Іздеу
Маусым 24, 2016
  • :
  • :

Р.Т.Эрдоган: Түркияның аяқтан тұрып дамуына кедергі жасамақ болған сатқындық пен әділетсіздікті жаншыдық

Түркияның Премьер-Министрі Р.Т.Эрдоганның 2011 жыл Орталық Мемлекеттік Бюджеті басқосуында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (TBMM) сөйлеген қорытынды сөзі.

 Құрметті министр мырза, құрметті депутаттар! 2011 қаржылық жылы бюджетінің еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де демократиямыз үшін де игі бір істің бастамасы болсын деп тілеймін.

Ең бірінші, АК партия билігінің ең үлкен жетістігі - ұлтымыздың өз-өзіне және отанына деген сенімін нығайтып, мемлекетіміз бен ұлтымыздың арасындағы пердені түріп, қоғамдық қалыптасу, реттелу кезеңін жүзеге асыруы. Біз 8 жыл бұрын осы жерге дән септік. Уақыт өте келе осы дән көктеп, жас шыбыққа айналды. Тұрақтылық пен сенімділік негізінде игерілген уақыт, осы жас шыбықты күзетіп-баптап, аялап өсірсек, ол бойын тіктеп, тамырын тереңге жайып, мығым әрі қайратты болып өседі.

Мына нәрсені ашып айтар болсам, біз ұйымшылдықпен, қаһармандық ерлікпен, тәжірбиелі алып держава негізінде 1923 жылы осы жерге Мемлекет дәнін ектік. Мемлекетімізді құрған халқымыз көптеген қиыншылықтар мен сынақтарды бастан өткізді. Жарасқан бірлігімізбен осы дәннің көгеріп-көктеуі үшін, тамырын жайып, жайқалып өсуі үшін еңбек еттік. Осы ағаш өзінің өсуі барысында кедергілерге ұшырады. Осы ағаштың бұтағын сындырып, жапырағын жалмап, тамырына балта шабушылар да болды.  Экономикалық өрлеу жолында дағдарыс туындады. Демократиялық мемлекет болып қалыптасу үшін де тосқауылдарға ұшырады. Тұрақтылық пен сенімділік орнатып, мемлекеттік негізін мығым қалыптастырған сайын қайтадан құлдырай берді.

Сонымен қатар мына нәрсеге де назарларыңызды аударғым кеп тұр: Мемлекет деп аталатын осы шынар ағашын тек қана сыртқы бақталастар емес, іштен де іріткі салушы құрттар оның тамырынан кеміруге тырысты. Сонда да 8 жыл бойы үкімет тарапынан жасалған қысымға берілмей, қоқаң-лоққы, бопсаға қарсы тұрып осы шынар ағашының жайқалып, тамырын тереңге жаюына күш салдық. Түркияның халықаралық беделін көтерумен қатар, іште де мемлекетті тамырынан кеміруші құрттармен, қарақшылармен, мафиялық топтармен үздіксіз, аяусыз күресті тоқтатпадық. Тұрақтылық ен сенімділікті орнататын демократияны бұзатын әр түрлі кәсіпкерлікті нық та салқынқанды түрде басқара білдік. Түркияны қараңғылыққа сүйреген құйтұрқы жоспар мен құрылған тұзаққа батылдықпен қарсы тұрдық.  Түркияның аяқтан тұрып дамуына кедергі жасамақ болған сатқындық пен әділетсіздікті жаншыдық.

АК партия билігі 8 жыл бойы осы жерге бауырластық пен сүйіспеншілік дәнін септі. Демократияны қолдап, құқықты үстем етіп, ақиқат пен еркіндікті дамытып, экономиканы өрістетіп, халқымыздың амандығы үшін, Түркияның өміршеңдігі үшін тер төкті.

Құрметті депутат мырзалар және бізді көгілдір экранның ар жағынан тыңдап отырған отандастар, сіздердің назарларыңызды мына нәрсеге аударғым келіп отыр. Желтоқсан айының 11-де Мардинге бардым. Халқы жылышырай танытып қарсы алды, алайда дауыл соғып, ауа-райы біраз мінезін көрсетті. Дегенмен Мардинде 78 қызмет көрсету нысандарының ресми ашылуына қатыстық.  Білім, денсаулық, қауіпсіздік, жол-көлік, муниципалитет қызметтерімен «KÖYDES» жобаларын қосқанда барлығы 78 әр түрлі орталық бұлар. Мардин орталықта, Мидьятеде, Даргечитте, Дерикте, Кызылтепеде, Мазыдаг, Нусайбинде, Омерлиде, Савурда және Ешиллиде балабақшадан бастауыш  сыныпқа дейін, лицейден студенттер жатаханасына дейін, оқытушылар орталығынан денсаулық сақтау орталықтарына, шағын көшелерден саябақтарға дейін 78 нысанды Мардинде іске қостық.

Одан кейінгі ат басын тіреген жеріміз Шиирт қаласы болды. Онда да әр түрлі 32  халыққа қызмет көрсету орталықтарын аштық. Бұлардың маңызды бір бөлігі жеке сектор инвестициясы, жүздеген Шиирттікті жұмыспен қамтамасыз етіп, Шиирттің ауылшаруашылық өнімдерін, азық-түлік өнімдерін экспорттау арқылы жеке сектор инвестицияларының үлкен мақтанышпен, зор болашақпен ашылуын жүзеге асырдық.

Алдыңғы аптаның жұма күні Конияда болдық. Кония Митрополиті инвесторларын, Түркияның тұрғын үй құрылысы басқармасы (TOKİ) тұрғызған мектептерін, Селжұқ Университетінің Медицина факультеті ауруханасын салдық, бұның негізі 1992 жылы салынып, 60 триллион жұмсалған, біз де 120 триллионмен осы нысандарды бітірдік. Конияда жеке сектордың тұрғызған бір қонақүйін де аштық. Осы күні Анкара-Кония жүйрік пойыз рельсінде жүргізілген сынаққа куә болдық. Қазіргі күні 10 сағат 30 минуттық Анкара-Кония темір жолын, бұйыртса 2011 жылдың ортасына қарай 1 сағат 15 минутқа қысқартамыз.

Жыл бойы 135 кульверт, 83 астыңғы, 25 үстіңгі және 7 көпір салынды. Құдай қаласа, 2011 жылы Анкарадан Конияға Анкараның кішкене қалашығына барғаннан да жылдам жететін боламыз.  

Кониядан Муш қаласына бардық және Муштық бауырларымыздың белсенді қатысуымен 106 әр түрлі нысанды ресми аштық. Муштан кейінгі бағытымыз Битлис қаласы болды. Онда да 71 әр түрлі қызмет көрсету нысанының ашылу салтанатын өткіздік. Мектеп пен дәрісханаларды, денсаулық сақтау орталықтарын, жол, тұрғын үй, муниципалитет қызметтерін Битлистік бауырларымыздың игілігіне ұсындық. Битлис-Муш аралығында 1.900 шақырымдық құбырды да іске қостық. Бұндай істерді істеу кімде болмасын үшін халқына үлкен сүйіспеншілік секілді сезімдер болу керек. Біз үшін батыс па, шығыс па, оңтүстік пе, солтүстік пе ешқандай айырмашылығы жоқ.  АК партия батыста қандай болса, шығыста да солай әрекет етеді, оңтүстікте қандай болса, солтүстікте де сондай.  

Мәдениет пен туризм орталықтарына, жөндеу жұмыстарын жүргізген қызмет көрсету нысандарына, ауылшаруашылық, қауіпсіздік, қоршаған ортаға капитал жұмсадық.  Битлистен кейін Ахлатқа бардық, ол жерде де Мәдениет Орталықтарын аштық. Дәл осындай белсенділікпен Адилжевазда 400 тұрғын үй құрылысын бітіріп, иелеріне табыстадық және екі апта ішінде әр түрлі 5 аймақта 300-ге жуық қызмет көрсету нысан мен құрылысты аштық.

Құрметті жодастар, Айдында, Ыстамбұлда, Элязыкта, Анкарада, Сивашта, Балыкесирде, Шанлыурфада да көптеген нысандары пайдалануға бердік. Біздің жұмысымыз тек осы аймақтармен ғана  шектелмеді. Мәдениетіміз, тарихымыз ортақ Приштенеде, Призренде, Мамушада да  осындай белсенділік көрсеттік. Ливанның Айдамун селосында, Сайда қаласында да ресми түрде нысандар аштық. Сонымен қатар, Ыстамбұлда екі халықтар арасы басқосуының орталығын алдық. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде (Ekonomik İşbirliği Teşkilatı (ECO) 7-ші мемлекет және үкімет төрағасы болып, 12 мемлекеттің өкілі Стамбулға келді.  ЭЫҰ төрағалығына ие болдық.

Түркия-Пәкстан-Ауғанстан үштік басқосуын өткіздік. Сирияның Премьер-Министрі мен 14 Сириялық министр Анкараға келді. Жоғары Деңгейлі Стратегиялық Ынтымақтастық Кеңесінің 2-ші жиналысын да абыроймен өткіздік.  8 жылда Сирия, Ирак, Грекия және Ресей Федерациясымен екілік, Түркия-Сирия-Ливан және Иорданиямен төрттік стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құрдық. Қазақстанмен стратегиялық ортақтық, Италия, Испания, Швейцария елдерімен маңызды басқосулар, Пәкстан, АҚШ, Голландиямен де осындай кеңестерді бекіттік.

Алыстығына қарамастан әлемнің барлық елдерімен, ұсақ аудандарымен, көршілерімізбен Түркі әлемімен байланыстарымызды дамытудамыз. Байтақ түркі елдерімен әр саладағы сауда қатынасымыз дамыды, экспорттық өнімдеріміз де артты. 1992-2002 жылдар аралығындағы 10 жылда Түрік Халықаралық Ынтымақтастық және Даму Агенттігінің  (Türk İşbirliği ve Kalkınma İdaresi Başkanlığı (TİKA) берген көмекгі тек қана 52 миллион доллар. Билік құрған 2003-2009 жылдары аралығындағы 6 жылдары бұл көрсеткіш 128 миллион долларға көтерілді. TİKA-ны 37 мемлекетте  өзінің қайраткерлігін көрсететін деңгейге жеткіздік.

Түркі мемлекеттерінде, бауырлас ағайындар өмір сүретін елдерде  TİKA-ң ықпалымен жасаған жоба саны 6714-ке жетті. Осы жобалар аясында 112 мектеп тұрғызылды, 400-ге жуық су құбыры іске қосылды, мыңдаған адам медициналық тексеруден өтті және осыларды негізге алған денсаулық сақтау орталықтары да құрылды, алдағы уақытта да құрылмақ.

Бауырлас мемелекеттермен байланысымызды тек қана экономика мен сауда қатынастарымен ғана шектеп қоймаймыз. Құрған ТРТ Аваз арнасы (Türkiye radyo ve televizyon kurumu (TRT) мен де мәдени ынтымақтастық пен ортақ мәдени құндылықтарымызға ие болдық. Сондай-ақ, Стамбулда Түркітілдес мемлекеттер басшыларының оныншы саммитін абыроймен өткіздік. Азиядағы өзара сенім және іс-қимыл шаралары кеңесі ұйымына (АӨСШК) төрағалық жұмысты қолға алдық. Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы төңірегінде бірнеше маңызды құжаттармен жұмыс істеуді жалғастырамыз.

Өткен айда Министрліктің жанынан құрылған Шетелдік түріктер мен қауымдас елдер басқармасымен көптеген салада өзара ынтымақтастықты дамыта отырып жаңа арналар ашу үшін күш салудамыз.

Құрметті жолдастар, осылармен қатар бізге салқынын тигізіп жасқан тағы бір мәселе бар. 81 аймақтың 81-інде 8 жыл бойы көптеген қызмет орталықтарын аштық. 81 аймақтың 81-не 78 мың км2-ң барлық жеріне қызметімізді жеткіздік. Сіздер үшін өте маңызды бір дерек көрсетейін, 1792 жылдың 5 қыркүйегінде, яғни, бұдан 218 жыл бұрынғы уақытқы тән құжат. Бағдат әміршісі Сүлеймен пашаға бір жас ізденушіні жіберіп, Мардин қамалын жөндеуді тапсырады. Міне сол 218 жылдан бері жөндеу жасалмай келе жатқан қамалды  біз қолға ала бастадық.

Құрметті жолдастар, уақыт бір орында тұрмайды, 81 аймақ өзгереді. Кішкентай ауылдардарынан қалаларына дейін Түркия да толықтай өзгереді. Жаңадан ашқан 80 университетті қосқанда барлығы 156 университет қалаларымызға өзгеше сипат берді. Тунжелиде университет ашатынымызға сенбеді, ашсақ та одан хабарлары жоқ. Жөндеуден өткізген 3 мың 500 қызмет көрсету нысандары мен тарихи орындар қаланы көрейтуде. Осы 8 жыл бойы салып  бітірген 13 мың 535 шақырымдық жолдар, әуежайлар қаламызға көрік беруде.

Жеке сектор инвесторы, ашылған фабрикалар, жанданған экономика қалаларымызға өзгеше реңк беруде. Түркияның әр қаласынан жарқын болашақтың лебі есуде. 73 миллион адамның өміріне сенім беруде, олар болашаққа бүгін басқаша үмітпен қарайды. Түркияның жылдар бойы дамымай, экономикасы артта қалған қалалары бүгінде жаңа тынысын ашуда. Ұғым мен ақиқат арасында алшақтық басым. Шығыс пен Оңтүстік Шығыстың басқа аймақтарын суреттеу сипаты мен шынайы сипаты арасында да айырмашылықтар бар.  Эдирне, Кыркларели, Мугла, Чанкыры, Гиресун, Анкара қалай дамыса, олар да солай дамып жатыр.

Біздің лексикаларымызда айырмашылық, бірін бірі кемсіту,  аймақтарды шеттету, қоғамды топқа, мәзхабқа бөлу жоқ.  Біз, «Адамға рух бер, мемлекет жандансын» деген ұстанымға сүйенеміз. Әлі күнге дейін халқымызды дініне, мәзхабына қарап бөліп көрмедік. Осы тұрғыда біздің үш қағидамыз бар; біз этникалық ұлтшылдыққа жол бермейміз, аймақтың бөлінушілікке қарсымыз, діни бөлектенуге тосқауыл қоямыз дедік. Біз осы қағидаларды бұзбай келеміз. Сол үшін де халқымыз 8 жыл бойы бізді қолдауда. Сонымен қатар, мен тағы бір нәрсені  айтқым келіп отыр. Бізде бір ғана ту, бір ғана ұлт, бір ғана мемлекет болуы тиіс.

Мына нәрсеге назарларыңызды аударғым келіп отыр: Этникалық тамыры, сенімі, тілі, мәденеті қандай болса да 73 миллион халқы бар Түркия үшін бір ғана ұлт бар ол – түрік ұлты. Сонымен қатар күрдшілдік, түрікшілдік деген нәрселерге түбегейлі қарсымын. Себебі, біздің мәдениетімізде нәсілшілдік жоқ, бірақ, ұлыстарға құрметпен қараймыз. Біздің ұлтымыздың бір ғана ресми тілі бар, ол – түрік тілі. Өз тіліңізді осы күнге дейін үйренбесеңіз, бұдан кейін де үйренуіңіз екіталай. Ал біздің мемлекет пен муниципалитеттің арасына түскен сызат, мемлекет құрылымдарымен арадағы түсініспестік. Муниципалитеттер де мемлекетің ресми құрамына кіреді. Ол жерлерде де түрік тілін қолданады. Ал енді, орталықсыздандыру деген ұғымға тоқталып өтейін. Мен муниципалитеттен шықтым, орталықсыздандыруды жақтаушылардың бірімін. Бірақ, орталықсыздандырудың мынадай үш сипаты бар: саяси, әкімшілік және қызметтік. Біз саяси сипатына да, әкімшілк сипатына да қарсымыз, қызметке бағытталған сипатын ғана қолдаймыз. Қазіргі Түркия, қастандық, қараңғылық, қылмыстан ада Түркия. Қазіргі Түркия төтенше жағдай толастап, аналарының абақтыдағы балаларымен ана тілдерінде сөйлесе алатындай, әр түрлі тіл мен диалект үйретіліп, мемлекет телеарналарынан әр түрлі тіл мен диалекттермен бағдарламалар жасалып атқан бейбіт Түркия. Түркияның осындай дәрежеге жетуіне біз ықпал еттік. Бауырларымызға қамқор болып, қоғамдық татулық орнатып, қоғамдық бейбітшілікті бекіту үшін де демократияландыру қадамдарын біз бастадық. Бұл 2005 жылдан басталды. Әрбір түркиялық ана тілін қалағанынша қолдана алады. Басқа тілдер мен диалектілерде басылымдар да жарияланып тұрады, курстар да ашылды. Бірақ, тағы да қайталаймын, Түркияның ресми тілі – түрік тілі. Ортақ тіліміз де – түрік тілі. Бұған өзгеріс енгізуге жол жоқ.

Себебі, бұл қоғамдық татулық пен тұрақтылықтың мәселесі. Осы мәселені ашық талқылау, осы мәселені Түркияның басты күн тәртібіне қою демократияға да, еркіндікке де, қоғамдық татулыққа да, бауырластыққа да ешқандай қызмет етпейді. Осы мәселелер төңірегінде басылым беттерінде толассыз мақалалар жариялып, талқылау ұлттық бірлігімізге нұқсан келтірері анық. Ұлттық Бірлік және Бауырластық Жобасы (Milli Birlik ve Kardeşlik Projesi) аты айтып тұрғандай бірлік жобасы, бауырластық жобасы. Ұлттық Бірлік және Бауырластық Жобасы осы өлкені ниеттестік бөлісу негізінде дамыту жобасы. Бұл жоба, қызметін асыра пайдаланушылардың қолдарындағы ойыншықтарын тартып алып, олардың ойындарына тосқауыл қою.  Бұл жоба, әрбір адамның өзін ұлтының нағыз жанашыры ретінде сезінуіне септігін тигізеді, мемлекет пен ұлттың біте қайнасуына жол беретін жоба. Біз демократиялық бір елдің құрметті азаматының ие болуы керек құқық пен еркіндікті дамыту үшін күресіп жатсақ, басқалары  осы әрекетімізге қарсы әрекет етуде, біз түйінді мәселелердің оң ешімін табуға тырысып, қоғамдық тұтастықты сақтап қалу үшін бар күшімізді салып жатсақ, басқалары  осы әрекетімізге балта шабуда. Түркия тұрақтылық пен сенім негізінде қарқынды түрде дамып жатқанда, қараңғы одақтар тарапынан қайтадан  тұзақ құрылды. Жаңа ғана айтқанымдай, мемлекет тамырын тереңге салып, жапырағын жая бастағанда оны суалдыруға тырысқандар өте көптеп табылды. Халқымыз осындай тұзаққа қаншама рет кез болды, тұзақ құрушыларды әбден таныды, енді бұл тұзаққа оңайлықпен түсе қоймас деп сенемін. Бұл тұзақтың астында террорлық әрекет бар, террорлық әрекеттің аясында әрекет етушілер бар, бұл тұзақтың астында қарақшылар мен мафиялар бар. Сайлау алдында халықтың санасын улап, бейберекетсіздік орнатып, біздің саяси жүйемізге айтарлықтай кері ықпал етті. Ал енді, осы қоғамға іріткі салатын, сенімге ақау түсіретін бұл әрекет қандай мақсатқа қызмет етуде? Отқа май құйған осы саяси тұзақтың кімге қандай пайдасы бар?  Біз мәселелердің талқылауға түсуінен, еркін түрде талқылануынан ұтылудамыз. Біздің басқа мемлекеттерден демократия сабақтарын алуға мәжбүр емеспіз, менің отандастарымның 12 қыркүйекте дауыс беру құқықтарын қалай аяқ асты еткендерін білеміз. Демократияны жақтаушылар, Шығыс пен Оңтүстік Шығыста  азаматтық ұйымдарға, жазушыларға көрсетілген қысымдарға қарсы тұра білсін. Дамыған ұйымдарды шиеленісті тарқату үшін қолданудың орнына, үгіт-насихат үшін, арандату үшін қолдану ұлттық мүддемізге қайшы емес пе? Халықтың санасын улап, қорқыныштарын ұлғайтып, берекесін кетіру қандай істің шешіміне пайда әкеледі? Бұл елдің егесі жоқ емес, бұл ұлттың қолынан келері аз емес. Халқымыз тыныш болсын. Біз біреудің осы елді таран-таражға салуына, бәзбіреулердің қолшоқпарына айналдыруына жол бермейміз. Дұрыс бағдар үшін қалай күрессек, осы бағдарымызға іріткі салушылармен де солай күресуге дайынбыз.  Террорлық ұйымның және оның  ойыншыларының әрбір сайлаудың алдында ішкі саясатты әсіре бояу әрекеттерін қараусыз қалдырмаймыз. Ұлттың сезімдерін қанап аннуитеттік есеп жасағандар мен ұлттың қорқынышын үрлеп сол сесепті жасағандарға қолымызды сілтейміз.

Осы жерден тұрып-ақ Батыстағы, Шығыстағы, Оңтүстіктегі және Солтүстіктегі отандастарыма, қысқасы 73 миллион халқыма үндеу тастаймын; таудағы террористермен мемлекеттің ішкі бөлігіне дейін кіре білген қарақшы топтың жең ұшынан қайтіп жымдасып жатқанына көз салып көріңіздерші. Әрбір сайлау алдында террорлық ұйымның ұйымдаса қалып, халқымыздың санасына ықпал ету үшін қаншама тұзақтар құрылғанын естен шығармаңыздар.  Бұдан бастап осы ойынды тоқтатуға мәжбүр. Қазіргі уақытта Диарбакырда бір жиын өтуде, бір баяндама жобасы талқылануда. Бұл жобаны талқылаған пікірлер қанша күннен бері көгілдір экран мен басылым беттерін бермей тұр. Бұл жоба өте жасанды түрде, теріс пиғылда қоғамда үлкен тартысқа ие болып тұр. Күн сайын кешке жұрт осы мәселені ғана талқылайды. Жазушылар да жақтары талмай, қаламдарын осы мәселеге тартуда, алайда, олардың бұл әрекеттері де мардымсыз. Мәселен, Мәжілісте Конституцияға бір өзгеріс енгізсе, ертеңгі күні Түркия басқаша бір әкімшілік құрылымға, өзгеше бір билік жүйесіне ауысады. Жасыратыны жоқ, жолдастар, бұл өте қауіпті ойын. Бұл жерде ортаға қойылған немесе астарлы түрде айтылған  мәселелер өте көп. Автономияның талқылануы, демократияландырылуы, Түркияның дамыған демократиялық стандарттарға қол жеткізуін көре алмаушылардың жиіркенішті әрекеттері бұлар. Халқымыз, әрине, бұндай тұзаққа түсе қоймас, оңайлықпен. Ұлтқа, ұлттық құрылымдарға қарамастан, конституциялық тәртіпке бағынбастан кім қандай жобаны іске асыра алсын? Демократиялық жүйелерде саяси партиялар, жобалар ұсыныстар түсіру мүмкіндігіне ие бола алады. Алайда бұл мүмкіндіктің теріс ниетке жұмсалуы, демократиялық саясатты әлсіретеді, аймақтың тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Нәтижесінде ұлт ешқандай да қолдау көрсетпейді. Алайда саяси құрылым, ел зарар көріп, зақымданады.  Партиямызды құрғаннан кейін 16 айдан соң, 10 пайызға арттық, одан кейін 34 пайызға арттық, сіз де сәл осылайша әрекет етіңіз. Бірақ, этникалық ұйымның партиясына өтуден сақ болыңыз. Террорлық ұйымның бар көздегені саясатқа араласу.   Бұларды бұқаралық ақпарат құралдарында жар салу қандай мақсатқа жетелейді? Бұл террорлық ұйымды насихаттау емей немене? Бұл террорлық ұйымның шашбауын көтеру емес пе? Ешқандай да маңызы жоқ бұл жобаларды біздің Күрд бауырларымыздың мақсаты етіп түсіну әділетсіздік. Бұндай дерек таратушылар, осындай құйтұрқы саясатқа жол ашқандар біздің Күрд бауырларымыздың қаншауын құрайды? Бұлар Шығыс пен Оңтүстік Шығыстың қаншасын құрайды? Мен мүмкіндігі келген сәтті пайдаланып талай рет айттым, бүгін де айтамын; ешқандай да террорлық ұйым, оның өкілдері біздің Күрд тамырлы бауырларымыздан тұрмайды. Бұдан кейін де олай боуы мүмкін емес. Демократиялық құқықпен еркіндікті жақтаушылар, менің отандастарымның құқықтарын пайдалануға тосқауыл қояды, қысым көрсетіп, сайлауда дауыс берулеріне де кедергі болуда. 12 қыркүйектегі референдумда соншалықты көп  қысымдарға  қарамастан, Шығыс Анадолы аймағында 66 пайыз адам қатысқан, «қарсы еместер» саны 81 пайыз. Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағында да қатысушылар саны 57 пайызды, «қарсы еместер» саны 84 пайызды құрайды. Бұл осыншама қысымдарға қарсы тұра білген халқымыздың берген дауысы. Біздің Күрд тамырлы отандастарымызды террормен, террор ұйымымен байланыстыруға ешкімнің де қақысы жоқ. Түркияның бірлігі мен тұтастығын әлсіретуге, ұлтымыздың бауырлық қарым-қатынасына дақ түсірудің артында ешкімнің тұрмауы мүмкін емес. Өзін Түркияның азаматымын деп есептеген әрбәр адамның басында тек қана адал ниет қана тұру керек. Әсіресе, саясатшылардың жауапкершілігі өте жоғары. Тосқауыл, кедергі, араға от салу секілді әрекеттермен ешқандай да мақсатқа жете алмаймыз. Саяси партиялар, БАҚ, азаматтық топ ұйымдары, қоғамдық көзқарас өкілдері болсын, кім болса да тек қана игі ниетпен әрекет етулері тиіс.

            Жолдастар, біз әрине осы ойынды бұзуымыз керек. Бұндай келеңсіз ойынды бейтараптандырамыз. Бұндай жиіркенішті ұйымның бет-пердесін ашып, кімнің кім екенін анықтайтын кез келді. Құрметті жолдастар, Конституция мен заң аясында басқа біреудің тәуелсіздікке күреспестен қол жеткізуін сөз етеді. Әр мәселе құқық аясында, демократия ережелері астында Парламентте шешімін табады. Ешкімнің де Парламентке, Конституцияға, заңға бағынбауға құқығы жоқ.   Құрметті жолдастар, депутат мырзалар; бюджеттік келіссөздер, бір жылдық есептің жасалуы, келесі талқыға көшу, экономикамен бірге басқа мәселелердің толықтай талқыланған негізі. Әрине, демократияландыру, сыртқы саясат, ішкі саясат және экономика бір-бірімен тығыз  байланысты ұғымдар. Экономикадағы қандай да болсын бір келеңсіздік тікелей сыртқы саясатқа әсер етеді, демократияландырудағы бір мәселе тікелей экономикада осындай халде теріс ықпал ететіні анық.

            Құрметті жодастар, 8 жыл бойы бюджеттің тәртібін жіті қадағаладық, инфляцияға да қарсы тұра білдік. Мемлекетіміздің қарызы 63 пайыздан 7 пайызға төмендеді. Экономикада өрістеттік. Білім саласына, қоғамдық саясаттарға бөлінген қаржыларды жыл сайын өсіре білдік. Қазір, оппозиция лидері қайда барса да, кіммен кездессе де, кіммен тілдессе де баурап-ақ алады. Халқымыз бүгінгі күнге дейін басынан не өткізсе де, өздерінің не айтып тұрғанынан хабарсыздардың кесірінен өткізді.

             Мен Анадолы Агентствасының көмегімен CHP кезеңдерінен тек қана бірнеше хабарларды қайталаймын. 1974 жыл 24 ақпан; қант 25 пайызға, жанармай 65-79 пайызға, цемент 52 пайызға, Сумербанк өнімдері 20-70 пайызға, газет қағазы 36.5 пайызға өсті. Түркия моторлы транспортқа ие болды.  CHP-ның бейберекеттіктің орталығы болғаны басқа бір үкімет 42. Қазір сізге сол күндерден бірнеше құжат бермекпін. 1978 жылы 5 қаңтарда үкімет құрылды. 6 қаңтар 1978 жылы сұйық жанармай мәселесі Түркияда қатты белең алды. Жылу болмағандығы үшін аурухана, қонақүй және басқа да жұмыс орындары жабылды. 1978 жылы 1 наурыз түрік ақшасының құны 31 пайыз бен 38 пайыз аралығында болды. 1978 жылы, 3 наурызда Петким (Petkim) өнімдері 60 пайызға өсті. 1978 жылы 11 маусым, Аташ өндірісін толықтай тоқтатты. Неліктен? Себебі айналымға түсіретін мұнай қалмаған еді. 1978 жылы 20 қыркүйекте түрік ақшасы қайтадан девальвацияға ұшырады. 1978 жылы 7 желтоқсанда Түркияның әр түрлі аймақтарында дизельді жанармай тапшылығы басталды.   1978 жылы 26 желтоқсан, Министрлер кеңесі таң атқанша жұмыс істеді. Сағат 3:30 да, осы жиналыс соңында 13 аймақта төтенше жағдай шешіміне жүгінді. CHP партиясының билігінің әлсіздігі үшін төтенше жағдай арқылы іске асырмақ. 1979 жыл, 16 ақпанда мүлдем дизельді жанармай қалмады. Ресеймен жасалған басқосуларда мұнай импорты жөнінде келісімге қол қойылмады. Ирак қарызымыздан құтылмағанымыз үшін дизельді жанармай бермеді. 1979 жыл, 12 сәуір, Стамбулда газ тапшылығы артуда, бұның себебін валютаның жоқтығымен байланыстырады. Ал енді басқа бір жәйтті аңғартатын болсам, 1979 жыл, 29 сәуір Стамбулда 1 мамыр себебімен көшеге шығуға тиым салынды. 1979 жыл, 6 қараша, Стамбулда электр жарығын қолдану 3 сағаттан 4.5 сағатқа өсті. CHP-дың билік еткен тағы бір кезең 94.доллар 19 мың лирадан 38 мың лираға көтерілді. Халықаралық қорымыз 3 миллион долларға өсті. Бұл қазір 80 миллиярд. Жаңа ғана осы жерде 21 ғасыр Түркияның ғасыры болады деген керемет сөз айтылды. Бір қызығы дәл осы уақытта 400 пайызды қарыздану құжаттары нарыққа келтірілді. Қанша мерзімге екенін айтайын ба? 90 күн. Жолдастар бұлардың барлығы CHP-ң ықпалы. Құрғақ уәденің Түркияны қанша жерге апарғанын көру үшін бал аштырудың қажеті жоқ. Мен бұларды түсіндіремін, алайда не себептен бұлай болуда деп сұрауда. Білмеймін, ол кезде бас министрдің аты басқаша ма еді, әлде Қыдыр ма еді? Кім білсін. Менің атым Қыдыр, қолымнан келгені осы ғана; осылай деп айту керек болды ма? бұндай іске енді үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Яғни бір саяси лидерге немесе саяси партия  басшысына ең алдымен крегі -  байыптылық. Басында мен министрлікке кандидат емеспін деп аласыз да, ертесі күн өзіңізді министр кандидаттығына ұсынасыз. Сіздің атыңыз Кемал ма, әлде Қыдыр ма түсініксіз халде қалды. Қымбатты достар, біз осы жолды таңдарда негізгі себеп Түркияда дедік. Себепші болған Таиип Эрдоган демедік. Өз-өзінен кереметі пайда болғандардан емеспіз, Түркияға сенгендерден, Түркияның күшіне, потанциалына сенгендерден болдық. Біздің айырмашылығымыз осы. Құрметті министр, депутат мырзалар; Түркия күшін, өз-өзіне сенімділікті, тұрақтылықты негізге ала отырып даму жолына түсуде. Түркияның болашағы үшін ауқымды мақсаттарымыз бар. 2023 жылы республикамыздың құрылғанына 100 жыл толған кезінде, қазіргі Түркиядан мың есе дамыған, көші озық Түркияға Аллаһ қаласа бірге куә боламыз. 2023 жылы халықаралық салада ықпалы зор, саяси күші мығым Түркияны, Еуроодақ мүшесі болған,  көрші мемлекеттермен ынтымақтастықтың шыңына жеткен, G-20 басында болуына байланысты халықаралық ұйымдарға мүше болған, әлем саясатында өз орны бар, 2023 жылы әлемнің экономикасы дамыған 10 елінің арасынан орын алға Түркиямен қауышатын боламыз.  Макро экономика саласынан ойып тұрып орын алған жарқын Түркияны, жаңаша Түркияны жасаймыз. Қымбатты жолдастар, Түркияның сырт елдерге ашық экономикасы бар ерекшелігін қорғап, халықаралық инвестицияны игеріп, олда бар капиталдың ұзақ ақыт сақталуын қамтамасыз етеміз. Қаржылық тәртіп, қоры бар ақша саясаттарымен, құрылымдық реформалармен, ақша айырбастау және макро қоры өлшемдерімен ғаламдық дағдарыстан құтылып, Түркияны тұрақты даму сатысына қоямыз. Және 2023, халық санын 82 миллионға өсіріп, экспорт 500 миллиард болларға, сыртқы сауда 1 триллион долларға шығады. Мен сіздерге 4 жылдық жоспарды айтып тұрған жоқпын; республикамыздың 100 жылдық жоспарын, мақсаттарын, 2023 жылдың көрінісін айтып отырмын. Жұмыс қабілеттілігін 10 баллға арттырып  жұмыс істеген халқымыздың 30 миллионға өсуін жоспарлап отырмыз. Еліміздегі жұмыссыздық мөлшерін 5 пайызғатөмендетеміз. Ауылшаруашылығынан тыс қалыпсыздықты 15 пайызға төмендетеміз. Және жыл сайын 400 мың адамды тәжірбиесін дамыту мақсатымен әр түрлі курстарда оқытып, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін халықаралық мөлшермен салыстыра отырып 40 пайызға өсіреміз. Медициналық сақтандыру жүйесінен бір де бір азаматымыз қалыс қалмайды.  Мүгедектердің, әйелдердің, жастардың жұмысқа тартылуын қамтамасыз етеміз. 2023 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен орта мектеп жұмыстарын жеделдетеміз. Әрбір орта мектеп пен балабақшадағы орташа бала саны 30 оқуша болмақ. Соңғы жылдары кең етек ала бстаған әйел мен бала өлімі осы 2023 жылы ондық сан мөлшерінде ғана болады. 10 мың отандасымызға келетін дәрігер санын ең аз 21 дәрежеге жеткіземіз. 11 мың шақырымдық темір желісі 2-еу болады. Эдирнеден Карсқа, Измирден Диарбакырға, Трабзондан Аданаға, Бурсадан Анталияға жүйрік пойыз жолдарын саламыз. Әрине бұл темір жол желілерімен отандық жұмыс күшін, отандық инженерлердің қолымен жасалған пойыздар өтетін болады. ғасырдың жобасы Мармараны, Ыстамбұл-Измир автожолын бітіретін боламыз. 8 жылда 13555 щақырымдық бөлінген жолды салдық. 2023 жылға дейін тағы да 15 мың шақырымдық  жолды осыған қосамыз. Әлемнің ең үлкен 10 кемежайының бірі Түркияда болады, оның да жұмыстарын ендігі қолға алдық. Өз ұшағымызды, өз спутнигімізді жергілікті технологиямызбен шығаратын боламыз. Отандық соғыс кемелерін, танктерді, өздігінен ұшатын әуе ұшақтарын шығара бастадық, ауқымды жобаларға өз қолтаңбамызды қалдыратын боламыз. Қымбатты жолдастар, ең аз дегенде 3 ядролық энергия орталықтарын осы жерде бітіретін боламыз. 2009 жылындағы 2565  квт/сағат болған адам басына электр қолдануды 2023 жылы 4000 квт/сағат дәрежесіне көтерілмек. DAP, GAP және KOP секілді аймақтық жобаларды бітіріп, әлемнің астық қоймасына, ауылшаруашылық орталықтарына айналған Түркияны тұрғызамыз. Демократияландыру қадамдарын шешімді түрде алып жүріп, Түркияны аймақтың ең ілгері демократиялық стандарттарына ие мемлекет түріне айналдырамыз. Еркіндікті әлі де болса ілгері дамыған стандарттармен қауыштырамыз. Жаңа бір конституция қатысушысы, еркін бір конституциямен дамыған Түркия сипатына сәйкес келетін мықты бір Конститциямен болашаққа жол бастаймыз.

Бауырластықпен, бірлікпен, тұрақтылықпен, және сеніммен татулық пен бейбітшілікке бар арман-мақсатымызды жүзеге асырамыз. Қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді Түркияны сипаттадым. Ия, негізгі себеп Түркия. Түркия бар  мақсатын жүзеге асыратын  күшке, потенциалға, динамизмге ие.

2011 бюджетінің сәтті болуын тілеймін. Еңбегі сіңгендерге, саяси партия топтарына, комиссияларға айрықша алғыс айтамын.

http://www.akparti.org.tr/basbakan-erdoganin-2011-yili-merkezi-yonetim-butcesi-gorusm_7714.html




Bir Cevap Yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir