Іздеу
Қараша 23, 2017
  • :
  • :

«Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық конференция болады

Қазақстан Республикасы

тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған

«Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық конференцияның

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

«Түркі академиясы ғылыми-зерттеу орталық ретінде

түркі әлемінің рухани бірігуінің артуында айрықша үлестіруші

орынға айналуға, түркілік, сондай-ақ әлемдік өркениеттердің

бай ғылыми және тарихи мұрасын түсінуге ықпал етуі керек…»

Н.Ә.Назарбаев

Өтетін мерзімі: 19-21 мамыр, 2011 ж.

Өтетін орны: «RAMADA PLAZA Аstana» (бұрығы Интерконтиненталь) кешенінің мәжіліс залы. Астана қ. Абай даңғ. 47).

Конференцияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Түркі академиясының ұйымдастыру комитеті өткізді.

Мақсаты: түркология саласы бойынша ғылыми байланыстарды кеңейту, осы бағыттағы зерттеулерді дамыту, әлемдік және қазақстандық түркологияның болашағын бағамдау; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің түркі халықтарының рухани бірлігін нығайтудағы орнын зерделеу.

Конференцияның жұмысына гуманитарлық мамандықтар бойынша ортақ кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқан 100 астам ғалымдар қатысады. Олардың ішінде тарих, археология, тіл білімі, әдебиеттану, этнология, этнография, мәдениеттану, өнертану, философия, әлеуметтану салалары бойынша іргелі еңбектер жазып жүрген көрнекті ғалымдар бар. Конференцияға Познань, Сегед, Вашингтон, Анкара, Ташкент, Нөкіс, Душанбе, Бішкек, Мәскеу, Горно-Алтайск,  Омбы, Қазан, Махачкала, Уфа, Абакан, Якутск, Астана, Алматы, Түркістан, Уральск, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау т.б. қалалардан ғалымдардың келуі күтілуде.

Конференцияның жұмысына танымал отандық және шетелдік ғалымдар қатысады: академик М.З .Закиев (Татарстан Респубикасы Ғылым академиясы Тіл, әдебиет және өнер институты); профессор О. Хората (Ататүрк Мәдени орталығы, Яссауи ат. ХҚТУ өкілетті кеңесі), филол.ғ.д., РҒА мүше-корреспонденті А.В. Дыбо (РҒА Тіл білімі институты), Ph.D докторы Д. Қара (Венгрия Ғылым академиясының этнография институты), филол.ғ.д., профессор А.А. Ахматалиев (Ш.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институты); Ph.D докторы З.Г. Гасанов (Әзербайжан Ұлттық академиясы Тарих институты); академик А. Аскаров (А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті); профессор Д.Д. Васильев (РҒА Шығыстану институты); филол.ғ.д., профессор          Н.И. Егоров (И.Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университеті); т.ғ.д., профессор В.Я. Бутанаев (Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті); филол.ғ.д., академик Х.Ю. Миннегулов (Казан Федералдық университеті).

Конференция барысында көрмелер және Түркі академиясы басылымдарының  презентациясы жасалады: түркология және салалас ғылымдар бойынша зерттеушілердің мақалалары мен рецензияларын жариялайтын «Алтаистика және түркология» халықаралық журналы (4 тілде шығады); Түркі академиясының баспаға әзірленген еңбектерінің каталогы (түркология сериясы бойынша фундаментальдық еңбектер қамтылған аннотацияланған альбом). Еңбектердің авторлары – әлемдік түркология ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан отандық және шетелдік танымал ғалымдар.

Ресми ашылуы және пленарлық отырыс «RAMADA PLAZA Аstana» (бұрығы Интерконтиненталь) кешенінің Абай І конференц-залында өтеді. Оған ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Білім және ғылым мен өзге министрліктердің ресми қызметкерлері, түркі мемлекеттері дипломатиялық корпустарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ТҮРКСОЙ және Түркі мемлекеттерінің халықаралық Кеңесінің өкілдері қатысады.

Конференция төмендегідей секциялар бойынша жұмыс істейді: Әлемдік түркологияның қазіргі ахуалы мен даму болашағы (тарих, тіл білімі, әдебиеттану, этнография және археология мәселелері); Түркі халықтарының тарихи-рухани бірлігінің қалыптасуы мен бекуіндегі мемлекеттің рөлі.

Түркі академиясы БАҚ, қоғамдық ұйымдар өкілдерін, ғылыми және оқу мекемелерін «Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысуға шақырады.

Түркі академиясының баспасөз қызметі:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Тәуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы.

Байланыс үшін тел.: 8 (7172) 74-47-82, 8 705 10 33 200;

8 (7172) 57-49-83, 8 701 557 54 06

Web-site: www.tyrkacadem.kz

Е_mail:_turk-proekt@mail.ru




2 thoughts on “«Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық конференция болады

  1. KatyaFep

    Студентка, отличница, спортсменка да и просто красивая девушка приглашает всех совершеннолетних парней побщаться и поболтать в приватной обстановке. Я до утра буду вот здесь: http://newmymeet.org/?s=514

    Я могу хорошо станцевать, рассказать сказку, станцевать для тебя ну очень неприличный танец и сделать много других приятных вещей.
    Давайте же наконец знакомиться, дружить.

    Милана

Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir