Іздеу
Желтоқсан 11, 2017
  • :
  • :

Бүкіл Ресейлік мұсылмандар съезі

  Ергун   Акгедик

      1905-1907жылдардағы орыс ревалюциясынан кейін Ресейде қалыптасқан саяси ахуалды өз мүдделеріне орай пайдалануға әрекеттер жасаған болатын.Алайда патша үкіметі мұндай саяси қозғалыстарға дер кезінде  бұғау сала-сала білді.
Тек 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ғана түрік мұсылман қауымдастығы елеулі қадамдар жасауға мүмкіндіктер алды.Ресей үкіметіне түрік – мұсылман жұртшылығының ортақ мақсаты бар саяси күш екендігін танытқан алғашқы саяси оқиға 1917 жылы  1-11 мамырдща Мәскеуде өткен Ресей Мұсылмандарының  съезі еді.Әзірбайжан меценаты Шәмші Асадуллаевтың Мәскеу мұсылмандарына тарту еткен зәулім ғимаратында жиналған Ресей мұсылман халықтарының бұл форумына 800 делегат қатысты.(1) Олардың ішінде 112-сі әйелдер болды. (2)
А.З.Валидн съездің саяси салмағы мен мәнінің ерекше болғандығын атап көрсетеді.(3)
       Съезде қаралған мәселелер мыналар болатын!
1.Ресейдің басқару формасы.2.Мәдени және жерге байланысты автономиялық статус:а)Діни және Ұлттық мәселелер үшін уақытша ұйым және саяси қозғалыс  арықарай жалғасын табу үшін ұйымның негізгі құрылымдық жүйесі,б)Мұсылмандардың мәдени және білім алуы,с) сот істері,д) қала аудандық басқару ісі, 3. Соғыс туралы көзқарас және саяси бағдардың бекітілуі. 4. Тұрақты мәжілісті қалыптастыру туралы. 5. Әйелдердің құқықтары туралы. 6. Еңбекшілердің құқықтары туралы. 7. Жер мәселесі туралы. 8. Кавказ, Түркістан,Қазақстандағы шекара өлкелері туралы. 9. Әскери құрылымдар туралы. 10. Саяси құрылымдар туралы. 11. Негізгі мәжілістің ұстанымы туралы. 12. Соғыс зардабын тартқандарға көмек беру түрлері. 13. Бұл Ресей мұсылмандарының Үлкен Ұлттық Кеңесін сайлау туралы.(4)
Бағдарламаны қабылдағаннан кейін, бұл тақырыптарды зерттейтін бірнеше комиссиялар құрылды.
1.Ресейдің болашақтағы басқару формасын зерттейтін коиссия
2.Еңбекшілер комиссиясы.
3.Жер-су комиссиясы.
4.Әйелдер мен қыздар комиссиясы.
5.Тұрақты Мәжілісті сайлау жөніндегі дайындық комиссиясы.
6.Соғыс және әскери құрылымдар комиссиясы.
7.Діни және мәдени істер комиссиясы.
8. Оқу- ағарту комиссиясы.
9.Өлкелерді басқару комиссиясы. (5)
 Съезд Ресей мұсылмандарының уақытша орталық бюросының  төрағасы Ахмед Саликовтың құттықтау сөзімен ашылды. Бірінші болып сөз алған Мұса Бигиев бұл бас қосудың Тәуелсіздікті ту еткен мұсылман конгресі екендігі, түрік халықтарының тәуелсіздік жолында талай ұлдарының құрбан болғандығы,съездің табысты болуы жөнінде лебіз білдіреді.(6)
Конгреске бірнеше құттықтау қаттар келіп түседі.Уақытша үкіметтің атынан « Өзге діндер басқармасы » атынан профессор Котлярски ұзақ баяндама жасап, мұсылмандардың алдында жалғыз дін емес,саяси мәселелердің де тұрғанын, «Ресей туған ана болмағанымен,орыстар олар үшін аға ұлт болуы тиіс».(7) дегенді айтты. Мұны съезге қатысушылар уақытша үкіметтің орыс ұлтынан басқа ұлттарға ерекше статус беруге,олардың дербестік алуына қарсы екендігі мағынасында ұғынады. Ә.Талгибашы пленарлық мәжілісте Ресей уақытша үкіметінің мұсылмандар мәселесіне мән бермей отырғандығын айтып,оның «бізге көзқарасы оң тұрғыда болса,бізде оған құрметпенқараймыз; Уақытша үкіметбіздің жанайқайымызды түсінер деген үміттеміз » дейді.
Сөз алған басқа да делегаттар патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына ауыр сындар айтып, орыстардың осы күнге дейін мұсылмандарға тең Құқылы халық ретінде  қарамайтындығына,сол себепті тәуелсіздкке қол жеткізу керектігіне  назар аударды.(8)
Съезде, А.Некали,Ф.Керими, қазан әйелдер конгресі атанды Зайда Бурнашина,дағыстандық Албай қажы Мұрат,Мұсылман армиясы орталығы атынан О.Тоқымбетов,Ресей мұсылман мұғалімдері конгресінің атынан Ахметжан Мұстафин,Қырпи мұсылмандары атынан Жафер Сейдахмет сөз сөйледі.
Түркістан мұсылмандары Съездеының төрағасы Абдулла Қожа өз сөзінде Түркістанның мамандарға зәру болып отырғандығына,осыған байланысты  кадырлармен көмектесу жолдарын іздестіру керектігіне көңіл бөлді; Біздің адамдарымыз ( кадрларымыз-Е.А.) жоқ Сіздердің көмектеріңізге  мұқтажбыз.Әлі ғылым мен технологияның не екенін білмейтін біге көмек беріңіздер! Сіздер әлі зұлымдық көріп жатқан Түркістандық бауылларыңызды ұмытпаңыздар…
Түркістандықтар сіздерді құшағын жайып, сарпыла күтуде деді. (9)
        3-мамырда съезде Ресейдің келешектегі мемлекеттік тұрпаты және ондағы мұсылман халықтарының орны туралы мәселе қарастырылды.Ресейдің Болашақтағы мемлекеттік басқару формасы туралы пікірталастар  барысында делегаттар көзқарастары екіге тарылады. Оның астарында Түрік халықтарының әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуының түрлі деңгейде болуы жатты.
Бұл жағдайда А.З.Валидн былайша түсіндіреді; Осстин мұсылмандарынан А.Саликов,қазандық А.Исхали,Шәкір Мұхамедияров және олардың достары федеративті және автономиялық  статусқа қарсы болды.1- ші Ресейден келгендер өздерін жоғары санап, съезде көпшілік екендігіне сай әрекет етті.Ал, федерациялық  жүйекті жақтаушылар жан жағына сай териториялық автономияны қалады.
Мен барлық өлкелердегі Мұсылмандардың жан санының статистикалық көрсеткішін бюроға тапсырдым. Бұған орай конгреске 400 мүше шақырылса,оның тек 35ғана ішкі Ресейден яғни, Қазандықтар болып, қалғандары Кавказ бен Түркістан,Қырым және өзгеде өлкелерден келетіндегі белгілі еді….Түркістан мен Қазақстан және Башқұртстаннан халықтың санына  сай өкіл жіберілуін бақылау үшін мен Орынборға,содан кейін Ташкентке келдім (24-наурыз).Түркістан мұсылмандарының Бірінші конгресі (4-8 сәуір 1917ж) бұл мәселеге барынша маңыз берді.Түркістан мен Қазақстаннан жеткілікті санда өкілдер жіберілді.(10)
Федарациялық жүйеге қарсы болған топтың басындағы Ахмед Ссалихов федерациялық жүйенің қауіптілігін ескертіп,орнына Ұлттық-мәдени автономияны құрудың аса маңызды екендігін, федарациялық жүйенің Мұсылмандарды бөлшектеп тастайтын,жүйе орнаған кезде Ресей Мұсылмандарының бірлігінің орнына Қазандық,Қазақстандық,Қырымдық,Башқұрттық,Тәжіктік,Әзірбайжандық секілді Бөлектердің туындайтынын,Мұсылмандардың бөлшектенуіне себеп болатындығын қадап айтты.(11)
Бұл жерде мынаны ескергеніміз жөн,Салихов Конституциялық Демократиялық Партияның ықпалында еді. Бұдан басқа ол Реседің болашақтағы мемлекеттік формасына, Сібір мен Солтүстік Кавказдағы Орыстарға қарағанда азшылық тағы Түрік халықтарының мүддесі тұрғысынан қараған болатын.Салихов бұған дейін деДумада әрқашан Мұсылмандар үшін маңызды мәселелерді көтеріп жүретін. 1917жылғы большевиктер көтерілісінден кейін шетелге қоныс аударып 1928 жылы 2-қыркүйеккте Варшавада қайтыс болды.(12)
       Бұл пікірлерден Ресейдің бұратана ұлттарды қанайу саясатын жалғастыруға мүмкіндік беретін. Ресейсіз бір нәрсені жасау мүмкін емес  деген түсініктің туындайтындығын  съезд  шешімдерінің жемісті болмауының негізгі себебі Ресей мұсылмандарының өздеріне деген жеткілікті сенімнің болмауы еді. Ахмед Салихов Ресейде жоғары статусқа ие төрт аймақтық басқарманың құрылуын  алға тартты.Олар:
1.Солтүстік пен Оңтүстік Кавказ
2.Түркістан (Сырдария,Ферғана,Самарханд,Каспи маңайы және өзге өлкелер).
3.Дала уалайаты (Қазақстан: Орал,Торғай,Семей,Ақмола және Жетісу губерниясы);
жүйесіне негізделген парламенттік халықтық республикасы ретінде  және Мұсылмандардың Ұлттық-Мәдени автономиясы Ресей конституциясының кепілдемесімен қалыптасуы керек болды.(13)
 Ахмет Салиховтың орталық билікке негізделген мемлекеттік көзқарастарын мақұлдаған Аяз Исхаки федерациялық жүйенің қауіптілігін мына сөздерімен жеткізді:  «Бұл федерациялық жүйе құрылса ұлттық және оған тән жерлер негізге алынады. Бұл қағидалар қабыл бол5ан  жағдайда Мұсылмандар өз шекарасын белгілеп6 өз мемлекетін құра алуы тиіс.  Қазақтар мен Түркістандықтар өз өлкелерінің басым бөлігін құрағандықтан, тәуелсіз өлке бола алады. Бірақ ішкі Ресейден бұндай мемлекет құру мүмкін емес. Еділ және  Сібір мұсылмандары өз өлкелерінде азшылық  болғандықтан автономия құра алмайды. Бұлар, өзге ұлттар мен бірге автономиялық құрылым құра алады. Азшылық санда болуына байланысты, өз құқықтарын қорғауға күш салуы керек. Бұдан кейін, миллиондаған Түрік-Татарлар өзге ұлттарға сіңісіп жоқ болады». (14) 
Жетісу губерниясынан Досмұхамбетов Ысқақовтың бір сөзіне қарсы: «Жазушы Исақов, Салиховтың пікірлерін қорғаштап отыр. Исақовқа шынайы саясаттың басқамен бірдей емес екендігін айтуға мәжбүрмін. Жақсы бір жазушы, жаман саясаткер болуы ғажеп емес» деп қатқыл жауап берді(15).
       Сөйтіп федератившілер мен унитарилистер болып екіге бөлініп, бір-біріне қарсы шықты. Федератившілдерден сөз алғандар; Махмед Эмин Расулзаде, Абдулла Сулеимани, Разия ханым Сулеймания, Фуат Тоқтаров, Убедулла қожа, әли Мердан Топшыбашов, Фатих Керимив, Халел Досмұхамбетовтер болды. Бұл бағыттағы өкілдердің негізгі жетекшісі М.Э.Ресулзаде болатын. Мехмид Емин Ресулзаде болатын. Ол Түрік Ұлтшылыдығы пікірін қорғай отырып: «Біз Түрік-Татар ұрпақтары, бір ұлттың балаларымыз. Біз Түрікұлы Түріктеріміз, мұны мақтан көреміз. … (Ресейдегі) 30 миллион мұсылманның 29 миллионы Түрік болып табылады. Біз Ұлттық автономия негізінде Әзербайжан, Түркістан, Дағыстан, Қырғызстан (Қазақстан) үшін автономиялық статусты сұраймыз»(16).
           Түркістан делегациясының төрағасы Убайдуллаһ қожа өз сөзінде Түркістанға Ұлттық – автономиялық статус құқығы берілу керек екендігіне мынандай дәлелдер келтіріп өтті:  Құрметті мырзалар! Бұл жердегі саяси пікірлер екіге жарылып отыр. Бұл екіге бөлінуді қош көрмей отырмын. Бұл жерде жаңсақ кетіп отырғандар, өз мәселелеріне діни және ұлттық тұрғыдан қарап отыр. Бұл мәселелердің маңызды саяси астары бар. Сонымен бірге, мәселеге экономикалық тұрғыдан қарауымыз шарт. Осы тұрғыда Мұсылмандардың көпшілігі болып табылатын, Кавказ, Түркістан, Қазақстан үшін федерациялық жүйе қолайлы болып отыр. Бұл үлкен үш өлке біріге отырып: «біз федерациялық жүйені қолдаймыз» деп отыр.     
      Түркістандықтардан ешбір адам федерациялық жүйеге қарсы пікір білдірген жоқ. Бүгінде Түркістандағы халықтар әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аяусыз езгі көруде. Біз Түркістандықтар бұл озбырлық, қанаудан құтылу үшін федерациялық жүйенің болғанын қалаймыз. Біздің діни және ұлттық мәселелерімізбен бірге саяси көзқарастарымызда да көкейтестілік басым. Біз өз мүддемізді басшылыққа ала отырып, билік құруға құқымыз бар.
Федерациялық жүйеге қарсы  делегаттар  өз дәлелдері ретінде: 
1. Федерациялық жүйенің антидемократиялық сипатқа ие екендігін алға тартады. Бірақ, бұлар АҚШ-тың демократяилық жүйеде екендігін ұмытты. Ешбір адам АҚШ-та демократия жоқ деп айта алмайды. АҚШ-тағы секілді демократиялық жүйе, ешбір мемлекетте жоқ;
 2. Федерациялық жүйе орнар болса, Мұсылмандардың қуаты бөлшектеніп, әлсізденеді дейді. Бұл көзқарас жаңсақ болып табылады. Ешқандай мемлкеттің есігі жабылмайды, Мемлекеттердің бір-біріне есігі ашық болады. Ал мұсылмандар Ресей парламентінде ортақ бір күш құра алады.
Федерациялық жүйеде – мұсылмандардың біріккен күші, сетінесе, өз ішінен сетінейді. Ал, мемлекет шекаралары белгілі болса, әрдайым бірігуге мүмкіндік туындайды. Саяси, экономиякалық тұрғыдан Мұсылмандар бағынышсыз болса, Ислам бірлігіне қол жеткізе алады. Мәселен, Түркияға қарсы соғыс ашылған болса, біз Ресей мұслмандары Түріктермен рухани және діни біртұтас бола алады. Біз іріктелген мемлекеттер құратын болсақ, біздің бірлігіміздің артары анық. Біз, Түркістандық делегаттар конгреске келер алдын да, федерациялық жүйеде болуға шешім қабылдап, сондай-ақ, біздің мекен еткен аймағымыз Ресейдің 1/3 бөлігін құрайтындықтан, біздің шешімімізге ешкім қарсы келмейді деп ойладық. Біздің бұл тұжырыммызды конгрес делегаттары құптайды деп болжағанбыз. Біз Мәскеуге бір-бірімізді жеңу үшін емес, бірлесу үшін келдік. Осыған сенген, біз көп делегат болып келген жоқпыз. Сіздерге сенген едік. Бұндағы тартыстың болатынын білген болсақ, өзімізбен бірге 500 өкіл алып келетін едік.  Кавказдықтар мен Қырғыздар да осылай істер еді. Ол кезде сіздерге қарағанда көпшілік біз болған болар едік. Біз бұл жерге жұқмыс істеуге келдік. Бұл конгерстің мәжілісінде бұндай талас-тартыстың болатынын білмеген едік. Унитарлық жүйені қолдаушылар біздің өз-өзімізді басқаруымызды  қарсы келіп отыр. Бұл пікірлер Николай патшаның ұстанымына ұқсас. Біздің тарихымыз, ата-бабаларымызбен даңқты. Түркістандықтар, өз саяси ұстанымы мен өзін-өзі басқаруға күресуші ел болып табылады. …Бізде де оқыған, зиялы адамдар бар (17).
 Зәки Валиди: «Шығыс, орта, оңтүстік Түріктерді федерациялық жүйеге енгізу үшін олардың тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр және халық саны қай өлкелерде басым екендігіне маңыз беру керек. Шығыс Түріктерден урянхайлар (тоба), Қазақ даласы мен Түркістан өлкелері федерациялық жүйені құра алады. Өйткені, бұл Түріктер өз аймақтарында халық санының басым көпшілігін құрайды (64-96 пайыз) Ішкі Ресейдегі азшылық сандағы Түріктер федерациялық жүйені құра алмайды. Бұлар федерациялық жүйені қалыптастырған өз бауырларына қосылуы тиісті» деп өз пікірін білдірді. (18)
Қазандықтар мен Еділ-Орал Түрік халықтарының өкілдері; башқұрттардың өзінше жеке емес, Қазақтар және Түркістандықтармен бірге әрекет жасауын сынға алып, басқарудың өз қолдарында болуы үшін күресіп бақты. (19)
Екі жақ Ресейдің болашақ басқару формасы хақында  ортақ бір мәмілеге келе алмады. Бұның басты себептері, Түрік халықтарының шашыраңқы орналасуы және мәдени және экономикалық дамудың әртүрлі болуы еді.  Маиырдың  7 күнгі жиынға төрағалық еткен Хади Атласи кеңеске бұл мәселеге қатысты 200 ге тарта түсіндірмелердің келіп түскенін, бұл түсіндірселердің тек 15 ғана орыс тілінде, қалғандары әртүрлі түрік тілдерінде жазылғандығын, жазбаша мәлімдемелердің 150 ұлттық-мәдени автономияны, 34 федерациялық жүйені, 16 унитарлық біртұтас болуды жақтағанын хабарлады. Соңынан дауысқа салғанда М. Э. Ресулзаденің федерациялық жүйесін қолдағандар 446 қабылдаған кісі  271 қабылданбаған. Салиховтың ұсынған мәдени автономия жүйесі мен унитарлық басқаруды қолдағандар 422 қабылданған 291 қабылданбаған . Осыған бйланысты, «мемлкеттің басқару формасы» мынандай негізде қабылданды:
1. Мұсылман ұлтардың мүддесін қорғау үшін ең тиімді режим ұлттың бірлігі мен жер автономиясына сай жүргізіледі  ие болмаған ұлттарға ұлттық-мәдени автономия негізіндегі халықтық республика  барлық діни және мәдени жұмыстарын тиімді атқарукөзделеді. 2. Мұсылмандардың бірігіп іс-әрекет етуі үшін, тиісті заң шығарушы Жалпы Ресей Мұсылмандырының Орталық Бсақармасы құрылады.
Бұл Басқарманың формасы мен мүшелерін анықтау және атқарар жұмыстарын белгілеу жұмысы Мұсылман өлкелерінің алғашқы Мәжілісінің отырысында шешілуі тиіс болды. (20)
     Қабылданған шешімге екі жақта разылық болған сыңай танытқанмен, шешімнің күңгірттеулігі, сенімсіздік тудырған болатын. Автономиялық жүйенің қалай жүзеге асатындығы секілді мәселелердің тетіктері белгілі емес еді.  Мәселенің ең қиы кеткен тұсы делегаттардың көзқарасының екіге жарылуы еді. Делегатардың ешқайсы да тәуелсіздікке қол жеткізуге аса батылдық танытпады. Оның себебі, Ресейдің Уақытша Үкіметіне сенгеннен еді. Осы жиындардың куәгері Мұстафа Шоқай өзінің кейінгі естеліктерінде былай деген болатын: «1917 жылғы төңкерістен кейін біз барлығымыз федарализм мен унитаризм деген саяси сырқаттың ықпалында болдық. Бұл сырқатқа шалдығумыздың негізгі себебі, Ресей төңкерісшілеріне сенгенімізден болатын. Екінші себебі  біздің бұл қадамдарымыз халықтың сенімінен айырылып қаламызба деген уайымнан артық болатын» (21).
         Мамырдың 4 жұлдызындағы жиында Ресей Мұсылмандарының «соғысқа қарсы ұстанымдары» мен ұлттық білім беру мәселері талқыланды. Құрылтай делегаттары Ресейдіңотарлық саясатына қарсы ауыр сындар айтты. Ресей Үкіметінің Мұсылман Түріктерін орыстандыру және христандандыру саясатын доғаруын талап еткен сөз сөйлеушілер, бұл саясатқа қарсы шешім қабылдауды талап етті. Бұл тақырыпта баяндама жасаған Омар Тереғұлов жәдидшіл мектеп-медреселерде оқытушылармен, оқулық-кітаптар және озық бағдарламалармен қамтамасыз етілмегенін айтты. Омар Тереғұлов: «Біз, Түріктер басқа дамыған мәдениеті жоғары ұлттарға қарағанда артта қалып қойған елміз. Біздің бай әдебиетіміз ғылыми тұрғыдан талданып, зерделенбеуіне байланысты жетімдіктің күйін кешіп отыр.  Газет пен журналдармыздың мазмұны мен сыртқы пішіні де тым жұпыны. Тіліміз әдеби және граматикалық тұрғыдан байытылмаған. Тарихымызды зерттеу де кенжелеп артта қалып отыр. Біз Түріктер өткенімізді білмей, келешек туралы ойлана аламыз ба» деп маңызды мәселе көтерді. Осыған байланысты ол оқу-ағарту ісінің Түріктердің өз басқаруында болуын, Түріктерді біріктіру және әдеби бір түрік тілін қалыптастыру үшін барлық түрік тілдері оқу орындарында дәріс ретінде берілуі тиіс екендігін ұсынды.  Исхақи, Хасан Ата Габеши, Кешшап Тержумани, Закир Кадири, Эфендизаде секілді тұлғалар бұл мәселе жөнінде өз көзқарастарын білдірді. Соңында 24 баптан тұратын мынандай шешім қабылдады:
1.   Оқу-ағарту және мәдени жұмыстарды әрбір халық өз басқаруына алады;
2.   Бастауыш мектептерде оқу тілі болып әрбір ұлтың өз ана тілі қоданылады;
3.  Орта мектептерде жалпы Түрік тілі міндетті оқытылады. Жоғары оқу     
     Орындарында оқу тілі , Түрік тілі болады;
4. Бастауыш мектепте оқу міндетті және ақысыз;
5. Бастауыш мектептер бір типті болып, діни немесе зайырлы болып бөлінбейді;
7. Орыс тілі шет тілі ретінде оқытылады;
8. Ресейдегі барлық ұлттардың оқушылары мен оқытушылары тең құқылы;
9. Оқу-ағарту және мәдени жұмыстарға кететін шығындар мемлекеттік және жергілікті басқармадан қаржыландырылады;
10. Ұлттық орта мектептерді бітіруші түлектер Орыс оқуларына емтихансыз қабылданады;
12. Жағдайға қарай, ерлер мен қыздар бірдей оқуға бара алады;
13. Шет ел оқу орындарында оқыған Мұсылман оқушыларының саны 8 ден асқан жағдайда оларға ана тілі мен діни дәрістер беріледі;
21. Шет елдік оқытушылардың Мұсылман оқу орындарында жұмыс істеуіне рұқсат етіледі ;
24. Соғыс майданында, немесе соғыстан тыс уақыттарда да оқытушылар қару ұстаудан босатылады(22).
Мамырдың 7 жұлдызында болған отырыста «Мұсылмандардың соғысқа қатынасы» туралы сөз болды. Бұл тақырыпта сөз сөйлеген Ахмед Салихов Уақытша үкіметтің 1917 жылдың 27 Наурызында қабылданған шешімінің, екі жүзділігіне назар аударып, Ресей Мұсылмандарды Азия мен Африка халықтары секілді бұғауда ұстап отыруды көздеп отырғандығын  ашып айтты. Съездің бұл мәселеге байланысты, Салиховтың ұсыныстарының негізінде старшылдық саясатқа қарсылығын,әр бір ұлттың өз қалауымен өмір сүруін білдіріліп қолдайтындығын,уақытша үкіметтің 27 наурыздағы қабылдаған шешімдерінен бас тарту талап етілді. Съезде мұсылмандардың  этникалық ахуалы,дін және мәдени автономия,ұйымдар туралы баяндамалар оқыды. (23).
Мамырдың 11 жұлдызында болған отырыста Ішкі Ресей, Сібір және Қазақстан Мұсылмандарының Діни Басқармасы жөніндегі мәселелер шешілді.  292 дауыстан 257 дауыс иеленіп Әлімжан Баруди муфти болып сайланды. Төрт қазақ облысынан қазы сайлау құқығы Қазақтардың өздеріне берілді. (24)
Мамырдың 8 күнгі мәжіліс отырысында Жебад Орушев және Э.Топшыбашы өз баяндамаларында; барлық орыс партияларына сенуге болмайтындығын, олардың барлығына  ортақ мақсат, І Петрдің кезеңіндігідей Бұғаздар мен Түркияны және күллі ислам дүниесін отарлау, сондай-ақ Түркиядан тартып алған Карс, Ереван, Баку және Кавказдың өзге де өңірлерінде Мұсылмандарға қарсы аяусыз басқыншылық саясат тән айтып өтті
Аяз Исхакмдік басшылық жасауымен өткен Мамырдың 9 күнгі отырыста  қабылдаған шешімінің маңызды тұстары мыналар болатын:
1. Барлық жерлер (мемлекет, Патша отбасы, монасырь және өзге де жеке кісілердің жерлері) халыққа қайтарылады; жерге деген жекеменшік жойылады, жерді алып-сатуға жол жоқ.
2. Терін төккен әрбір адам жерден өз несібесін алуға құқылы.
8. Қырғыздардың (Қазақтардың(25)) монастырьлер мен келімсектерге берілген жерлері, өздеріне қайтарылады;
        Съездің ең қиын мәселелерінің бірі Мұсылман әйелдердің келешегі жөнінде болатын. Съездің алғашқы күні Қазан Мұсылман Әйелдер Жамиғатының өкілі ретінде сөз алған Ифет ханым, «Бүгінгі күнге дейін еркектер мен әйелдер бөлек өмір сүретін. Әйелдердің құқытарына маңыз берілмейтін. Енді  еркек немесе әйел деп алалауға болмайды. Тек адам деген атау болады. Сол үшінде біз әйелдер қауымы еркектермен тең дәрежеде өмір сүруге күресеміз(26). Әйелдер мен қыздардың келешегіне қатысты шешімдер қабылдау барысындағы талқылауларда даулы жәйттер орын алғанымен, сәуірдің 24-27 күні Қазанда болған Әйелдер құрылтайын шешімдері қабылданды . Бұл шешімдердің маңыздылары.
1. Шариғатта еркек пен әйел тең болып табылады;
2. Шариғатта әйелдер саяси және әлеуметтік істерге қатысуға құқылы болғандықтан, сайлауға да қатыса алады;
3. Әйелдерге тең құқық берген ұлттар күш-қуаты мекем болып табылады. Әйелдер Съез-Мәжіліске қатысуға құқылы және өздеріде сайлануға құқылы;
4. Съез-Мәжіліс сайлауы болып жатқанда, әрбір мұсылман сайлауға қатысуы  тиіс;
  5.  Неке қиылу үшін екі жақтың да келісімі керек.
  6.  Әйелдердің ажырасу құқығы бар.
7. Кавказ, Түркістан және Қазақстанда 11-12 жастағы қыздарды үйлендіру салты бар. Бұдан кейін, 16 төмен жастағы қыздарды үйлендіруге жол берілмейді;
   8. Некеге тұрмастан бұрын жұптардың денсаулығы дәрігерлік анықтамамен куәландірілу керек;
 9. Екі әйел алуға жол берілмейді;
10.. Қазақстанда қыздың әке-шешесінің қалыңмал алуы тоқтатылады.;
   11.Мұсылман әйелдерінің саяси және азаматтық құқықтары еркектермен тең саналады (27).
        «Еңбекшілер мәселесі» жөнінде мынадай шешімдер алынды:
1.Еңбекшілер  күніне 8 сағаттан артық жұмыс істемейді;.
2. Еңбекшілерге аптада 24сағаттан кем болмайтын демалыс күні беріледі;
5. 16 жасқа дейінгілер жұмысқа алынбайды;
6. Әйелдер денсаулығына зиян келтіретін жұмыстарға жіберілмейді;
7. Балалы әйелдерге, сәбилеріне қарау үшін үш сағат уақытқа рұқсат беріледі;
8. Зейнет жасында және еңбекке жарамсыз мүгедектерге әлеуметтік көмек беріледі;
9. Еңбек ақы ақшамен өтеледі.;
10. Жұмыс беруші жалақыны заңдарға сәйкес толық өтеуі тиіс;
11. Жұмысты бақылайтын инспекторлар тағайындалады;
12. Мұсылман еңбекшілері көп болған жұмыс орындарында, жұмыс беруші мешіт пен мектеп ашуы тиіс;
14. Еңбекшілердің асханасы мен демалыс бөлмелері денсалық сақтау шарттарына сай болуы тиіс;
17. Мұсылман еңбекшілері өз ұйымдарын құра алады .
        Әскери мәселелер жөнінде  10 баптан тұратын мынан дай шешім қабылданды:
1. Жаппай әскерге алу тоқтатылады. Соғыс жағдайына байланысты нақты әскери құрылымды жасақтаған кезде армия ұлттық негіздерде құрылады;
2. Соғыста әскери құрылымдарда  мұсылмандар бірге болады;
3.  Мұсылман әскери бірлестіктерінің офицерлері мұсылман болуы тиіс;
4. Армия өз аймақтарында қызмет етеді;.
5. Алдынғы шептегі дивизиядағы қатарындағы мұсылман жауынгерлер, бір топта болуы тиіс;
6. Мұсылман жауынгерлері құрған әскери топтарда, имам сайлану тиіс;
7. Мұқсылмандардың денсаулық сақтау бөлімі құрылуы тиіс, (28).
        Съездағы көтерілген тақырыптардың бірі Орталық Мұсылман Кеңесін құру туралы мәселе болатын. Бұл жөнінде Мамырдың 7 күні кешкі екінші отырыста Омар Тереғұлов пен Аяз Исхақи қысқаша мына дай пікірлерді білдірді:
 «Түрік халықтары тарихи, географиялық себептерге байланысты бірнеше құрылықтарда өмір сүруде.  Тәуелсіздіктен айырылғаннан бері мырзаларымыз, билеріміз, ел ағаларымыз бен ақсақалдарымыз Орысқа қызмет етуден арыға бара қоймады. … Бірақ бүгінгі күні зиялыларымыз Түрік халықтарының өзгеше мәдениетке ие екендігін дәлелдеп отыр. Біз қазір бұл жерде Ресей Мұсылмандарының өкілдері ретінде отырмыз. Бізге Орыс партияларынан келер қайырым жоқ. Тарихи  жақындығымыз бізді саяси күшке топтастыруы тиіс. Өз ішіміздегі әртүрлі топтар ұсақ істері мен материалдық күйкі тіршілігін тәрк ете отырып, құйылған жаңа іргетас секілді бірігуіміз қажет. Біздің құрар саяси бірлестігіміз солшыл анархистерден де, оңшыл монархистер де немесе сырттан енген әртүрлі ағымдардан ада болуы керек.
Ұлттық кеңестен бұрын Съез жиналысыүшін сайлау науқанына байланысты мәселелерге маңыз беру керектігі айтылып,соңынан 3 баптан тұратын мына шешім қабылданды:
1. Сайлаудан бұрын Мұсылмандар демократиялық блок құруы тиіс;
2. Тұрақты Мәжіліс және өлкелік басқару үшін жасалатын сайлауларда орыстан өзге ұлттардың, партияларымен ымыраға келуге болады.
3. Бұл негіздерге сай сайлауға дайындық жүргізу жұмысы Орталық Ұлттық Кеңеске тапсырылады.
Тұрақты Мәжілісті сайлау мәселесі шешілместен Орталық Ұлттық Кеңесін құруға қатысты  Аяз Исхакидің ұсынған негіздері тыңдалып, 10 баптан тұратын  шешім қабылданды.
          Ұлттық Кеңес құрамына Қазақтардан мына адамдар сайланды:
1.Көлбай Төгісов (Қоқан)
  2.Ибрахим Жайнақов (Верный)   
  3. Құрбанәлі Қосшығұл (Ақмола)
4.Құлмұхаммед Ораза
5.Жаханшаһ Досмұхамбетов (Орал)
6.Уалитхан Танашев (Бөкей)
7. Аққағаз Лашын (Торғай) (29)
Съездің тарихи маңызы бүкіл түрік халықтарын өкілдерінің бір тудың астында бас қосып, өз талап-тілектері мен саяси көзқарастарын ашық айтуда болды. Олар  бұл жиында  Ресей Мұсылмандарының мәселесі барлығына ортақ екендігіне көз жеткізген болатын. Қабылданған шешімдер дін пікірталастар туғызғанымен, съезд мұсылмандардың бірлесіп жұмыс істей алатындығын көрсетті. Саяси, экономикалық, діни, социологиялық, мәдени, құқықтық, әскери секілді мәселелерді шешуді мақсат еткен бұл жиын бүкіл әлемге үндеу тастады.
        Егер түрік қауымдастықтарының  осындай басқосулары жалғаса түскенде, мүмкін Түрік халықтарының  жағдайы  бүгінгі күні басқаша құрылар ма, еді. Алайда, Ресейдің отаршылдық саясаты мен түрік халықтар арасындағы бақастықтар бұған жол бермеді.
Отаршылардың мамыр айындағы түрік халықтарының жиынына пантюркизм, панислазим деген ойдан шығарылған концепцияларды тануы өздерінің озбырлық іс-әрекеттерін бүркемелеуге тырысушылық еді. (30)

* Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
 мемлекеттік
университетінің ізденушісі

Съезд Российских мусульман
Мусульмане России воспользовавшись февральским  восстанием решили провести «Первый съезд мусульман Росии»
Этот симпозиум был проведен в период с 1 – 11 мая 1917 года. На этом собрании обсуждались будущие планы мусульман при нынешних обстоятельствах. Собралось около 800 человек.

Symposium of muslims of Russia.
After the rebellion in Russia a symposyum of Muslims of Russia was held.
Future plans of local muslims in particular situation were discussed.Approximately 800 people attended.   

Bu yazının yayınlandığı Dergi: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің хабаршысы. -2007, №4(47) б. 54-60

 

 




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir