Іздеу
Қазан 22, 2020
  • :
  • :

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жас ғалымдар марапатталды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жас ғалымдар марапатталды

«Президентке құрмет».

Дәл осындай тақырыппен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорында мерекелік шара өтіп, концертмейстер Марина Өмірбекованың жетекшілігімен еліміздің опера өнерінің майталмандары Олег Татамиров, Дамир Сәдуақасов, Наталья Мезина және Надия Найденова өнер көрсетті. Сондай-ақ осы салтанатты шара аясында «Жас ғалымдардың Үздік еңбегі» байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Бұл байқау оқулықтар мен әдістемелік әдебиет дайындаудың деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды», — дейді мамандар.

Мұрат Насимов, саяси ғылымдардың кандидаты:

- Бұл біздің ұлттық бірлігімізді, татулығымызды көрсететін мереке деп білемін. Қызылорда облысында осы мерекеге байланысты «Болашақ» университетінде  Елбасы атындағы аудитория ашқан болатынбыз. Мұның барлығы ұрпақ тәрбиесіне қажетті мереке деп ойлаймын.

Дереккөз:24.kz




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir