Monday, March 31, 2022

Кеңес дәуіріндегі ашаршылық саясаты 

Ергүн Акгедік

     ХХ ғасырдың басында Қазақтар мен өзгеде жергілікті халыққа ауыр тиген соққы ашаршылық еді. Ашаршылықтың ең үлкен себебі Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің жүргізген отаршылдық саясаты болатын. І Дүние Жүзілік Соғыс кезіндегі дағдарыс және 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтеріліс, дәл егін орағы кезінде болуы халықты ашаршылыққа ұрындырды. Қаншама адам аштықтан өліп, қаншама жерлер қаңырап бос қалды. Ақпан төңкерісіне Қазақ халқы зор үмітпен қарады. Бірақ, халық аз уақыттан кейін қателескенін түсінді. Бұл кезде Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын Жұмысшы және Әскерилер жалғастырды. Жұмысшы және Әскерилер Кеңесінің адамдарды ешбіп заңдылыққа симайтын іс әрекеттер жасады. Халық Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатынан құтылдық дегенмен, Жұмысшы және Әскерилердің көрсеткен зорлығы нағыз террорлық іс әрекеттерге пара-пар еді. Қару жарағы бар адамдар кез келген үйге бас сұғып, қалаған затын алып кететін. Кімнің жақсы аты болса, үйінде қымбат бұйымы болса, тартып алудан тайынбайтын. Қазалы қазақтарының Ташкент уақытша Түркістан комитетіне жазған хатында бұл жағдайды былайша баяндайды: «Бізді әрдайым жазалайды деген қауып үрейімізді ұшырып отыр. Елде ашаршылық басталды. Бізге тұқымдық бермейді. Теміржолмен келген бидай, тары, арпа, күрішті орыстарға үлестіріп, станция мен қалаларда сақтауда. Ал, біз болсақ, аштықтан ыңыршағымыз айналып, өлуге жақын тұрмыз» деді [1]. 
       Ашаршылықтың ең қатты белең алған жері Оңтүстік Қазақстан яғни Түркістан өлкесіндегі аймақтар болатын. Бұл жерлерге астық теміржолмен Ақтөбе және Ресейден келетін. 1917 жылдың жазында астықтың зәрулігі анық байқалды. Теміржол байланысындағы олқылықтар және 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің әсерінен ашаршылық басталды [2].
Түркістандағы ашаршылықтың орын алуының бір себебі де Патшалық Ресейдің ауылшаруашылық саясаты еді. Суғармалы жерлердің үлкен бөлігіне мақта егілетін. Ресей тоқыма өндірісіне шикізатты сырттан емес, Түркістаннан алатын. Халық мақтаның есесіне Ресейден астық келетін. І Дүние Жүзілік Соғыс және көтерілістен кейінгі дағдарысқа байланысты мақта халықтың қолында қалды. Оның орнына Ресейден келуі тиіс астық келмегеннен кейін халық ашаршылыққа ұрынды  [3].
      Кеңес үкіметі дәуірінде халық бидай орнына мақта егуге күштеп таңылды. Бұл мемлекеттің саясаты еді [4]. Коммунистік партия жиналыстарында мақта егудің пайдасын шынында артық цифрлармен түсіндіретін. Осыған қарамастан халық өз қажеттілігін өтеу үшін бидай егетін. Бидайдың бағасы өзге дақылдарға қарағанда жоғары болатын. Халықтың неге мақтадан көрі бидай егуді қалағанын Известия газетінің 1928 жылғы 17 ақпандағы санында Тұрар Рысқұлов мынрандай цифрлармен түсіндірді; «1926 жылы бидайдың руды (19 кило) екі рубл  69 тиын болатын. 1927 жылы 3 рубль 18 тиын еді. Бұған үкіметтің берген бағасы 1 рубль 50 тиын болды. Бағаның көтерілуі осы айдың Ақпан айында да байқалды. Бұл жағдай мақтаның орнына бидай егуге итермеледі» [5]. Мемлекеттің бидай орнына мақта егуге мәжбүрлеуінің себебі, Кеңес үкіметі мақтаға деген қажеттілікті ішкі өніммен өтеп, сыртқа кіріптар болмау еді.
 Өлкедегі ішкі азаматтық соғыс болған 1918 жылы халықтың жағдайын Мұстафа Шоқайдың зайыбы Мария ханым былайша жеткізеді; «Адамдар, әсіресе мал шаруашылығымен айналысқан Қазақтар аштықтан өлуде еді. Бұл жағдай халықты қатты үрейлендірді. Аштық уақытында өмір сүрмеген адам бұл кездегі қиын жағдайды түсіне алмас еді. Қарны тоқ адамдар хайуанға айналды. Аш адамдарға ешбір мейіріммен қарамайтын. Адамдар өздерінің құр сүлдерін көруге шыдай алмай, жан-жаққа босып кетті. Адамдарға тек мейіріммен қарау да жеткіліксіз еді. Тіске басатын азық тауып беру керек еді. Бірақ, азық та тауып бере алмайтын. Халықтың қолында қара наннан басқа ештеңе де жоқ еді. Біз орыстар қажетті болған заттарға астық берейін десек те, ауылдардан келген адамдардың қолында ешқандай бұйым да болмайтын. Ұзақ сабылыстан кейін қалжырыған адамдар көшелерде жататын және өлуде еді»  [6]. 
     Ресми цифрларға қарағанда тек қана 1921-1922 жылдары Қазақстанда аштықтан өлгендердің саны  700 мыңнан асқан. Кейбір деректерге қарағанда бір миллионннан астам адамның өлгендігі айтылады. Адам өлімінің артуына Кеңес Үкіметінің ашаршылықпен дұрыс күреспеуі немесе бұл мәселеге дұрыс назар аудармағанынан болды. Тек қана Қостанай қаласының 26.2 пайызы аштықтан қырылды (өлгендер толығымен қазақтар). Қазақстанда малдың 1924 жылдары 50 пайыздай азайып кеткен. Сонымен бірге, сол жылдары егілген егістік 50.5 (1.700.000 гектар) дейін азайған [7].
Аштықтың орын алуына соғыс, астықтың жетіспеушілігі және мемлекет саясаты секілді себептер де бар еді.  Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметі өз билігін нығайту үшін ашаршылық пен дағдарысты өз пайдасына шешкісі келді. Патшалық Ресей кезінде жер және көші қон саясатымен Ресейге отарланған Түркістан, Кеңес үкіметі кезінде ашаршылықты тиімді пайдаланған большебиктер, осы арқылы өз билігін күшейткісі келді. Негізінен астық ішкі Ресейден келетін. Теміржол үкіметтің қолында болатын. Демек, үкіметке қарсы шықсаң, өз-өзіңді жоқ етесің деген сөз. Бұл жағдайды Кеңес үкіметі өте жақсы түсінді. Түркістан атқару комитетінің жиынында Таполин мына сөзді барлығына жеткізді; «Эконоикалық тұрғыдан әлсіз саналатын қазақ пен қырғыздар Марксизм идеологиясы бойынша жойылып кетуі ықтимал. Осы себептен, маңызы болған қаржымыз бен күшімізді аш жүрген қазақ пен қырғыздарды тойдыруға емес, соғысқа көмек беруге жұмсауымыз керек» [8].
Мұстафа Шоқай, Кенес үкіметінің ашаршылықты қасақана жасағанын мынандай үш негізбен түсіндірді;  1- Кеңе үкіметі тарапынан жасалған «аштарға көмек комитеттері» тек қана халықты алдаусырату үшін құрылып, негізінен мұсылмандарға көмекке кедергі келтірді. 2- Ашаршылыққа Кеңес үкіметі қасақана себеп болды. 3- Бұны жасауының себебі; Түрікістандықтарды аштықтан қыру, халықтың Мәскеуге қарсы көтеріліс жасау қауқарын әлсіретіп, бұл әдіспен Түркістан халқын уысынан шығармау болатын [9].
      Кеңес үкіметінің сыртқы коммиссары Чичерин 1921 жылы 17 тамызда Али Фуат Жебесовқа берген сұхбатта; «Дағдарыстың себебі, орыс халқына жасалған сыртқы көмек бақылауға алынуын ұсынған Европалықтар, іште кертартпа әрекеттердің болуын ойлаған болса, бұл ұсыныстың астарындағы жасырын жоспарды бұзу мақсатымен үкіметіміз Европа мен Америкаға қарсы жеке-жеке күрестер бастады» [10] деді. Чичериннің бұлай айтуға мәжбүр болуның ең маңызды себебі сырттағы зиялылардың пропагандасы еді. Бұл кезде Мұстафа Шоқай секілді өлке тысындағы зиялылар, жазған шығармаларында Ресейге қатысты ақпараттар беруде еді. Бұндай ақпараттардан әсерленген Европа мен Америка Ресейдің көмек сұрауына күдікпен қарауда еді. . 
        Бұл қорқынышты идеяларды өкінішке орай, бірнеше құжаттар мен еске алу мәлеметтері растайды. 1919 жылдың Маусымында Ташкентте өткен Коммунистік партия құрылтайында ұсынылған мына негіздер осының тек біреуі ғана еді; «Мұсылмандардың қолында болған әрбір нәрсе зорлықпен тартып алынады. Тек мұнымен де шектеліп қалмапуда. Сонымен бірге, Мұсылмандар өлтірілуі тиіс. Қызыл әскер халықты қорғаумен бірге, оларда тонайды. Істеген қылмыстарын жасыру үшін халықты қырып жоюда. Ауыл халқын жыртқыш хайуандарша қорқытады… Мемлекеттік билік толығымен коммунист жолдастардың қолында. Олар болып жатқан тағылыққа қарсы ешқандай бір шара жасамайды». Осы отырыстағы Намангандық өкілдің сөзіне мән бертін болсақ; «Байлардың дүние-мүлкін қолға түсіру үшін бүкіл өлке халқын 74.000 отбасын тонауға ұшыратты. Ешбір заңға симайтын негізде халықтың дүние-мүлкі талан таржға түсті. Кеңес үкіметін басқарушылар мен өкілдері өз орыс халқын ғана қорғады. Оларды ішіндіріп тойдырды. Мұсылмандардан тартып алған қымбат әшекей бұйымдарды алып, олардың үйін безендіріп қойды. Бізге, мұсылмандарға мұның бірін де істемеді. Ашқұрсақ адамдарды тойдырды ма? Егер, аштықпен күрессе 10.000 адам аштықтан өлмес еді»[11].
Адамдар аштықтан өліп жатқан кезде Сталин секілді жетекшілерің; «үлкен төңкерісте үлкен құрбан болатындығы заңдылық» деген сөзді айтуы, коммунистік түзімнің ашаршылықтың алдын-алуға ешбір маңыз бөлмегенін көрсетеді. [12].
Ашаршылықтың ең маңызды себептерінің бірі патшалық Ресейдің іш жақтан орыс шаруаларын көшіру саясатын Кеңес  үкіметінің жалғастыруы еді. Он мыңдаған, адамдарды Қазақстанға көшіріп алып келіп, халықтың жерін тартып алуы онсызда тұралаған халықты тұралата түсті. Бұл жағдай коммунистік партия жиындарында өте қатал талас тартыстарға себепші болды. Тек қана  1927 жылы Жетісу облысында 16.000 орыс шаруалары көшіріліп алып келді. Бұл Қазақ ұлтынан шыққан өкілдердің қарсы шығуына түрткі болды. 1927 жылдың қараша айында өткен Қазақ-Қырғыз коммунистік партияcының өлкелік жиынында бұл мәселе қатты талқылауға түсті. Голощекиннің Жетісу облысына орыс шаруаларын көшіру туралы; «Жетісу облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін орыс шаруаларын  көшіріп алып келу туралы Мәскеуге өтініш жасадым» деген сөзіне Нүрбек Ниғмат былайша қарсы жауап берді; «…Патшалық Ресей қазақ қырғыздың миллиондаған гектар жерін тартып алып, орыс шаруаларына берді. Қазақ-Қырғыздарды шөл-шөлейт аймақтарға қуды. Бүгін біздің қолымызда өте аз жер қалды. Осы жер үшін 1918-1925 жылдар аралығында көшіп  келген орыс шаруаларына жергілікті халық қарсы шығып отыр. Құнарлы жерлер орыс шаруаларына беріліп, құнарсыз жерлер қазақ қырғыздарға берілуде. Біздің V құрылтайымыз; «Алдымен Қазақ-Қырғыздар, одан кейін орыс переселендері» деп аталған болатын. Осы дұрыс атауды Мәскеу өзгертті» [13].
        Бірақ, 1916 жылдан кейін Жетісу облысындағы қазақтардан алынған жерлердің бір бөлігін көрсетіп бағу үшін арнайы ұйымдастырылыған жиындарда 1921-1922 жылдары жергілікті халыққа қайтарған болатын. 1921 жылы Жарж Сафаровтың басшылығымен болған Жетісу жиынында патшалық «Ресейдің отаршылдық саясаты түгелімен жойылады» деген үндеумен Жетісу облсындағы біраз жерлер бұрынғы иелеріне қайтарылып берілді. Дәл сол айда Ресейден он мыңдаған орыс шаруаларын көшіріп алып келіп оның орнын екі есе етіп қайтарды. Тіпті, большебиктердің жетекшілерінің бірі Пиятков сол жылы Известия жариялаған мақаласында мынандай маңызды бір ұсынынс жасады. Бұл ұсыныс; «Түркістанда аштық, індет және соғыс секілді себептермен қырылған екі миллион халықтың жерлеріне және бос жерлерге ішкі Ресейден бір жарым миллион орыс шаруаларын көшіріп алып келу» жоспары болатын [14]. Бұл реформаның астарында жергілікті халықты аштыққа ұрындыру саясаты жатыр еді.
Кеңес үкіметінің не үшін ашаршылықты ұйымдастырғанын терең зерттеген Тұрар Рысқұлов мұның себебін былайша түсіндіреді; «Бұл аштықтан өліп жатқан адамдар Кеңес үкіметінің дербестік алу жолында қырылды деп айтуға болады. Өйткені, миллиондаған аш адамдар топтасып жұдырықтарын ала жүгіруге шамалары болса, ештеңені қалдырмас еді. Олар ойланбай әрекет ететін адамдар емес еді. Қаншалықты оларды аштықтан құтқара алмадық және жойылуына себеп болдық. Біз, тек қана бұл жолмен жалпы жағдайды құтқара алдық» [15]. 
       Тұрар Рұсқұловтың 1919 жылдың наурыз айында өткен Жалпы 7 құрылтайда аштарға көмек комитетінің төрағасы болып ұсынған негіздерінде; «…Адам етін жеп өмір сүрген адамдардың бар екендігі белгілі болды. Өлі етке толы дорбаларға таласып, бірін бірі өлітіруге дейін баруда» деп осы ауыр жағдайды баяндады. Рұсқұлов осы мәлімдемесін оқыған кезде Мұсылман мүшелер оған кейбір сұрақтарын қойды. Олардың кейбіріне тоқталар болсақ;
«Сұрақ: Аш мұсылмандар не үшін Арал көліне жіберілмеді? (Арал теңізінде балық көп болғандықтан, аштықтан құтылудың бір жолы деп түсінді)
«Жауап: Пойыз болмады…
Сұрақ: не үшін «Аштарға көмек комитеті» аш халық үшін бір жұмыс (көпір, канал, жол секілді) бермеді?
Жауап: аштар бұндай жұмыстарды істеуге арызданбады.
Сұрақ: Аштықтан өлгендердің саны қанша?
Жауап: нақты бір мәлімет жоқ. Осыған қарамастан, келіп түскен ақпарларға қарағанда жергілікті халықтың үштен бірі қырылған. Әсіресе, көшпенді халықтың саны басым» [16].
Кеңес үкіметі дағдарыс пен аштыққа байланысты халықтың большебектерге қарсы  келуінен сескеніп, оларға жәрдем беруді доғарып, қайта халықты үрей ішінде ұстап отырды. Халықтың мұң-мұқтажы ескерілмстен, қызыл әскерді қарумен және ішіп жеммен қамтамасыз етті. Жалпы, әскерилер ешқашан материалдық тұрғыдан кемтарлық көрген емес. Өйткені, әскери бүлік болған шақта, большебитердің негізгі күші әскер болатын [17].
Қазақстандағы ашаршылықтың орын алуына себеп болған жәйттердің бірі күштеп ұжымдастыру саясаты еді.  1929 жылы Кеңес үкіметінің қабылдаған бұл шешімі бойынша мемлекет халықтың барын тартып алды. Ұжымдастырудың нәтижесінде мемлекет халықтың меншігіндегі мал мен жерлерін мемлекет меншігіне өткізді. Мал мүлкін бергісі келмегендер Кеңес үкіметіне қарсы шыққандар саналды. Колхоздарға халықты әсіресе қыс айларында халықты көшіруі, халықтың жаңа жерлерді жеткілікті түрде білмеуі, халықтың жағдайын қиындата түсті. Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Ұжымдастырудың нәтижесінде халық малынан айырылды. Аштық, індет, көтеріліс секілді түрлі себептермен мыңдаған халық қырылып кетті. Тек  1929-1939 жылдар аралығында  2 миллионнан астам халық ашттан өліп кетті. 1920-1938 жылдар аралығында үш миллионнан астам халық қырылыды[18].
Басмашылық қозғалыс деп айдар тағылған Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің туындауына бірден бір себеп Мәскеудің ашаршылықты қолдан ұйымдастыруы еді [19].
Бұл зұлым саясаттың астарында Кеңес үкіметінің Қазақстан мен Орта Азияны отарлау саясаты бар еді. Бұл мақсатқа, жергілікті халықтың ауыр жағдайы кедіргі бола алмады. Өйткені, Мұстафа Шоқай; «…Патша үкіметі мен күресте Ленинмен бірге болғандар, 1918-1922 жылдарғы аштықта Лениннің билігінің Түркістанда нығаюы үшін бірлеске болды»[20]. Лениннен кейін бұл саясатын оның досы Сталин жалғастырды.
Мемлекетті құрушылар үшін ашаршылық дұшпен емес, қайта мемлекет саясатын іске асыруға жол ашты.  Ал, ашаршылықпен күрес комитеттері, түрлі жиындар, мәлімдемелер тек көз бояушылық әрекеттер болатын. Қырылған мүлде халық жазықсыз еді.

 

Bu Makalenin yayınlandıgı Dergı: «Қазақ мемлекеттілігі және түркі әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материялдары. ІІІ-том, 20-21 мамыр,  Шымкент 2009, б. 25-28.

 

Пікір жазу