Іздеу
Маусым 17, 2016
  • :
  • :

ӨМІРЛІК КЕҢЕСТЕР!

Ең ұлы құдірет иесі… АЛЛАҺ!

Ең күшті байланыс құралы… ДҰҒА!

Ең қымбат байлық… ИМАН!

Өмірдегі ең әсерлі күш… СҮЮ!

Ең зор бақыт… ҚОЛДА БАРДЫ БАҒАЛАЙ БІЛУ!

Жоқтығы ең ауыр тиетін… ҮМІТ!

Ең жойқын дағды… ҚАЙҒЫ!

Әлемдегі ең мықты компьютер… АДАМ МИЫ!

Ең зор зая… ӨЗ СЕНІМІНЕН АЙЫРЫЛУ!

Ең зор табиғи қуат көзі… ЖАСТЫҚ!

Ең нашар мінез… ӨЗІМШІЛДІК!

Нені жеңу керекпіз… ҚОРҚУ!

Ең әдемі әшекей…КҮЛІМСІРЕУ!

Жеңімпаздықтың кедергісі… СЫЛТАУ!

Қоғам зиянкесі… ӨСЕКШІ!

Ең күшті сөз… ЖАСАЙМЫН!

Ең құнсыз сезім… ӨЗ-ӨЗІН МҮСІРКЕУ!

Ең күшті прививка… ЫНТАЛАНДЫРУ!

Ең әсерлі дәрі… ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ!

Ең бағалы қасиет… СЕНІМДІЛІК!

Ең ризалы іс… БАСҚАЛАРҒА КӨМЕК БЕРУ!

Ең жақсы әдет… ШҮКІРШІЛІК ЕТУ!

 Адам шүкір еткенде өмірдің жақсы жақтарын көбірек байқайды. Қолымызда бар нәрселердің аз емес екенін, тіпті көп екенін аңдаймыз. Қара нан мен қара шайдың өзі кәдімгі кең дастарханға айнала қалады. Шүкір – үйді ұяға айналдырады, бірді мыңға. Шүкір - өткенге мән береді, бүгінге тыныштық, болашаққа жарық!

ШҮКІР КҮПІРДЕН САҚТАЙДЫ!

Жазира Амантайқызы




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir