Іздеу
Тамыз 6, 2016
  • :
  • :

ЕҚЫҰ – Қазақстан дипломатиясының жемісі

Астанада өтетін ЕҚЫҰ мемлекеттері басшыларының желтоқсан саммитінің басталуына айға жетпес уақыт қалды

Осындай ірі шара алдында әлем сарапшылары мен саясаткерлері беделді ұйымдағы Қазақстан төрағалығына баға беруде.

Ресми Анкара Қазақстанның Еуразиялық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері мен энергетика саласындағы бастамаларын айрықша атап өтуде. Әлем жаңаша түрленіп, халықаралық проблемалар мен жағдайлар өзгеруде, Еуразияның энергетикалық саласы жалпы әлемдік саламен бірігуін жылдамдата түсуде.

Зейнеп Дагы, Түркия парламентінің депутаты:
- Казақстан бұл мәселелерге айрықша көңіл аударуда. Оның күш-жігері арқасында осы мәселелерге ЕҚЫҰ-ға мүше басқа елдер де қызығушылық таныта бастады. Ал аймақтың пікіріне Еуропа да ынта қойып, құлақ түретін болды.

КСРО тарағаннан кейін тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ны Кеңестің шекпенінен шыққан азиялық мемлекет басқарды. Ал мұны түрік саясаткерлерінің пікірінше өзіндік төңкеріс деп бағалауға болады. Қазақстан дипломатиясының табысты жұмысы ең тәжірибелі сарапшылардың өздерін таңдай қақтырды.

Зейнеп Дагы, Түркия парламентінің депутаты:
- Заманауи әлемде түрлі халықаралық ұйымдардың бірігу қажеттігі орын алған. Мен, Қазақстан дипломаттарының қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көрдім. Олар өте белсенді, жауапкершіліктері мол және алға қойған мақсаттарынан тайынбайды. Бұл – Казақстанды өте жақсы жағынан көрсетеді.

Түркия Парламентінің депутаты және ЕҚЫҰ Парламенттің Ассамблеясындағы түрік тобының басшысы Алааттин Бююккая Ұйым жұмысымен жақсы таныс. Қазақстанның Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы елдерімен жасаған жұмысынның қорытындысына баға бере отырып, ол былай дейді:

Алааттин Бююккая, Түркия парламентінің депутаты:
- Күні бүгінге дейін ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен елдердің ешқайсысы дәл Қазақстандай белсенділік танытып көрген емес. Ал бұл ел ұйым көкжиегін айтарлықтай кеңейтіп, Еуропа және Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса зор үлес қосты.

Парламенттік топ басшысы сайлаушылар дауыстарын санауды ұйымдастыру барысында жаңа технологиялар енгізуге байланысты қол жеткізген табыстарға айрықща тоқталды.

Алааттин Бююккая, Түркия парламентінің депутаты:
- Қазір ЕҚЫҰ жауапкершілігі аймағындағы барлық дауыс беру жәшіктері электронды болды. Бұл жалпы дауыс беру жүйесінің ашықтығы мен айқындығының, сондай-ақ демократиялық өзгерістерді қолдаудың шынайы айғағы. Бұл аса биік халықаралық стандарттардың маңызды көрсеткіші.

Ортақ пікрірге сай, Казақстан өзінің төрағалығы кезінде Орталық Азиядағы демократияның нығайту үшін бірқатар нақты қадамдар жасады. Осыны ескере отырып, түрік сарапшылары Астанада бастамасы бойынша өткелі отырған ЕҚЫҰ басшыларының басқосуынан ғаламдық сипаттағы шешімдер күтеді.

09.11.2021 08:11

ДК:http://www.khabar.kz/kaz/politics/Astanada_otetin_EKIU_memleketteri_basshilarinin_zheltoksan_sammitinin_bastaluina_ajga_zhetpes_uakit_kaldi.html




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir