Іздеу
Маусым 24, 2016
  • :
  • :

Түркия – Қазақстан достығы мәңгі жасайды

28.10.10.
Бүгін Түркия Республикасының 87 жылдығын тойлаудамыз. Түркия Республикасы құрылған күнінен бастап, осы күнге дейін Мұстафа Кемаль Ататүріктің «Отанда бейбітшілік - әлемде бейбітшілік» деген қағидатына негізделген, әлемде және көрші елдерде бейбітшіліктің орнауы мен сақталуына және тұрақтылық пен дамуды арттыруға бағытталған, жан-жақты, мақсатты, сындарлы, саналы және гуманистік саясат жүргізуде. Осы шеңберде, Түркия трансатлантикалық байланыстарға үлкен мән береді және мүшесі болып табылатын НАТО одағының халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған іс-шараларына белсенді түрде үлес қосуда, көршілес елдермен қарым-қатынастарын нығайтуда.
2009-2010 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңе¬сінің уақытша мүшесі болған жә¬не қазіргі күні Азиядағы өзара ық¬палдастық және сенім шара¬лары жөніндегі кеңестің төрағасы болып отырған Түркия, өз айма¬ғында бейбітшілік пен тұрақты¬лық¬тың сақталып нығаюы және ынтымақтастық арқылы әл-ау¬қатты арттыру мақсатында жұм¬салған ынта-жігерлерінен жинақ¬талған тәжірибесін жаһандық дең¬гейде бейбітшілікке үлес қосу, қазіргі және болуы мүмкін проб¬лемаларды шешуге көмектесу және өмірді барша адамзат үшін бейбіт ету үшін ең тиімді түрде пайдалануда.
Түркия және Қазақстан ха¬лық¬тарын ортақ тіл, тарих және мәдениет байланыстырады. Осы¬ған орай, Түркия Қазақстанмен қарым-қатынасына үлкен мән береді.
Қазақстанның тәуелсіздігін ал¬ғаш болып мойындаған Түркия Қазақстанның Президент Назар¬баевтың көрегенді жетекшілігімен тәуелсіздігін алғалы бері өткен қысқа мерзім ішінде қол жеткізген жетістіктері мен халықаралық қауымдастық арасында ие болған беделін өте жоғары бағалайды. Осы орайда, Түркия Қазақстан¬ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезін¬де жүргізіп отырған табысты жұ-мыстары мен осыдан 11 жыл бұ¬рын, 1999 жылы Стамбұлда өт¬кен саммиттен кейін өткелі отыр¬ған алғашқы ЕҚЫҰ сам¬митінің ұйым¬дастырушысы болуы¬на қанағат¬танарлық танытады.
Қазіргі күні түрік кәсіпкер¬лердің Қазақстанға құйған инвес¬тициясының жалпы көлемі 2 мил¬лиард долларға жетіп, түрік құрылыс компаниялары алған жобалардың жалпы құны 10 мил¬лиард доллардан асып түсті. Осы жағынан Түркиядағы қазақстан¬дық кәсіпкер санының да қар¬қынды түрде артуы бізді үлкен қуанышқа бөлеуде. Қазіргі әсем келбетіне қауышуына түрік құры¬лыс компаниялары көп еңбек сіңірген Астана қаласы түрік-қа¬зақ ынтымақтастығының сим¬волы¬на айналды.
Түркия мен Қазақстан ара¬сындағы қарым-қатынас тек қана екі жақты емес, сонымен қатар өңірлік және халықаралық дең¬гейде де қарқынды дамуда. Қос ел Еуразия өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату жолында ынтымақтасып, осы үшін үлкен ынта-жігер танытуда. Осындай іс-қимылдарымыздың нақты нә¬тижесі ретінде, құрметті Прези¬дент Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі тілдес мемлекет¬тердің ынтымақтастық кеңесі 2010 жылғы 15-16 қыркүйек күн¬дері Стамбұл қаласында өткен саммит кезінде өз қызметін бастады. Ынтымақтастық кеңе¬сінің алғашқы саммиті келесі жылы Астана қаласында өтеді.
Түркия мен Қазақстан ара¬сын¬дағы қарым-қатынасты бар¬лық салада нығайту үшін тамаша әлеует бар. Екі елдің де бай¬ла¬ныстар мен ынтымақтастықты жетілдіру және әртараптандыру үшін қажетті саяси ерікке ие бо¬луы қуантарлық жайт. Осы бағыт¬та қазақстандық бауырлары¬мызбен бірге бірлесіп, ынты¬мақ¬тас¬тығы¬мызды бұдан да жарқын келешекке жетелейтінімізге сенімдіміз.

Лалу Үлкер,
Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4442&Itemid=34




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir