне жетерлік ғылымың шақ.,(Абай)-

деп, салауатқа сән мәрте үн қосқан мұсылман қазақ өзінің момындық қалпын бұзбастан:

«Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыр жол емес,

Ынталы жүйрік шын көңіл, өзгесі хаққа қол емес»-тігін тіршілігінде тілмен мінәжаттап, ісімен дәлелдеп келді.

Әлхамду Лиллахи, бүгінгі таңда адамзаттың баянды бейбітшілігімен шынайы әлеуметтік теңдігі, сондай-ақ, адам құқықтарының ақаусыз сақталуы тұрғысынан қалыптасқан сүннәуи тұжырымдамалар әлемдегі бейбітшілікті қолдайтын елдер тарапынан толық мойындалуда.

Бұл күнге дейін бүкіл әлем қалтқысыз бойұсынған, қасиетті қағидалардың шамшырағы болған «Құран Кәрімді» өз тіліне аударуда Қазақ елі де жүз жылдан бері табанды талпыныстар жасап келеді. Атап айтқанда, 1910 жылы Бөкейлік Мұса (Жарұллаһ) Құранды қазақ тіліне аударған көрінеді. Алайда бұл нұсқа баспадан шығып, жарық көрмей қолжазба күйінде қалса керек. Ал, ғылыми-библиографиялық айқындамаларға сенсек, ғұлама ғалым Мұса Бөкей өз еңбектерінің көбін татар, шағатай тілдерінде жазыпты.

«Құран Кәрімді» аударуға талпыныс жасаған екінші бір тұлға қазақ түркілеріне тән әдеби жанр – назиралық тәсілмен 1920 жылдарға дейін ислам әлеміндегі сан-алуан тарихи

2

оқиғаларды қазақша хисса-дастандарға айналдырған, тақуалығы мен дарындылығы тең Ақыт қажы Үлімжіұлы сынды қазақ ақыны бірнеше кітабын Қазан мен Санк-Петерборда шығарып, өзінің қаламгерлігі әбден кемелденген шағында «Кәләм шәріпті» қазақша аудара бастайды. Алайда Ақыт Үлімжіұлының бұл аудармалары 1939 жылдарда Өр Алтайдағы (қазіргі Шиңжаң Алтай аймағы) қытай отарлаушылары тарапынан мұсылман қазақтарға жүргізген саяси қуғын-сүргін нәубеттерінде, Ақыт қажының кітапханасы мен қолжазбаларын өзімен бірге түрмелерге тоғытқанда, ол аудара бастаған «Құранның» қазақ тіліндегі алғашқы қолжазбалары да көзден ғайып болса керек.

Ал, «Құранды» ана тілімізге аударуда мықты талпыныс жасаған ислами ғалым Сәдуақас Сәлменұлы  Ғылмани еді. Қазақ елін кеңестік қызыл империя билеп-төстеген 1960-1970 жылдары аралығында Совет одағына ғана емес, түрік әлеміне танымал Сәдуақас Сәлменұлы Ғылмани (Сәкен халпе) бір жүз он сегіз мың сөзден тұратын «Қазақша-арабша» сөздікті жаза жүріп, «Құранның» алғашқы үш парасын қазақшаға аударған. Бұл қолжазбаны 1970 жылға дейін Қазақ елінің облыс орталықтары мен қалаларындағы имам-молдаларкезекпен оқып, «Құранның» Сәкен қалпе аударған қолжазба мен сауатын толықтады. Ал, С.Ғылмани болса Қазақ елі ғана емес, Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропаның көрнекті ғалымдарына ұстаз бола білген ғұлама еді. Сондай-ақ, ол тек ислами ілім ғана емес, қоғамдық ғылымның тарих және тіл өнері (лингвистика) саласына да еңбек сіңіруді ойлаған ғұлама ұстаз болатын. Ал, ғұламаның мүбәрак қолынан шыққан «Құранның» үш парасының қазақша аудармасы осы күнге дейін Алматыдағы Сәдуақас Ғылманидың мұрағатына мұрагер болып отырған кіші қызы – Әмина Сәдуақасқызы Әбдікәрімованың қолында сақтаулы тұр. С. Ғылмани саналы ғұмырында исламтану саласында кемел білім қуатымен еңбек еткен ғалым-ұстаз еді. Ол кеңес заманында Қазақ елінде тұңғыш құрылған қарилық мекеменің алғашқы қазиы, Алматыдағы орталық мешіттің бас имамы, қоғамдық санада совет одағыг\ның шетелмен мәдени байланыс жасайтын «Достық» қоғамының мүшесі болған қоғам қайраткері деген атқа лайық тұлға еді.

Машаллаһ, реті келген игі сөзді айтпай кету артық болар, қазіргі Астана қаласы мен Алматыдағы орталық мешіттердің киелі ғимараттары, кезінде С.Ғылманидың жекеменшік үйлері болатын-ды. Ал, ғұлама ұстаз бұл үйлерін мешітке айналдырып, өз қолымен жабдықтап, Аллаға ғибадат ететін қасиетті мекен-жай мешіт жасап халқына тарту етіп кетті.

«Құранның» қазақша мағынасы мен түсінігін аударуда жемісті еңбек еткен бірегей тұлға, көп жылдар Түркияда тұрған Халифа Ғақыпұлы Алтай еді. Ол үлкен ұстаз ретінде шығара бастаған «Құрани кәрім» алғашқы рет 1989 жылы араб графикасымен қазақша мағынасы жазылған алғашқы нұсқа «хат танитын» қазақтар арасында тарала бастады. Ақыры бұл нұсқаны 1991 жылы Халифа Алтай Дәлелқан Жаналтаймен бірлесіп, «Құран кәрім, қазақша мағына және түсінігі» деген атпен мол тиражбен Сауд Арабиясының баспасөз уәзірлігі тарапынан кирилл әріптерімен шығартып, Қазақ еліне жеткізді. Жетпіс жылдан аса орыс графикасын әліппе етіп қалыптасқан халқымыз үшін Халифа Алтай аударып шығарған «Құранның» бұл нұсқасымен Алланың кәламы «Құранды» оқып- білу бақытына қазақ ұлтының да қолы жеткен райыс жылдар тарихқа енді. Ал, бұл бір тарихи оқиғаның сауабы Қазақстаннан сырт: Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстанда, Әзербайжан елдерінде тұратын қандас бауырларымыздың да үлкен рухани байлығына айналды. «Құран Кәрімнің» бұл нұсқасы тұтасымен бұрынғы кеңестік аумақтағы иісі қазақ баласы үшін Аллаға иман келтірудің сара жолына айналған жаңа рухани дәуір болды.

 

3

Ал енді аса маңызды оқиға – іргесі бөлінбеген тұтас Қазақ елінің шығысы саналып, әр-алуан тарихи жағдайларға байланысты қазақтың зор бөлігі болып Қытайға қараған Шығыс Түркістан аймақтарындағы үш миллионға жуық (1990 жылдардағы мөлшерлі санмен) қазақ бауырларда «Құран Кәрімнің» қазақша нұсқасын Ғазез Ақытұлы мен Мақаш Ақытұлы қатарлы дарынды ғалымдардың аударуымен 1990 жылы қуанышпен жүздесті. «Құранның» бұл нұсқасы Бейжиң қаласындағы «Ұлттар баспасынан» қазаққа әуел баста Алладан нәзіл болған ұлттық әліп-биімізбен (араб графикасы) жарық көрді. Аударма тілдік қоры жағынан классикалық айналымға тән ескі сөз оралымдарына біршама бай болуымен ерекшеленеді.

«Құранның» тағы бір аударма жобасы – 1991 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан шыққан «Кәлам шәріптің» қазақша аудармасы да Қазақ елі үшін өте тиімді білім алудың мүмкіндігін өмірге әкелді. Өйткені, Қазақ елін Мәскеу басқарған кеңестік дәуірде қазақ жазуы мен тіліне көп өзгерістер қалыптасты. Әрине, заман өзгерісі тілге де, тіршілікке де ықпал еткені даусыз. Міне, осы дәуірде қалыптасқан тіліміздің орфографиялық талабына сай қолданыстағы қалыптасқан тілдік негізде «Кәлам шәріптің» аудармасын Қазақ елінің тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы мен белгілі әдебиетші Уақап Қыдырханұлы бірлесіп аударған «Кәлам шаріп те» халқымыз оқып (тез ұға алатын) жеңілдеу аударма деген пікірге лайық  еді. Әрине, Қазақ елі бұл нұсқаны қуанышпен қарсы алды.

Уақап Қыдырханұлы кейінгі жылдары оқып, түсінуге ыңғайлы осы тілдік үрдіспен «Құран нұсқаларын» аударып жүр.

Тағы айта кетерлік жай, белгілі араб тілі маманы Нұралы Өсеровтың 1991 жылы Мәскеудегі «Радуга» баспасынан шығара бастаған «Құран Кәрімнің қазақша тәпсірлері де» Қазақ елінде тәуелсіздік таңымен бірге тез дами бастаған қазақ –ислам әдебиетіне алғашқы қосылған көзайым туынды еді.

Әлхамдуиллаһи, әлемнің жалғыз Жаратушы Иесі, құдіреті күшті Алланың кәламы-сөзі Құранның ғалах  сүресінде                                                                           (Ол (Аллаһ) қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерін білгізді) деп жазылған. Иншаллаһ, Алланың қамқорлығымен қазақтың ислам әдебиеті жаңа қырынан қалыптасып, дамып келеді. Халқымыз бұл игі жетістігі үшін Алланы мақтап, Жаратушыға разы! Әлхамдуиллаһи, Әлемнің Ақыл кітабын аударған алғашқы лек ғалымдар шоғыры туралы «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай көсілер» деген аталы сөзге тоқтай отырып, барлығымызға өмір берген, әсіресе, өз тарихы мен тағдырын да «мың өліп, мың тірілген» Қазақ еліне Субханаллаһи тағала өзі берген тәуелсіз дәуірімізді, береке қонған ұлттық болмысымызды осы деңгейге жеткізген Хақ Аллаға шексіз шүкір етіп, мәңгі алғыс айтамыз. Алла ұлы! Әмин!

Тілеухан әл МӘЖЕНИ,

Халықаралық Абай қорының шығыс тілдер бөлімінің меңгерушісі, деректанушы,

 




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir