Іздеу
Шілде 22, 2017
  • :
  • :

Көше баласыз, бала ойынсыз қалып жатыр

Алдымен «ойын»дың не екендігін сипаттап бере аласызба? Ойын дегеніміз не? Бала не үшін ойын ойнайды?


 Тарихтың алғашқы күндерінен бүгінгі таңға дейін адамзат бір біріне ұқсас ойындар ойнаған және әлі күнге дейін ойнауда. Ойын ойнау қоғамдың бүкіл саласы үшін қызығушылықпен амалға асырылатын өз ерігімен жасалатын бір іс-шара болып табылады. Ойын дегенде көбінесе балалар ойымызға келеді. Алайда үлкендердің де өмірінде ойын маңызды орынға ие. Ойынға байланысты көптеген сипаттамалар жасалған. Педагогтар, психологтар жалпы ойындың балаға физикалық, рухани және тәрбиелік жағынан дамуына үлес қосатын бір құрал болып есептейді. Егер сипаттау керек болса, ойынды былай сипаттаймыз: Ойын, соңы жоспарланбаған, бір мақсатқа жету үшін емес, қызығушылықтан ұйымдастырылатын іс-шара. Бұрынна қалыптасқан ережелері бар. Ережелер жойылса, ойын да жоғалады. Бұл ережелер шеңберінде жарысушылардың күшіне, жауапкершілігіне немесе мүкіншілігіне байланысты бір нәтижеге жету үшін күрескендерін  тамашалауға болады.


 Ойындың негізі кедергі. Кедергі  белгісіздіктен пайда болады. Ойыншығына қол ұзатқан бала, жүннен иірілген жіптің шұмағын ойнаған мысық, өз ойындағы картаны күтіп отырған құмарбаз, бәрі де бір кедергіні жеңуді ойлайды.
 Жалпы ойын терминінден «Қалыптасқан Бала Ойындары»на келетін болсақ, сіздің бала ойындарына деген  қызығушылығыңыз неден басталды?
 Біздің ұрпақ маған қарағанда бағы бар ұрпақ. Біз қалыптасқан ойындарды ойнап өстік. Әлі күнге дейін сол ойындардан алған әсерімді сағынышпен еске аламын. Әр кім де балалық  кезін сағынады. Бірақ мен сол ойындардан көбірек сол жылдарды сағынамын. Сондай ақ, ір қашан да  мәдениетке байланысты мәселелерге қызығушылығым мол болды.  Кандидаттық диссертация тақырыбын таңдаған кезде, әрі қазақ, әрі түрік халықтарының ортақ екендігін көрсететін бір еңбек жасағым келді. Құдай қаласа осы жылдың соңына дейін профессор, доктор Шәкір Ыбыраевтың басшылығымен жазған «Қазақ және түрік фольклорында бала ойындары» атты кандидаттық диссертациямды Ғылым Академиясы, Өнер және фольклор институтында қорғаймын.
Қалыптасқан ойын деген сөзден нені түсінуге болады?
 Ауыз әдебиетіның маңызды бір бөлігі болып табылатын бала ойындары, өздері пайда болған әлеуметтік- мәдени ортаның айнасы болып табылады. Бала ойындарындағы тіл, сенім, әдет-ғұрыптар, күй, құндылықтар, ұстаным сияқты факторлар ойындарға ұлттық ерекшелік береді. Балалар ең көп тұтынушы болумен қатар, жаңалықты қабылдауға бейім болады. Бүгінгі таңда естен шығарылған бұрыңғыға тән көптеген ерекшеліктер басқа формалар қосылған түрінді қайта қолданысқа түсуде. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан бүгінге дейін 60 жыл өтті. Естеліктер сарғайды. Дұшпандықтар достыққа айналды. Бірақ, балалар әлі күнге дейін санаған кезде мынадай санамақтарды айтуда:
Неміс шықты орманнан
Пышақ алды қарманнан
Не өлесің, не қаласың
Кіммен жолдас боласың.  
 Сонымен қатар балалар, өздері көрген фильмдің кейіпкерлерін өздерінің санамақтарымен жаңылтпаштарына қосып айтады. Яғни, қалып ретінде 4+3=7 буын қалабын өзгертпейді. Ұйқастығы да өзгермейді, оның ішіне кеше көргенін қосып айта алады. Бала ойындарын анекдоттар сияқты дәстүрге байлынп ғана қалмастан өзгеріп отырады.
Бүгінгі таңда қалыптасқан бала ойындарының жағдайы қандай? Компьютер, интернеттің алдында бұл ойындардың өмір сүру шансы қандай?
Бұл сұрағыңыз мәселенің ең өзекті нүктесіне тиді. Бала ойынсыз өспейді. Ойын бас тарту мүмкін болмаған бір қажеттілік болып табылады. Бірақ, бүгінгі балалардың ойындары компьютердің алдынан тұрғызбайды. Егер мәдениеттің халықтарын бір рет қопарсаңыз қайта өз орнына қоя алмайсыз. Ойындарымыз осылайша жоғалып кету қауыпімен тығыз байланыста тұр. Ойын дегенде ойымызға интернет кафелер мен компьютерлер келеді. Балалардың физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуында маңызды роль ойнаған қалыптасқан бала ойындарының көбі жоғалып бара жатыр. Бұл ойындарда бала жүгіру, ұстап алу, секіру сияқты дене әрекеттерін жасауы керек еді. Өмірдегі  жеңу, жеңілу, күресу, құрметтеу және сабырлы болу сияқты, ұғымдарды ойындар арқылы үйренуде еді. Экраннан басын алалмайтын балалар әлеуметтік ортадан алыс, жеке технологиялық ойындармен өсуде. Бөлісу, бірігіп жұмыс жасау арқылы табысқа жетуді мақсат еткен қалыптасқан ойындардың орнына, кей бір болымды тараптарымен бірге зияны пайдасынан көп болған, жаратушылықты қажет етпейтін жаңа ойындарда балалардың дене әрекеттері және ақылдық ерекшеліктері көрелуду. Бұл елдің бала ойындарымен бірге өсуінің зияндары; өлтіруге , қанға үйреніп кеткендіктерінің нәтижесінде үлкейген кезінде көрінеді.
Тіпті, бүгін де мектептерде көптеген педагогикалық, психологиялық проблемаларды басынан өткізгені мәлім.
Сұрағыңыздың екінші бөлігіне келетін болсақ, барлық қарслықтарға қарамастан бұл ойындардың  арасында өмір сүруі мүмкін бе? Ашығын айтқанда, бұл сұрақтың жауабы ретінде ойланбастан «ия» дегім келеді. Бірақ, дәстүр ескі ескі формасымен қайталанаберсе, жасамайды, қурап кетеді; оның ылғи да өзгеріп түруы керек. Өзін қорғап дәстүрлі ойындардың өмір сүруіне әсерін тигізу өте қиын. Жаңа өмір сүру дістүрінің алдында оны бір болмыс етіп көрсету үшін әжептеуір еңбек етуің керек. Басқа бір әлемде өмәр с.ріп жатырмыз.  Балалар интернетте күнде жаңарып отырған мыңдаған ойындарға кезігуде. Бұл жағдайға араласпай шетте қарап тұра алмаймыз. Мәдени құндылықтар жаңартылып, бүгінгі таңдың мәдени жалғасы ретінде өмір сүрдіруге болады. Бұл үшін, ресми саясат жасылынуы керек және ғылым министрлігі осының негізін салуы керек.  Есімде қалғаны бойынша 1995 жылдары Қазақстан Ғылым Министрлігі  асық ойындарының мектептерде үйретілуі керек екендігі, бір федерация құрылып, жарыстар ұйымдастырылуы туралы баяндама оқылған болатын. Судьялар дайындалып, кітапшалар әзірленген еді, бірақ  болмады.  Осы сияқты жаңалықтар үміт беруші жаңалықтар. Мысалы, парктарда баскетбол алаңы жасаған кезде, жанына басқа да ойын  алаңдары жасауға болмайды ма?
Сұрақ:1990 жылдан бастап түркі халықтары егемендіктерін алды және бес Түрік Республикасы құрылды. Осы жаңа ортада  Түрік бірлестігін құру үшін әрекет етіп жүрген ғалымдар, саясатшылар  бар. Ортақ бір әліпби соның арқасында бүкіл Түркі халықтарының қиналмастан түсінісе алатын ортақ тіл жарату сияқты үлкен жұмыстары бар.  Бұл мәдени бірлікті құру жолында бала ойындарынан қалай пайдалану мүмкін?
Жауап: тектес қауымдардан келген ғалымдардың қатысуымен жасалған жиналыстарда, Түркі мемлекеттерінің саяси, экономикалық және мәдени бірлігінің маңыздылығы және қажеттілігі туралы айтылып ортақ тіл, әліпби туралы айтылуда. Әрине бұл идея қызыл алма секілді рухымызда әр қашан сақталады және сақталып қалуы қажет. Бірақ бұл алаңда шынайы нәтижелерге жету үшін өте көп еңбектену қажет. Алайда біздің қолымызда бала ойындары сияқты қолданылуға дайын үлкен мүмкіншілік жатыр. Келешек балалардікі. «Түркі дүниесі бала ойындары» жарыстары, тіпті олимпиадалары, келешек үшін үлкен қадам болып есептелінеді. Европа Бірлестігі, өз жұмысын балалардан бастаған. Басқа басқа мәдени ортада өскен балалардың бір бірлерін тануы және ортақ  мәдениет жаратулары үшін үлкен шығымдар жұмсалуда. Біз де балаларды бір бірлерімен таныстырып, олардың арасында үлкен достық жаратуға ықпал етуіміз керек. Олардың достығы, келешекте саяси, экономикалық және мәдени алаңда көптен күткен бірліктің табиғи түрде тасталған үлкен қадамы болып есептелінеді.
Түркі елдерінің балалары, мыңдаған жылдан бері сақталып келе жатқан ойындарды әлі күнге дейін ойнап келе жатыр. басқа түркі елдеріне қарағанда мәдени құндылықтары тезірек жойылып бара жатқан Түркия Республикасы, бұл тұрғыдан жылдам әрекет жасауы қажет. Бала ойындары өте үлкен жылдамдықпен қалалардан ауылдық жерлерге қарай тартылып бара жатыр. Ол жерлерден де тарихтың топырақ басқан сөрелеріне кетуі әбден мүмкін.
Оқырмандарымыз қазір мен аттарын атап өткен ойындардың ережелерін естеріне түсіреді. Қанталапай, ақ сүйек, төрт тас, бес тас, маг (сызба), шілдік, садақ ату, жасырынбақ, ақ сандық көк сандық … Бұл ойындар шамамен бүкіл түркі елдерінде бірдей ережелерімен ойналып келе жатыр. Ойланып көріңіз, мыңдаған километр алыстағы түрік жерінде Шілдік ойыны тура сол атпен және сол ережелермен бірін бірі білмеген түрде балалар тарапынан жүздеген жылдар бойы ойналып келе жатыр. Бұл тақырыпта бір проект жоспарлап отырмыз. Құдай қаласа, 1. Түркі дүниесі бала ойыны фестивалін 2011 жылдың сәуір айында Тәрбие жөнінен кеңесші Қадир мырзаның қолдауымен Алматы қаласында өткіземіз. Бұл фестивальге алдымен алты Түрік Республикасынан балалар келеді және дәстүрлі, қалыптасқан ойындарды бірге ойнайды. Бірбірлерін таниды, достасады. Құдай қаласа, кейінгі жылдарда басқа автономиялық Республикалардың қатысуымен бұл фестиваль жалғасады. Осылайша мәдени географиямыздың картасы пайда болады және қалыптасқан ойындарымызға бір қан тасымалы жасаған боламыз.
Сұрақ: Иншалла бұл жоспарыңыз амалға асады. Жарайды, ойын ойыншықпен мағынасын табады. Ойыншық туралы не ойлайсыз?
Біздің ұрпақ балалығында айналасынан не тапса сонымен ойнайтын еді. Бүкіл түркі елдерінде де ең танымал болған ойын тас, ағаш және топ. Соңғы жиырма жылға жуық географиялық мүмкіншіліктер мөлшерінде балалар өз ойыншықтарын өздері жасауда еді. Бірақ, қазіргі күнде бұған рұхсат жоқ. Барлық нәрсе алдымызға дайын күйінше беріліп жатыр. дамыған мемлекеттерде тіпті балалардың қалай және қандай ойындар ойнауы керек екендігін шешуде. Жаңашыл технологияны кім жасап жатса, мәдениетті де сол өзгертіп, жаңадан қалыптастырып жатыр. Әлем, мәдениеттің өзгеруін тамашалауда. Бала ойындары мен ойыншақтары да осы өзгерістің ортасында. Өте үлкен шығымдар осы алаңда инвестиция жасауда. Глобалдық   капиталды ең үлкен инвестиция жасаған алаңдардың басында балалар әлемі мен ойыншықтар келеді. Mcdonalds, Cola Cola, Burger King гамбургер – колаға негізделген тамақ системасын бүкіл әлемге таратқан фирмалар тек ғана глобал экономикалық бір күш емес, сонымен қатар Америка мәдениетінің басты таратушылары болып табылады. Бұл мысал экономика және мәдениет арасындағы қарым қатынастың дәлелі.
Ойыншықтар, глобалдық капитал үшін өте пайдалы инвестиция алаңы болып есептеледі. Балалық кезімізде Топач деген танымал бір ойын бар еді. Дөңгелектелген бір ағашқа бір метр ұзындығында жіп орап, тездетіп жерге тастайды, содан кейін ұзақ уақыт айналуын қадағалайды. Шамамен бір ай бұрын телевизорда сол топач ойынына байланысты бір бейне фильм тамашаладым. Таң қалдым, бірақ бұл ұзақ уақытқа созылмады. Бір инвестор топачқа қатысты жүздеген ойын түрлерін дамытыпты. Бұлардың сипаттарын көрсету мақсатында бір интернет сайтын ашыпты. Топачтың қалай айналатынын күшті анимациялармен танытқан. Аптаның соңғы күндері бұл ойындың ережелерін түсіндіруші «курс» ашылды. Балалар әйелдермен бірге өз пішіңдерінде, тағы да өз мақсаттары үшін қолдануда. Балалар әйелдермен бірге тұтынушы қауымының ең маңызды бөлігін құрайды.
Сондай ақ, мультфильмнемесе анимациялық киноларға жаңа кейіпкерлер жасалуда, соңынан бұл кейіпкерлер ойыншық ретінде сатылымға жіберілуде. Сондай ақ бұл ойыншақтармен қалай ойнау керектігі телевизор экрандарында тағы бір жақтан үйретілуде. Бүгін батыс мемлекеттерінің жанында, әсіресе Қытай мен Жапония сияқты мемлекеттер технологиялық дамудың гениі болып тұр. Ойыншық алаңында барлық нәрсе Қытайдан әлемге жайылуда. Көрісі жақсы, бірақ өзі шыдамсыз, нашар ойыншықтар, балаларымыздың қолдарынан түспейді. Ойыншық бизнесіне инвестиция жасағандарға қолдау көрсетілуі, балалардың жасампаздығын дамытатын, ден саулыққа зияны жоқ, мықты ойыншықтар шығаруға қолдау көрсету керек.

Сұрақ: Қорытынды ретінде қосатындарыңыз бар ма?
Жауап: Жаңа ғана айтып өткен мәдениет өзгеруін жеңіп өту үшін, бала ойындары туралы еңбектер көбеюі керек. Бүгінгі таңда көптеген үйірме және құрымдар бала ойындарының мәдени өмірімізде өмір сүруі үшін, бүкіл Түрк елдерінде сол қалыпта ойналатын бала ойындарын халықаралық және мемлекетаралық  деігейде мағыналы және өмір сүре алатын деңгейде етіп жасау; Түркі дүниесі, бала ойындары фестиваліне өте үлкен маңыз бөлуду сұранамын.
Егер келешекте бір Түркі дүниесі бірлестігін құру мақсатымыз болса, мұның алғашқы қадамы ретінде Түрік елдерінің балаларын  бір жерге жинап, олардың бірге ойын ойнауларына мүмкіншілік жарату керек. Ортақ мәдени мұрамыз бала ойындарының ерекшеліктерін көре алу үшін бұдан кеш қалмау керек.
       
Ибрахим Йылдырым
Ахмет Ясауи университеті,
Филология факультеті,
Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы.




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir